Рассказать о сайте Обо мне Блог Файлы Тесты Галерея Активность Награды


ІІ топ: Мұнайды өндіру және қолдану



бет5/9
Дата29.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#166673
түріРассказ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
сай
29.09.2021, мөлдір мах, 20Б, m-hanbet-ali-lyny-tar-keze-romanynda-y-ltty-a-arman-beynesi
ІІ топ: Мұнайды өндіру және қолдану
Мұнайды өңдеу әдістері:
• Физикалық әдіс: мұнарада мұнайды фракцияларға бөлу.ол мұнайды айдау әдісі деп аталады.
• химиялық әдістер: ауыр көмірсутектерді бөлшектеу арқылы жеңіл көмірсутектер алу немесе крекинг процесі және көмірсутектерді ароматтандыру немесе риформинг әдісі.
Мұнайды айдау кезінде түзілетін өнімдер
Газ С1 - С4(60С0) Бензин С5 - С11(60 - 200С0)лигроин С8 - С14(150 - 250С0) керосин С12 - С18(180 - 300С0)газойль С14 - С20(250 - 450С0) мазут гудрон С20(500С0)
Мұнай өңдеу – оның құрамындағы көмірсутектердің қайнау температурасына сәйкес булануына негізделген. Мұнай өңдеуге арналған қондырғы екі бөліктен тұрады.
1. Түтікті пеш – мұнда мұнай 450 0 – 5000 температураға дейін қыздырылады.
2. Ректификациялық колонна – мұнай өнімдері өздерінің қайнау температурасына сәйкес фракцияларға бөлініп жиналатын қондырғы.
Мұнайды өңдеп, ашық түсті өнімдерін алатын қондырғы атмосфералық қондырғы деп аталады. Бірақ мұнай өнімдеріне деген сұраныстың артуына байланысты тек айдау арқылы алынған жанармай жетіспейді.
Мұнайда айдаудың соңғы өнімі – мазут. Мазут – қара түсті, тұтқыр, қоймалжың масса. Оны қайта өңдеу арқылы әр түрлі жағар майлар, сольяр майы, түрлі машина майлары, парафин алынады. Ең соңғы қалдығы – гудрон, битум және асфальт жол жасауға қолданылады.
Мазуттың құрамы ірі молекулалы көмірсутектерден тұратын болғандықтан, оны жоғары температурада вакуумдық қондырғыда өңдейді. Қысымның және жоғары температураның әсерінен көмірсутектердің үлкен молекулалары бөлшектенеді. Бұл процесті крекингілеу деп аталады. (ағылшынша « бөлшектеу» )

Жалпы крекингі екіге бөлінеді:


1. Термиялық крекинг тек жоғары температура мен қысым арқылы алынады.
2. Катализдік крекингте айтылғандарға қосымша өршіткі қолданылады. Егер жоғары сапалы бензин алу керек болса, жоғары сапалы өршіткілер қолданылады.
Мысалы, палладий, платина сияқты асыл металдарды қолданса, ароматты көмірсутектері мол, сапалы бензин алынады. Бұл процесті риформинг деп аталады.
Бензиннің қозғалтқышта қопарылыс түзіп жануы детонация деп аталады. ( француз detoner – жарылу ), яғни жанған кезде дыбыс ырғағы бұзылады. Бензиннің детонациялану себебі құрамына байланысты болады. Егер бензин құрамында ароматты көмірсутектер, тармақты көмірсутектер көп болса, сапасы жоғары, ал ашық тізбекті көмірсутектер көп болса, сапасы төмен болады. Бензиннің сапасы октан санымен анықталады. Октан саны дегеніміз – бензиннің құрамындағы изооктанның мөлшері. Бензиннің АИ – 72, АИ – 76, АИ – 93, АИ – 98 деген түрлері октан сандарының әр түрлі екенін көрсетеді. Мұнайдан тек жанармайлар ғана емес, химиялық өнеркәсіпте қажетті көмірсутектерді де бөліп алады. Ал оларды өңдеу арқылы халықтың тұрмысына қажетті заттар өндіріледі.
Крекинг – молекулалы қосылыстарға ажырату. Бұл процесті алғаш орыс ғалымыВ.Т.Шухов ұсынды (слайд 19-20)
Термиялық крекинг С16Н 34 С8Н18 + С8Н16
С8Н18 С4Н10 + С4Н8
Катализдік крекинг (19 кесте оқулықтан)
Риформинг - ароматтандыру.
Гидротазарту- S,N қосылыстарынан тазарту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет