Рассказать о сайте Обо мне Блог Файлы Тесты Галерея Активность Награды


ІІІ топ: Таскөмір құрамы, кен орындары



бет6/9
Дата29.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#166673
түріРассказ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
сай
29.09.2021, мөлдір мах, 20Б, m-hanbet-ali-lyny-tar-keze-romanynda-y-ltty-a-arman-beynesi
ІІІ топ: Таскөмір құрамы, кен орындары
Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді: гумолиттерсапропелиттерсапрогумолиттер.
Олардың біріншісі – тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі – негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады.
Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, таскөмір, антрацит. Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздығы 0,92 – 1,7 г/см3 аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 – 3 аралығында. Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%-ға дейін) және сутек (6-дан 1%-ға дейін) мөлшерімен сипатталады.
Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері – ұшпа заттардың шығымы, біріккіштігі, күлділігі. Көмір – бағалы металлургиялық және химиялық өнеркәсіп шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады; бітімі қабатты, түйіршікті, құрылымы біртекті және жолақты; түсі қоңырдан сұр қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтырайды. Көмір көп таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері Қарағанды, Екібастұз көмір алаптарында орналасқан.[1]
Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд. тонна шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. тонна, қоңыр көмір 92,8 млрд. тонна. Барланған қорлар 60 млрд. тонна шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. тонна. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан (ҚарағандыЕкібастұзМайкөбен). Ірі кен орындары – Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. тонна), Борлы (0,5 млрд. тонна), Самара (1,3 млрд. тонна), сондай-ақ, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2,7 млрд. тонна). Торғай энергетикалық қоңыр көмір алабының қоры 52 млрд. тонна, оның барланғаны 7 млрд. тонна. Оңтүстік ҚазақстандаІле және Төменгі Іле қоңыр көмір алаптары орналасқан. Іле алабының геологиялық қорлары 14,8 млрд. тоннаға бағаланады, барланған қоры 0,9 млрд. тонна. Төменгі Іле алабының геологиялық қоры 9,9 млрд. тонна, оның 3 млрд. тоннасы барланған. Шығыс Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1,5 млрд. тонна), Кендірлік (1,6 млрд. тонна, барланғаны 250 млн. тонна) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тақтатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. тонна, барланғаны 20,3 млн. тонна. Қазақстанның батысындағы ең ірісі – Мамыт қоңыр көмір кен орны. Жалпы геологиялық қоры – 1,5 млрд. тонна, оның 0,6 млрд. тоннасы барланған.
Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын қара металл кендерінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі барлық генетикикалық және өндірістік, оның ішінде бірегей түрлері кездеседі. Қазақстанда кара металл кентастарының 1000-нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір, хром, марганец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынғаны 17 кен орны, баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд. тонна. Оның 93% мөлшері бес ірі кен орында: ҚашарСарыбайСоколов, Әйет, Лисаковта шоғырланған. Бұл кен орындарының барлығы Солтүсік Қазақстанда (Торғай ойысының солтүстік-батыс бөлігінде) орналасқан. Орталық Қазақстанда пайдаланылып келе жатқан Батыс Қаражал, Үшқатын мен Кентөбе кен орындарының барланған қоры 300 млн. тоннадан асады. Оңтүстік Қазақстанда Иірсу (қоры 327,7 млн. тонна) мен Абайыл (28,3 млн. тонна) кен орындары барланған. Батыс Қазақстанда (Солтүстік-Шығыс Арал маңы) ең ірісі – баланстан тыс оолитті қошқыл теміртас кентасты Көкбұлақ кен орны (1,9 млрд. тонна), сонымен қатар титан-магнетитті кентастарының болжамдық қоры 1 млрд. тонна болатын Великов ірі кен орны бар. Қазақстан хромит кентасының қоры бойынша әлемде екінші орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны (шамамен 230 млн. тонна). Қорлардың барлығы Кемпірсай кенді ауданында (Мұғалжар тауы) шоғырланған. Аса ірі хромит кен орындарының қатарына Алмас-Жемчужина кен орны жатады (қоры 100 млн. тоннадан асады).
Бұл алапта кобальт-никель кенінің де бай қоры бар. Қазақстанда марганец кентастарының баланстық қоры 400 млн. тоннадан асады. Болжамдық қорлары 850 – 900 млн. тонна деп бағаланады. Қорлар негізінен (99%) Орталық Қазақстанның Атасу кенді ауданында шоғырланған (Батыс Қаражал, Үшқатын, Үлкен Қытай, Қамыс кен орындары). Қаратау, Байқоңыр, Кіндіктас, Жетісу Алатауындағы көмір-кремнийлі тақтатас қабаттарында орналасқан ванадий кендері мен Батыс және Солтүстік Қазақстандағы, жердің беткі қабаттарында жатқан титан кендерінің де маңызы аса зор

1.Көмірсутектердің табиғи көздерін ата..

2. Табиғи газдың негізгі құрам бөлігі? (СН4)

3. Табиғи мұнайға серік газдардан қандай айырмашылықтары бар?


газдың


4. Қазақстандағы ірі газ, мұнай, тас көмір кен орындары туралы не білесіңдер?

5. Табиғи газдың құрамында метаннан басқа мына газдар бар: этан, пропан, бутан;

6.Қандай орындарда өнеркәсіпте табиғи газдың маңызы бар.

7.Құрғақ газ дегеніміз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет