Құрастырғандар : Желдибаева Ш. Е., Примбетова А. Б. Тараз – 2017 алғы сөЗ



бет3/12
Дата08.06.2018
өлшемі270,73 Kb.
#41602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Антонимдер

1- нұсқа

1. Антоним нені білдіретінін көрсетіңіз.

А) Мағыналары бір-біріне жуық сөздер.

В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

С) Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа.

Д) Сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Е) Сөздің дыбыстық бірлігі.

2. «Артық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) аз

В) толық



С) кем

Д) оңай

Е) ұсақ

3. Антонимдер бар сөйлемді табыңыз.



А) Ол күрделі жөндеуден өткізілді.

В) Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағам әзірленген.

С) Ақын өмірі, шығармашылығы берілген.

Д) Оның терезесі шығысқа қараған.

Е) Екі қазан орнатылған.

4. Антоним сөзді табыңыз.

А) қағаз-көмір

В) ту-жалау

С) оқушы-шәкірт

Д) биік-аласа

Е) ақ-ағаш

5. «Жоғары» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) төмен

В) ұсақ

С) аласа

Д) кішкентай

Е) қысқа

6. «Кеңейту» сөзінің антонимін белгілеңіз.

А) тарылту

В) дамыту

С) нығайту

Д) таныту

Е) қолдау

7. Антонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) қасқыр, түлкі

В) шығарды, отырды

С) шаңғы, боран

Д) сүйкек, асық

Е) басталды, аяқталды

8. «Қысқа» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) биік

В) кең


С) ұзын

Д) тап


Е) аласа

9. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) жанды, сөнді

В) қасиетті, құрметті

С) үлкен, ұзақ

Д) әдемі, сұлу

Е) жаны, қасы

10. «Батыс» сөзінің антонимін табыңыз.

А) дөңгелек

В) орталық

С) шығыс

Д) оңтүстік

Е) солтүстік

11. «Арзан» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) тегін

В) қымбат

С) биік

Д) терең

Е) алыс

12. «Мықты» сөзінің антонимін көрсет.



А) кішкентай

В) жеңіл

С) әлсіз

Д) ұсақ

Е) аз

13. Антоним сөздерді көрсетіңіз.



А) байтақ, кең

В) дейін, шейін

С) бәрі, түгел

Д) көлемі, аумағы

Е) таулы, жазық

14. Антоним сөздерді табыңыз.

А) биік, үлкен

В) биіктен түсті

С) келе жатыр

Д) мектеп, дала

Е) қате, дұрыс

15. «Жиі» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) кішкентай

В) аз


С) сирек

Д) ұсақ

Е) қиын

16. Антоним сөздерді көрсетіңіз.



А) мектеп, сабақ

В) асхана, мұражай

С) салт, дәстүр

Д) ата, әке

Е) үлкен, кіші

17. «Қой аузынан шөп алмас» фразеологиялық тіркесінің антонимін табыңыз.

А) тентек

В) момын

С) жайлы

Д) нәзік

Е) баяу

18. Антоним сөзді табыңыз.



А) Көмектесіп жүр.

В) Шапшаң, жылдам.

С) Соғыс, бейбітшілік.

Д) Алысқа кетті.

Е) Шаршап-шалдығу.

19. «Алға» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) алыс

В) кең


С) артқа

Д) төменге

Е) жоғары

20. «Дұшпан» сөзінің антонимін табыңыз.

А) дос

В) жер


С) жау

Д) адам

Е) ер

21. Антоним сөздерді белгілеңіз.



А) ежелгі, мекен

В) тұрғын, өнер

С) ескерткіш, қоршау

Д) күмбез, ғимарат

Е) келді, кетті

22. «Табу» сөзінің антонимін көрсетіңіз

А) бар

В) пайда болу

С) әкелу

Д) әкету

Е) жоғалту

23. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) көйлек-көншек

В) қисық-қыңыр

С) тамаша-әдемі

Д) шағын-ірі

Е) жоғары-биік

24. «Қиын» сөзінің антонимін табыңыз.

А) ұзақ

В) жақсы

С) оңай

Д) аудар

Е) көн

25. Антоним сөздерді көрсетіңіз.



А) жер аттары

В) жалшы-жақыбай

С) таласа-тармаса

Д) тәтті-ащы

Е) жер-жаһан

2-нұсқа

1. «Аласа» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) әдемі

В) жақсы

С) таза

Д) биік

Е) төмен

2. «Дос» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) жігіт

В) бөтен

С) батыр

Д) қас


Е) көрші

3. Антонимдік жұпты табыңыз.

А) өте-мол

В) әдемі-әсем

С) шаш-бас

Д) үлкен-кіші

Е) кітап-қалам

4. Антонимдерді табыңыз.

А) әдемі-сұлу

В) жазалау-тексеру

С) ақымақ-ақылды

Д) ақ-көк

Е) биік-жоғары

5. Антоним сөздерді табыңыз.

А) жылдам, ақырын

В) сұлу, әдемі

С) алғаш, тұңғыш

Д) қыздар, әйелдер

Е) көзі, мұрны

6. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) көрші-көлем

В) жұт-жұрт

С) соғыс-бейбітшілік

Д) арман-мұрат

Е) салт-дәстүр

7. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) көктем, жаз

В) жақсы, жаман

С) өте, тым

Д) оқушы, бала

Е) мектеп, қала

8. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) мектеп, сабақ

В) асхана, мұражай

С) таза, кір

Д) салт, дәстүр

Е) ата, әке

9. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын табыңыз.

А) антоним

В) көп мағыналы

С) фразеологизм

Д) синоним

Е) омоним

10. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) шын, рас

В) жас, кәрі

С) тұлға, бейне

Д) ақымақ, есер

Е) есім, ат

11. Антоним сөздерді табыңыз.

А) алды-арты

В) ту-жалау

С) ақ-ағаш

Д) қалам-көмір

Е) оқушы-шәкірт

12. «Шық» сөзінің антонимін табыңыз.

А) кір

В) жаман

С) бар

Д) жоқ


Е) кіші

13. Антоним сөздерді табыңыз:

А) аш, жап

В) кілтпен ашты

С) әдепті бала

Д) әдейі, арнайы

Е) қалаға барды

14. Антонимдер қатарын анықтаңыз.

А). Ыстық-жылы, жылы-жұмсақ .

В) Қысқа-келте, қызыл-жасыл.

С) Ескі-жаңа, жарық-қараңғы

Д) Көру-қарау, есту-ұғу.

Е) Салқын-суық , ұзын-байтақ .

15. «Жаңару» сөзінің антонимін табыңыз.

А) молаю

В) ескіру

С) түн

Д) көпшілік

Е) азшылық

16.Антонимдерді табыңыз.

А) Ит өлген жер-таяқ тастам жер.

В) Іші жылу-көз жұму.

С) Бетінен оты шығу-жүрегі жарылу.

Д) Бетінен қақпау-көз ілмеу.

Е) Өлердегі сөзін айту-екі көзі төрт болу.

17. Антонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Еңбек түбі береке.

В) Ерлік білекте емес, жүректе.

С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Д) Көз-қорқақ , қол-батыр.

Е) Балықшы балықшыны алыстан көреді.

18.Антоним сөздерді табыңыз.

А) үлгі-өнеге

В) ілгерінді-кейінді

С) шеше-ене

Д) шаншу-түйреу

Е) хабар-дерек

19.Антонимдерді табыңыз.

А) Алыс пен жақынды жүрген біледі.

В) Сабақ өте қызық өтті.

С) Қарағанды-өндірісті қала.

Д) Көктемде күн жылынады.

Е) Кітап – білім бұлағы.

20. Антонимді табыңыз.

А) үйір-табын

В) арсыз-әдепсіз

С) жина-шаш

Д) жүрдім-бардым

Е) шұғыл-жедел

21. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) шыбын-шіркей

В) бұлғақтау-бұраландау

С) көктем-жазғытұры

Д) аштық-тоқтық

Е) аға-әке

22. Антонимді табыңыз.

А) дос-жолдас

В) ақ-қызыл

С) бұзу-жөндеу

Д) көп-қыруар

Е) халайық-әлеумет

23. Антоним сөздерді табыңыз.

А) жомарт-сараң

В) нәтижелі-жемісті

С) соқтығыс-қақтығыс

Д) жоламау-жуымау

Е) маңдай алды-бетке ұстар

24. «Көзі ашық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) елгезек

В) білімді

С) оқыған

Д) аңқау

Е) надан

25. Антоним қай сөз табынан жасалған, дұрысын көрсетіңіз.

Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.

А) етістік

В) сын есім

С) үстеу

Д) есімдік

Е) зат есім



3-нұсқа
1.Антоним сөздерді табыңыз:
А) биік, аласа
В) кілтпен ашты
С) әдепті бала
D) әдейі, арнайы
Е) қалаға барды

2. Антонимді анықтаңыз.

А) уақ-түйек, майда-шүйде

В) құт-береке, мәз-мейрам

С) бүге-шіге, егжей-тегжей

Д) азын-аулақ, қым-қиғаш

Е) бұрын-соңды, ертелі-кеш

3..Мағыналары қарама-қарсы сөздерді анықта.

А) Ол мейрамдарда көрші-қолаңды аралап кетеді.

В) Ол баладан бәрін бүге-шігесіне дейін сұрап алды.

С) Соғыстан кейін бұл жердің астан кестені шықты.

Д) Кең зал ығы-жығы.

Е) Ол судың ыстық-суығына қарамай қотарып салды.

4.Мақалдардан антоним сөздерді табыңыз.

А) Ер мойнында қыл арқан шірімес.

В) Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

С) Ананың көзі балада, баланың көзі далада.

Д) Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле.

Е) Көз - қорқақ, қол - батыр.

5.Антонимді табыңыз.

А) ит арқасы қиянда - таяқ тастам жер

В) іші жылу - көз жұму

С) аяқ алысы - қолы жүру

Д) табанын жалтырату - қарасын батыру

Е) ат қою - айдар тағу

6.Антонимдес сөз тіркесін табыңыз.

А) асқар тау, телегей теңіз

В) кең дала, айдын көл

С) денсаулығы жоқ, ақшасы бар

Д) тал түсте, күз мезгілде

Е) ала жаздай, қыс бойы

7.Антонимді анықтаңыз.

А) уақ-түйек, майда-шүйде

В) құт-береке, мәз-мейрам

С) бүге-шіге, егжей-тегжей

Д) азын-аулақ, қым-қиғаш

Е) бұрын-соңды, ертелі-кеш

8.Мағыналары қарама-қарсы сөздерді анықта.

А) Ол мейрамдарда көрші-қолаңды аралап кетеді.

В) Ол баладан бәрін бүге-шігесіне дейін сұрап алды.

С) Соғыстан кейін бұл жердің астан кестені шықты.

Д) Кең зал ығы-жығы.

Е) Ол судың ыстық-суығына қарамай қотарып салды.

9.Антонимді табыңыз.

А) Халық үшін қалтқысыз еңбек ет.

В) Бүгінде халық құл, қожа болып бөлінбейді.

С) Әскер беті қызарып сөйлей алмай қалды.

Д) Олар бүгін-ертең келіп қалар.

Е) Олар жол-жөнекей көп тоқтады.

10. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер

А) антонимдер

В) неологизмдер

С) диалектілер

Д) синонимдер

Е) омонимдер

11.Антонимді табыңыз

А) Ол ағайын-туысын ұмытты.

В) Ол бала- шағасын қыдыртты.

С) Ол қысы-жазы үйінен шықпады.

Д) Ол беті- қолын жуды.

Е) Ол істің мән- жайын тексерді.

12. Антоним сөздерді көрсетіңіз

А) көрші- қолаң

В) арман-мұрат

С) салт-дәстүр

Д) жұт- жұрт

Е) соғыс- бейбітшілік

13. «Дұшпан» сөзінің антонимін табыңыз

А) ер


В) жер

С) дос


Д) адам

Е) жау


14. Антоним болмайтын сөздерді табыңыз

А) жарық- қараңғы

В) әлсіз-жақын

С) терең-таяз

Д) биік-аласа

Е) ақылды-ақымақ

15. Антоним сөздерді көрсетіңіз

А) көлемі, аумағы

В) бәрі, түгел

С) байтақ, кең

Д) дейін, шейін

Е) таулы, жазық

16. Антонимдік жұпты табыңыз

А) көне-жаңа

В) тағдыр-өмір

С) әділ-арлы

Д) үй- мекеме

Е) мықты-күшті

17. Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын белгілеңіз

А) омоним сөздер

В) біріккен сөздер

С) синоним сөздер

Д) антоним сөздер

Е) қысқарған сөздер

18. «Ерте» сөзінің антонимін табыңыз

Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,

... шықсан, алдыңнан түн шығады.

А) бүгін


В) ертең

С) түсте


Д) түнде

Е) кешке


19. Антоним сөздерді көрсетіңіз

А) тәтті-ащы

В) жер-жаһан

С) таласа-тармаса

Д) жалшы-жақыбай

Е) жер аттары

20. «Ұзын- қысқа» қандай сөздер екенін белгілеңіз

А) антоним сөздер

В) қаратпа сөздер

С) қыстырма сөздер

Д) синоним сөздер

Е) омоним сөздер

21. «Аласа» сөзініі антонимін табыңыз

А) төмен


В) жақсы

С) таза


Д) биік

Е) әдемі


22. Антонимді сөз тіркетерін анықтаңыз

А) тал түсте, күз бойы

В) денсаулығы жоқ, ақшаға бай

С) кең дала, айдын көл

Д) асқар тау, телегей теңіз

Е) ала жаздай, қыс бойы

23. Антонимді белгілеңіз. 
Алдымен істің ақ-қарасын ажыратып алу қажет. 
А) алдымен
В) ақ-қарасын
С) алу қажет 
D) ажыратып алу
Е) істі ажырату 
24.Антоним сөздерді анықтаңыз. 
А) жанында, алдында
В) астында, үстінде 
С) басында, артында
D) қасында, ішінде
Е) алдында, сыртында 
25. Антоним сөздер бар сөйлемді анықтаңыз. 
А) Күзде күн салқын, ауа райы дымқыл. 
В) Жиі-жиі жаңбыр жауады. 
С) Шөптер, жапырақтар сарғаяды, солады. 
D) Күн қысқарады, түн ұзарады. 
Е) Көкөністер, жемістер піседі. 

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

1-нұсқа

1. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

А)Тұлпар-батырлар мінген жүйрік ат.

В)Бала қыздың алдына асыл тұқымды тұлпарды тарта берді

С) Тұлпар туған шұбар ат

Д) Халықтан небір тұлпарлар шығады.

Е) Түп атасы-араб тұлпары.

2. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз.

А) Қара жұмыс.

В) Ескі үй.

С) Күзгі орман.

Д) Қалың кітап.

Е) Сары бояу.

3. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) үлкен мектеп

В) көрші ауыл

С) қызыл тіл

Д) жаңа қала

Е) жазғы кеш

4. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Туды жоғары ұстау.

В) Атасы баласын иіскеді.

С) Ұлттық намысты жоғары ұстайық.

Д) Адамгершілік туралы айту.

Е) Әдеби кітаптарды оқу.

5. Тура мағынада берілген сөзді көрсетіңіз.

А) қабағын түйді

В) ақ жүрек

С) алтын ғасыр

Д) жарқын жүзді

Е) қызыл алма

6. Қара деген сөздің тура мағынасында қолданылған жерін көрсетіңіз.

А) қара қарындаш

В) қара дауыл

С) қара ниет

Д) қара жүрек.

Е) қара тер

7. Тура мағынасында қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) жуан жіп

В) жуан дауыс

С) жуан ауыл

Д) жуан жол

Е) жуан сіңірлі

8. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.

А) салқын ауа

В) суық жел

С) суық қолды

Д) кеңпейіл

Е) мамық төсек

9. Тура мағынада айтылған сөздері бар сөйлемді табыңыз.

А) адамның басы

В) таудың басы

С) бас дәрігер

Д) істің басы

Е) жиналыстың басы.

10. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) суық сөз

В) ыстық ықылас

С) ақ ниетті

Д) жақсы адам

Е) терең ойлы

11. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз.

Жаңбырсыз жер жетім, жақсысыз ел жетім.

А) жаңбырсыз

В) ел

С) жер


Д) жақсысыз

Е) жетім


12. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А) Ол досына алтын сағат сыйлады.

В) Кешке қызық кино басталды.

С) Түн салқындай бастады.

Д) Айман оған жылы лебізін білдірді.

Е) Күзде жапырақтар сарғаяды.

13. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) жануардың терісі

В) көліктің дөңгелегі

С) таудың басы

Д) құстың қанаты

Е) адамның көзі

14. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А) асыл жан

В) сөзге сараң

С) терең құдық

Д) арам ой

Е) жібек мінез

15. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.

А) қисық бұтақ

В) қызыл гүл

С) білімді оқушы

Д) қоңыр дауыс

Е) қара сиялы қалам

16. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Сен менің оң қолымсың.

В) Қолды болып жүрме.

С) Ол қол ұшын берді.

Д) Қолы жеңіл.

Е) Қолыңды көтер.

17. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А) жылы жүзді

В) жылы сөз

С) жылқы жылы

Д) жылы өң

Е) су жылы

18. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А) ақырын қозғалу

В) жел мінез

С) жүйрік ат

Д) ұйқыдан ояту

Е) бұзаулы сиыр

19. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А) Баласы өсті.

В) Бұл ойды мен өсірген емеспін.

С) Өсу жолы-бұл емес.

Д) Халық саны өсуде.

Е) Сен өсіріп сөйлеме.

20. Сөздің тура мағынасын табыңыз.

А) Арқасынан таяқ үзген жоқ .

В) Ол әке-шешеден ерте қол үзді.

С) Нариман-тепсе, темір үзетін жігіт.

Д) Бала нанның жартысын үзіп берді.

Е) Қарт әбден күдер үзген екен.

21. Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін табыңыз.

А) Терең ой.

В) Ұзын арқан.

С) Тар жол.

Д) Үлкен үй.

Е) Қара шаш.

22. «Күн» сөзіне тіркесетін ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіз.

А) жабық

В) бүгінгі

С) кешегі

Д) ашық

Е) бес


23. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз.

А) Жеңіл жүк.

В) Қисық ағаш.

С) Ауыр сөз.

Д) Қоңыр түс.

Е) Сынық айна.

24. Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді көрсетіңіз.

А) Қара бояу, қалың киім, суық су.

В) Қара жүрек, қалың жұрт, суық хабар.

С) Қалың шөп, адал ас, қара көз.

Д) Суық жел, бет әжімі, ұлпа қар.

Е) Қоңыр сиыр, көк көйлек, жасыл жапырақ

25. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.

А) Мамық төсек.

В) Суық жел.

С) Кеңпейіл адам.

Д) Суық қолды адам.

Е) Салқын ауа.



2- нұсқа

1.Тура мағынада қолданған сөзді көрсетіңіз.

А) қалың кітап

В) қалың қол

С) қалың жаңбыр

Д) қалың ел

Е) қалың мал

2. Сөздің тура мағынасын табыңыз

А) ұлы келді

В) ұлы адам

С) ұлы жүз

Д) ұлы іс

Е. Ұлыстың ұлы күні

3. Тура мағынадағы сөздердің басқа сөздермен тіркесімділігі кең болған жағдайда туатын мағына

А) сөздің еркін мағынасы

В) түпкі мағына

С) синтаксистік шартты мағына

Д) фразеологиялық байлаулы мағына

Е) туынды мағына

4.Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) қара тас

С) тас жүрек

В) жуас кісі

Д) терең ойлы

Е) ыстық ықылас

5.Тура мағыналы сөзді анықта.

А) ат арылту

С) ат ойнату

В) ат сату

Д) ат ойнату

Е) ат ізін суытпау

6.Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А) Ол әйеліне алтын алқа сатып алды.

В) Түнгі ауа салқындай бастады.

С) Айман оған жылы лебізін білдірді.

Д) Күзгі дала сары жапырақтан көрінбейді.

Е) Бұл мәселе туралы басшылармен ақылдасты.

7.Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.



Аспанда қалықтаған құстың қанаты анық көрінеді.

А) аспан

С) құс

В) қанат



Д) қалықтау

Е) анық


8.«Полисемия» -

А) дара мағыналы

С) мағынасы жоқ

В) тура мағына

Д) көп мағыналы

Е) ауыспалы мағына

9.Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.

А) Қалада өзбек ұлттық мәдени орталығы бар.

В) Олар ертелі-кеш еңбек етіп жүр.

С) Адамның ықылас-ниеті жақсы болсын.

Д) Оны көрмегелі біршама жылдар өтті.

Е) Көктемде отырғызылған жас шыбықтардың жапырағы шыға бастады.

10.«Суық хабар» - Асты сызылған сөздің мағынасы

А) көптен күткен

В) сүйініш

С) қайғылы

Д) қуанышты

Е) күтпеген

11.Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.

А) шалғай ауыл

С) кең сынып

В) ақ қар

Д) жазық дала

Е) құрғақ сөз

12.Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А) Қолындағы малын ермек етіп отыр.

В) Кіші інісі мектепті бітіргелі жатыр.

С) Оның әжесі көп ертегі білетін.

Д) Мұсаның атасы жалпақ жұртқа танымал болған.

Е) Алыстағы ауылдардың көптеген қиындықтары бар.

13. «Қара» сөзі ауыспалы мағынада қолданылған сөйлем

А) Олар қара тастан үй тұрғызды.

В) Біз үйдің іргетасын қара бояумен боядық.

С) Хат қара сиямен жазылыпты.

Д) Қодар жырда қара күштің иесі ретінде суреттеледі.

Е) Ол бүгін қара көйлегін киіпті.

14.Тура мағыналы сөзді анықта.

А) ат арылту

С) ат ойнату

В) ат сату

Д) ат суыту

Е) ат ізін суытпау

15.Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.

А) шалғай ауыл

С) кең сынып

В) ақ қар

Д) жазық дала

Е) құрғақ сөз

16.Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А) Қолындағы малын ермек етіп отыр.

В) Кіші інісі мектепті бітіргелі жатыр.

С) Оның әжесі көп ертегі білетін.

Д) Мұсаның атасы жалпақ жұртқа танымал болған.

Е) Алыстағы ауылдардың көптеген қиындықтары бар

17.Тура мағыналы сөзді анықта.

А) ат арылту

С) ат ойнату

В) ат сату

Д) ат суыту

Е) ат ізін суытпау

18.Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.

А) шалғай ауыл

С) кең сынып

В) ақ қар

Д) жазық дала

Е) құрғақ сөз

19.Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А) Қолындағы малын ермек етіп отыр.

В) Кіші інісі мектепті бітіргелі жатыр.

С) Оның әжесі көп ертегі білетін.

Д) Мұсаның атасы жалпақ жұртқа танымал болған.

Е) Алыстағы ауылдардың көптеген қиындықтары бар

20. “Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.

A) биік сезім


B) биік тау
C) биік ой
D) биік тұлға
E) биік сөз

21.Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.

Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.

A) ниетің


B) қисық 
C) болса 
D) ағайынға
E) өкпелеме

22.Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.

A) Тұмау аяғы – құрт, тұман аяғы – жұт.
B) Самат аяғын ауыртып алды.
C) Ол науқасынан айығып кетті.
D) Жел күшейе түсті. 
E) Ол аяғын созып жатыр.

23.Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

Бұлақтың көзін ашу – игі іс.

A) бұлақтың 


B) көзін 
C) ашу
D) игі
E) іс

24.Сөздің тура мағынасын табыңыз.

A) Сүт таңертең ұйып қалды.
B) Оң қолым ұйып қалды.
C) Әңгіме ұйып тыңдалды.
D) Олар сүттей ұйып отыр.
E) Сүттей ұйыған жанұя.

25.Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.



A) Қарындашын ұштау.
B) Найзаны ұштау.
C) Қайланы ұштау.
D) Шеберлікті ұштау.
E) Таяқты ұштау.

Септік жалғау

1-нұсқа

1. Септік жалғауы жуан буынды сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Орманды дала.

В) Табиғатты қорғау.

С) Газет шығару.

Д) Сурет салу

Е) Жануарлар мен құстар.
2. Жатыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) көктемгі

В) жазғытұры

С) күзде

Д) жазғы

Е) қыстың
3. Қай септіктің жалғауы жоқ ? 
А) барыс

В) көмектес

С) атау

Д) табыс

Е) жатыс
4. Жатыс септігіндегі зат есімді табыңыз.
А) шығыстан

В) көлдер

С) өзеннің

Д) батыста

Е) жазғы
5. «Қоңырға» - сын есімі қай септікте тұрғанын белгілеңіз.
А) барыс септік

В) жатыс септік

С) ілік септік

Д) шығыс септік

Е) табыс септік
6.Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын септік атауын көрсет.
А) көмектес

В) септік

С) жатыс

Д) атау 
7.Табыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) оқушылар

В) сабақтан

С) жұмысты

Д) тапсырма

Е) көмек
8. Буын үндестігіне бағынбайтын септік жалғауын көрсетіңіз.
А) да, та, де

В) ның, нің, тың

С) ды, ді, ті

Д) мен, пен, бен

Е) ның ,нің, дың
9. Табыс септігінде зат есімді табыңыз.
А) тапсырма

В) көмек

С) жұмысты

Д) сабақтан

Е) оқушылар
10. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) қаламмен

В) қағазды

С) әншіге

Д) кітаптың

Е) ақынның 

11.Жалғауы жоқ септікті тап: 
А) ілік септік

В) барыс септік

С) атау септік

Д) табыс септік 

Е) көмектес септік
12. Берілген сөзге жатыс септігінің қажетті жалғауын жалға: қонақ... 
А) -те

В) -та

С) -да

Д) -де 

Е) -қа
13. Қазақ тілінде неше септік бар? 
А) 4

В) 5

С) 6

Д) 7 

Е) 9
14. Кімнен? Неден? Қай септіктің сұрақтары? 
А) атау септік

В) ілік септік

С) шығыс септік

Д) барыс септік 

Е) көмектес септік
15. Септіктердің дұрыс жазылу ретін көрсет: 
А) атау с., барыс с., табыс с., ілік с., жатыс с., шығыс с., көмектес с. 
В) атау с., ілік с., барыс с., табыс с., көмектес с., жатыс с., шығыс с. 
С) атау с., ілік с., барыс с., табыс с., жатыс с., көмектес с., шығыс с. 
Д) атау с., ілік с., барыс с., табыс с., жатыс с., шығыс с., көмектес с. 

Е) атау с., ілік с., барыс с., табыс с., көмектес с., жатыс с., барыс с. 
16. Табыс септігінде тұрған сөзді көрсет! 
А) Отанды

В) Отанға

С) Отаннан

Д) Отанмен 

Е) Отан
17. 5:20. Сағат неше? 
А) сағат бестен жиырма минут кетті

В) Сағат беске жиырма минут қалды 
С) сағат төрттен жиырмаминут кетті

Д) Сағат төртке жиырма минут қалды 

Е) сағат бестен жиырма минут асты
18. Сөйлемде көмектес септікте тұрған сөзді тап: Жайна Алматыдан пойызбен келді. 
А) Жайна

В) Алматыдан

С) пойызбен

Д) келді 

Е) барлығы да дұрыс
19. Мен сабақ оқыдым. Белгіленген сөз қай септікте тұр? 
А) жатыс септік

В) ілік септік

С) барыс септік

Д) атау септік

Е) көмектес септік 
20. Ілік септігінің сұрақтарын белгіле: 
А) кімнің? ненің?

В) кімге? неге?

С) кіммен? немен?

Д) кім? не? 

Е)кіммен? қашан?
21. Барыс септігінде тұрған сөзді көрсет! 
А) баланың

В) баланы

С) балаға

Д) балада 

Е) баламен
22. Септік жалғауы жалғанған сөз қайсысы? 
А) оқушысы

В) оқушылар

С) оқушымын

Д) оқушыға 

Е) оқушылармен
23. Берілген сөзге сәйкес келетін жалғауларды тап: кітап... 
А) -ке, -те, -пен, -тен, -тің

В) -қа, -та, -тан, -пен, -ты 
С) -ты, -пен, -тен, -тың, -та

Д) -қа, -бен, -тен, -та, -ты 

Е) -та, -те, -қа, -ке
24. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? 
А) 4

В) 5

С) 6

Д) 3 

Е) 6
25. Ілік септігінің сұрақтарын көрсет.

А) кімнің? ненің?

В) кімге? неге?

С) кімді? нені?

Д) кім? не?

Е) кіммен? неге?


Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет