Құрастырғандар : Желдибаева Ш. Е., Примбетова А. Б. Тараз – 2017 алғы сөЗ



бет8/12
Дата08.06.2018
өлшемі270,73 Kb.
#41602
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

3-нұсқа
1.Күрделі етістікті сөйлемді тап.

А) Байқаусызда сүрініп кетті

В) Сара қуанды

С) Келетін күні ертең

Д) Жиырма тақ сан

Е) Поезд уақытында келді

2. . Болымсыз етістік жұрнағын анықта

А) -ма, -ме, -ба, -бе

В) -да, -де, -та, -те

С) - ға, -ге, -қа, -ке

Д) -на, -не, -а, -е

Е) -нан, -нен, -дан, -ден

3. Сабақты етістікті анықта

А) хатты жазды

В) ауылдан келді

С) далада отыр

Д) өзенге шомылды

Е) әжеммен келді

4. Жедел өткен шақ жұрнақтарын анықта

А)- ды, -ді, -ты, -ті

В) -ыс, -іс, -с

С) -ын, -ін, -н

Д) -ым, -ім, -м

Е) - ып, -іп, -п

5.Шырай категориясы қай сөз табына тән?

А) зат есім

В) сын есім

С) сан есім

Д) есімдік

Е) етістік

6.Етістікті тіркесті табыңыз

А) Басы жеткенше

Б) Жақының ашуы

С) Шай орамал

Д) Жаманның ашуы

Е) Жаманның басы

7. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) қалам бар (ма)

В) бұл – шығар (ма)

С) сабақтан қал (ма)

Д) қызық жарна (ма)

Е) атым Ал (ма)

8.Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.

А) Олар сабақ оқып отыр

В) Балалар мектепте жүр

С)Сенкешке келесің бе?

Д) Сізді күттім

Е) Ол келмеді

9.Етістіктің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі

А) бастауыш

С) пысықтауыш

В) толықтауыш

Д) баяндауыш

Е) анықтауыш

10.Есімдерден туынды етістік жасайтын жұрнақтарды табыңыз.

А) -а, -е, -й, -ып, -іп, -п

В) -ын, -ін, -н, -са, -се

С) -ба, -бе, -па, -пе

Д) -лан, -лен, -дан, -ден*

Е) -ма, -ме, –ын, -ін, -н, -са, -се, -ба, -бе, -па, -пе

11.Бірде негізгі, бірде көмекші етістік болатын етістіктерді табыңыз.

А) жаз, оқы

В) бар, жүр

С) ойна, іш

Д) ойлан, тер

Е) көр, жина

12.Дара етістікті сөйлемді табыңыз.

А) Еңбек етсең, есейерсің

В) Ол жығылып қалды

С) Табиғат – біздің досымыз

Д) Марат күліп жіберді

Е) Ертегі тыңдағанды жақсы көремін

13.Болымсыздық етістіктің жұрнағын табыңыз.

А) -а, -е, -й

С) -ба, -бе, -ма, -ме

В) -ғыр, -гір, -дыр, -дір

Д) -ған, -ген, -қан, -кен

Е) -са, -се

14.Көмекші етістік қатарын көрсет.

А) жазда

В) отыр

С) оқы


Д) бар

Е) кел


15.Туынды етістік қатарын көрсет.

А) күз, ақыл

В) кел, көр

С) ойна, санат

Д) мен, оған

Е) сен, саған

16.Табыс жалғауын қажет ететін сабақты етістікті табыңыз.

А) қатынас

В) ұйықта

С) демал

Д) апар

Е) мақсат

17.Туынды етістікті табыңыз

А) кел, көр

С) бақ, түт

В) ойна, ағар

Д) кел, аудар

Е) бар, бол

18.Сабақты етістік-

А) Табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік

В) қимылды білдіретін төл етістік

С) сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалатын етістік

Д) табыс септігіндегі сөзді қажет ететін етістік*

Е) бір немесе бірнеше сөзден тұратын етістік түрі

19.Сабақты етістікті тап

А) мұғалім болғысы келеді

В) жел қатты соқты

С) тәжірибесін үйретумен келеді

Д) жүйрік алысқа шабады

Е) білімсізге күлме

20.Мақсатты келер шақтың болымсыз түрін табыңыз.

А) бармақ емессің

С) бармақпын

В) кетпекшісің

Д) бармақшымын

Е) барамын

21.Болжалды келер шақта тұрған сөзді табыңыз.

А) тұрады

С) келмессіздер

В) бармақ

Д) бармақшы

Е) тұрды


22.Қалып етістіктері қай шаққа тән?

А) өткен шақ

С) жедел өткен шақ

В) осы шақ

Д) нақ осы шақ

Е) келер шақ

23.Дағдылы іс-әрекетті білдіретін етістік қалай аталады?

А) ауыспалы осы шақ

С) жедел өткен шақ

В) осы шақ

Д) нақ осы шақ

Е) өткен шақ

24.Құрамына қарай жалаң және күрделі болып бөлінетін етістіктің қай шағы?

А) ауыспалы өткен шақ

С) жедел өткен шақ

В) ауыспалы келер шақ

Д) ауыспалы жедел

Е) нақ осы шақ

25. Қай шақ алдағы іс-әрекетті нақты білдірмейді?

А) болжалды келер шақ

С) мақсатты келер шақ

В) ауыспалы осы шақ

Д) ауыспалы осы шақ

Е) нақ осы шақ


4-нұсқа

1.Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?

А) интонациясына қарап

В) мағынасына қарап

С) орын тәртібіне қарап

Д) сөйлем құрылысына қарап

Е) сөздердің орын тәртібіне қарап

2.Қалау райлы етістікті табыңыз?

А) Ол шаршап отыр.

В) Бармасам, не болады?

С) Оның ертерек қайтқысы келген.

Д) Сіз жоғары шығып, тынығыңыз.

Е) Сізбен әдейі амандасайын деп келдім.

3.Бұйрық райлы етістікті табыңыз.

А) Оны кешеден бері көрсетті

В) Есіңе мені алғайсың

С) Бұған тиіспесе игі еді.

Д) Осыны шығара салайық.

Е) Менің атқаным тимеді

4. Үш жақтың біріне қолданып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауы райдың қай түріне тән?

А) шартты рай

С) ешбірі

В) ашық рай

Д) қалау рай

Е) бұйрық рай

5.Үш түрлі рай қатысқан сөйлемді тап.

А) Мереке құтты болсын!

В) Ағамның жолы болғай.

С) Бас болу оңай, - бастамақ қиын.

Д) айтсақ па екен, әлде айтпасақ па екен?

Е) Жатқысы келсе демалсын.

6.Бұйрық райдағы етістікті тап.

А) Сәуле, келіп тұр.

С) Марат қарап отыр.

В) Ол келіссе игі еді.

Д) Тыңдап отыр.

Е) Жазып жүр.

7.Ашық райлы етістікті табыңыз.

А) Былтыр осында ұйықтайтынбыз.

В) Бар ма, жоқ па, сол жағын білгім келеді

С) Оның үйге кеткісі келмеді.

Д) Алсаң, ал

Е) Оны бүгін құттықтайық.

8. «-са», «-се» жұрнағының бұйыру мағынасын білдіріп тұрған орнын табыңыз.

А) Ертең сабақ болмаса ғой.

В) Күз болса да, күн суыта қоймады.

С) Бүгін концертке келсеңізші.

Д) Тез әкелсең, мені қуантасың.

Е) Кітапты тезірек бітірсей.

9.Талап ету мағынасын білдіретін рай қайсысы?

А) шартты рай

С) ешбірі

В) ашық рай

Д) қалау рай

Е) бұйрық рай

10.Адамның тілек-қалауын білдіретін сөзді табыңыз.

А) толқыса

С) оқысаңыз

В) алса игі еді

Д) айтсаңшы

Е) көрген

11.Етістіктің сөйлемде атқаратын негізгі қызметін табыңыз

А) бастауыш

С) толықтауыш

В) баяндауыш

Д) анықтауыш

Е) пысықтауыш

12. Сөйлемде бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті табыңыз

А) Жақсы – ісімен жақсы.

В) Асық ойнаған азар.

С) Үш-тақ сан.

Д) Барғанға дейін не ойладың?

Е) Барса екен деп армадым.

13.Анықтауыш қызметін атқарып тұрған етістікті белгілеңіз

А) Көрмес-түйені де көрмес.

В) Сағынғанға ұқсайды.

С) Бастаған ісіңді аяқта.

Д) Кемеңгер кісі еді.

Е) Айтсақ, дұрыс болады.

14.Толықтауыш қызметіндегі етістік

А) Айтқаным айтқан.

В) Бар білетіні осы ма?

С) Алаған қолым береген.

Д) Бармағымды тістеп алдым.

Е) Жолда қалғанға көмек бер.

15.Пысықтауыш қызметіндегі етістікті табыңыз

А) Алса игі еді.

С) Мұрат ынтыға қарады.

В) Ол ерте тұрды.

Д) Оқу -білім бұлағы.

Е) Біз әрең таптық.

16.Тұйық етістікті табыңыз.

А) алтау

С) бау


В) сұлу

Д) дау


Е) отау

17.Дұрыс жазылған етістікті табыңыз.

А) жуыу

С) кею


В) байыу

Д) сыйу


Е) жайыу

18.Емлеге сай жазылған тұйық етістікті тап.

А) тасыу

В) жайу


С) кепу

Д) суыу


Е) жуу

19.Етістіктен болған бірыңғай мүшені табыңыз.

А) Білу басқа, түсіну басқа.

В) Оның айтқанына қарама, істегеніне қара.

С) Ол барар-бармасын білмеді.

Д) «Отыр,тұр» - қалып етістігі.

Е) Айт, айтпа, әйтеуір біліп аламын.

20.Тұрлаулы мүшелері етістіктен болған сөйлемді белгілеңіз.

А) Білім - өмір шырағы.

В) Өнер - өмір өрнегі.

С) Алған адам қайтарып берер.

Д) Берген мықты ма, алған мықты ма?

Е) Армандағаным – оқу.

21.Берілген сөйлемнің пысықтауышы жасалған сөз табы

Таң шапағы ағараңдап атып келеді.

А) күрделі зат есім

С) туынды етістік

В) түбір сын есім

Д) есімше

Е) үстеу


22. Сөйлемде бастауыш қызметін атқаратын етістік

А) Шақ, рай тұлғасында жіктеліп

В) Көсемше тұлғасында қимылдың амалын білдіріп.

С) Есімше тұлғасында септеліп.

Д) Есімше, тұйық етістік атау септік тұлғасында.

Е) Тұйық етістік ілік септік тұлғасында.

23.Қай сөйлемде тұйық етістік бар?

А) Оның әкесі қан майданда қаза тапқан.

В) Оқу инемен құдық қазғандай.

С) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Д) Білгенге маржан, білмезке арзан.

Е) Қабағына қар жауып тұр.

24. Үш түрлі жалғау жалғанған етістік

А) шашуыма

С) сөйлеушілерденсіңдер

В) баруыма

Д) бастауымның

Е) оюларды

25.Күрделі етістіктің құрамындағы негізгі етістікке көбіне қандай жұрнақтар жалғанады?

А) -а, -е, -й, -ып, -іп, -п

С) -ба, -бе, -па, -пе

В) -ын, -ін, -н, -са, -се

Д) -ған, -ген, -қан, -кен

Е) -ма, -ме





Одағай

1-нұсқа

1.Көңіл-күй одағайын табыңыз.

А) тәйт

В) құрау-құрау

С) айт

Д) шай-шай

Е) алақай

2. Одағай сөзді табыңыз.

А) паһ-паһ

В) талапты

С) ұлдың

Д) мырс

Е) жеңіс

3. Одағайды табыңыз.

А) дүрс-дүрс

В) ойбай

С) мырс

Д) жорта

Е) ғой

4. Одағай сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгісін табыңыз.



А) дефис

В) үтір, леп белгісі

С) нүкте

Д) сызықша

Е) нүктелі-үтір

5. Одағай қатысқан сөйлемді табыңыз.

А) Қап, автобус кетіп қалды-ау.

В) Көрсетпе! Тый көзіңнің жасын!

С) Аспанды бұлт басқан.

Д) Далада жаңбыр жауып тұр.

Е) Гүрс-гүрс еткен мылтықтың дауысы естілді.

6. Көңіл – күй одағайын табыңыз.

А) моһ-моһ, жануар!

В) паһ, неткен дауыс!

С) ауқау-ауқау!

Д) құрау-құрау, тұлпарым!

Е) кә-кә, келе ғой.

7. Үтір мен леп белгісінің қойылу себебін белгілеңіз.

Ойпырмай, күннің суығын-ай!

А) еліктеуіш сөз

В) қыстырма сөз

С) одағай сөз

Д) оқшау сөз

Е) қаратпа сөз

8. Одағай сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.

А)Желтоқсанда екінші тоқсан аяқталады.

В)Арман, сен үйіңе бара ғой.

С)Амал қанша,ақырын күту керек.

Д) Әттең, қазір жанымда ағам болғанда ғой.

Е) Балам, арыңды жасыңнан сақта.

9. Одағайға байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Уа, шіркін, ән деп осыны айт!

В) Сыналар, ей жігіттер, келді кезің.

С) Жүрегім, ойбай соқпа енді...

Д) Япырау әттеген-ай, атын сұрамаппын ғой.

Е) Өй Жиренше, жаңағы осы Қодар кім?

10. Дефис қойылуы тиіс одағай сөзді табыңыз.

А) тәйт

В) ойбай пәлі

С) пәлі ойбай

Д) әттең

Е) ойбай ай

11. Одағай мағынасына қарай қандай түрге бөлінеді.

А) жандану, бейнелеуіш

В) дара, күрделі

С) шақыру, күрделі

Д) көңіл-күй, шақыру, жекіру, таңдану

Е) еліктеуіш, бейнелеуіш

12. Берілген сөйлемге тиісті одағайды көрсетіңіз.

... ! Достар түгел жиналыпты.

А) қап


В) бәрекелді

С) жә


Д) әттеген-ай

Е) әй


13. Негізгі одағайды табыңыз.

А) кә-кә.

В) бәрекелді.

С) әттеген-ай.

Д) ой, е.

Е) япырым-ай

14.Одағайды табыңыз.

А) Бай-бай, Нұржан-ай, тілің қандай ащы!

В) Ол әуелі сылқ-сылқ күлді.

С) Мағаш, Кәкітай асығыс аттанды.

Д) Дұрыс, ұмытпаған екенсің.

Е) Қайдан шықтың сен?

15. Жекіру одағайын көрсетіңіз.

А) жә


В) кә-кә

С) уһ


Д) пай-пай

Е) шөк


16. Тұлғасына қарай одағай түрін анықтаңыз: Мәссаған.

А) қос сөз

В) біріккен сөз

С) дара одағай

Д) негізгі одағай

Е) туынды одағай

17. Шақыру одағайын табыңыз.

А) қап.

В) опырым-ай

С) пәлі

Д) шөре-шөре

Е) бәрекелді

18. Одағай сөздердің қатарын табыңыз.

А) Сірә, жалпы айтқанда.

В) Менің ойымша, біріншіден.

С) Қарағым-ау, Мұратжан, әкешім.

Д) Бәрекелді, мәссаған, япырмай.

Е) Шынымды айтсам, байқауымша.

19. Одағай сөзді табыңыз.

А) Ахмет, Ержанды шақыршы.

В) Күлкінің иесі ақ сары қыз екен.

С) Жарайды, тазалығыңа сендім.

Д) Мен саған мұны ақыл ретінде айтамын.

Е) Шөге ғой, түйем, шөк-шөк.

20. Көңіл-күй одағайын табыңыз.

А) құру-құру

В) тек

С) жә


Д) әттең

Е) тәйт


21.Одағайдың білдіретін мағынасын анықтаңыз.

Әттең, бүгін кешікпей келгеніңде үлгіретін едің!

А) бұйыру

В) жекіру

С) таңдану

Д) шаттану

Е) өкіну


22. Өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайтын сөзді табыңыз.

А) одағай

В) сын есім

С) үстеу

Д) зат есім

Е) еліктеуіш сөз

23. Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А)Әрине, бүгінгі жастарға білім керек-ақ!

В)Абылғазы, қайдан келдің?

С)Білімді адамды алған жөн.

Д)Біздің халық , оның айтуынша, ақын халық екен. Е)Шіркін, қазақтың келіндері-ай

24. Таңдану одағайын көрсетіңіз.

А) апырай

В) әттеген-ай

С) уһ

Д) қап


Е) кәні

25. Шақыру одағайы қатысқан сөйлемді табыңыз.

А)Тұрсам, о, тоба-ай, айнала көк шалғын!

В)Шынында бұл-ойланатын жұмыс.

С)Балам, жүзін сынық қой.

Д) Әжем сиырды «ахау-ахау» деп шақырады.

Е) Шіркін, мен ұшқыш болсам!
2-нұсқа

1. Жекіру одағайларын анықта

А) тәйт, тек

В) әттең, қап

С) шіркін, әу

Д) бәрекелді, ойпыр-ай

Е) қаз-қаз

2. Табиғаттағы әр алуан құбылыстардың дыбыстарына еліктеуден туған сөздер

А) еліктеу сөз

В) одағай сөз

С) қаратпа сөз

Д) қыстырма сөз



Е) қысқарған сөз

3.Таңдану одағайды көрсетіңіз.
A) апырай
B) әттеген - ай
C) уһ
D) қап
E) кәні 
4.Шақыру одағайын көрсетіңіз.
A) моһ-моһ
B) туу
C) алақай
D) бәрекелді
E) ойбай
5.Одағайдан кейін қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
Ой тісім ауырып тұр.
A) үтір
B) нүкте
C) сұрау белгісі
D) нүкте-үтір
E) леп белгісі
6.Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Апырай  Мына бөрік сізге керемет жарасып тұр.
A) үтір
B) нүкте
C) леп белгісі
D) нүкте-үтір
E) сұрау белгісі
7.Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Әттеген-ай Сонда қалай болды?
A) сызықша
B) нүкте
C) леп белгісі
D) нүкте-үтір
E) сұрау белгісі
8.Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Апырай  Жарайсың, тура тигіздің ғой.
A) қос нүкте
B) леп белгісі
C) сұрау белгісі
D) нүкте-үтір
E) нүкте 
9.Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Алақай Достарым  түгел жиналыпты.
A) леп белгісі
B) нүкте
C) сұрау белгісі
D) нүкте-үтір
E) үтір
10.Қос сөзді одағай арасына қойылатын тыныс белгіні көрсетіңіз.
A) дефис.
B) нүкте.
C) леп белгісі.
D) сұрау белгусу.
E) тырнақша 
11.Жекіру одағайын анықтаңыз.
A) алақай
B) бәрекелді
C) шіркін
D) тәйт
E) пай-пай 
12.Одағай сөзді табыңыз.
A) Әттеген-ай, атын сұрамаппын ғой.
B) Әке, мына кітапты оқыңызшы.
C) Ол әуелі сылқ-сылқ күліп алды.
D) Мұратбек, мынаны қарай тұр.
E) Шынымды айтайын, сізді танымай тұрмын. 
13.Одағайдың түрлерін табыңыз.
A) Еліктеуіш, бейнелеуіш, негізгі.
B) Көңіл-күй, жекіру, шақыру.
C) Жалғаулық, септеулік, демеулік.
D) Мақсат, мөлшер, қимыл-сын.
E) Шектік, нақтылық, күшейткіш. 
14.Көңіл-күй одағайы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Әй, осының бірінің түбі тегін емес.
B) Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.
C) Балам-ау, қалың киіміңді кисейші.
D) Ол тасыр-тұсырды алыстан естіді.
E) Па, шіркін, жер деп осыны айтсаңшы! 
15.Шақыру одағайы бар сөйлемді табыңыз.
A) Бәлкім, кім білер, сенің айтқаның болып қалар.
B) Біз, қазіргі жастар, нарық заңын меңгереміз.
C) Ал ешкіге шөре-шөре дейміз.
D) Жеңеше, сөзің қандай мәнді.
E) Қарағым, бүгін жұма ғой.
16.Одағай сөйлем басында келсе, қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз.
A) нүкте
B) үтір
C) қос нүкте
D) сызықша
E) сұрау белгісі
17.Одағай сөздері нені білдіреді?

А) сөйлеушінің қөніл – күйін, сезім арқылы білдіретін сөздер

В) заттың атын

С) заттың санын

Д) іс - әрекетін

Е) жауабы жоқ

18. Одағай сөздерін табыңыз

А) Өзінше болма!

В) Бәрекелді! Өлеңді жақсы айтасың!

С) Бекер отырма!

Д) Бұл – оқушы.

Е) Мынау - әдемі қыз.

19. Одағайдың мағынасына қарай бөлінуі

А) 3


В) 4

С) 7


Д) 2

Е) 6


20. Көңіл-күй одағайын табыңыз:

А) Кешіріңіз!

В) Ойбай!

С) Рахмет!

Д) Алақай!

Е) Кеш жарық!

21. Одағайдың түрін белгілеңіз:

Кешіріңіз, сізге не керек еді?

А) көңіл - күй

В) жекіру

С) сыпайгершілік

Д) себеп- салдар

Е) жауабы жоқ

22. «Ура!» - деген сөйлемнің аудармасын табыңыз:

А) Ойбай! Мынау не?

В) Бәрекелді! Өлеңді жақсы айтасың!

С) Алақай!

Д) Жә, күңкілдеме!

Е) Аудармасы жоқ

23. «Шөре-шөре» деп шақырылатын үй жануары

А) ит


В) қой

С) сиыр


Д) ешкі

Е) мысық


24.Түйенің шақырылуы

А) ауқау-ауқау

В) көс-көс

С) шіп-шіп

Д) құрау-құрау

Е) кә-кә


25. Қойды шақыру түрі

А) шөре-шөре

В) пұшайт-пұшайт

С) келе ғой

Д) шақырмайды

Е) шіп-шіп


Шылау

1- нұсқа

1.Үшін, туралы, жайлы шылаулары қай септіктен кейін келетінін көрсетіңіз.

А) жатыс

В) барыс

С) табыс

Д) ілік

Е) атау

2. Септеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.



А) Сенің Астанаға барғың келе ме?

В) Жазда Астанаға және Алматыға бардық.

С) Ол Астанаға барған емес.

Д) Асан мен Үсен Астанада болып қайтты.

Е) Ол Астанаға дейін пойызбен барады.

3. Сұраулық демеуліктерді көрсетіңіз.

А) Түгіл, емес.

В) -ақ, -ау.

С) қатар, бірге

Д) кім?, не?

Е) ма, ме, ба, бе, па, пе

4. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз.

Маған өнер адамдары ... кітаптар ұнайды.

А) сияқты

В) туралы

С) үшін

Д) ғана

Е) бірге


5. Сен де бір кірпіш дүниеге.

Сөйлемде «де» не болатынын анықтаңыз.

А) демеулік шылау

В) септеулік шылау

С) үстеу

Д) жалғаулық шылау

Е) көмекші есім

6. Жалғаулық шылауларды көрсетіңіз.

А) қана, ғана

В) шейін, дейін

С) ма, ме, ба, бе

Д) үшін, бірге

Е) да, де, та, те

7. Сұраулық шылауды табыңыз.

А) сонда

В) ма, ме

С) шейін

Д) гөрі

Е) әйтпесе

8. Септеулік шылауды белгілеңіз.

А) Досым туралы жақсы хабар естідім.

В) Кеше ғана ол ауылдан келді.

С) Өмірден өз орнын тапқан-ды.

Д) Қоңырау соғылды, бірақ сабақ басталған жоқ.

Е) Ағам және оның қызы алыс жолға аттанды.

9.Септеулік шылауды табыңыз.

А) қой

В) мыс


С) соң

Д) ба


Е) ақ

10. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз. Отан ... от кешкендер.

А) үшін

В) бұрын

С) секілді

Д) туралы

Е) ғана

11. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз.



Я, яки, не, немесе.

А) талғаулықты

В) қарсылықты

С) іліктес

Д) ыңғайластық

Е) себеп-салдар

12. Қарсылық мәндегі жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

А) және, немесе

В) сондықтан, алайда

С) бірақ, себебі

Д) себебі, сондықтан

Е) бірақ, алайда

13. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Е, жақсы болыпты.

В) Қарағым-ай, бұл өмір осындай болады екен.

С) Мына кісі неткен білімді.

Д) Пайда ойлама, ар ойла.

Е) Даналық халық сөзінде екен.

14. Септеулік шылауы бар сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) жол арқылы

В) Астана туралы

С) айтты ма?

Д) қала түгіл

Е) бірде дұрыс

15. Жұмбақ құрамындағы қай сөз шылау екенін көрсетіңіз.

Таңертең бар, кешке жоқ,

Кеш түгілі, түсте жоқ.

Мен әдемі моншақпын,

Ірі емеспін ұсақпын.

А) түгілі

В) емеспін

С) кеш


Д) мен

Е) жоқ


16. Синоним болып тұрған шылауды табыңыз.

А) себебі, секілді

В) сондықтан, сол себепті

С) және, бірақ

Д) көрікті, көңілді

Е) қала,шаһар

17. Септеулік шылауды белгілеңіз.

А) Біз табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек.

В) Жаңбыр жауса, жер көгерер.

С) Менің әпкем тілмаш болғысы келеді.

Д) Сабақтан соң біз театрға бардық.

Е) Япырмау, неткен ғажап күй!

18. Сөйлемді септеулік шылаумен толықтырыңыз.

Саяхатқа оқушылармен ... мұғалім шықты.

А) арқылы

В) кейін

С) дейін

Д) туралы

Е) бірге

19.Демеулік шылауды табыңыз.

А) гөрі

В) сонда

С) ма, ме

Д) әйтпесе

Е) шейі

20. Нақтылық мәндегі шылауды көрсетіңіз.



А) Күйтабақта Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлері жағылған.

В) Өмірден орын тапқан-ды.

С) Қолына тек добыра берсең болады.

Д) Ол бүгін аңшы туралы мәтін оқыды.

Е) Қазақтың ақын қыздарының ішінде Ұлбике ақынның алатын орны ерекше.

21. Септеулік шылауды көрсетіңіз.

А) Біресе мәтін оқимын, біресе жазу жазамын.

В) Үйден төрт жасар бала жүгіріп шықты.

С) «Жиренше, үйінде ұлың бар ма?»-деді ол.

Д) Іле өзені Қапшағайдан кейін Балқашқа құяды.

Е) Үлкені де-осы, кішісі де –осы,-деді.

22. Ма, ме, ба, бе, па, пе демеулік шылаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.

А) нақтылық

В) сұраулық

С) күшейткіш

Д) болымсыздық

Е) шектік

23. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз.

Себебі, өйткені, сол себепті.

А) талғаулықты

В) іліктес

С) қарсылықты

Д) себеп-салдар

Е) ынғайластық

24. Демеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сол жақта орталық почтаны көресіз.

В) Енді таба аласыз ба?

С) Абылай хан даңғылымен тура жүре беріңіз.

Д) Бұрыштағы үлкен бес қабатты үй.

Е) Бір көше көтеріл және оңға бұрыл.

25. Септеулік шылауды табыңыз.

А) үшін

В) егер

С) және

Д) мен

Е) өйткені



Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет