Рецензент: Ш. Ш. Уәлиханов атындағы кму м.ғ. к. Турлубеков К. К. Кусаинова Г. Т


Әлеуметтік экспертиза ұғымы, мақсаты



бет12/12
Дата15.09.2017
өлшемі4,31 Mb.
#32618
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Әлеуметтік экспертиза ұғымы, мақсаты


  • Әлеуметтік экспертиза функциясы

  • Диагностикалық функция

  • Ақпараттық-бақылау функциясы

    №17 тақырыпқа арналған сұрақтар:

    1. Әлеуметтік болжау функциясы

    2. Дж. Форрестер – болжаудың негізін салушы ретінде

    3. Болжау түрлері мен типтері

    №18 тақырыпқа арналған сұрақтар:

    1. Балалар қамқорлығы және қорғаншылығы

    2. Әлеуметтік патронаж қызметі, түрлері

    №19 тақырыпқа арналған сұрақтар:
    1. Заманауи отбасының әлеуметтік мәселелер мәні

    2. Отбасымен әлеуметтік жұмыс технологиялары


    №20 тақырыпқа арналған сұрақтар:

    1. Қарт адамдар мәселелері

    2. Қарттармен әлеуметтік жұмыстың формалары мен түрлері

    3. Қарт адамдардың әлеуметтік жағдайын жоғарылатудың негізгі бағыттары

    №21 тақырыпқа арналған сұрақтар:


    1. Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс технологиялары

    2. Баланың дүниеге келуі

    3. Мектептік жас

    4. Жасөспірімдік жас

    5. Пост ата-аналық жас

    №22 тақырыпқа арналған сұрақтар:

    1. Жастар мәселесі және мемлекеттік жастар саясаты

    2. Жастармен әлеуметтік жұмыс технологиялары

    3. Мемлекеттік жастар саясатының мақсаттары

    4. Жастарға әлеуметтік көмек көрсететін дағдарыс орталықтары

    5. Жастар мен жасөспірімдерге кеңес беретін орталық

    6. Жасөспірімдер баспанасы

    №23 тақырыпқа арналған сұрақтар:

    1. Дезадаптациялық балалар және жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс технологиялары

    2. Жедел әлеуметтік көмек

    3. Адрестік әлеуметтік көмек

    №24 тақырыпқа арналған сұрақтар:

    1. Ұлтаралық қатынастың әлеуметтік аспектілері

    2. Әлеуметтік этникалық қоғамдастықтар арасындағы ерекшеліктер

    3. Ұлтаралық қарым-қатынасты реттеу

    №25 тақырыпқа арналған сұрақтар:

    1. Миграция әлеуметтік құбылыс ретінде

    2. Мигранттармен әлеуметтік жұмыс технологиялары

    3. Практикалық әлеуметтік жұмыс

    4. Ұйымдастырушылық жұмыс

    5. Мигранттармен әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттары

    №26 тақырыпқа арналған сұрақтар:

    1. Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс технологиялары

    2. «Жұмыссыз» және «жұмыссыздық» ұғымдары

    3. Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс түрлері

    №27 тақырыпқа арналған сұрақтар:

    1. Әлеуметтік-этникалық ортадағы әлеуметтік жұмыс технологиялары

    2. Әлеуметтік-этникалық ортадағы әлеуметтік жұмыс түрлері

    №28 тақырыпқа арналған сұрақтар:

    1. Әйелдермен әлеуметтік жұмыс технологиялары

    2. Әйелдерді әлеуметтік қорғаудың ҚР гендерлік саясаты

    №29 тақырыпқа арналған сұрақтар:

    1. Әскери қызметкерлердің негізгі әлеуметтік мәселелері

    2. Әскери қызметкерлермен әлеуметтік жұмыс технологиялары

    3. Әскери қызметкерлердің отбасыларымен әлеуметтік жұмыс

    №30 тақырыпқа арналған сұрақтар:

    1. Қаңғыбастық пен панасыздықтың әлеуметтік себептері мен қайнар көздері

    2. Панасыздармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру

    3. Специальные дома-интернаты для престарелых и инвалидов


    Пән бойынша тест тапсырмалары


    1. Ең алғаш «әлеуметтік технология» ұғымын ең алғаш еңгізген:

    A) К.Юнг.

    B) Э.Фромм.

    C) Н. Стефанова

    D) М.Ричмонд.

    E) Е.Холостова.

    2. «Әлеуметтік технология» термині қай уақыттан бастап қолданыла бастады

    A) ХХғ. 10ж.

    B) ХIХғ.20ж.

    C) ХХғ.80ж.

    D) ХХIғ. 10ж

    E) ХХғ.40ж.

    3.Балалар қорғаншылыққа неше жастан басталып алынады:

    A) 14 жас

    B) 18 жас

    C) 10 жас

    D) 9 жас


    E) 5 жас

    4.Тәрбиеленушілер жасөспірімдер үйінде неше жасқа дейін бола алады:

    A) 18 жас

    B) 19 жас

    C) 16 жас

    D) 23 жас

    E) 15 жас

    5.Қазақшаға тікелей аударғанда «Өнермен емдеу» деген мағынаны білдіретін терапия:

    A) күлкі терапиясы

    B) арт терапия

    C) айна терапиясы

    D) еңбек терапиясы

    E) отбасылық терапия

    6.Э кономика міндеттерін математика мен кибернетиканың көмегімен шешу тәсілдері:

    A) Экономикалық- психологиялық әдістер

    B) Экономикалық-математикалық әдістер

    C) Экономикалық- педагогикалық әдістер

    D) Экономикалық-диагностикалық әдістер

    E) Экономикалық-статистикалық әдістер

    7.«Арт-терапия» терминін еңгізген ғалым:

    A) О.Конт

    B) К.Маркс

    C) А.Хил

    D) З.Фрейд

    E) Ф.Энгельс

    8.Балағаттау, қорлау, сөгу, өзін-өзі құрметтеуді жоғалтуға әкелетін немқұрайды қарым-қатынас, негізсіз қызғаншақтық , балалардың жеке өміріне қол сұғу:

    A) Эмоциалық зорлық

    B) Физикалық зорлық

    C) Балаларды анасына қарсы қолдану

    D) Экономикалық зорлық

    E) Жыныстық зорлық

    9. Некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты, әрі отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.

    A) Отбасы

    B) Ұауым

    C) Қоғам

    D) Ұлт


    E) Туысқандық

    10.Арт терапияның даму кезеңі:

    A) ХХғ. 60-70жж.

    B) ХХғ. 80-90жж.

    C) ХХғ. 50-70жж.

    D) ХХғ. 40-60жж.

    E) ХХғ. 30-40жж.

    11.Психологиялық кеңестің ұзақтығы:

    A) 1 -2 сағат

    B) 1-1,5 сағат

    C) 2-3 ағат

    D) 4-5 сағат

    E) 0,5-1 сағат

    12.Мүмкін болатын әлеуметтік, психолого-педагогикалық, құқықтық және т.б. мәселелерді алдын – алу мақсатында тиімді нәтижеге жету үшін саналы және мақсатты түрде ұйымдастырылған қызмет түрі.

    A) Әлеуметтік алдын –алу

    B) Әлеуметтік қалпына келтіру

    C) Әлеуметтік бейімделу

    D) Әлеуметтік сараптама

    E) Әлеуметтік болжау

    13.Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды:

    A) 2006ж.

    B) 2004ж.

    C) 2000ж.

    D) 2009ж.

    E) 2008ж.

    14. Кәрілік белгілерінің мезгілінен бұрын аян болуы.

    A) Ерте тәни қартаю

    B) Геронтология

    C) Қарттық

    D) Жастық

    E) Егде адам

    15.Бұл индивидтің бұрын сонды жоғалтқан әлеуметтік, физикалық, моральды және т.б. қызметтерін қалпына келтіру мақсатында қолданылатын құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, дәрігерлік, кәсіби – педагогикалық шаралардың жиынтығы.

    Әлеуметтік алдын –алу

    B) Әлеуметтік қалпына келтіру

    C) Әлеуметтік бейімделу

    D) Әлеуметтік сараптама

    E) Әлеуметтік болжау

    16. Адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

    A) Психология

    B) Педагогика

    C) Әлеуметтану

    D) Саясаттану

    E) Философия

    17."Этникалық топ" ұғымы. пайда болды:

    A) 1950-1960

    B) 1960-1970

    C) 1980-1990

    D) 1940-1950

    E) 1920-1930

    18.Қамқоршылыққа неше жастан бастап алынады:

    A) 14-18 жас

    B) 12-14 жас

    C) 10-12 жас

    D) 5-9 жас

    E) 14-16 жас

    19. Жеке тұлғаға жаңа өмір жағдайына бейімделу процесіне өзара әрекет ету арқылы субьективті көмек көрстетеді.

    A) Жеке жұмыс әдісі

    B) Топтық жұмыс әдісі

    C) Ұйымдық әдіс

    D) Қоғамдағы әлеуметтік жұмыс әдісі

    E) педагогикалық әдіс

    20.Әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғауды ұйымдастыру бойынша жеке, арнайы бөлімше қашан құрылды:

    A) 1999жылы

    B) 1997 жылы

    C) 1995 жылы

    D) 2000 жылы

    E) 1991 жылы

    21. Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .

    A) Арнаулы психология

    B) Еңбек психологиясы

    C) Медициналық психология

    D) Инженерлік психология

    E) Педагогикалық психология

    22.Адам компонентінің психологиялық жоғарлауы жаңа ресурстарды қалыптастыру адамның алдында тұрған тапсырманы шешуге қиындықтар мен өмірлік кризисті жеңу:

    A) Психологиялық әдіс

    B) Педагогикалық әдіс

    C) Диагностикалық әдіс

    D) Математикалық әдіс

    E) Экономикалық әдіс

    23.Грекше «техне», көркемөнер, шеберлік, «лойке» – ақылдылық, ішкі заңдылық, ізділік дегенді білдіреді:

    A) Технология

    B) Әдіс


    C) Әдіснама

    D) Терапия

    E) Автобиография

    24. Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.

    A) Әлеуметтік психология

    B) Медициналық психология

    C) Инженерлік психология

    D) Еңбек психологиясы

    E) Педагогикалық психология

    25.«Әлеуметтік технология» ұғымын енгізген:

    A) Н.Стефанова

    B) О.Конт

    C) Ф.Энгельс

    D) З.Фрейд

    E) К.Маркс

    26.Қызметінің негізгі бағытының бірі зорлыққа тап болған әйелдерге психологиялық, заңдық көмек көрсету, сонымен қатар қоғамда, жанұяда әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық фактілері туралы өтініштерді және шағымдарды қарастыру болып табылады:

    A) Әйелдерді пенитенциарлы мекемеде оқшаулау

    B) Бас бостандығынан айыру

    C) Уақытша тұрғылықты интернат үй

    D) Әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше

    E) Кеңес беру орталығы

    27.Қамқорлығындағы бала неше жасқа толғанда қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімімен бөлек тұруларына жол беріледі:

    A) 16 жас

    B) 18 жас

    C) 10 жас

    D) 12 жас

    E) 14 жас

    28.«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы қабылданды:

    A) маусым 1992ж.

    B) маусым 1997ж.

    C) қаңтар 1998ж.

    D) желтоқсан 1999ж.

    E) ақпан 1995ж.

    29.Әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, тастап кеткен балаларына қатысты өзін кінәлі деп санаумен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану:

    A) айналасындағылардан оқшаулау

    B) жыныстық зорлық

    C) экономикалық зорлық

    D) қауіп- қатер

    E) балаларды анасына қарсы қолдану

    30.Өндірістік және әлеуметтік деп екіге болінеді:

    A) Технология

    B) Әдіс


    C) Әдіснама

    D) Терапия

    E) Автобиография

    31. Көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі:

    A) Технология

    B) Әдіс


    C) Әдіснама

    D) Терапия

    E) Автобиография

    32.«Диломмен ауылға» бағдарламасы қашан жасалды:

    A) 2008ж.

    B) 2009ж.

    C) 2005ж.

    D) 2004ж.

    E) 2000ж.

    33. Жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді:

    A) Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық.

    B) Ашкөздік мінез-құлық

    C) Наша сату және тарату

    D) Жағымсыз психикалық күштеме

    E) Тәуекелділікке жоғары дайындық

    34.«Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді:

    A) Әскери психология

    B) Педагогикалық психология

    C) Еңбек психологиясы

    D) Әлеуметтік психология

    E) Инженерлік психология

    35.Саяси шынайылықты зерттеудің анағұрлым іргелі әдістерінің бірі:

    A) Әлеуметтік әдіс

    B) Психологиялық әдіс

    C) Педагогикалық әдіс

    D) Жеке жұмыс әдісі

    E) Медициналық әдіс

    36."Неке және отбасы туралы" Заңның қабылданған уақыты:

    A) наурыз, 2002 ж

    B) ақпан 1991ж.

    C) шілде 1996ж.

    D) мамыр 2004ж.

    E) желтоқсан 1998ж.

    37.Девиантты мінез – құлықтың неше формасын бөліп көрсетуге болады:

    A) 6

    B) 2


    C) 4

    D) 3


    E) 8

    38.Қазақшаға тікелей аударғанда «Өнермен емдеу» деген мағынаны білдіретін терапия:

    A) күлкі терапиясы

    B) арт терапия

    C) айна терапиясы

    D) еңбек терапиясы

    E) отбасылық терапия

    39.«еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» ҚР Заңы қабылданды:

    A) ақпан 2004ж.

    B) наурыз 2001ж.

    C) тамыз 2002ж.

    D) қаңтар 2006ж.

    E) маусым 2003ж.

    40.Индивидтердіњ өз-өзін қамтамасыз етуі және өзіне көмек көрсету үшін бар мүмкіндікті пайдалану принципі:

    А) әлеуметтік біртұтастық

    В) әлеуметтік жеке жауапкершілік

    С) әлеуметтік серіктестер

    D) әлеуметтік кепілдіктер

    Е) әлеуметтік компенсация

    41.ЖиҺаздарды немесе ыдыс-аяқты сындыру, қирату, үй хайуанаттарына қатыгез қарым-қатынас, үйде қару- жарақ ұстау

    A) эмоциалық зорлық

    B) қауіп- қатер

    C) физикалық зорлық

    D) қорқыту

    E) айналасындағылардан оқшаулау

    42.Халықты еңбекпен қамту қызметінің негізгі қызметі:

    A) аумақтық және жергілікті еңбекпен қамту қызметінің жұмыстарына координация жасау.

    B) бағдарламаларды қаржыландыру механизмін жасау және іздеу

    C) жұмыссыздарға сәйкес жұмыс орнына орналасуға және жұмыс берушілерге қажетті жұмысшыларды таңдауға қатысу

    D) аумақтық және аумақ аралық деңгейлерге мақсатты еңбекпен қамту бағдарламаларын өңдеу

    E) қызметтің нормативті және құқықтық базасын жасау

    43.Мемлекеттік халықты еңбекпен қамту жүйесінің қанша деңгейі бар:

    A) 3

    B) 2


    C) 7

    D) 4


    E) 5

    44.Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы.

    A) Жас ерекшелік психологиясы

    B) Педагогикалық психология

    C) Еңбек психологиясы

    D) Әлеуметтік психология

    E) Инженерлік психология

    45.Баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер

    A) Әлеуметтік-педагогикалық

    B) Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін факторлар

    C) Психофизиологиялық факторлар

    D) Физиологиялық факторлар

    E) Биологиялық факторлар

    46.Әлеуметтік көмек, қолдау жөнінде клиентке әлеуметтік қызмет қызметкерлерімен кәсиби кеңес, ұсыныс беру

    A) әлеуметтік-консультативтік қызмет

    B) әлеуметтік-тұрмыстық қызмет

    C) педагогикалық қызмет

    D) психологиялық қызмет

    E) реабилитациялық қызмет

    47.Әлеуметтік қамсыздандыру ненің негізінде іске асады

    A) шағамның

    B) паспорттың бар болғандығынан

    C) сүраныспен келуден

    D) прокуратураның талабынан

    Е) резолюциядан

    48. «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және Жасөспірімдер үйлері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды:

    A) желтоқсан 2000ж.

    B) ақпан 2005ж.

    C) наурыз 1999ж.

    D) қаңтар 1998ж.

    E) қазан 2001ж.

    49.Жинақтаушы зейнетақы жүйесі Қазақстанда мына уақыттан бастап жұмыс жүргізеді

    A) 1999 ж

    B) 2005 ж

    C) 1998 ж

    D) 2000 ж

    Е) 1991 ж

    50.Қатыгездікке ұшараған баллармен жеткіншектер - ол

    A) әлеуметтік жұмыс субъектісі

    B) әлеуметтік жұмыс құралы

    C) әлеуметтік жұмыс функциялары

    D) әлеуметтік жұмыс мақсаты

    E) әлеуметтік жұмыс объектісі

    51.Тұлғаның құндылықтары мен қажеттіліктерін негіздейтін критерий. Күнкөріс деңгейі материалдық және рухани қажеттіліктерді сандық жағынан қамтамасыз етілудің деңгейі мен мөлшерін мінездейді:

    A) Күнкөріс деңгейі

    B) Күнкөріс минимумы

    C) Кедейшілік сызығы

    D) Кедейшілік

    E) Аз қамтылған адамдар

    52.Қамқорлығындағы адам қанша жасқа толғанда оған қамқорлық жасау токтатылады:

    A) 14 жас

    B) 18 жас

    C) 12 жас

    D) 10 жас

    E) 11 жас

    53.Грекше «техне», көркемөнер, шеберлік, «лойке» – ақылдылық, ішкі заңдылық, ізділік дегенді білдіреді:

    A) Технология

    B) Әдіс


    C) Әдіснама

    D) Терапия

    E) Автобиография

    54. «Халықтың көші-қоны туралы»Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды:

    A) желтоқсан 1997ж.

    B) ақпан 1992ж.

    C) наурыз 1995ж.

    D) тамыз 1998ж.

    E) маусым 1994ж.

    55.Тарихи қалыптасқан, көпфакторлы терең ұғым. Кедейлерге минималды ұлттық тұтыну стандартына қаражаты жоқ адамдар жатады

    A) Күнкөріс деңгейі

    B) Күнкөріс минимумы

    C) Кедейшілік сызығы

    D) Кедейшілік

    E) Аз қамтылған адамдар

    56. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңы

    A) шілде 2001ж.

    B) тамыз 2003ж

    C) маусым 2004ж.

    D) қаңтар 2005ж.

    E) желтоқсан 2007ж.

    57.Халықтың экономикалық белсенді бөлігінің жалға алуға немесе жеке ісін ашуға қабілетті және жұмыс істеуге пейілі бар, бірақ өзінің жұмыс күшін сәйкесінше жұмыс орнының болмағандығынан жүзеге асыра алмайтын, нәтижесінде негізгі кірісінен айырылатын терең әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

    A) Жұмыссыздық

    B) Жұмыссыз

    C) Циклдық жұмыссыздық

    D) Табиғи жұмыссыздық

    E) Еріксіз жұмыссыздық

    58. Қазақшаға тікелей аударғанда «Өнермен емдеу» деген мағынаны білдіретін терапия:

    A) күлкі терапиясы

    B) арт терапия

    C) айна терапиясы

    D) еңбек терапиясы

    E) отбасылық терапия

    59. Әлеуметтік қамсыздандыру ненің негізінде іске асады:

    A) шағамның

    B) паспорттың бар болғандығынан

    C) сүраныспен келуден

    D) прокуратураның талабынан

    Е) резолюциядан

    60. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалауынсыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңы қабылданды:

    A) желтоқсан 2001ж.

    B) қаңтар 2003ж.

    C) шілде 2004ж.

    D) ақпан 1999ж.



    E) наурыз 2000ж.


    Пән бойынша глоссарий
    Адам құқығының жалпы декларациясы – 1948 ж.10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған. Адам құқығы: нәсілге, жынысқа, тілге, дінге, саяси сенімге, тұрмыстық жағдайға т.б.қарамай, өмір сүруге, еркіндікке және жеке басына ешкімнің тиіспеуіне, құлдықтан азат етуге, қысымшылдықтан, тұтқындаудан ерікті кінәсі анықталмайынша жазықсыз деп саналуға құқылы болу.

    Адаптация (бейімделу) – бұл индивидтің немесе бір топтың қоғамдық жаңа жағдайларға бейімделу үрдісі және нәтижесі.

    Алименттер - алуға құқығы бар екiншi адамға бiр адам беруге мiндеттi болатын асырау қаражаты.

    Альтруизм – біреуге тегін қамқорлық жасау, біреуге саналы және ерікті түрде қызмет ету.

    Арнаулы әлеуметтiк қызметтер - өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтiк проблемаларды еңсеру үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн және оның қоғам өмiрiне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкiндiктер жасауға бағытталған қызметтер кешенi.

    Ауғын немесе босқынәскери көқарастар, қуғынға ұшырау немесе басқа да төтенше оқиғалар нәтижесінде тұрғылықты орнын тастап шыққан адам.

    Әдіс – қойылған мақсатқа жетудің қысқа жолы. Әлеуметтік жұмыста – бұл шара қандай да болмасын мәселені шешу мақсатына жету үшін қолданылады.

    Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген, пәнаралық түрі.

    Әлеуметтік бейімделу – қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың өмір сүру ортасына бейімделуі.

    Әлеуметтік қамсыздандыру – бұл материалдық игіліктерді еңбектің қатысуынсыз бөлудің нысаны. Әлеуметтік қамсыздандыруда материалдық игіліктер қоғамдық еңбекке жарамсыз мүшелеріне мемлекеттің және арнайы қорлардың есебінен әлеуметтік нормаларда белгіленген кездерде және жағдайда болады.

    Әлеуметтік қорғау — мемлекеттің әлеуметтік кепілдігімен заңды қойылған қағидалалр, ережелер, әдістер жүйесі, түрлі әлеуметтік санаттар мен топтардың өмір сүру жағдайын ұсыну бойынша, тұтынушылықтарын қанағаттандыруға, тұлғаның өмірін қамтуды жане әрекетті тірлігін қолдау; азаматтардың нормалы өміріндегі тәуекел жағдайына қарсы бағытталған мемлекет пен қоғамның шаралар, әрекеттер, қаражаттардың жиынтығы (ауру, жұмыссыздық, кәрілік, асыраушысының қайтыс болуы, мүгедектік және т.б.); экономикалық ауыспалылық кезеңіне байланысты өмір сүру деңгейінің төмендеу жағдайында халықтың әлсіз санаттарын мемлекетпен кепілденген материалдық қолдаудың минималды деңгейін қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мінезді мемлекеттік шаралар кешені.

    Әлеуметтік қызмет – бұл мемлекеттік және мемлекеттік емес басқару органдар, арнайы мекемелер мен құрылымдардың жиынтығы. Халыққа көмек көрсету және қиын жағдайды жұмсарту немес жою мақсатында әлеуметтік жұмысты жүзеге асырады.

    Әлеуметтік технологиялар - әлеуметтік объектіге мақсатты бағытталған процессті зерттейтін теория, яғни осындай әсер етуге қажетті тиімді әдістер мен тәсілдерді өңдеп жасайды.

    Босқындар - саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болудың негізделген қауіптеріне байланысты өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр және осындай қауіптер салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе өзінің бұрынғы тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, осы қауіптер салдарынан оған қайтып орала алмайтын немесе
    қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар.

    Виктимология сөзбе-сөз мағынада "жәбірленуші туралы ілім" дегенді [латын тілінің vikmima — жәбір (кұрбан), грек тілінің Logos-ілім сөздерінен шыққан] білдіреді.

    Волонтер – ардагерлерге, ауруларға және қарттарға т.б.өз еркімен қызмет көрсету.

    Гуманизм(лат.humanus-иманды) - кең мағынада алғанда адамның қадір қасиеті мен құқын құрметтеуде,оның жеке тұлға ретінде бағасын,адамның игілігіне,оның жан-жақты дамуына,адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жүйесі,тар мағынада алғанда,қайта өрлеу дәуіріндегі идеялық қозғалыс.

    Гуманитарлық көмек – табиғи апаттар, соғыс т.б.ауыр жағдайларда шет елдердің, қоғамдық ұйымдардың және жеке адамдардың материалдық, қаржылай және экономикалық қолдау көрсету.

    Девиантты мінез құлық-(жалтару,ауытқу)Ол қоғамның және әлеуметтік топтың ресми түрде қабылданған нормаларды орындамай шектен шығу,құқық бұзу.

    Дискриминация – жекелеген адамдардың жынысына, ұлтына, қабылдаған дініне, жасына т.б.құқығынан айыру, құқығына шек қою.

    Дотация – мекемелерге және ұйымдарға белгілі бір шығынның орнын толтыру үшін берілетін мемлекеттік жәрдемақы.

    Жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары.

    Жұмыссыздар - жұмысы, табысы (кiрiсi) жоқ, лайықты жұмыс iздеп жүрген және оған кiрiсiп кетуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы азаматтар.

    Жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтiк-экономикалық құбылыс.

    Қайырымдылық – кедейлерге материалды көмекті ақысыз көрсету оны жекеменшік тұлғалар, ұйымдар және мемлекет жүзеге асырады.

    Кедейшілік – бір отбасының немесе жеке тұратын адамның кіріс көрсеткіші.

    Клиент – әлеуметтік қорғауды және қолдауды қажет ететін бір адамды, топты немесе бір отбасын айтады.

    Қорғаншы (қамқоршы) - қорғаншылық пен қамқоршылық жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған адам.

    Қорғаншылық (қамқоршылық) - кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны.

    Меценат - деп өнер, мәдениет, соның ішінде ғылымға байланысты бағытталған қайырымдылық шаралары айтылады. Меценат алдын ала алдына пайда табу мақсатын көздемейді.

    Онтогенез-қоғамның әлеуметтік дамуына байланысты адамның дамуы.Әлеуметтік организм сыртқы ортадан ақпарат алып,оны өңдеуді,сақтауды және қайта жаңғыртады және мінез –құлықты пайдаланады.

    Патронаж – көбінесе үйінде үнемі қадағалайтын және көмек көрсететін әлеуметтік қызметтің бір түрі.

    Патронат - уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адамның (патронат тәрбиешiнiң) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берiлетiн тәрбие нысаны.

    Реабилитация (қайта қалпына келтіру) – аурулар мен мүгедектердің организмі қызметінің бұзылуы мен еңбекке жарампаздығын қайта жетілдіруге немесе орнын толтыруға бағытталған медициналық, заңгерлік және т.б. шаралар кешені.

    Технология – объектінің құндылықтарын қайта құру және құралды өңдеу тәсілдері туралы жүйе. Бұл танымдық қызмет нәтижелерін қалай және қандай ретпен спецификалық операция жүргізу қажеттігін зерттейтін ғылыми білім кеңістігі.

    Филантропия-қайырымдылық,ештенесі жоқтарға қорғансыздарға әлеуметтік көмек.

    Эклективизм – әлеуметтік жұмыс білімінің негізгі гуманитарлық пәні, әлеуметтік жұмыс теориясына практикалық бағдарланған, әр түрлі интерпритацияда кестеде синтезделеді.

    Эмпатия – адамның басқа адамға жан ашуы, олардың ішкі жағдайларын түсіне білу

    Кусаинова Гульшат Тулендиновна

    Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары

    Оқу-әдістемелік кешен

    Редакционно-издательский отдел

    Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

    Подписано в печать 13.11.15 г. Объем 14 п.л. Тираж 20 экз.

    Заказ №207

    Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған

    Отпечатано в типографии

    Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

    Наш адрес: Казахстан, Акмолинская обл., г. Кокшетау,

    ул. Ақан-сері, 24 РИО КГУ им. Ш. Уалиханова

    e-mail: www.kgu.kz






    Каталог: Книги
    Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
    Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
    Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
    Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
    Книги -> АҚША, несие, банктер
    Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
    Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
    Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
    Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет