Рецензент: Ш. Ш. Уәлиханов атындағы кму м.ғ. к. Турлубеков К. К. Кусаинова Г. Т


Жұмыссыздықтың негізгі салдарына тоқтала кетсек



бет7/12
Дата15.09.2017
өлшемі4,31 Mb.
#32618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жұмыссыздықтың негізгі салдарына тоқтала кетсек:

Кері әсерлер:

- Крименогенді жағдайдың өршуі;

- әлеуметтік кернеудің өршуі;

- физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі;

- әлеуметтік дифференцияның өсуі;

- еңбек белсенділігінің төмеңдеуі.

Пайдалы әсері:

- жұмыс орнының әлеуметтік маңызының артуы;

- өз бос уақытының көбеюі;

- жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік;

- әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы.

Экономикалық салдары:

Кері әсерлер:

- алған білім құндылығының жойылуы;

- өндірістің төмендеуі;

- жұмыссыздарға бөлінетін көмек шығындарының артуы;

- мамандық квалификациясын жоғалту;

- өмір сүру деңгейінің төмендеуі;

- ұлттық табыстың төмендеуі

- салықтың аз жиналуы.

Пайдалы әсері:

- экономиканы қайта жарақтауға жұмыс күшінің резервін жасақтау

- еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында жұмысшылар арасында туындайтын бәсеклестіктің артуы;

- білімін жоғарылату үшін уақыттың бөлінуі;

- еңбек өнімділігі мең өндіріс интенсивтілігінің жоғарылауы.

2.Жұмыссыздық әр қоғамда кездесетін құбылыс және тұрғындардың өмір сүру деңгейіне әсер ететін болғандықтан, нақты талдауды қажет етеді. Жұмыссыздықтың жоғары деңгсйі көптеген мәселерді тудырады: теңсіздіктің өсуі және адамдардың әлеуметтік жатсынуы, еңбек өнімділігінің төмендеуі және экономикалық тұрақсыздықты өсуі, қолданылмайтын адамдық ресурстар, жұмыссыздықтан туындайтын адамдық ауыртпашылықтар.

Дүние жүзілік көлемде жұмыссыздықтың өсуіне қатысты үш түрлі қатынас бар:



  • американдық моделъ: едәуір жұмыс күшіне жұмыс орындарын беру арқылы төмен деңгейдегі табысты бөлу арқылы кедей жұмысшылар тобын құруға тәуекел ету;

  • скандинавиялық моделъ: барлығына бірдей қанағаттандыратын деңгейде жұмысбастылықты мемлекеттік секторда жұмыс орындарын ашу арқылы кепілдеме беру, инфляциялық қысым көрсету мен мемлекеттік қаржылық құралдардыңазаюына тәуекел ету арқылы жүзеге асады;

  • европалық моделъ: экономикалық өсімнің қорын сақтау және қымбат жүйе арқылы жұмыссыздарға жәрдем ақы, жоғары жалақы беру арқылы жұмысы бар адамдардың табысы мен еңбек жағдайын қолдау.

Нарықтық қайта құрулар қазақстандық қоғамның көптеген салаларына түбірлі әсерін тигізді. Қазақстандағы экономикалық, саяси, әлеуметіік саладағы өзгерістер жұмысбастылық саласына да әсер етті.

Қазақстандағы кедейлердің жинақталған әлеуметтік портреті: жасы 45-те, жынысы негізінен - әйел, қала тұрғыны, орта немесе арнайы орта білімі бар, қаржы, немесе беру саласындағы білімі жоқ, бұрын мемлекеттік салада жұмыс істеген және штаттың қысқаруына немесе жұмыс орнының жабылуына байланысты жұмыстан айрылған.

Жұмыссыздық адамның жасымен, білім деңгейімен және елді мекеннің түрімен тығыз өзара байланысты. Мысалы, социологиялық зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, жастардың жұмыссыз қалу мүмкіндігі 14 пайыз болса, орта жастағылардың жұмыссыз қалу мүмкіндігі - 8,7 пайыз. Білім деңгейі жоғары топтағы адамдарда жұмыссыздық деңгейі төменірек.

Л.Айтымбет жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде жұмыссыздардың мына топтарын бөліп көрсетеді:



  1. Енжар-күтушілер.

  2. Жағдайға қарай енжарлар.

  3. Енжар-қызығушылар.

  4. Белсенділер.

  5. Өзін-өзі ұйымдастырушылар.

  6. Түңілушілер.

Қазіргі кезде социологтар жұмыссыздықтың мынадай түрлерін бөліп көрсетеді:

  • өндірістің дағдарысына, құрылымдық өзгерістерге, жұмыссыздардың
    жыныстық-жастық сипаттамасына, еңбек нарығындағы жұмыскерлердің типтеріне байланысты қалыптасатын ұзақ мерзімді жұмыссыздық;

  • өзінің еркінен тыс жұмыстан айрылып қалғандар. Олардың көпшілігі өндірістің қысқаруына және ондағы құрылымдық өзгерістерге байланысты жұмыс орнынан босатылғандар; олар негізінен тұрақты мамандар тізімінде болған, толық жұмыс уақыты бойынша қызмет атқарған, салыстырмалы түрде жоғары жалақы алған жұмыскерлер;

  • 25 жастағы және одан үлкен ересек жұмыскерлер. Бұл көрсеткіш барлық деңгейде білімі және мамандығы бар жұмыскерлердің бәрін қамтиды;

  • толық жұмыс уақыты бойынша жұмыс табуды мақсат етушілер. Бұлар уақытша немесе толық емес жұмыс уақыты бойынша жұмыс істейтіндер.

Жұмыссыздықтың бұл түрі тұлғаның ерікті кәсіби мобилъділігін көрсетеді. Бұл тұрғыдан алғанда жұмыссыздықтың бұл түрінің адам үшін жағымды жағы бар. Адам қабілетіне, қажетіне қарай қалаған мамандығын, жұмыс орнын таба алады. Ерікті жұмыссыздық жұмыскердің өз тілегімен жұмыстан кетуі түрінде жүзеге асады. Жұмыскер көбіне тік әлеуметтік мобильділікке ұмтылады. Ерікті жұмыссыздықтың түрлері:

а) тұрғындардың бір елді мекеннен екінші елді мекенге тұрақты жылжуының, таңдап алған мамандықтан жаңа мамандыққа көшуінің, адамның өмірлік кезеңдерінің өзгеруінің салдары ретіндегі функционалдық жүмыссыздық. Бұл тұрғыдан алғанда жұмыссыздыққа әсер етуші фокторлар-миграция адамның кәсіби және демографиялық мобильділігі;

б) мерзімдік жұмыссыздық мамандықтың сипатына байланысты пайда болады.Еңбекті ұйымдастырудың ерекшелігі, жұмыстың ауа райының жағдайына байланыстылығы жұмыссыздықтың бұл түрінің ерекшелігін анықтайды. Оған ауылшаруашылығы жұмысшылары жатады;

в) жұмыс жағдайларына, жалақы деңгейіне қанағаттанбау және басқа мотивтер жұмыскерлерді ерікті жұмыссыздыққа алып келеді.

Еріксіз жұмыссыздық жаңа технологияны ендірудің, нарықтық экономика жағдайындағы өндірістің циклдік сипатына байланысты жұмыс күшінің құрылымы мен жұмыс орындарының құрылымының сәйкес келмеуінің нәтижесінде пайда болады. Қазақстан экономикасын модернизациялау жағдайында еріксіз жұмыссыздықтың екі түрі көрінеді:


  • ҒТП-ке байланысты экономиканы модернизациялаудың нәтижесінде жұмыс орындарының жойылуы, өндірістің рационалдануы технологиялық жұмыссыздыққа алып келеді;

  • құрылымдық жұмыссыздық мамандануы, дағдылары, біліктілігі нарық талаптарына сәйкес келмейтін жұмыскерлерді қамтиды. Ол жұмыс күшінің құрылымы бос жұмыс орындарының құрылымына салалар, мамандықтар, квалификациялар бойынша сәйкес келмеген жағдайда қалыптасады.

Жұмыссыздықтың деңгейін дәл анықтау қиын. Бұл жерде, біріншіден, еңбек нарығының қалыпты жағдайы сипатталады. Бұл зонаның шекарасы аймақтың экономикалық, әлеуметтік және демографиялық жағдайына, кәсіпорындардағы жұмыскерлерді тұрақтандыру немесе босату саясатына қарай анықталады.

Екінші зона - жұмыссыздықтың рұқсат етілген немесе мүмкін деңгейі. Ол еңбек нарығындағы инфляциялық процестердің болуына байланысты қалыптасады. Үшінші зона - жұмыссыздықтың әлеуметтік қауіпті деңгейі. Бұл деңгей жұмыс күшінің басқаруға келмейтін гиперинфляциясымен, оның құнсыздануымен, жаппай жұмыссыздықпен сипатталады.

Жұмыссыздықтың деңгейін анықтауға байланысты бірнеше концепциялар бар.


  1. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейін жалақы мен бағаның өсуіне байланысты қалыптасқан инфляция не тұрақты, не рұқсат етілген деңгейде анықтады.

  2. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі жұмыссыздықтың пайызы өзгеріссіз қалатын деңгей ретінде анықталады.

  3. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі бос жұмыс орындарының саны жұмыссыздардың санына тең деңгей ретінде анықталады.

4. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі жұмыс күшіне деген сұраныстың өсуі жұмыссыздардың санының одан әрі төмендеуіне алып келетін деңгей ретінде анықталады.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі ерікті сипатта болады, В.А.Аитов атап көрсеткендей, құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздықтан оның табиғи деңгейі құралады. Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі жұмыссыздық туралы толық сипаттама бере алмайды.

Сондықтан да нарықтық экономика бағытында дамушы елдерде әр түрлі әлеуметтік топтардың мерзімді және толық жұмысбастылығын сипаттайтын басқа да көрсеткіштер қолданылады. Өндірістік дамыған елдердегі жұмыссыздықты тудыратын себептердің екі тобын көрсетуге болады. Біріншіден, жұмыссыздық экономикалық саясатқа және оның жұмысбастылықтың өсуіне ықпал етуіне байланысты. Екіншіден, жұмыссыздық еңбек нарығын реттеуге деген әр түрлі бағыттарға және жұмысбастылықтың әр түрлі деңгейіне байланысты.

Қазақстан Республикасындағы кедейлікті кедейліктің өсуімен өзара байланысты зерттеу қажет. Қазақстанда жұмыссыздық пен кедейлік пропорционалдық өзара байланысты. Жұмысбастылық пен алатын табыс мөлшері адамдардың өмір сүру деңгеін құраушы тамақтану, денсаулық, туу деңгейі, демалыс сияқты бөліктеріне тікелей әсеретеді. Жұмысбастылықтың төмен деңгейі уақыт өткенсайын қаңғыбастыққа алып келеді. Әсіресе ұзақ мерзімді жұмыссыздық, бұл топты құрайтындардың бірінші кезекте жұмыссыздар санын толықтыруына алып келеді. Жұмыскерлердің жұмыс орны арқылы әлеуметтік қызметтің көп түрлерін алуы бағынышты болуы да кедейліктің өсуіне алып келеді.

Қазіргі Қазақстандық социалогияда жұмыссыздықты зерттеудің келесі бағыттары бар:

-жұмыссыздықтың бағыттары мен сипатын анықтау;

- жұмыссыздықтың мативтері мен себептері;

- жұмыссыздардың мінез құлықтарын топтастыру;

- нарықтық жағдайдағы жұмысбастылық пен жұмыссыздық;

- әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің жұмысқа орналасудағы орындалу мативтарын зерттеу.


3.Халықты еңбекпен қамту қызметінің негізгі қызметі:

  • жұмыспен қамтылуға мұқтаж азаматтар мен бос жұмыс орындарына есеп жүргізу;

  • жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты қорытындылау және болжау, халық пен жұмыс берушілерді еңбек нарығының жағдайы туралы ақпараттандыру;

  • жұмыспен қамтылу мүмкіншіліктері туралы ақпараттандыру;

  • жұмыссыздарға сәйкес жұмыс орнына орналасуға және жұмыс берушілерге қажетті жұмысшыларды таңдауға қатысу;

  • еңбекпен қамту қызметінің оқу орталықтарында кәсіби даярлықты, қайта даярлауды және азаматтардың квалификациясын жоғарылатуды ұйымдастыру;

  • тікелей инвестициялау және нессиелеу арқылы жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру және сақтау;

  • жұмыссыз азаматтарды тіркеу және өздерінің жеке компетенциясына орай көмек көрсету;

  • қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

  • жұмыссыз азаматтарға кәсіби кеңес беру және оларды кәсіби оқытуды ұйымдастыру;

  • оқу үшін төлеу, оның ішінде мекемені жалға алу және шәкіртақы төлеу;

  • жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу және жәрдемақы төлеуді тоқтату, материалды көмек түрлерін көрсету;

  • жұмыссыздықпен күрес мақсатында республикалық және аймақтық бағдарламаларды ұйымдастыру;

  • зейнетақыға мерзімінен бұрын шығуға көмектесу;

  • еңбекпен қамту бағдарламаларын өңдеу.

Мемлекеттік халықты еңбекпен қамту жүйесінің үш деңгейі бар:

I деңгей – мемлекеттік халықты еңбекпен қамту қызметі;

II деңгей – аумақтық халықты еңбекпен қамту қызметі;

III деңгей – жергілікті халықты еңбекпен қамту қызметі, оған қалалық, аудандық ұйымдар, оның филиалдары, бюро, орталықтар жатады. Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуде әрбәр деңгей өзіне тән жалпы және жеке қызметтерді жүзеге асырады.

Халықты еңбекпен қамту қызметінің барлық деңгейіне тән қызметтерге жататындар:


  • жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың болжауын және анализін жасау;

  • жұмыс табуға көмектесу;

  • кадрларды даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру.

Мемлекеттік қызметтің жеке функцияларына:

  • аумақтық және аумақ аралық деңгейлерге мақсатты еңбекпен қамту бағдарламаларын өңдеу;

  • бағдарламаларды қаржыландыру механизмін жасау және іздеу;

  • кәсіби оқытудың негізгі бағыттарын анықтау;

  • қызметтің нормативті және құқықтық базасын жасау;

  • аумақтық және жергілікті еңбекпен қамту қызметінің жұмыстарына координация жасау.

Жергілікті халықты еңбекпен қамту қызметінің жеке функцияларына тікелей адамдармен жұмыс жасау жатады: жұмыссыздарды тіркеу, бос жұмыс орнын әздеу, жұмысқа орналастыру, өзекті мамандықтарды іріктеу, курстар, сонымен қоса оқу бағдарламаларын таңдау және қайта оқыту. Назардың басым бөлігі әлеуметтік қорғалмаған халық топтарына аударылады. Мүгедектерді кәсіби реабилитациялау, азаматтық ортада әскери адамдарды бейімдеу, жасөспірімдерді жұмыспен қамту, әртүрлі халық топтарына, сонымен қатар мектеп оқушыларына кәсіби кеңес беру, жұмысшыларды шетелге миграциялау, үйде жұмыс, толық емес жұмыс күні, бас бостандығынан айыру мекемесімен оралған тұлғаларды жұмысқа орналастыру сияқты еңбек нарығының аумақтық мәселелерін шешуге қатысады.

Халықты еңбекпен қамту қызметі көпфункциялы, көпдеңгейлі, жалпы білім және қосымша білім беретін өздерінің оқу орталықтарында жұмыссыздарды оқыту және қайта оқыту қызметін ұйымдастырады. Оқу орталықтарының қаржыландыру көздеріне республикалық және жергілікті бюджет, сонымен қатар мемлекеттік еңбекпен қамту қорынан алынған қаражатты жатқызуға болады.

Еңбекпен қамту қызметінің оқу орталықтары келесі принциптер негізінде құрылады:


  • халықтың жеке жұмысбастылығына ат салысу;

  • кәсіп пен мамандықты таңдауда түрлі қызмет көрсету;

  • ұзақ мерзім бойы жұмыссыз жүрген, жастарды, мүгедектерді, көпбалалы,қашқындар, әйелдер және тағы да басқа әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарға оқуда жеңілдіктер көрсету.

Орталықтар ақшалай көмекпен қатар төмендегідей тегін қызметтер де көрсетеді:

  • кәсіби оқытуды ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету;

  • аудан кәсімпорындарында жұмыс істейтін мамандар мен жұмыскерлерді оқытуды ұйымдастыру;

  • азаматтарды кәсіпкерлік қызметке дайындау;

  • халықтың іскерлік белсенділігін стимулдау;

  • жұмыс берушілерге және жұмыссыз азаматтарға кеңес беру және ақпараттық қызмет ұсыну.


Дәріс №26. Әлеуметтік-этникалық ортадағы әлеуметтік жұмыс технологиясы
Жоспары

  1. Этникалық топ ұғымы, ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық

  2. Этникалық топтармен әлеуметтік жұмыс технологиялары

Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдас¬тық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсінілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).

Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.

Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.

Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни, әрбір жеке адам туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени бірегейлік. "Этникалық топ" ұғымы 1950-1960-шы жж. пайда болды. Ол "тайпа" ұғымының орнын басты.

Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мәнге ие.

Біріншісі, этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын адамдар тобын жатқызу.

Екіншісі, этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою. Соңғысында ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше факторлармен байланыстырылады:

Біріншіден, ұлттық дербестікке немесе ұлттық мемлекеттілікке үмтылатын ұлттың саяси бағдарламасына негізделген ұлтшылдыққа ие. Ал, этникалық топтың ондай бағдарламасы жоқ;

Екіншіден, ұлтшылдық ұлтқа өз мүдделерін жалпыұлттық деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы этникалық белгілер этникалық топқа әлеуметтік мәдени ұйысу береді, бірақ олардың кейде өзге топтардың немесе өз этникалық тобының мүдделеріне қайшы келетін өз мүдделерін көрсетуіне тыйым сала алмайды;

Үшіншіден, ұлт жағдайында этникалық топтың этникалық шекарасы саяси шекарамен, ақыр соңында ұлттық мемлекеттің географиялық шекарасы белгіленеді;

Төртіншіден, ұлттық этникалықты жасау осы ұлттың ұлтшылдығымен, ұлттық мемлекеттің институттарымен бақыланады;

Бесіншіден, ұлттың этникалығы этникалық құрамдас бөліктері арқылы да, азаматтық арқылы да анықталуы мүмкін.

Қоғамның этникалыққұрылымын әлеуметтанудың “этно-социология” деген арнаулы теориясы зерттейді. Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық, ұлт бірліктерінің) пайда болуын, мәнін мазмұнын, олардың қоғамдағы әрқайсынының атқаратын қызметін (функциясын), араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын,қажетті байланыстарды анықтап, жалпы заңдылықтарын ашады, әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі олардың даму жолдарын анықтайды. Басқаша айтқанда, этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс-қызметтерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді. Осыған сәйкес “этногенез”, т.с.с. ұғымдарды (категорияларды) терең түсінген жөн.

“Этника” деген ұғым “этнос” деген ұғымнан, терминнен шыққан. “Этнос” грек сөзінен алынған, оның мағынасы ру, тайпа, халық дегендерді білдіреді. Этнос адамдарды тарихи – этникалық тұрақты бірлігі. Бұл термин “халық” деген ұғымға өте жақын. Бұл жерде “метаэтнос”, “субэтнос” деген терминдер шығады. Метаэтнос (немесе үлкен этникалық бірлік) – бұл халықтардың ең үлкен топ бірлігі. Мұнда мәдени және өзіндік сананың ортақ белгілері болады. Мысалы, славян немесе түрік халықтары- ортақ жақтары көп. Субэтнос немесе субэтникалық топ – бұл халықтың территориясынан бөлініп шыққан ерекше бөлігі.

Этника немесе этникалық қауымдастық – белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы.

Бұл табиғи – тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі, Бұлардың белгілі бір территорияда орналасқан, мәдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну т.б. белгілері болады.

Адам қоғамдық әлеіметтік организм ретінде өзінің ілеуметтік – этникалық дамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту процессі болған. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, ұғынуы -әлеуметтік объективтік қажеттілік, ал, бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап, тілегіне, т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді.

Бұл қауымдастықтардың өдеріне тән шығу және даму белгілері мен ерекшеліктері болады. Бұл еі алдымен, олардың бір белгілі территориясынан- қауымдастықтың қалыптасуының бесігінен-мәдениетінен, басқа топтардың айырмашылығын түсінуден, т.б. көрінеді. Бұл объективтік өқажеттілік адамның өмір сүруіне тікелей әсер етеді.

Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың біршама дербес дами отырып, қоғамда алуан түрлі қызмет атқарады. Ол, еі алдымен, адамдардың бір-бірімен қатынасуын, материаолдық игілікті бірігіп өндіруін қамтамас етеді, соның нәтижесінде өзінің дамуын жүзеге асырады. Халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегін, ұсыныс, сұраныстарын, т.б. қанағаттандырып отырады. Гентикалық шығу жағынан бір-юірімен өкешелес бола отырып, ру, тайпа, халық, ұлт әлеуметтік-этникалық жағынан ілгерілеп даму процессінің тізбегін жасайды.

Сонымен, этногенез әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпа немесе халықтың шығу тегі болады. Этногнез халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде оның кейбір топтар бөлініп те жатады. Мысалы, Қазақстан территориясында көптеген түркі тілдес тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу процессінің нәтижесінде қазақ халқы қалыптасты. Этногенес процесінің негізгі екі түрі болады: бірі- жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биологиялық жолмен жаппай айналасуы арқылы қалыптасуы; екіншісі- жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу. Бір сөзбен айтқанда, этногенез уақытпен кеңістік бойынша дараланатын тарихи процесс.

Қазіргі адамзат түрі- белгілі бір биологиялық түр. Ол белгілі әлеуметтік заңдылықтар арқылы дами келе, адамдардың әр түрлі тарихи қауымдастығына бөлінеді: олардың ішінде мемлекет, тап, отбасы, т.б. бар. Бұлардың ішінде этностар ерекше орын алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, жер бетінде 3 мыңнан астам этникалық қауымдастықтар әлемнің 220 мемлекетінде орналасқан. Этностар мәңгілік өмір сүре бермейді, олар туады, дамиды, өледі. Мұндай процесті этносоциология теорисында этногенез деп атайды. Этногенездің негізін бұрынғы Кеңес ғалымы Лев Николаевич Гумилев қалады. Астанадағы Еуроазия университеті осы кісінің атымен аталады. Бұл ғалым теория жүзінде геобиохимия және системология ғылымдарын тарихи географи мен біріктіріп өсты. Сөйтіп ол “этнос” деген ұғымды биология және әлеуметтік қауымдастық ретінде анықтап, биосфераның бір бөлігі, оның туындысы ретінде көрсетті, екінші жағынан, этногенез әлеуметтік эволюцияның жемісі, нәтижесі ретінде дәлелденді.

Этникалық қауымдастықты білдіретін ұғым “ұлт” терминіне қолданылады. Адамдардың белгілі бір топқа бірігуінің табиғи тірегі ретінде территория орталығы мен олардың тіл орталығы немесе олардың өзара жақындығы этникалық қауымдастықтың қалыптасуының негізгі шарты, факторлары болып табылады. Кей реттерде былай да бола береді. Мысалы, Америка құрлығының бір қатар ұлттарының бір тұтас болып қалыптасуына этникалық қауымдастықтың әр тілде сөйлейтін бөліктері арасындағы “тіл орталығына” шаруашылық, мәдени, т.б. байланыстардың дамуы барысында қол жетті, яғни мұның өзі этногенес процесінің нәтижесіндеболды.

Жоғарыда көрсетілгендей, бұл этникалық процестің барысында әр түрлі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерімен табииғи ортаның ерекшелігіне қарай материалдық және рухани мәдениеттің, тұрмыстық, таптық, психологиялық сипаттамаларының этникалық қауымдастыққа тән қасиеттері қалыптасады. Бұған сәйкес этникалық сана-сезім пайда болады, мұндабелгілі біір этникалық қауымдастыққа енетін адамдардың тегімен тарихи тағдырларының ортақтығы туралы ұғымдар басым рөл атқарады. Ортақ территория және тіл сияқты бұл элементтер этникалық қауымдастықтың белгілері бола алады. Мысалы, кейде діни артықшылық пен нәсілдік, жақындық этникалық қауымдастықтың қалыптасуына ықпал етіп жатады.

Этникалық қауымдастық белгілі бір тілді, мәдениетті, дәстүр-салттарды, этникалық бағдарладры т.б. жаңа ұрпаққа сіңіру арқылы үздіксіз өрге басып, ұлғая беруге ұмтылады. Неғұрлым тұрақты өмір сүру үшін этникалық қауымдастық өз алдына әлеуметтік-территориялық ұйым құруға (мысалы, топтық қоғамда мемлекет болуға) тырысады.

Тайпа, халық, ұлт этникалық қауымдастықтың тарихи типтері болып есептеледі. Сондай-ақ, белгілі бір жерде (яғни территория-аумақта) тұратын әлеуметтік ұйымы бар тұтас этникалық қауымдастықтар және территориялық жағынан бөлек-бөлек (әр жерде тұратын) этникалық қауымдастықтар болады. “Этникалық қауымдастық” термині кейде бірнеше халықты, яғни этно-лингивистикалық топтарды атау үшін қолданылады. (Мәселен, қазақ, қырғыз, түркмен, өзбек, т.б. түркі тілдес халықтар моңғол типтес этникалық топқа енеді. Сондай-ақ, бір халықтың ішіндегі этнографиялық топтарды белгілеу үшін де “этникалық қауымдастық” термині қолданылады. Мысалы, қазақта әр түрлі жүздер (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз) және алуан түрлі рулар (арғын, қыпшақ, үйсін, дулат, қоғңырат, шапырашты, т.б.) бар. Бұлар көрсетілген жағдайда “этнос” деп аталады.

Сонымен, жалпы этникалық қауымдастық адамдардың әлеуметтік тұрақты топтары. Ол ру, тайпа, халық, ұлт түрлерінде ерекше тарихи жағдайларда қалыптасады.

Адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этникалық қауымдастығының ең жоғарғы түрі- ұлт. Ұлт адамдардың материалдық тұрмыс жағдайларының, терииториясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиясындағы кейбір этникалық ерекшеліктірінің ортақ болуы негізінде қалыптасты.

Қауымдастықтың түрлері. Жоғарыда көрсетілгендей, адам қауымының ұлтқа дейінгі тарихи түрлері- ру, тайпа, халықболады. Алғашқы қауымдық құрылысқа ру мен тайпа тән болса, құлдық қоғам мен феодализм заманындағы негізгі қауым халық болды. Халықтың ұлтқа айналу процесі феодализмнің күйреп, капитализмнің даму кезеңімен тығыз байланысты. Бұл ұлттардың негізгі факторлары болады. Бұл кездейсоқ құбылыс емес. Өз алдына заң шығаратын үкіметі, әскери және салық жүйесі бар, тіпті ақша белгісі де бөлек толып жатқан князьдектер мен хандықтарға, “жерлерге” бөлініп, бытырап жатқан феодалдық мемлекетке адамдардың бір тұтас берік қауымға айналуы мүмкін емес еді. Теки капиталистік экономиканың жан-жақты тереі дамуы, сауданың мейілінше күшейіп, елдің барлық түпкірлерін түгел қамтуы нәтижесінде ғана жалпы ұлттың экономикалық және саяси орталықтың қалыптасуына, ұлттық мемлекеттердің құрылуына жол ашылда. Тек осы факторлардың арқасында ғана үздіксіз жауласудан басқа қатынастары болмаған бытыранқы “елдердің” бастары қосылып бірігуіне, олардың ұлт дәрежесіне көтерілуіне жағдай туды. Ұлттардың этника құрамдары бірдей емес. Олардың біреулері бірнеше тайпалар мен халықтардан және нәсілдерден құралады. Екіншілері бұрын көптеген тайпалардың “қысылып” бірігуі нәтижесінде пайда болған бір ғана халықтың негізінде қалыптасты. Мысалы, қазіргі американ ұлты Еуропадан қоныс аударған әр түрлә ұлттар мен ұлыстардан құрылды, оларға аздап та болса негрлердің қаны қосылған, араласқан. Француз ұлты галлдардың, германдықтардың, нормандықтардың, т.б. қосылуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақ ұлты көп ғасырлар бойы әлденеше түркі тілдес және моңғолдармен араласқан тайпалардың өзара тұтасуы негізінде қалыптасқан халық.

Ұлттың халықтан үлкен сапалық айырмашылықтары бар. Ең алдымен, ол – капиталистік қоғам туындысы. Оның қалыптасу процесі буржуазияның басшылығымен өтті. Бұл процестің барысында буржуазия табының ұсақ топтарының бастары қосылып, бір тұтас ұлттық буржуазияға айналды. Дәл осы тәрізді жұмысшылардың толып жатқан бытыраңқы топтары ұлттық тапқа бірікті. Сөйтіп бір жағынан, халықтың өз алдына жеке, дербес өмір сүріп келгендері - бірде экономикалық орталық құрылуының нәтижесінде ұлттық мемлекеті бәріне ортақ бір тұтас бір қауым болып қалыптасты.

Екінші жағынан, әр ұлттың өз ішіндегі негізгі таптардың, яғни буржуазия мен пролетариаттың ара жіктері ашылып, антогонистік қайшылықтар шиеленісе түсті. Бұл екі ұғымды бір-бірімен шатастыруға болмайды. Тап қайшылығының азаюуы немесе тап жіктерінің ашылуы, ұлт тұтастығына қатер төндірмейді.

Халық тіліне қарағанда ұлт тілі барлық жағынан жетілен, тұрақталған тілболып есептеледі. Себебі, ол ұлт адамдарының өзара қарым-қатынас құралы ретінде дами келе, толығынан әдеби тілге айналады. Тайпалық диалектілері (өзгешеліктері- А.И.) мен ұлт құрамына кірген халықтар тілдерінің оғаш қылықтарына (қалдықтарынан, кемістіктерінен – А.И.) бірте-бірте арылып, бірыңғай берік грамматикалық құрлысы бар, шын мәнінде тұтас ұлттық тіл дәрежесіне көтеріледі. Ұлт тілі қалыптасып дамыған сайын ұлт тұтастығы да нығая түседі.

Көпшілікке мәлім ұлттық санадағы халық мәдениеті мен оның әлеуметтік психорлогиясындағы тайпалық , көнеден ауысып,сақталып келген кейбір жергілікті түрлері (мысалы,ән-күй ырғағындағы, үй тұрмысындағы, әдет-ғұрып пенмінез-құлықтаағы бірлі-жарым ерекшеліктер) не тозығы жетіп жоғалтып кетеді, не жаңа жағдайда ескі атаулары ұмытылып, тар шеңберді бұзып шығады,кең қріс алып, жалпы ұлттың мәдениеті және сипаты түрінде дамиды.

Ұлттық сипат - әу баста әр ұлтқа “тағдырдың силаған”, өзгермейтін халықтық рух емес. Ол халықтың ұзақ уақыт бойы қоғамдық – экономикалық, географиялық және мәдени ортасы мен тарихи дамуы жолы ерекшеліктерінің адам санасында, психологиясында қалдырған әсер ізі. Бұл ерекшеліктердің әсер ізі тек бір халықтай ғана емес, барлық халықтарда да кездеседі, бұлардың кейбіреулері белгілі тарихи жағдайларда ерекше бір мәнерлі түрде, басқаларда қайьаланбайтын әрі нәзік, әрі айқын жақтарымен көзге түседі. Сондықтан да олар осы ұлтқа тән қасиеттер деп танылады. Бұл психологиялық ерекшеліктер ұлттың негізгі өмір сұру қабілетіне, тарихи тағдырына, оның шаруашылық жайы мен мәдениетіне, саяси-әлеуметтік құрлысына, басқа ұлттар мен қарым-қатынас сипатына ешқандай әсер ете алмайды. Керісінше, ұлттың экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайы өзгерген кезде оның бұл ерекшеліктері баяу өзгереді. Қоғамдық болмыс жағдайлары жақын, не ортақ ұлттардың ұлттық сипаттары да өзара жақындасып, қабыса түседі. Ұлттық сипаттың ерекшелігін ескерген кезде бір ұлт еңбек сүйгіш, ой қабілеті жоғары, іскер, екінші ұлтты жалқау, ой-қабілеті төмен, іске олақ, т.б. деп қортынды жасау дұрыс емес. Бұл реакцияшыл нәсілшілердің өздерінің таптың пайдасы үшін ғана ойлап шығарған, шындыққа мүлдем жанаспайтын зұлымдық, сұрқиялық әрекеттеріне жатады.

Дәріс №27. Әйелдер қауымымен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы
Жоспары


  1. «Әйел» ұғымы

  2. Әйелдердерге көрсетілетін

  3. Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің гендерлік аспектілері  

Жалпы «әйел» деген сөз  әй, ел болайық деген мағыналы сөздерден шыққан, яғни ұрпақтарды жалғастыратын тіршіліктің көзі болмақ. Одан кейін, әйелдің 40 жаны бар деген тағы бар. Ер азамат жұмыстан шаршап келгенде тынығып дем алады. Ал, әйел адам жұмыстан дем алып келгендей үй шаруашылығымен айналысады, телефонмен сөйлеседі, фильм көріп отырып тігіп немесе тоқып отырады, балаларының сабағына қарау керек, ұрысқысы келсе ұрсып та алады. Соның барлығына күш керек емес па. Ер адамдармен бірге тең құқылы емес, одан көп басына жауапкершілікті үйіп алған. Тағы бір айтарым, тек әйелдер ғана 1 мезгілде бірнеше функция орындай алады. Үйде кір жуып жатып, теледидардан бағдарламаны да қарап, телефонмен сөйлесіп жатып, тамақ та әзірлеп тұрып, музыка қойып билеп тұруы да ғажап емес. Бұл тек қана әйелдің ғана қолынан келетін үлкен қабілет.

Әйел мен ер адамның бас сүйегіндегі мидың массасын ағылшын профессоры өлшегенде еркектің миынан 100 граммға аз болғанмен, әйелдің миында нейрон көп. Бұл қазақтың мәтелінде «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» дегені ме? Жоқ. Мұны да жоққа шығаруға болады. Себебі, әйел адам ер адамдарға қарағанда, өмір тіршілігін өте жеңіл, тез, жақсы жүйелі ұйымдастырады, өмірдің болашағын ойлауда  көп ілгері  болады екен.

Медицина жағына келетін болсақ, әйелдер уколдан – 20% қорықса, еркектер – 80% қорқады.

Жас, шала туған нәресте қыз бала болса, өмір сүріп кетеді де, ұл бала болса, көбіне шетінеп кетеді дейді.

Одан кейін, тағы бір айтарым, әйел керемет жылауық. Экстрагендік гормондардың жұмысы жылаған кезде организмді тазартады және ол жүрек ауруларына шалдықпайтындай алдын алады.

Физиологиялық жағынан қарастыратын болсақ, әйел адам 40 жастан кейін жасаратын болса, ер адам қартая бастайды. Тіпті мынандай статистика келтірілген, жұмыстан шаршап, қалжырап келген әйел үйге келгенде, ұйықтағанға шейін 2000-нан астам сөздерді жайма- жай айтып тастайды.

Тіпті машина жүргізгенде, олар керемет жүргізуші. Әйелдер ер адамдардан 3 есе аз жол транспорт оқиғасына түседі.

Әдебие пен өнер саласы жағынан зерттей келсек, ұрысса, сай сүйегіңді сырқыратып, айналса күн нұрына бөлеп, әлемді айналдырып жіберетіндей, сұлу да нәзік жанды, керек болса, оратор, ақын да болатын, би де билеп, ән де салатын, түрлі аспаптарда да ойнайтын өнер майталманы бола алатын, сезімі мықты жан. Әйел аданың кекшілдігі ер адамдардан гөрі тереңірек. Жайсыз, реніштерін кешірген сияқты болып, ұмыттырып барып, кейін еске түсіріп, жаңартып алып шығаруы әбден ғажап.

Зорлықтын түрлері:

- эмоциалық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, өзін-өзі құрметтеуді жоғалтуға әкелетін немқұрайды қарым-қатынас, негізсіз қызғаншақтық , балалардың жеке өміріне қол сұғу;

- физикалық зорлық - отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоцианалдық зорлық;

- экономикалық зорлық - үйден тыс жерде жұмыс істеуге тыйым салатын, ақша бермей немесе оларды өмір сүруге жетпейтін мөлшерде беретін, әйелінің немесе баласынын жеке ақшасын алып қоятын, табысын жасыратын эмоцианалдық зорлық;

- жыныстық зорлық - әйелдің қалауына қарсы жыныстық қатынасқа мәжбірлеу, зорлау, балаларды жыныстық зорлау;

- қауіп- қатер - отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру немесе өлтіру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу, құқыққа қарсы әрекеттер жасауға мәжбірлеу;

- балаларды анасына қарсы қолдану - әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, тастап кеткен балаларына қатысты өзін кінәлі деп санаумен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану;

- қорқыту – жиҺаздарды немесе ыдыс-аяқты сындыру, қирату, үй хайуанаттарына қатыгез қарым-қатынас, үйде қару- жарақ ұстау;

- айналасындағылардан оқшаулау - туысқандарымен және достарымен қарым- қатынас бостандығынан шектеу.

Қоғамда көрініс тапқан әйелдерге және балаларға қатысты зорлық - зомбылық мәселелеріне байланысты Астана қаласының Ішкі істер департаменті зорлық - зомбылықтың жолын кесу және алдын алу үшін бірқатар кешенді іс - шаралар қабылданды. Сонымен, Қазақстан Республикасы ІІМ -нің жүйесіндегі қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті жүзеге асыру бойынша әкімшілік полиция құрылымында 1999 жылғы ақпан айынан бастап әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғауды ұйымдастыру бойынша жеке, арнайы бөлмше құрылды.

Әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшенің қызметі заңдылық, жариялық, әйелдердің конституциялық бостандықтары мен құқықтарын құрметтеу қағидаларына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс - қимылдың Ұлттық жоспары" негізінде құрылады. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен, барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиялармен, тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдарымен, құқық қорғау, мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара бірлесіп іс - қимыл жасау мақсатында жүзеге асыралады.

Әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше қызметінің негізгі бағытының бірі зорлыққа тап болған әйелдерге психологиялық, заңдық көмек көрсету, сонымен қатар қоғамда, жанұяда әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық фактілері туралы өтініштерді және шағымдарды қарастыру болып табылады.



Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің гендерлік аспектілері

Республикамыздың реформаға дейінгі зейнетақы жүйесі бірдей төлемдері бар ортақ зейнетақы жүйесінен (PAYG) тұратын. Оның әйелдер үшін бірқатар артықшылықтары бар, ер адамдарға қарағанда 5 жыл бұрынырақ, 55 жастан – ерте  зейнеткерлікке шығу, сондай-ақ тууына және бала күтіміне байланысты декреттік демалыстың еңбек өтіліне саналуы және көп балалы аналар үшін ерте зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі болатын.  

       Реформаланған зейнетақы жүйесінің әрекет еткен 11 жылдың ішінде бірқатар қиындықтар туындады. Ең маңыздысы салымшылардың зейнетақылық жинақтауларының ең төменгі көрсеткіші болып табылады. Бұл ретте статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әйелдердің орташа зейнетақылық жинақтаулары ерлерге қарағанда анағұрлым төмен. 2009 жылғы қаңтар айының басында ерлердің орташа зейнетақылық жинақтаулары 171 мың теңгені,  әйелдердікі – 133 мың теңгені құрады. Бұл ерлер мен әйелдер жинақтауларының көлемінде  шамамен 30-% -дай алшақтық  зейнетақы реформасының әрекет еткен азғантай мерзімде қазіргі зейнеткерлердің және жинақтаушы зейнетақы жүйесі  толық жетілген жағдайда, болашақта артуы мүмкін болатын жинақтаулы зейнетақыларының көлемінде гендерлік алшақтықтың бар екендігін дәлелдейді.  

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі және әйелдерді зейнетақымен қамсыздандыру. Зейнетақы реформасының тиімділігін бағалау үшін 1998 жылы құрамына базалық, ортақ және жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандырудан тұратын зейнетақы жүйесінің актуарлық үлгісі әзірленді. Үлгі әртүрлі кіріс мәліметтерінің (реформаланған зейнетақы жүйесін енгізу жылы, еңбекақы көлемі, ағымдағы жасы, қызметкердің жынысы, жарна мөлшері, инвестициялық табыстылықтың мөлшерлемесі) есепке ала отырып,  зейнетақы жүйесі параметрінің ұзақ мерзімді болжамын жүзеге асырады.

Болжамдарға сүйене келсек, зейнетақы жүйесінде зейнетақымен қамсыздандыру тұрғысына қарай едәуір өзгерістер орын алады. Қазіргі уақытта зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер толық зейнетақы алу үшін ортақ жүйеде жеткілікті еңбек өтілі болғандықтан, зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі көзі тек қана ортақ жүйе болып табылады. Бағалаудың көрсетуі бойынша 2020 жылға дейін жаңадан зейнеткерлікке шыққан тұлғалар арасында толық зейнетақы алуды талап ететін еңбек өтілі бар зейнеткерлер болады. 2020 жылдан кейін еңбек өтіліне қарай ортақ зейнетақының мөлшері төмендей бастайды. 2040 жылға қарай ортақ зейнетақы жүйесі толығымен жинақтаушы жүйемен алмастырылады.

Сондай-ақ әрбір компоненттен зейнетақымен қамсыздандыру деңгейі де өзгереді. Екі жыныс бойынша да еңбекақының орнын алмастырудың жиынтық (құрамдас) мөлшері өзінің шарықтау шегіне 2012 жылы жетеді, тиісінше ортақ зейнетақының кезең бойынша ұлғаюымен жүзеге асады 2010 жылы – 30%, 2011 және 2012 жылдары 25%. Келесі жылдарға жасалған болжамнан байқайтынымыз ерлер үшін жинақтаушы құрауыштары базалық және ортақ құрауыштарымен бірге құрамдастырылған еңбекақы орнының ставкасын шамамен 60% деңгейде ұстап тұрады. Әйелдер үшін мәселе түбейлі түрде ерекшеленеді – олардың құрамдастырылған ставкасы еңбекақы экономикасы бойынша орташа өте жылдам қарқынмен 2050 жылға қарай 28% пайызға дейін төмендейді.

Жеке орнын алмастыру ставкасын пайдаланған кезде аянышты жағдайлар мейлінше аз байқалады. Ставканың төмендеуі 2050 жылдарға қарай ерлер үшін 50% деңгейде, әйелдер үшін 32 % дейін орын алады.

Әйелдер үшін жиынтық нәтиже орташа зейнетақының орнын алмастыру қабілеті реформаланған жүйеде екі есеге қысқартылуынан байқалады.

Қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінде ерлер мен әйелдер арасында анағұрлым айырмашылқ бар, әйелдердің орташа зейнетақысы ерлерге қарағанда небәрі 35 % құрайды. Гендерлік алшақтық ерлер мен әйелдердің зейнеткерлік жасын теңестіргенде 46 % дейін 11% -ға төмендейді. Дәл сондай нәтиже, егер әйелдердің зейнеткерлік жасын ұзартпай, тек төлемдерді есептеу кезінде гендерлік бейтарап болып табылатын өлім-жітім кестесін пайдаланса тіпті ең жақсы нәтиже (50%) болады. Және тек қана гендерлік бейтарап өлім-жітім кестесін пайдаланудың комбинациясы және ерлер мен әйелдердің зейнеткерлік жасын теңестіру зейнетақы мөлшерінің қолданыстағы шектеулері бар ортақ жүйедегі ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда, зейнетақы мөлшеріндегі гендерлік алшақтық шамалы болады.

Осы арқылы зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы прициптеріне көшу кезінде және төлемдердің гендерлік саралануына байланысты әйелдердің зейнетақы мөлшеріне келтірілген едәуір зиянды айта кеткеніміз жөн. Төлем ұзақтығы гендерлік бейтарап болғанда және әйелдің зейнеткерлік жасын ұлғайтудың мейлінше мәлім емес шараларын енгізу арқылы ортақ зейнетақы мөлшеріне жақындатуға қол жеткізуге болады.

Автор Қазақстанның соңғы санағының мәліметтерінің негізінде және халық саны бойынша, соның ішінде барлық жастағы зейнеткерлер бойынша екі жыныстағы зейнеткерлердің санына 2050 жылға дейін болжам жасады (8 және 9 кестелер). Есептеу үшін барлық жастағылар үшін ағымдағы өмір сүрі ұзақтығын сақтау шартымен Қазақстан Республикасының халқының жылдық өлім-жітім кестесі назарға алынды.

Есептеулерге сәйкес, алғаш рет зейнеткерлікке шыққан тұлғалардың санының жылсайынғы артуы мен барлық зейнеткерлердің жалпы саны болжанады. 2050 жылға қарай зейнеткерлердің жалпы саны халықтың қартаюын және өмір сүруінің тиісті артуын есепке алмағанның өзінде екі есеге артады. Сонымен бірге әйел-зейнеткерлердің санының артықшылығы зейнеткерлік жасындағы ерлердің санынан айтарлықтай артықшылығы байқалады. Егер 2008 жылы әрбір зейнеткер ер адамға 2,3 әйелден келсе, 2050 жылға қарай бұл қатынас 2,8 дейін ұлғаяды. Осындай өзгерістердің салдарынан өте кәрі әйелдердің үлесі артады. Бұл ретте зейнеткерлік жастағы әйелдердің көпшілігі жалғыз басты немесе ерлердің арасындағы өлім-жітімнің көптігіне байланысты – жесір, немесе ажыырасқан болатыны айдан анық

Әйелдердің орташа жинақтаушы зейнетақыларының деңгейінің төмендігін ескере келе, реформаланған жүйеде жалғыз басты егде әйелдердің саны артуына байланысты, болашақта олардың көпшілігінің жағдайлары қамтамасыз етілмеген, кейбірінің жағдайы кедейлік шеңберінде болуы әбден мүмкін.

Болжанып отырған ерлер мен әйелдер зейнетақыларының мөлшері арасындағы гендерлік алшақтық Қазақстанның реформаланған зейнетақы жүйесінде белгілі бір жарналары бар жинақтаушы зейнетақы сызбасының формуласына негізделген бірнеше маңызды факторлармен айқындалады. Белгілі бір төлемдері бар ортақ зейнетақы жүйесі зейнетақы құқығын жинақтау кезеңінде де, сондай-ақ төлемдер кезеңінде де әйелдер пайдасына ерлердің едәуір зейнетақысын қайта бөлетінімен сипатталса, жинақтаушы зейнетақы жүйеде жеке зейнетақы шотының негізінде тұтастай өз жинақтауларымен анықталады. Ерекшелік ретінде құрамында ерлер мен әйелдерге жынысына және алдағы төлемдердің ұзақтығына қарамастан бірдей гендерлік бейтарап аннуитеттік факторларды пайдалану мүмкіндігі болған кезде зейнетақылық жинақтауларды гендерлік қайта бөлу элементі бар зейнетақылық жинақтауларды төлеу механизмі тұрады. Алайда Қазақстанның зейнетақы заңнамасы ерлер мен әйелдер үшін олардың зейнеткерлікте күтілетін өмір сүру ұзақтығына жекелеген зейнетақылық төлемдердің есебін қарастырады

Осы арқылы, ерлер мен әйелдер зейнетақыларының арасында қайта бөлу элементі мүлдем жоқ Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі зейнетақы мөлшері бойынша гендерлік алшақтықтың артуына әкеп соғады. Гендерлік алшақтықтың себептері міндетті зейнетақы жарналарын жинақтау кезеңінде де, және оларды жарату кезеңінде де байқалады.

Жоғарыда көрсетілген ерлер мен әйелдер жинақтауларының мөлшеріндегі гендерлік алшақтық еңьек нарығындағы гендерлік теңсіздіктен тамыр алған. Тұтастай алғанда әйелдер арасында жұмыссыздар және экономиканың формальді емес секторларында жалақысы аз жұмыстармен қамтылғандар көп. Сонымен бірге, әйелдер формальді түрде жұмыспен қамтылғанның өзінде өндіріс секторларында және еңбек ақысы төмен кәсіптерде шоғырланған. Бала күтіміне байланысты еңбек өтіліндегі үзілістер және ерте зейнеткерлікке шығу да жинақтау мөлшерінің төмендеуіне өз үлесін қосады.

Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарынан міндетті зейнетақылық жинақтаулардан төлемдер төлеу кезеңінде гендерлік алшақтықтар зейнеткерліктегі күтілетін өмір сүру ұзақтығына тең, төлемдер мерзіміндегі айырмашылықтармен байланысты. Бұл 8-жылдан астам айырмашылық әйелдердің ерте зейнеткерлікке шығуымен, сондай-ақ ерлердің арасындағы өлім-жітімнің көптігіне байланысты. Бұл ретте, зейнеткерліктегі әйелдердің өмір сүру ұзақтығы негізінде қазіргі уақытта ерлерге қарағанда әйелдер 3 есе артық.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдер төлеудің гендерлік бейтарап механизмі әйелдердің жинақтауларының аздығын және бір жыл бойында таңдауға болатын қомақты соманы алатын болсақ, бұл зейнетақылық жинақтаулардың жылдам тасылуына алып келеді, ол әйелдердің одан кейінгі зейнетақымен қамсыздандырудың базалық деңгейіне тәуелді болуға және егде зейнеткер жасындағы әйелдердің тұрмысының нашарлауына алып келеді.

Бұрынғы ортақ зейнетақы жүйесінде зейнетақы қаражатын қайта бөлу элментінің басым болуына байланысты, неғұрлым артықшылықтарға келесілер ие болған

· ең алдымен әйелдер жатқызылған, жалақысы төмен қызметкерлер;

· ұзақ уақыт бойы зейнеткерлікте өмір сүретін тұлғалар, ең бірінші кезекте зейнеткерлікке неғұрлым ерте шығуына байланысты әйелдер және қарт адамдардың арасында өлім-жітімнің аздығы жатқызылды;

· еңбек өтілінде тууына және бала күтіміне байланысты декреттік демалыстары бар, балалы әйелдер;

· жеңілдікпен ерте зейнеткерлікке шығуына мүмкіндігі бар көп балалы аналар.

Осы арқылы, ортақ жүйеде ерлердің зейнетақылық қаражаттарын әйелдердің көптеген санаттарына ортақ жүйеде әйелдердің зейнетақысы ерлерге қарағанда төмен екендігіне қарамастан, қайта бөлу кең орын алған. Бұл айырмашылық ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі олардың еңбекақыларының арасындағы айырмашылықтарға қатысты, ортақ зейнетақы есебін жүзеге асыратын, заңнамамен белгіленген еңбек ақы мөлшеріне қойылатын шектеулердің өсуінен төмендейді.

Қолданыстағы міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жасы мен жынысына қарай сараланған өмір сүру ұзақтығы кестесін пайдалануына байланысты, зейнетақылық жинақтауларды қайта бөлуге қатысушылар жоқ.

 Ерекшелік ретінде сақтандыру пұлы есебінен нольге апаратындықтан, орташа көрсеткіштермен салыстырғанда жоғары өмір сүру ұзақтығының тәуекелі болады.

Нәтиже ретінде, барлық жоғарыда аталған жинақтаушы зейнетақы жүйесінің зейнетақылық формуласы ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшерінде теңсіздікке алып келеді.

· 58 жастағы әйелдің зейнетақысы 63 жастағы ер адамның зейнетақысының 35 % ғана құрайды.

· Қазіргі уақытта жүктілікті, бала тууын және бала күтіміне байланысты демалыста болған уақытын міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілгендіктен, әйелдің соңғы екі жылындағы орташа айлық табысының 40% мөлшерінде зейнетақылық аударымдар аударылады, тиісінше осы мерзімдегі зейнетақылық аударымдар декреттік демалысқа дейінгі аударымдарынан 40 % кем болады.

Реформаланған зейнетақы жүйесінде гендерлік теңдікте жоғары нәтижеге жету үшін жалғыз мүмкіндік келесілер бола алады:

· әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын заңнамамен неғұрлым үлкен жасқа белгілеу, ең аз дегенде ерлердің жасына дейін. Алайда, есептердің көрсеткені бойынша, ерлер мен әйелдердің орташа табыстарының арасындағы айтарлықтай алшақтық осы норманы қолданудың жалпы нәтижесін төмендетеді.

· Гендерлік бейтарап өмір сүру кестесін заңнамалы түрде енгізу ерлер мен әйелдер мөлшеріндегі алшақтықты төмендетеді, алайда бұл шара ерлердің зейнетақысын әйелдер пайдасына қайта бөлуді енгізуді шамалайды.

  Жинақтаушы зейнетақы жүйесі адамның қартайған шағында зейнетақымен қамсыздануына жеке жауап беретіндей принпіпте құрылған. Ол мемлекеттің адамның қартайған шағында өмір сүру деңгейі үшін жауапкершілікті төмендетеді және сонымен бірге қартайған шағында лайықты өмір сүруін қамсыздандыратын жинақтаулардың құрылуына өзінің ролін аттырады. Алайда зейнетақы жүйесі жұмыспен қамтылу жағынан әйелдердің теңсіздік жағдайын, сондай-ақ бала күтіміне байланысты еңбектегі үзілістерін және ерлермен бірдей жаста болса да өмір сүруі ұзақтығын ескермеген. Бұл факторлардың барлығы Қазақстанда бар, және ол ерлермен салыстырғанда әйелдер зейнетақысының мөлшері төмен деңгейіне және лайықты кәрілікті қаржылай қамтамасыз ету саласында барабар емес жағдайға алып келеді.

         Осыған байланысты, қазірден байқалған Қазақстанның реформаланған зейнетақыы жүйесіндегі зейнетақылар мөлшеріндегі гендерлік теңсіздіктер және болжанып отырған оның одан ары артуы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңызды мәселесіне және еліміздегі зейнетақы реформасын одан ары дамытуды талап ететін негізгі принциптердің бірі болуы тиіс.


Дәріс №28. Әскери қызметтегі адамдар мен олардың отбасымен әлеуметтік жұмыс технологиясы
Жоспары

  1. Әскери адам түсінігі, әлеуметтік құқықтары, берілетін кепілдіктері мен жеңілдіктері

  2. Әскери қызметтегі адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс технологиялары

     

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет атқаратын Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметшiлер болып табылады. Оларға шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери жиындарға шақыру кезеңiндегi әскери мiндеттiлер жатады.

Әскери қызметшiлер әскери қызметтi iс жүзiнде орындаудың барлық жағдайында: ұрыс қимылдарына қатысу, бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау, әскери кезекшiлiкте (жауынгерлiк қызметте) жүргенде, жаттығуларда, жиындарда, қызмет бабындағы iссапарларда жүру кезiнде, қызметiн атқаратын жерге бара жатқанда және кейiн қайтқан кезде, әскери бөлiмде, кемеде, объектiде, мекемеде, кәсiпорында, әскери (арнаулы) оқу орнында (бұдан әрi - әскери бөлiм) болған кезде, регламентпен белгiленген қызмет уақытының iшiнде немесе егер бұл қызмет қажеттiлiгiнен туындаса, басқа жерде және басқа уақытта, ал мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi әскери қызметтен өтудiң бүкiл уaқытында әскери қызмет мiндеттерiн атқарушы болады.

      Әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген, олардың жеке басы мен азаматтығын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң жеке басы мен құқықтық жағдайын куәландыратын құжаттар берiледi.

Мемлекет әскери қызметшiлердi әлеуметтiк және құқылық жағынан қорғауға кепiлдiк бередi, оларды қажеттi тұрмыс жағдайымен қамтамасыз етiп, қызметiнiң ерекше сипатын ескере отырып, тиiстi қызмет жағдайын жасайды.

      Барлық әскери қызметшiлер атқаратын қызметi мен әскери атағына қарамастан заң алдында тең. Әскери қызметшiлердiң құқықтары мен мiндеттерiндегi, әскери қызметтен өту шарттарындағы, материалдық жағынан қамтамасыз етiлуiндегi айырмашылықтар Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.

      Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерi үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды iске асыру, олардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың басшылығына және өзге де мемлекеттiк органдарға жүктеледi.

     Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру жөнiндегi мiндеттерiн сақтамағаны үшiн кiнәлi басшылары, командирлер мен бастықтар, басқа лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.

Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) апта сайынғы қызмет уақытының жалпы ұзақтығы жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығынан аспауға тиiс, ал мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлер үшiн ол әскери жарғылардың талаптарына сәйкес белгiленедi.

      Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) аптасына кемiнде бiр тәулiк, бiрақ айына кемiнде алты тәулiк демалыс берiледi.

      Тiзбесiн құрылымында әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың басшылығы белгiлейтiн жауынгерлiк кезекшiлiк (жауынгерлiк қызмет), жаттығулар мен басқа шаралар қызмет уақытының жалпы ұзақтығы шектеусiз өткiзiледi.

      Әскери қызметшiлер апта сайынғы қызмет уақытының белгiленген ұзақтығынан тыс, сондай-ақ демалыс, мереке және жұмыс iстемейтiн күндерi әскери қызмет мiндетiн атқаруға қатыстырылған жағдайда оларға командир (бастық) аптаның басқа күндерiнде демалыс бередi.

      Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысы берiледi, оның ұзақтығы жалпы қызмет еткен жылына, әскери қызметтiң ерекшелiктерi мен жағдайларына байланысты болады және төмендегiдей болып белгiленедi:

      Әскери қызметте 10 күнтiзбе жыл еңбек сiңiрсе - 30 тәулiк;


      10 жылдан 15 жылға дейiн - 35 тәулiк;
      15 жылдан 20 жылға дейiн - 40 тәулiк;
      20 жыл және одан көп болса - 45 тәулiк;

      Еңбек демалысы ұзақтығына демалысын өткiзу орнына беру мен қайтуға қажеттi уақыт кiрмейдi. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа) демалысы әскери қызмет мүддесiн және әскери қызметшiнiң тiлегiн ескере отырып екi бөлiп берiлуi мүмкiн.

      Әскери қызметшiлердiң мына категорияларына:
      - өз мiндетiн денсаулыққа зиянды (ауыр) жағдайда атқарғаны үшiн, қызметiнiң ерекше сипаты (ұзақ мерзiмдi iссапар, вахталық әдiспен жауынгерлiк кезекшiлiк атқару және олардың тұрақты орналасқан орнынан тыс жерлерге ұзақ уақытқа жiберiлген реттерi) үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде;

     -экологиялық апат аймақтарында қызмет атқарғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қосымша еңбек демалысы (демалыс) берiледi.

      Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге көтермелеу түрiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларында белгiленген тәртiппен қысқа мерзiмдi демалыс берiледi.

      Әскери қызметшiлерге қажет болған жағдайда сырқаттануына байланысты, отбасы жағдайына байланысты қысқа мерзiмдi демалыс, ал әскери (арнаулы) оқу орындарында оқитындарға каникул берiледi.

      Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасына) адъюнктураға, әскери докторантураға дайындалу және түсу емтихандарын тапсыру үшiн, сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын тапсыру үшiн оқу демалыстары берiледi, ал ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесiне талаптанушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша шығармашылық демалыстар берiледi.

      Әскери қызметшiлердiң жұмыс iстейтiн зайыптарына (жұбайларына) жыл сайынғы демалыс олардың жұбайларының (зайыптарының) кезектi демалысымен бiр мезгiлде берiлуге тиiс. Бұл орайда демалыстың ұзақтығы жалақысын сақтамай қосымша демалыс беру есебiнен жұбайы (зайыбы) демалысының ұзақтығына тең болуы мүмкiн.

Мемлекет әскери қызметшiлердi азаматтардың әскери қызметке ынта-ықыласын арттыратын мөлшерде ақша қаражатымен қамтамасыз етедi.

      Әскери қызметшiлерге ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтен өтудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.

Әскери қызметшiлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және әскери атағы бойынша айлықақыдан тұрады.

Әскери қызметшiлердiң ақша қаражаты тiршiлiк құнының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiпке сәйкес қайта қаралуға тиiс.

Солдаттар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарына келiсiмшарт бойынша әскери қызметке алғаш түскен азаматтарға жасалатын келiсiмшарт мерзiмiне байланысты мынадай мөлшерде бiржолғы ақшалай сыйақы төленедi:
      3 жылға - 1 лауазымдық айлықақы мөлшерiнде;

      5 жылға - 10 лауазымдық айлықақы мөлшерiнде;

      10 жылға - 20 лауазымдық айлықақы мөлшерiнде.

      Көрсетiлген ақшалай сыйақыларды төлеу келiсiмшарт жасалған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Алынған бiржолғы ақшалай сыйақы:

     1) "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 1-тармағының 4), 5), 7) тармақшаларында және 2-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiн әскери қызметтен босатылған кезде;


     2) егер бұдан әрi әскери қызметтi атқара алмайтындай жаралану, контузия, жарақат алу, мертiгу немесе ауру әскери қызметшiнiң заңға қайшы iс-әрекет жасауынан немесе алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан мас болу немесе өзiне қандай да бiр дене жарақатын түсiру (денесiне зиян келтiру) себебiнен болғаны немесе әскери қызметтен жалтару мақсатында өз денсаулығына өзге де зиян келтiргенi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, қайтаруға жатады.

     Төленген бiржолғы ақшалай сыйақыны қайтару әскери қызметшi әскери қызметiн өткерген мемлекеттiк органға ол әскери қызметтен босатылған күнiнен бастап бiр ай мерзiмде жүргiзiледi.

      Әскери қызметшi әскери қызметiн өткеру кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс болған), бұдан әрi әскери қызметтi атқара алмайтындай жараланған, контузия, жарақат алған, мертiккен немесе ауырған жағдайда бiржолғы ақшалай сыйақыны қайтару жүргiзiлмейдi.

Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) бiр жерден екiншiсiне көшуiне байланысты (соның iшiнде әскери бөлiм немесе бөлiмше құрамында) қызметiн ауыстырған жағдайда оларға әскери қызметшiнiң өзiне екi айлық ақшалай үлес және онымен бiрге көшкен әрбiр отбасы мүшелерiне айлық ақшалай үлесiнiң жартысы көтерме жәрдемақы төленедi.

Әскери қызметшiлер мемлекет есебiнен заттай мүлiкпен қамтамасыз етiледi.

Казармалық жағдайдағы мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердiң, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарының, сондай-ақ ұшқыштар, ұшуларды дайындау жөнiндегi инженерлiк құрамның әскери қызметшiлерiнiң қызметтен өту жағдайы ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi.

Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа кеткен кезде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiк сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төленедi

Парашютпен секiрудi әскери кемелерде (катерлерде), әскери-қосымша кемелерде теңiзде қызмет атқаратын, олардың база орындарында дауылға қарсы дайындық барысы кезiнде iс-шараларды жүзеге асыратын, маяктарда вахтада тұратын әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери қызметшiлер әскери кезекшiлiктi атқарған, әскери эшелондарға iлесiп жүрген, дала iс-қимылдары шараларына қатысқан және стационарда емделуде болған кезде осы кезеңге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген норма бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi.

Шалғайдағы аудандарда орналасқан жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), олардың отбасы мүшелерi ақылы азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .

Әскери қызметшiлердiң қалауы бойынша (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) оларға киiм-кешек орнына ақшалай өтем төленуi мүмкiн.

Бiр жолғы өтемдi төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Әскери қызметшi қызметiн атқару (жиын) кезiнде не қызметтен өту кезеңiнде алған жарақат (контузия), ауру салдарынан қызметтен  босағаннан кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлерiне (мұрагерлiкке құқығын дәлелдейтiн куәлiгiн табыс еткеннен кейiн) соңғы атқарған қызметi бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) күнiне дейiнгi бiр жолғы өтемдi алпыс айлық ақшалай қаражатының мөлшерiнде төлейдi.

Әскери жиынға шақырылып, әскери қызметтен өту кезiнде қаза тапқан немесе мертiгу (жаралану, жарақ алу, контузия), ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлер, әскери мiндеттiлер әскери қызмет (әскери жиын) өткiзiлген жерде немесе олардың туған-туысқандарының қалауы бойынша басқа жерде жерленедi. Мәйiттi жеткiзуге әзiрлеумен, мәйiттi жеткiзумен, жерлеумен, құлпытас дайындаумен және оны орнатумен байланысты барлық шығындар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде әскери қызметшiлер, әскери қызметке шақырылған әскери қызметке мiндеттiлер әскери қызметтен өткен (жиында болған) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың есебiнен жасалады.

Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген ережелер әскери қызметтегi шектi жасқа жетуi, денсаулық жағдайы бойынша немесе штат қысқартылуына байланысты әскери қызметтен босатылған, әскери қызметiнiң жалпы ұзақтығы 25 және одан да көп жыл болған азаматтарға, сондай-ақ әскери қызметiнiң жалпы ұзақтығына қарамастан соғысқа қатысқандарға қолданылады.

Әскери қызметшiнiң әскери қызметтен өту кезеңiнде немесе әскери қызметтен өтуге байланысты контузия, мертiгу, ауыру салдарынан әскери қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiгi анықталған жағдайда бiр жолғы өтем:

     I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты;


     II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты;
     III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде төленедi.

      Әскери қызметшiлер, әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқпайтындай қатты мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) ретте оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты; жеңiл жарақат алған ретте жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.

      Егер өлiмнiң себебi өзiне-өзi қол жұмсаудан болғаны, өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, сондай-ақ егер қаза (өлiм), жаралану, контузия, жарақат алу, мертiгу адамның заңға қайшы iс-әрекетiнен немесе алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан мас болу себебiнен немесе өзiне қандай да бiр жарақат түсiру (денесiне зиян келтiру) арқылы болса және бiр жолғы өтем алу немесе әскери қызметтен жалтару мақсатымен өз денсаулығына өзгедей зиян келтiрсе, бiр жолғы өтем төленбейдi.

      Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери (арнайы) оқу орындарының стипендия алатын курсанттарына, әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттiге мынадай жағдайларда:


      осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделгендей жағдайда - 500 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделгендей жағдайда:
      I-топтағы мүгедекке 250 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      II-топтағы мүгедекке 150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      III-топтағы мүгедекке 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      осы баптың жетiншi бөлiгiнде көзделгендей жағдайда: ауыр жарақат үшiн 12 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жеңiл жарақат үшiн 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiр жолғы өтемдерi төленедi.

      Мемлекет әскери қызметшiлерге мемлекеттiк органдардың, меншiк түрлерiне қарамастан кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң, сондай-ақ лауазымды адамдардың


      қылмыстық және өзге де жауапкершiлiкке заңсыз тартуы;
      тыйым салу жазасы ретiнде қамауға алуды заңсыз қолдануы;
      заңсыз соттауы;
      оның өз мүлкiн бүлдiруi, жоюы немесе жоғалтуы;
      денесiне зақым келтiруi;
      қызметiн немесе әскери атағын заңсыз төмендетуi;
      құқықтарынан, жеңiлдiктер мен артықшылықтардан заңсыз айыруы;
      шарт ережелерiн сақтамауы салдарынан келтiрiлген моральдық және материалдық нұқсанды өтеуге кепiлдiк бередi. 

2. Әскери адамдармен және олардың отбасымен әлеуметтік жұмыс технологиялары олардың әлеуметтік жағдайларымен және отбасындағы әлеуметтік мәселелердің тереңдігімен, әскери қызметте болу ұзақтығымен, әскерге шақырылған контингент деңгейімен ерекшеленеді.

Әрине, жедел қызмет солдаттары және олардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыс технологиялары ерекше мамандық иелері солдаттарымен жүргізілетін жұмыстан ерекшеленеді. Себебі, жедел қызметтегі солдаттарға қаржылай көмек аз көрсетіледі, казармаларда отбасыларынан алыс тұрады, ал ерекше маман иелерне (музыканттар, спортсмендер) әскери қызмет жасау уақытында нақты ақшалай, материалды көмектер көрсетіліп отырады.

Әскери қызметкерлердің жандарында әрдайым бір адамдар тобы, әскери қызметтің монотонды жағдайының болуы, олардың құқықтарын қорғауды, тәрбиелі-адаптациялық және мәдени - рекрациондақ шараларды өткізуді қажет етеді.

Әлеуметтік жұмыстың мақсаты әскери адамдардың физикалық және психикалық күштерін қалыптастыру, олардың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне корректировка жасау, басқа адамдармен еріксіз қарым-қатынасқа түскендіктерінен олардың шыдамдылығын арттыру: әскери қызметке тиесілі субординациялық байланысқа теңдік элементтерін еңгізу.

Әскери адамдармен әлеуметтік жұмыс Қарулы күштер жағдайында, сонымен қатар жалпы қоғамда жүргізіледі. Әскерде әлеуметтік көмекті тек командирдің төрағаларына тісті деген пікір мүлдем дұрыс емес. Әрине ең алдымен осылар әлеуметтік көмекті ұйымдастыруы қажет, алайда сонымен қатар әлеуметтік қызметті әскери психологтар, заңгерлер, әскери-медициналық мекеменің мамандары ат салысады. Сонымен қоса, қатар командирлері мен кез-келген ранг басқарушылары да өздерінің компетенцияларына қарай қатардағы жауынгерлер мен олардың отбасыларына әлеуметтік қорғаншылық жасаулары қажет. Ең басты мәселелерге – заңда көрсетілген тараптармен сәйкес, әскери қызметтегі адамдардың денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне зиян келтірмейтін адам құқықтары мен көрсетілетін жәрдемақыларды сақтау жатады.

Ең маңыздысы әскери қызметте «туыстық» және «жерлестік» қарым-қатынас сияқты формальды емес байланыстарды жою болып табылады.

Өкінішке орай осындай көріністерді түбірімен жою мүмкін емес, ол үшін:



  • жалпы қоғамдағы моральды-психологиялық климатты өзгерту керек;

  • қатаңдық культын жою қажет;

  • кримоногенді деңгейін төмендету қажет;

  • қылмыстық өткен өмірі барлардың әскерге шақырылуын тоқтату қажет;

  • психикалық және психологиялық ауытқушылығы бар адамдарды әскерге жібермеу;

  • әскери қызмет пен офицерлердің авторитетін жоғарылату.

Алайда қазірдің өзінде әскери қызметкерлерді қорғау шараларын жүзеге асыру мүмкіндіктері бар:

  • әскери ұжымдағы әлеуметтік бақылауды жақсарту;

  • солдаттар, кіші командирлер және офицерлер арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру;

  • әскери қызметкерлерге қысым көрсетілген жағдайда қатаң санкцияларды қолдану.

Осыған орай Қарулы күштердегі қылмыстық жағдайды құпия күйінде сақтап қалуды жою қажет, әскери қызметкерлерді құқықтық статустары туралы ақпараттандыру, осы құқықтарды қолдану механизмін үйрету, жағдайлар мен нақты конфликтілер болған жағдайда кеңес беру.

Жедел әскери қызметтегілерге көптеген жәрдемдер көрсетіледі, тіпті әскери қызметтен асыраушының қайтып келуіне дейін, мысалы, әскери қызметтегі адамның отбасына минимальды жалақының 1,5 көлемінде жәрдемақы төленеді, осы туралы әлеуметтік қызметкер ақпараттандырып ары қарай жәрдемақыны тағайындауға көмектеседі. өкінішке орай бұл жерде жәрдемақыны жергілікті органдар төлегендіктен, әрдайым жәрдемақы уақытында беріліп отырмайды, сол кезде әскери қызметтегі адамдадардың отбасыларына ақшалай және материалды түрде көрсетілетін арнайы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады ( тамақ өнімдері, киім, жылу, шикізат және т.б.). Осындай отбасылар уақытша толық емес отбасылар болып тіркеліп, осыған орай әлеуметік қызметкерлер осы отбасының әйеліне жұмысқа орналасуына, балалардың бала бақшаға, мектепке орналасуына, психологиялық көмек көрсетуіне көмектеседі.

Әскери қызметтегі адамдардың зейнеткерлік жастағы ата-аналарымен әлеуметтік жұмыс басқа қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс әдістерімен сәйкес келеді.

Әр түрлі құрамға жататын әскери жалдамалы адамдардың негізгі мәселелері ( офицер, прапорщик, старшина және солдат):



  • аз қамтылған;

  • бала тәрбиесі мен білім мәселелері;

  • әскери қызметкер және оның отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайының нашарлығы;

  • тұрғын-үй мәселесі;

  • әскери адам әйелінің жұмыспен қамтылуы және әлеуметтік жағдайы.

Әскери адамдармен әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты әлеуметтік және заңгерлік сұрақтар бойынша жан-жақты қолдау көрсету.

Әскери адамдармен әлеуметтік жұмыстың басты функцияларына төмендегілер жатады:



  1. әскери адамдардың балаларымен жүргізілеін әлеуметтік-педагогикалық көмек;

  2. конфликтіні шешу мақсатында әлеуметтік коммуникацияны дамыту (конфликтологиялық процедуралар, делдалдық технологиялар, әңгімелесу арқылы топтық терапиялар, ойындар және т.б.);

  3. психологиялық тренингтер, психотерапия, психокоррекция ;

  4. әлеуметтік – экономикалық көмек көрсету;

  5. отбасылық кеңес беру және отбасылық терапия;

  6. әскери адамдарды оқыту және қайта даярлау;

мәдени бос уақытты ұйымдастыру.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет