Рецензенттер


Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)



бет15/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   95
Байланысты:
МФТ книга
То санды жиынты ба алауды спецификациясы « аза дебиеті» (1)
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

    1. Көздің сыну ортасына не жатады?

    2. Көз рефракциясы дегеніміз не?

    3. Көз рефракциясының қандай ауытқушылықтарын Сіз білесіз?

    4. Аккомодация дегеніміз не?

    5. Рефракция ауытқушылықтарын коррекциялау қалай жүргізіледі?

    6. Көзілдіріктік оптика қалай жіктеледі?



Тақырып №10. Залалсыздандыру-дистлляциялау аппараттары


Мақсаты: Студенттерді залалсыздандыру-дистлляциялау аппараттарымен таныстыру.


Дәріс тезистері: Залалсыздандырғыш (стерилизатор) немесе бактериядан тазартатын жабдық – функционалды және конструктивті ерекшеліктеріне, залалсыздандыру тәсіліне байланысты түрлерге бөлінетін микробиологиялық залалсыздандыруға арналған қондырғы. Залалсыздандыру агентіне байланысты келесідей бөлінеді:
- бумен, залалсыздандыру агенті – қаныққан су буы қысымымен;
- ауамен, залалсыздандыру агенті – ыстық ауа;
- газды, залалсыздандыру агенті – газ, қалыпты температурада залалсыздандыру қасиетіне ие.
Бумен және ауамен залалсыздандыру кеңінен тараған тәсіл. Бумен залалсыздандыру – қақпақпен герметикалық тығыз жабылған камера ішіне бугенратордан бу жіберіледі, бу алатын қондырғы. Көптеген залалсыз-дандырғыш аспаптарда өзінің бугенраторлары болады (буавтономды залалсыздандырғыш), бірақ үлкен залалсыздандырғыштар орталық қазандықтан бу алады. Залалсыздандыру жасалатын материалмен құрал-жабдықтарды залалсыздандырғыш қораптарға (бикстерге) салып, залалсыздандыру камерасына орналастырады. Залалсыздандыру камерасының көлемі 10-нан 560 дм3 көлемі үлкен камералар үнемді болады.
Электрлі залалсыздандырғыштар екі негізгі бөлшектен тұрады: залалсыздандырғыштың өзі, камерасы негізгі қаңқаның үстінде орналасқан және бугенраторда негізгі қаңқаның төменгі бөлігінде орналасқан. Қаңқаның шетіне электроқондырғы мен басқару пультінің жәшігі жапсырылған. Бугенратор қысым мөлшерін бақылайтын монометрмен, қазандықтағы қысым 2атм. Жоғарыласа, сақтандырғыш қақпақшамен және толған кезде су мөлшерін көрсететін сукөрсеткіш әйнекпен жабдықталған, су көрсеткіш түтік жоғары жағынан шүмек пен шұңқырмен жабдықталған, егер ол суәкелгіш магистральмен қосылмаса, қазандыққа сол арқылы су құйылады. Қазіргі заманғы залалсыздандырғыш аспаптар, соның ішінде ГК-100 моделінде, қазандық монометрі электржанасқан, яғни берілген қысымға жеткенде электроқыздырғышты өшірумен қазандықтағы қысымды реттейді. Осы жағдайда қысым мен температура залалсыздандырғыш камерасында автоматты түрде ұсталады, ал залалсыздандырғыш камера бақылау монометрімен жабдықталған.
Портативті залалсыздандырғыш ГР-10 шағын емдеу мекемелерінде шприцтер мен инелерді және басқа құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға қолданады. Камера көлемі 10 дм3. Цилиндрлі камера тікбұрышты корпусқа салынған, жоғары қақпағында бақылау приборы орналасқан. Камераның төменгі бөлігінің ішінде 1кВт қуаттылығы бар электроқыздырғыштар орналасқан. Әрбір залалсыздану циклінің алдында камераға 50 мл тазартылған немесе дистилденген су құйылады. Құрал-жабдықтарды 2 тесілген торға – лотокқа салынады. Содан кейін залалсыздандырғыштың қақпағын жауып, аппаратты қосу керек. Залалсыздандыру циклі автоматты түрде №1 режим бойынша өтеді (температурасы 1320C 20 мин. уақыты).
Аумен залалсыздандырғыш, бумен залалсыздандырудың болмаған кезде қолданылады, бумен залалсыздандыру кезінде зат ылғалданады. Құрғақ ыстық ауамен залалсыздандыру кезінде, жоғары температура мен 60мин.дейін уақыт қажет. Ол хирургиялық аспаптарды, инелер мен шприцтерді, стомотологиялық, гинекологиялық аспаптарын залалсыздандыруда қолданады.
Аквадистилляторлар дистилденген және пирогенді су алуға қолданады, соңғысымен ине егу мен шаншуға арналған ерітінділерін жасауда қолданады. Аквадистилляторлар алдын айдау аппараты деп аталған, ұшпайтын қоспадан тазарту немесе дистилляция процессінің негізінде суды қыздыру, қайнатады және буды кондексациялайды, суды суытады. Айдау прцессі бір немесе екі реттік болады, соған сәйкес аппараттар бір баспалдақты немесе екі баспалдақты болады.
Электрлі аквадистилляторлар ДЭ-4-2 емханалар, дәріханалар, зертханалар мен басқа мекемелерде дистилденген су алуға қолданады.
АЭВ-10 аквадистилляторы – апирогенді дистилденген су алуға арналған, өнімділігі 10дм3/сағ, шаншуға арналған ерітінді жасауда негізгі құрылғы болып есептеледі.
Аквадистиллятор отты, жандырғышы орнатылған, ДГС-10, қатты отындармен жұмыс істеуде қолданады. Сиымдылығы 40 дм3, өнімділігі 10дм3\сағ, дистиллятор қақпашасындағы судың оптимальды деңгейі. Массасы 100кг. Жандыруға арналған қалақ және кесумен жабдықталған.
Тұшы немесе дистилденген су жиынтығы, асептикалық жағдайда суды жинау мен сақтауға арналған. Аквадистиллятордан бөлек және бір комплексте шығарылады. Цилиндрлік ыдыс, суөлшегіш әйнекпен жоғары жағында диаметрі 12мм штуцермен жабдықталған, оған айдау аппаратынан келетін резеңке түтік киілген. Түтік қысқышпен жабылып, аппараттан бөлектенеді. Жоғары жағында жиынтық Петрянова матасынан жасалған қақпақты сүзгішпен жабылған, 3тәулікке дейін суды асептикалық жағдай да сақтауды қамтамасыз етеді. Жиынтыққа артық (1м2) мата беріледі. Ине егуге арналған .
Суды жинаушылар, суды сақтау мен залалсыздандыруға арналған. 2 түрлі болып шығарылады: СИ-40 және СИ-100. Сиымдылығы 40 және 100 дм3. Дистилденеген су жинағышқа қарағанда, суды 90+100С дейін ысытуға арналған құрылғысы бар, залалсыздандыру мақсатында.
Детерминерализаторлар – өнімділігі 200 л\сағ. Тұшы су алуға арналған стационарлы құрылғы, арнайы тапсырыс бойынша шығарылады. Құрылғы суды тұздан ионалмасу тәсілімен тазартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет