Реферат тақырыбы: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»



бет2/6
Дата10.11.2023
өлшемі39,67 Kb.
#190724
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жусип баласагун (копия)
Документ (копия) (копия), сыни ответы
Күнтуды – «идеал» патша


«Ол – Күнтуды әлемге аты мәлім,
Даңқы мәлім, құты мен заты мәлім.
Құлқы түзу, жаны мәрт өмірі ұдай,
Көзі қарақты, сөзі шын, көңілі бай.
Білікті бек, ойы ұшқыр, ғадал еді,
Жаманға – өрт, жауына тажал еді.
Және жайсаң, мейірімді асқақ ер-ді,
Атақ-даңқы күн сайын асқан ер-ді.»
деген өлең жолдарымен Күнтуды бектің дастандағы терең философияға толы, сан қилы билік жолы осылай басталады.
Әділдік деген не? Әділ патша қандай болуы тиіс?
Әділдік – бұл ең алдымен «шыншылдық». Әділдік — ізгіліктің ірге тасы. Әділдік – әр нәрсені өз дәрежесінде ұстау, адамның хақысына кірмеу, ақиқат жолында болу деген ұғымдармен үйлеседі.
Әділ патша – осының бәрін өз бойына сидыра білген тұлға.
Күнтуды әділдіктің туын ұстаған, кісілікті ұрандаған бек. Ол ел билеген заман – жайнаған заман болды:
«Дана, білгір бек болды бір заманда,
Сол кез әлем жайнап тұрды һәманда.
Бұ – Күнтоғды белгілі еді, ал енді
Бағы жанып, шарлады аты әлемді.»
Деген өлең жолдарынан оның елді шебер басқара білгенін толық сеніммен айта аламыз. Әділ, кең пейіл, сөзі таза, ынтасы мен саясаты қабысқан бек болды.
«Ынта, жігер ер жігіттен табылсын,
Іске жаман оның жолы жабылсын.
Ынта, жігер кісілікке керек қой
Ер қадірі соған қарап танылсын »
Күнтуды бек өте алғыр, көреген, дана болды. Бар асыл қасиетті бойына жинаған бек. «Патша қандай болу керек?» деген сұрақтың жауабы Күнтудының бойында тұрғандай. Әр нәрсенің терең мағынасын ұға білген және өзгелерге ұқтыра білген патша.
«Әділ ісі кең пейілге сай еді,
Сөзі таза, көз-көңілі бай еді.
Білімді бек, сергек барлық кездерде,
Жауға – зауал, от боп тиді ездерге.
Өр көңілді, ер жүрек боп ерледі,
Әділ іспен әр күн сайын өрледі.
Ел басқарды ылғи ойлап табысты,
Ынтасы мен саясаты қабысты.»

Күнтудының бар қылығы сай болып, өзі билеген жұртына әлемге күн, ай болып жарқыраған. Зерделіні жайлап, жақын тартты. Білімдарды бас жұмысқа сайлады. Ақылды мен білімділерді сараптап, өзіне жақын ұстады.


Елін сергеқ басқарған сақ бек болды:
«Сақ, сергекті мақтап халық «ұтты» дер,
Бейқам жүрген мың түменді жұтты жер.
Қалма ғапыл, сақ жүргенің оздырар,
Бейқамдығың екі өмірде аздырар.
Қамсыз адам со мінезден табады:
Жау келгенде, сол өмірем қабады.
435. Тыңда: депті әлем билеп тұрған ер,
Сақ жүрумен кейін жауын ұрған ер:
«Елін патша сақ жүргенде сақтайды,
Сақ жүруді шариғат та жақтайды.
Бейқам адам ұйықтап өтер бекерге,
Болма қамсыз, сақтану шарт тек ерге».
Патша сақ боп, пайда көрді қол асты,
О пайдасы татулыққа жол ашты.
Халық байып, ел де мінді қуатқа,
Қой мен қасқыр бірге барды суатқа.»
Деген жолдардан Күнтуды бектің ел билеген уақыты «қой үстіне бозторғай жұмырқалаған заман» болғанын еш шүбәсіз көре аламыз. Тіпті, қой мен қасқыр суатқа бірге барған деген теңеулер жазылған. Күнтуды бектің сақтығы басқалар үшін татулыққа жол ашты.
Оның жақсылығын бүкіл дүйім жұрт көрді. Даңқы әлемді шыр айналып үлгерді. Шартарапқа тарады. Күннен күнге бағы өсті, ақылы өсті. Есімі әркімнің дұғасына қосылды.
Күнтуды – құлқы түзу, жаны мәрт, сөзі шын, көңілі бай, білікті, ойы ұшқыр, асқақ ер еді. Саясатты құштарланып жүргізді, ал сол құштарлығы парасатқа ұласты. Күнтудының тұсында елге бірлік келді. Тәртіп орнады. Жұрт байыды. Халық оны пана тұтты, пір тұтты. Бәзбіреуер тіпті есігін сүйіп жүріпті. Елдің ісін кісілікпен атқара отырып, бектіктен қанша бақ тапқан патша.
«Жақсылығы тиіп күллі халқына,
Жер – жаһанға жайылды күш, даңқы да.
Аты шығып, дұға қылды әулеті,
Күн-түн санап ұлғайды атақ, дәулеті.
Жаһан халқы естіп, оған шұбады,
Тиер ме деп, мерей, бақыт шуағы.
Жаһан көрді, құты тасып көктеді
Қозы лақпен бірге өрді көк бөрі.»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет