Реферат тақырыбы: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»



бет4/6
Дата10.11.2023
өлшемі39,67 Kb.
#190724
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жусип баласагун (копия)
Документ (копия) (копия), сыни ответы
«Тілсіз - өлік» дегенді еске түсіргін!
Тілсіз кісі екі-ақ түрлі, білерсіз –
Бірі-сақау, бірі-надан жігерсіз.
Сақау - тілі сөзге кенде, анық тас,
Біліксіздің тілін тыйған жөн болар,
Білімдінің сөзін жиған жөн болар.
Білімдінің сөзі жерге сумен тең,
Су келген жер гүл көмкерген ну көркем.
Білімдінің нұрлы сөзі сарқылмас,
Тұнып аққан бұлақ көзі тартылмас.
Білімділік – шым бүркеген бір ұйық,
Бұрқырар су, аяқ бассаң, құйылып.
Білімсіздің көңілі – құм, құнсыз шөл,
Шөп те шықпас, тойып бермес құйсын көл!
Шынымен де, тілсіз адам тірі өлік секілді. Өмірде тағдырдың қаталдығына ұшыраған тілсіздер болады, дүниеге мүгедек болып келген немесе қайғылы себептердің кесірінен тілсіз қалғандар. Ал, екіншісі он екі мүшесі сау болса да, мүгедек құрлы болмайтын, надан, білімсіз жандар. Сақаудың тілі сөзге кенде екені анық, ал білімсіздің тілін тыйған жөн. Білімсіздің көңілі, айтқан сөздері шөп те шықпайтын құнсыз шөлмен тең.
Білімдінің көңілі көл-дария. Оның сөзі жерге су секілді, бар жерді гүлге көмкертіп көркейтетіндей. Білімдінің сөзі сарқылмайды, бұлақ көзіндей тартылмас.
Сөздерінің бірі – қоқыс, бірі – қақ болған наданды жұрт тілсіз малға теңер. Білімсізден тек бос сөз шығар, ал білімділер одан түңіліп «малға» теңер. Желбуаз сөз қаңғыған ойсыз басқа кеп түсер. Оның қара құлқы текке лағып бос сөйлеген, қара басын сондай лақпа сөз жеген. Тегінде көпірме сөз басқа пәле төндірер. Надан тойса семіріп, құр сөзден күйіс қайырар. Ақылды адам жан семіртер, ой семіртер. Тән семірткен адамға нәр ауыздан сіңсе, жан семірткен адамға сөз құлақтан кіреді.
Жүйелі сөз – ұлылық, әр адамның құзырын өсірер. Сөздің қуаты адамды ел төріне шығарады, көкке самғатады. Ақылды сөз – алысқа ататын жебе секілді, бұлтақтамай тиер жерге көздеген.
Күнтудының сөз жайында айтқан нақыл сөзінде жақсы сөйле, бағамдап сөйле, сұраса ғана айтып, қысқа ғана тамамда дейді. Көп сөз сөйлемей, керсінше, сөз тыңда дейді. Егер айтар болсаң, сөзіңді білікпен түзіп, ақылмен айт дейді.
«Айтар сөзді сайлап алғын ақылмен,
Жауабың дөп, қатар түссін нақылмен
Көп тыңдай біл, аз сөйлеп, тез түсіндір,
Ниет қойып, ой мен сезім күшін біл.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет