Реферат тақырыбы: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»



бет5/6
Дата10.11.2023
өлшемі39,67 Kb.
#190724
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жусип баласагун (копия)
Документ (копия) (копия), сыни ответы
Күнтуды бектің Одғұрмышқа берген ақыл-кеңесі
«Жақсы адам өз пайдасын қоя тұрар,
Басқаның пайдасы үшін жанын ұрар!
Кісіде бауыр болсын езілетін,
Жақсыға, Жаманға да сезілетін!»
Тірі адам пайдалы іс қып – бөле көрсін,
Басқалар пайдасы жоқ өле берсін!
Жақсылар өзгелерге пайда қылар, –
Халықтың тоқтығы ғой енді бұлар!
3210. Кейбір құл құр табынып жортақтайды,
Тәңірдің сеніміне жол таппайды.
Алланы қуантарға бусаң белді, –
Әуелі қуантып ал момын елді!»
«Айтқандарымнан ой тұжырымдап керегін өзіңе ал» деп сөзін бастайды. Нақыл сөздері келесідей: Бар үйренген біліміңді іске асырып, халыққа еңбек сіңір. Білмесең , білім жолын қу ,үйрен.
«Табынсаң – білім оның нәрі есепті,
Білімде – ашар кілт әр есікті.
Табынса - түмен алғыс білімді ерге,
Білімсіз қалады тек қарап жерге.
Білімсіз табынар-ау, ол – бір надан,
Тек жатса білімділер – артық одан!»
Егер құлшылық қылсаң, оған терең бойла, ешқашан оны көпсінбе. Жақсы адам кұлшылығын асырады, алайда құлшылық еткенін ешкімге көрсетпейді, жасырады. Ер адам кез-келген істі білдірмей жасайды, ғибадатын да көрстепейді. Ғибадат жүз жыл қылсаң да, «аз» болар. Ешқайда қашпай қалада құлшылық қыл. Сонда ғана ізгіліктің жолын ашып берерсің. Ақыл үйретіп халыққа пайдалы бол, туысқа бауырмал бол жақындасып! Жетім, жесір, ақсаққа көз сап жүр, соқыр, мешел көзден таса қалмасын. Кем-кедейге молынан мал тарат, жәрдем керек жандарға көмек бер. Бұл айтқан қызыметтер – діни әдет, табатын жан рахат. Сен жалғыз бәрін қойып өмір сүрдің, Ораза, намаз ұстап, босқа жүрдің.
Ораза, намаз – өз пайдаң болса да, тек тасбауыр адам ғана бас пайдасын ойлар. Жақсы адам өз пайдасын қоя тұрар, басқаның пайдасы үшін жанын ұрар! Әр адамның бауыры жақсыға да жаманға да бірдей езілуі қажет. Тірі адам пайдалы іс қылу керек, жақсы адам болсаң, өзге үшін де пайда қыларсың. Кейбір құл құр табынып жортақтайды, ал бұл тәңірдің сеніміне жол таппайды. Алланы қуантқың келсе, ең алдымен қарапайым халықты қуантуың қажет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет