Реферат тақырыбы ːорман Орындағанː тобыː лр 102 Қабылдағанː а ш.ғ. м., аға оқытушы мазмұНЫ


Суарылатын жерлерде қорғаныс орман жолақтарын өсіру ерекшеліктері



бет5/9
Дата29.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#160376
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
реферат
ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), Tarih9, Tarih9, англ рк, ict, TapScanner 10-03-2023-21꞉22, Biologiya-kaz, Mat-sauattyly - az, СӨЖ 2023 (1)
2 Суарылатын жерлерде қорғаныс орман жолақтарын өсіру ерекшеліктері
Қазіргі кезде топырақ эрозиясымен күресу және олардан алдын ала сақтандыру бір-бірімен өзара байланысқан және бір-бірін толықтыратын келесі шаралар арқылы жүргізіледі: ұйымдастырушылық-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиоративтік және гидротехникалық.
Ұйымдастырушылық-шаруашылық шаралар топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын шараларды дұрыс қолдану негізі болып табылады. Бұл шаралар жел пайдалану аумақтарында болатын процестерін физикалық және биологиялық заңдылықтарын ескере отырып, жарамды жерлерді пайдалану бойынша экономикалық тиімді шешімдерді беруі қажет.
Ауылшаруашылық жерлер мен ауыспалы егістерді орналастырудың физикалық негізі ретінде А.С.Козьменко (1963) жер аумақтарын су жинауы бойынша 3-ға бөлуді ұсынады:

  • су айрық маңындағы - 2-3°-ка дейінгі еңістікті, шайылмаған және әлсіз шайылған топырақтары бар, негізгі ауыспалы егістерді орналастыру үшін;

  • жүйе маңындағы - еңістігі 8-10°-ңа дейін, орташа және қатты шайылған топырақтары бар, топырақ қорғайтын ауыспалы егістері орналастыру үшін;

  • гидрографиялық жүйе - еңістігі 8-10°-тан астам, шайылған жағалауларда орман өсіру, өзен аңғары мен құрғақ өзектерде егіс ретінде немесе шабындың түрінде пайдалану үшін.

Жер пайдалану құрылымын төмендегі ауылшаруашылық жерлердің 3 негізгі топтарының сипаттамасы толық бейнелейді:

  1. Жер өңдеуде қарқынды пайдаланылатын және жыл сайын өңделетін жерлер.

  2. Өңдеу мүмкіндігі шектелген жерлер.

  3. Ауыл шаруашылық пайдалану үшін жарамсыз жерлер.

Әрбір топ ары қарай топшаларға бөлінеді. Қарқынды пайдаланылатын жерлер 1-ші топ 4 топшаға бөлінеді

  1. Еңістігі 1,5°-ңа дейінгі су айрықта орналасқан жерлер. Олар су және эрозиясына ұшырамаған. Бұл жерлерде кез келген танаптық ауыспалы егістер орналастырады. Эрозияға қарсы агротехникалық шаралар мен егіс қорғайтын орман жолақтарын өсіру егістердің микроклиматын жақсарту және топырақты жел эрозиясынан сақтандыру мақсатында қолданылады.

  2. Әлсіз эрозияға ұшыраған 1,5-дан 3°-қа дейінгі еңістікті беткейлердің су айрық маңындағы жерлері. Эрозияға қарсы күрделірек агротехникалық шаралар жүргізуді және топырақтарды су эрозиясын қорғау мақсатында су реттейтін жолақтарды өсіруді қажет етеді.

  3. Орташа эрозияға ұшыраған жер бетінің еңістігі 3-дан 5°-қа дейінгі жерлер. Оларда эрозияға қарсы агротехникалық шаралардың толық жүйесін қолдану керек. Бұл шараларға көп жылдық шөптесін өсімдіктерді өсіретін эрозияға қарсы ауыспалы егістер, беткейлерде көлденең орналасқан ауыспалы егіс танаптарын жолақтап орналастыру. Топырақтың су эрозиясына қарсы су реттейтін орман жолақтарын өсіру

  4. Егіс танаптары аумақтарының 5-7° аралығындағы еңістерде қатты эрозияға ұшыраған, жылғалар және су қазындыларымен тілімделген жерлер. Танаптар ұзын жағымен беткейге көлденең орналасуы тиіс. Ауылшаруашылық дақылдарын беткейде жолақтап орналастыру, көп жылдық өсімдіктері бар ауыспалы егістерді, эрозияға қарсы толық агротехникалық шараларды қолдану, су реттейтін орман жолақтарын өсіру қажет.

Өндеу мүмкіндігі шектелген II топтағы жерлер бір топшадан тұрады. Олар күшті жел және су эрозиясына ұшырап, 7-12° еңіс жерлерде орналасады. Бұл жерлерде бір жылдық егіс дақылдарын тұрақты өсіру жарамайды. Оларда шөптесін өсімдіктері бар ауыспалы егістік қолданылады. Топырақтың су эрозиясын әлсірету үшін су реттейтін және құрғақ арналар маңындағы орман жолақтары өсіріледі.
3-ші топтағы жерлер 4 топшаға бөлінеді.

  1. 12-18°-тық беткейлерде орналасқан жерлер. Олар топырақ қорғайтын ауыспалы егістер ретінде қолдануға жарамайды. Эрозияға қарсы шаралары қолдану негізінде шабындықтар мен жайылымдар ретінде бөледі. Құрғақ арналар маңындағы орман екпелері сияқты қорғаныш жолақтарын өсіреді.

  2. 18-25°-тық беткейлерде орналасқан жерлер. Реттелген мал жайылымдары ретінде қолданылады. Құрғақ арналарда қорғаныш орман жолақтарын өсіруге болады.

  3. 25-45°-тық еңістегі учаскелер. Оларды орман алқаағаштары үшін игеруге болады.

  4. 45°-тан астам еңістегі учаскелер. Жыралар маңы және жыра алқаағаштарын өсіру үшін қолданылады.

Жер аумақтарының жоғарыда қаралған топтары мен топшалары эрозиялық процестерге әртүрлі дәрежеде ұшыраған, осы топтар ауыл шаруашылығындағы жерлерді пайдалануды тиімді жобалауға мүмкіндік береді.
Жобалаған ауыспалы егістер аумақтарын ұйымдастыру кезінде егіс шекаралы мен жолдарды орналастыруға аса көңіл бөлу қажет, себебі олардың бойына орман жолақтары өсіріледі. Жазық жерлерде танаптардың ұзын жақтарын зиянды желдер бағытына перпендикулярлы орналастыру керек. Тармақталған жер бедеріне жер бетімен су ағады. Оларда танаптардың ұзын жақтарын беткейге көлденең бағытта немесе горизонтальдар бойынша орналастырған дұрыс. Кейбір жағдайларда танаптардың төртбұрышты пішіндерінен бас тартуға тура келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет