Реферат тақырыбы ːорман Орындағанː тобыː лр 102 Қабылдағанː а ш.ғ. м., аға оқытушы мазмұНЫ



бет7/9
Дата29.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#160376
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
реферат
ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), Tarih9, Tarih9, англ рк, ict, TapScanner 10-03-2023-21꞉22, Biologiya-kaz, Mat-sauattyly - az, СӨЖ 2023 (1)
Орманмелиоративтік шаралар. Эрозияға қарсы өсірілген қорғаныш орман алқаағаштары аумақтардың су және жел режимін жақсырып, бірқалыпты қар тоқтатуды және қар еруді қамтамасыз етеді. Олар жер үсті сулар ағыстарын баяулатып, ылғалдың қосымша сіңірілуін қамтамасыз етеді және жоғары жерлерден келген үйінділерді тұндырып, агротехникалық шаралардың эрозияға қарсы рөлін арттырады.
Қорғаныш орман екпелері өзінің мақсаты мен орналасуына байланысты беткейлердегі су реттейтін орман жолақтары, құрғақ өзен маңындағы және жыра маңындағы орман жолақтары болып бөлінеді.
Су реттейтін орман жолақтары - қордың бірқалыпты тоқталуына, жер бетімен су ағуды тоқтатуға және реттеуге әсер етіп, топырақтардың шайылуы мен жуылуын азайтады.
Су эрозиясына ұшыраған жерлерде су реттейтін орман жолақтарын ағыс бағытына көлденең орналастырады. Сол кезде ағып келе жатқан су орман екпелеріне түзу бұрышпен кіріп, жолаң бойымен аға алмайды. Сондықтан оларды беткейге көлденең, шамамен горизонталь бойында орналастырады.
Су реттейтін жолақтар арасындағы ара қашықтық мына мөлшерден аспауға тиісті: кәдімгі және оңтүстік қара топырақтарда - 400 м, қара қоңыр топырақтарда - 300 м. Тіктігі 4°-дан астам беткейлерде жолаң арасын 200 метрге дейін азайтады.
Профессор Сус Н.И. (1966) эрозияға қарсы орман жолақтарының енін анықтауда беткей пішінін есепке алуды ұсынған: сумен күштірек шайылатын беткейлердің деңес жерлеріне ені кең орман жолақтарын, ал ойыс жерлерде -ені тар жолақтар өсіріледі.
Жобалаулар кезінде жалпы нұсқаулар арқылы ені 15 метрден аспайтын су реттейтін орман жолақтарының құрылымы тығыз немесе селдір болады. Орман жолақтарының су реттейтін қасиеттерін арттыру ағаш және бұта тұқымдастарын дұрыс таңдау арқылы да жүргізілуі қажет. Суды жақсы сіңіретін өсімдіктерге - құрамында терең тамыр жүйелері бар тұқымдастар (емен, майқарағай, теректер) және жоғары ылғал сіңіруші борпылдақ жамылығы құратын тұқымдастар (жеке ағашы, шаған, үйеңкі, үшқат) жатады.
Су реттейтін орман жолақтарына міндетті түрде бұталар отырғызылады (20- 25%), олар екпелердің шеткі қатарларында орналасады. Су реттейтін жолақтардың эрозияға қарсы ролін арттыру үшін өсірілетін екпе шеттерінде топырақ үйіп бекіту немесе шеткі қатар араларында үздік жыра-траншеяларды құру жүргізіледі.
Орман жолағының шетінде топырақ үйіп бекіту плантаждық плугтың 2 мәрте өтуі негізінде жүргізіледі. Осы кезде топырақ қабаты жолаққа қарай қайырылады, оның биіктігі 40-50 см-ге тең, орман жолаөтарының шеткі қатарларында орналасқан тереңдегі 100-120 см-ге тең жыра-травшеялардың орны ерекше. Жыралары бар су реттейтін орман жолақтарының су сіңіру касиеті 3-4 есе өседі
Құрғақ өзектер мен жыра маңындағы орман жолақтарын өзен жағалауы мен жыра шеттерін су ағыстарымен жуылуынан және шайылуынан қорғау үшін өсіреді.
Құрғақ өзек маңындағы орман жолақтары эрозияға ұшыраған өзектер жиектеріне, ал жыра маңындағылар - ірі жыралар бойында құлама жерлердің жиегінен 3-5 метрден алыс жерде өсіріледі. Бұл жолақтардың ені 20-30 метрге тең деп алынады. Орман жолақтарын иректетіп отырғызбай, жиектерді барынша түзетуге тырысу керек.
Жыра маңындағы орман жолақтарының шайылу қуламаларына жақын бөлігінде тамыратпалық ағаштар мен бұталардың 1-2 қатарын кіргізеді (қараған, дала шиесі, көктерек, итмұрын). Келесі 3-4 қатарда тең өсетін ағаш тұқымдастарын немесе тамыр атпаларынан жақсы көбейетін тұқымдастарды (қайың, терек, қарағаш, үйеңкі) өсіреді. Ал егістерге жақын қатарларда тамыр жүйелері терең бойлайтын, тамыр атпаларын бере алмайтын, ұзақ өмір сүретін тұқымдастар отырғызылады (емен, жеке ағашы, алма, алмүрт, өрік, түт, қарақат, ырғай).
Құрғақ өзек маңындағы орман жолақтары осы тұқымдастардан өсіреді, бірақ шеткі қатарларға тамыратпалық тұқымдастарды кіргізбейді. Тамыратпалық өскіндер өзектер мен жылғалар беткейлеріндегі шабындықтар мен жайылымдарды бұлдіреді: Бұл орман жолақтарын көбінесе тығыз, кейде селдір құрылымды жасайды.
Құрғақ дала аймағындағы ағаш тұқымдастарының жолақ ортасында орналасқандары ылғалдың жетіспеушілігінен жиі құрайды. Қар жиналу есебінен қосымша ылғалдандыру мақсатында құрғақ өзектер мен жыра маңындағы орман жолақтарын бірнеше тар жолақтардан өсіру ұсынылады. Бұл жолақтарды отырғызу және өсіру жаппай өсіруге қарағанда жеңіл. Беткейлер аумақтары аз жыртылып, топырақтар аз дәрежеде шайылады. Жолан арасындағы ашық жерлерді жоғары өнімді шөптесін өсімдіктерді себу үшін пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет