Реферат тақырыбы ːорман Орындағанː тобыː лр 102 Қабылдағанː а ш.ғ. м., аға оқытушы мазмұНЫ



бет3/9
Дата29.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#160376
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
реферат
ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), Tarih9, Tarih9, англ рк, ict, TapScanner 10-03-2023-21꞉22, Biologiya-kaz, Mat-sauattyly - az, СӨЖ 2023 (1)
Суаруға арналған судың шығыны - жер суаруға арналған судың біраз бөлігінің суарылатын жерге жетпей жолда жоғалуы (сүзілу процесі мен булану). Судың пайдасыз жоғалу мөлшері гектарына миллиметр қабат, текше метр немесе жалпы көлемінің шығынымен өлшенеді. Қажетті су көлемін есептеу барысында шаруашылықтағы су шығыны (судың шаруашылықта тиімді пайдаланылмауынан болатын шығындар), судың табиғи шығыны (булану, өте терең жер қабатында өтетін сүзілу және т.б.) тәрізді шығындарды ескере отырып, суды пайдалану жоспарының теңдестігін есептеп шығарады.
Суаруға дейінгі ылғалдық - көктемдеғі әр суару жұмысы басталардағы топырақтың метрлік белсенді су қабатының орташа ылғалдылығы. Оның мәні ең аз су сыйымдылығының 60-80 пайызы болғанда суару жұмыстары жүргізіледі.
Суарудың көлденең схемасы - жүйекке су беру тәсілі. Көлденең суару схемасында су жүйекке уақытша арықтан беріледі. Уақытша арык суды шаруашылық каналынан алады. Уақытша арықтардың ара қашықтығы жүйек ұзындығына тең болады. Мысалы, жүйек ұзындығы 200 метр болса, уақытша арық әр 200 метр сайын қазылады.
Субөлгіш орын - шаруашылық каналдың су торабынан шаруашылық каналы су алатын гидротехникалық имарат. Экономикалық жағынан әрбір ауыспалы егістікке, орбір бригадаға немесе әрбір 600—1000 га жерге су тасымалдау үшін бір шаруашылық каналы қажет.


1-сурет. Суару

1.1 Суару әдістері
Бороздамен суару әдісі
Қолдану шараттары: Әдетте бороздалармен суару кең қатарлы отамалы дақылдарды суару үшін (мақта егісі, жүгері, қант қызылшасы, картоп, көкөніс және жеміс-жидек, орман алқаптары), ал кейде дәнді дақылдары (себілген бороздалар) суару үшін де қолданылады.
Бороздаламен суару егістік мөлшері 0,02....0,03 шамасындағы учаскелерде жүргізіледі.Суды бороздалар бойымен олардың аяғына дейін өздігімен ағып баруын қамтамасыз ету үшін лоарды еңңістікке әр шамадағы бұрышпен тілуге болады.Суарудың бұл әддісін сорланған топырақтарда қолдануға болмайды, өйткені әрбір суарғаннан кейін бороздалар жотасына, ауыл шаруашылық дақылдарына зиян, еріген тұздар көтеріледі.
Бороздаладың классификациясы.Бороздалар өздерінің тереңдігіне қарай тайыз - 8...12см, орташа - 12....18см және терең- 18...22 см болып үшке бөлінеді, ал су ағызу жағдайына карай суды үздіксіз ағызып тұратын (су тлотырылмайтын) және доғал (сумен толтырылған); көрінісіне қарай - парабола, трапеция тәрізді; бермалы, террасты және саңылаулы бороздалар, ұзындығы жағынан - ұзын және қысқа бороздаларға бөлінеді.
Суару бороздаларын жерге орналастыру.Суару бороздаларын КОН-2,3; КОН-2,8;КОН-2,8-П; КРН-4,2 аспалы культиватор - қопсытқыштары арқылы тіледі.
Жоғарыда көрсетілген бороздалар өзінің көрінісіне қарай трапеция, немесе парабола тәрізді болады, лоардың түбінің ені 10см болып терендігі 12....22см болады және олардың баурай қатынасы 1:1 болады (12-а, сурет).
Суармалы көкөніс шаруашылығында көшет отырғызатын машиналамен сепкіштерді пайдалану үшін террасты бороздалар мен бермалы бороздаларды қолданады. Бұл бороздалады тілу үшін культиваторлаға қопсытқыштар орналастылады.
Сіңіру суару жұмыстарын ұйымдастырғанда сушылардың жұмыс өнімін арттыру үшін кейбір жағдайларда тереңдігі 35-40см саңылаулы-борздалар тілінеді.Оны тілу үшін арнаулы-саңылаулы-борозда жасаушылар қолданылады.
Сулану нұсқасының бірігу шарттарына сәйкес жеңіл топырақтар үшін бороздалардың білік аралыға 0,5....0,6м орташа топырақтар- 0.8....1,1 м болады.
Еңістің мөлшері і-0,0005 болғанда бороздалардың ұзындығы 50...80м-ге тең деп саналып, ал ол і-0,001 болғанда 40....60м және еңіс і-0,002 болғанда борозданың ұзындығы 30....40 м-ге тең болады.
Суды үздіксіз ағызып тұратын (сумен толтырылмайтын) бороздаламен суару.Бұндай бороздалар шаршы-ұзлап және қатарлап себілген барлық отамалы дақылдарды бетіс, еңістігі і-0,002....0,02 мөлшеріндегі учаскелерді суару үшін кеңінен қолданылады.Тайыз және орташа бороздалар арқылы суару дақылдардың қатар аралықтарын баптауға және өнімді жинау жұмыстарын механикаландыруға кедергі жасамайды.Сондай-ақ бұндай бороздалармен суарғанда лоарға жіберілетін су мөлшері тұрақты және құбылмалы болады.Борозда соңындағы артық су төменге ағызылып жіберіледі.Бороздаларға жіберілетін су мөлшері тұрақты болған жағдайда су оның ұзындығының 85...90% тең бөлігіне жеткеннен кейін оған су жіберу тоқтатылады.Борозданың қалған бөлігі судың өздігінен ағып баруы арқылы дымқылданады.Бұл бороздалардың кемшілігі-олар біркелкі дымқылданбай, бас жағы мол, ал соңғы жағы аз дымқылданады.
Еңістің мөлшері үлкен және топырақ ауыр болған жағдайда су борозданың аяғына жеткенде топырақ қабаты толығынан дымқылданып үлгермейді, сондықтан артық су төменге ағызылып жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет