Реферат тақырыбы ːорман Орындағанː тобыː лр 102 Қабылдағанː а ш.ғ. м., аға оқытушы мазмұНЫ



бет8/9
Дата29.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#160376
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
реферат
ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ), Tarih9, Tarih9, англ рк, ict, TapScanner 10-03-2023-21꞉22, Biologiya-kaz, Mat-sauattyly - az, СӨЖ 2023 (1)
Гидротехникалық шаралар. Топырақ эрозиясына қарсы күресу шаралары жүйесінде агротехникалық және орман мелиоративтік шаралардың профилактикалық манызы бар. Гидротехникалық құрылыстардын қажеттілігінің басты себебі, орман мелиоративтік екпе ағаштардың эрозияға қарсы әсері 5-7 жылдан кейін басталады. Сондықтан гидротехникалық құрылыстардың құрылысы және есептеулері ауылшаруашылық мелиорация курсында қаралатындықтан, біз олардың ең қарапайым түрлеріне тоқталамыз.
Ағысты ыдыратқыштар су қазындыларын бекітетін, биіктігі 40-60 см үймектерді білдіреді. Жыра төбесінен 10-15 м қашықтықта оның осіне 45° бұрышпен жер соқамен тереңдігі 30-40 см-де жыртылады. Бұл кезде топырақ қабатын жыра төбесіне қарай жинайды. Ыдыратқыштарды берілген бағытта плугтың 2-3 рет өтуі арқылы жасайды. Жырту ұзындығын жыра ені мен суды бөлу мүмкіндігі бойынша 5-30 метр арасында алады. Жылғамен шектескен кезде жырту терендігі үлкеюі тиіс (30-40 см). Бұл тереңдік ыдыратқыштын төменгі жағында біртіндеп азайып, аяғында жоқ болады. Жыралар өсуін тоқтату үшін әрбір 20-30 метр сайын 2-3 осындай ыдыратқыш құрылады. Ал оның біріншісі жыра төбесінен 10-15 метр қашықтықта орналасады.
Осы ыдыратқышты өз жолына кездестірген су ағыны бағытын жыртылған жердің төменгі жағына өзгертіп, беткейге жайылады. Су ағысының тоңталуына байланысты жыраның өсуі де баяулайды.
Су тоқтататын үйінділер мен орлар жыраларға су жібермеу мақсатында жасалады. Олар жыраларды бұзылудан қорғайды, су ағыстарын азайтайды, өзендер мен тоғандарды лайланудан сақтайды. Сондықтан үйінділер мен орларды жыралар алдындағы су жинағыш аумақтардың төменгі жағында орналастырады.
B.М. Борткевич ұсынғандай, үйінділер мен үзік орларды білгілі бір қашықтықтан кейін горизонталь бойында орналастырады. Бірінші үйінді жыра жигінен 10-15 метр қашықтықта жасалады. Керекті жағдайларда олардың бағытын анықтау үшін геодезиялық құрал-жабдықтар қолданылады.
Ор тереңдігі - 0,7 м, беткі ені - 1 м, түбіндегі ені - 0,35 м. Үйінділер көлемі ор көлеміне сәйкес келуі қажет, яғни биіктігі - 0,7 м, жоғарғы беті - 0,35 м, төменгі жағы - 1 м. 0.35 м
Үйінділер мен орлардың ор қазушы құрал көмегімен механикаландырылған тәсіл арқылы жасайды. Су жиналатын аумақтан келетін су орды толтырып, ары қарай үйінділермен ұсталып қалады. Үйінділердегі артық суды ағызу үшін әрбір 10-20 м сайын су ағызғыш түрінде терендігі 15 см, ені 2-3 м бөгет жасайды.
Үйінділер мен орлар жыра төбесін доға тәрізді ұстауы қажет. Бұл тәсіл үлкен құламалары бар қысқа жыраларды бекіту үшін ете тиімді.
Жыра төбелерін бекітуді ағысты ыдыратқыштарды немесе су тоқтайтын үйінділер мен орларды жасау үшін жағдайлар болмаған кезде, әрі жыралардың одан әрі өсуін тоқтату үшін жасайды. Осы мақсатта сатылын су ағызғыштар және науалар колданылады.
Сатылы су ағызғыштар бірнеше бекітілген сатылардан тұрады, олар тастан, бетоннан, тақтайдан жасалады. Сатылар тік қабырғалар мен суға берік көлденең алаңшалардан тұрады. Осы сатылы су ағызғыштардың басты мақсаты -топырақ қабаттарының жуылуы мен бұзылуына, жыраның өсуіне кедергі жасау болып табылады. Сатылардан өтетін сулардың жылдамдығы бірқалыпты болады. Келесі аланшада су жаңа кедергіге ұрылып біртіндеп әлсірейді.
Науаларды ағаштан, кірпіштен және бетоннан жасайды. Олар арқылы су өздері жиналатын аумақтан жыра түбіне кетеді. Науа 3 бөлектен тұрады: бастапқы қабылдағыш, жыра түбіне суды апаратын науа бүйірі және су қабылдайтын құдық - су жылдамдығын баяулатып, жыра түбін бұзылудан сақтайды. Бастапқы қабылдағышқа су әкелу үшін су жиналатын аумақта биіктігі 0,5-0,7 метрлік топырақ үйінділері жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет