Реферат Тақырыбы: С++ тілінің құрылымы Дайындаған: Хамзаева К. А қабылдаған: Сермаханов Р. Н тобы: ет9-10г



бет5/12
Дата13.02.2023
өлшемі416,17 Kb.
#168607
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
c
экзамен стат, Алиева Райса, Алиева Райса, Алиева Райса 103, Алиева Райса 103, Алиева Райса
"\"Питер\" баспа үйі"
Барлық тіркестік литералдарды компиляторлар əртүрлі объект ретінде қарастырады.
Программада бос орын символдарымен ғана бөлінген тіркестік тұрақтылар компиляция кезінде біртұтас тұрақты болып біріктіріледі. Бір жолға симайтын ұзын тіркестік тұрақтыны кері қиғаш сызық символы арқылы бөле отырып, бірнеше жолдарға орналастыруға болады. Мұндай бөлу символдарын компилятор жұмыс барысында ескермейді де, келесі жол алдыңғысының жалғасы ретінде қабылданады. Мысалы:
"Ешбір адамға өзінің сыртқы \
келбеті ұнамайды,алайда əркімнің \
өз ақылы өз көңілінен шығады"
10
тіркесі келесі тіркеспен толықтай эквивалентті болып саналады:
"Ешбір адамға өзінің сыртқы келбеті ұнамайды, алайда
əркімнің өз ақылы өз көңілінен шығады"

Əрбір тіркестік литералдың соңына компилятор \0 басқару тізбегімен берілетін нөлдік символды қосып қояды. Сондықтан тіркес ұзындығы оның жазуындағы символдар санынан əрқашанда бір символға артық болады. Осылайша, " " бос тіркестің ұзындығы 1 байтқа тең болады. Бір символдық тіркес ("А") пен символдық тұрақты ('А') арасындағы айырмашылыққа назар салыңыз.


Бос символдық тұрақты қолданылмайды.


Түсініктемелер
Жол соңындағы түсініктемелер екі «тура қиғаш сызық» символдарынан (//) басталып, жаңа жолға көшу символымен аяқталады, ал түсініктеменің екінші түрі /* жəне */ жақшалық символдар ішіне жазылады. Түсініктемелер ішінде тек C++ тілі алфавитінің символдарын ғана емес, компьютерде теруге болатын кез келген символдарды енгізе беруге болады. Қабатталған түсініктеме-жақшаларды (/*) пайдалану стандарт бойынша рұқсат етілмейді, бірақ кейбір компиляторда оларды пайдалануға болады.


КЕҢЕС

Түсініктемелер беру үшін // таңбаларын қолданған жөн, ал /*...*/ сияқты жақшаларды программаны түзету кезінде код блоктарының əсерін уақытша алып тастау үшін қолдану ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет