Реферат Тақырыбы: С++ тілінің құрылымы Дайындаған: Хамзаева К. А қабылдаған: Сермаханов Р. Н тобы: ет9-10г


Ескерту Программаларда short int, long int, signed int



бет8/12
Дата13.02.2023
өлшемі416,17 Kb.
#168607
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
c
экзамен стат, Алиева Райса, Алиева Райса, Алиева Райса 103, Алиева Райса 103, Алиева Райса
Ескерту

Программаларда short int, long int, signed int жəне unsigned int типтерін сəйкесінше short, long, signed жəне unsigned түрінде қысқартып жазуға болады





Символдық тип (char)
Символдық типтегі шамаға компьютердегі символдар жиынының ішінен кез келген таңбаны орналастыруға жеткілікті орын бөлінеді, типтің атауы осыған байланысты түрде берілген. Əдетте, бұл 1 байтқа сəйкес келеді. Басқа да бүтін типтер сияқты, char типі де таңбалы немесе таңбасыз болуы мүмкін. Таңбасы бар шамаларда -128 бен +127 аралығындағы мəндерді сақтауға болады. Ал, unsigned спецификаторын қолданғанда, мəндердің өзгеруі 0 мен 255 сандары аралығында болады. Бұл 256-символдық ASCII кодтары құрамының кез келген символын сақтауға жеткілікті. char типіндегі шамалар осы көрсетілген диапазоннан шықпайтын басқа бүтін сандарды сақтау үшін де қолданыла береді.
13
Кеңейтілген символдық тип (wchar_t)
wchar_t типі символдарды кодтау кезінде 1 байт жеткіліксіз болатын жағдайларда, мысалы, Unicode ортасында жұмыс істеуге арналған. Бұл типтің ені жүзеге асырылуына тəуелді болады; əдетте ол short типіне сəйкес келеді. wchar_t типіндегі тіркестік тұрақтылар L префиксімен жазылады, мысалы, L"Gates".


Логикалық тип (bool)
Логикалық типтегі шамалар тек true жəне false мəндерін ғана қабылдай алады. false мəнін бейнелеудің ішкі формасы – 0 (нөл). Кез келген басқа мəн true болып қабылданады. Бүтін типке түрлендірілген жағдайда true мəні бірге сəйкес келеді.


Жылжымалы нүктелі типтер (fl oat, double, long double)
C++ тілінің стандарты нақты мəндерді сақтауға арналған мəліметтердің үш
типін анықтайды, олар: float, double жəне long double.
Жылжымалы нүктелі мəліметтер типтері компьютер жадында бүтін санды типтерден басқаша түрде сақталады. Компьютер жадындағы нақты санның ішкі бейнесі 2 бөліктен – мантисса мен дəрежеден тұрады. IBM PC-мен үйлесімді компьютерлерде float типіндегі шамалар 4 байт орын алады, оның екілік разрядтарының алғашқысы мантисса таңбасына, келесі 8 разряды дəрежеге жəне қалған 23 разряды мантиссаға беріледі. Мантисса – бұл 1.0-ден үлкен, бірақ 2.0-ден кіші сан. Мантиссаның алғашқы цифры əрқашан 1-ге тең болғандықтан, ол сақталмайды.
Компьютер жадынан 8 байт орын алатын double типіндегі шамалар үшін сан дəрежесі мен мантиссаға сəйкесінше 11 жəне 52 разряд бөлінеді. Мантиссаның ұзындығы санның дəлдігін, ал дəреженің ұзындығы оның өзгеру диапазонын анықтайды. 1.4-кестеге қарасақ, float жəне long int типіндегі шамаларға бөлінетін байт саны бірдей болғанымен, олардың ішкі бейнелену формасына байланысты мəндерінің өзгеру диапазоны əртүрлі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет