Реферат Тақырыбы: С++ тілінің құрылымы Дайындаған: Хамзаева К. А қабылдаған: Сермаханов Р. Н тобы: ет9-10г



бет4/12
Дата13.02.2023
өлшемі416,17 Kb.
#168607
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
c
экзамен стат, Алиева Райса, Алиева Райса, Алиева Райса 103, Алиева Райса 103, Алиева Райса
7



Операциялар таңбалары
Операциялар таңбалары, яғни белгілері – бұл операндтармен орындалатын əрекеттерді анықтайтын бір немесе бірнеше символдар тізбегі. Операция таңбаларының ішіне бос орын белгісі қойылмайды. Құрамындағы операндтар санына байланысты операциялар унарлы, бинарлы, тернарлы болып бөлінеді. Мəтін ішіндегі орнына, яғни қолданылатын ортасына қарай бір таңбаның қызметі əртүрлі болуы мүмкін. Мынадай операциялар [ ], ( ) жəне ? таңбаларынан басқа белгілер жеке лексема қызметін атқарады.
С++ тіліндегі операциялар таңбалары «Операциялар» бөлімінде, 25 б. жəне де бірінші қосымшада берілген. Стандартты операциялардың басым бөлігін қайта анықтауға (асыра жүктеуге) болады. Операцияларды асыра жүктеу əрекеті 205 б. қарастырылған.


Тұрақтылар
Тұрақтылар деп программадағы мəні өзгермейтін шамаларды айтады. Олар бүтін, нақты, символдық жəне тіркестік тұрақтылар болып бөлінеді. Компилятор тұрақтыны лексема ретінде белгілеп алып, оны сыртқы бейнесіне қарай белгілі бір типке жатқызады.
Əрбір типке сəйкес келетін тұрақтылардың форматтары 1.2-кестеде көрсетілген.


8

Егер теріс таңбалы бүтін немесе нақты тұрақтыны қалыптастыру қажет болса, онда тұрақтының алдына таңбаны өзгертетін унарлы операция белгісі (-) қойылады. Мысалы, -218, -022, -0хЗС, -4.8, -0.1е4.
Экспоненциалдық форматтағы нақты тұрақты мантисса жəне дəреже түрінде беріледі. Мантисса экспонента таңбасының (Е немесе е) сол жағына, дəрежесі – таңбаның оң жағына жазылады. Тұрақтының мəні 10 санының көрсетілген дəрежесі мен мантиссаның көбейтіндісі ретінде анықталады. Сан таңбаларының ішіне бос орын қойылмайтынын, ал санның бүтін бөлігін оның бөлшегінен ажырату үшін үтір емес, нүкте қолданылатынын есте сақтаған жөн.
Бір символдан тұратын символдық тұрақтылар компьютер жадында бір байт орын алады жəне стандартты char типіне жатады. Қос символды тұрақтылар екі байт орын қажет етеді жəне int типіне жатады, мұндағы бірінші символ адресі кіші байтта орналастырылады (мəліметтер типтері туралы келесі бөлімде жазылған).
Кері қиғаш сызық белгісі келесі мақсаттарда қолданылады:

  • графикалық кескіні жоқ кодтарды (мысалы, \a – дыбыстық сигнал, \n – кур сорды келесі жолдың басына көшіру) бейнелеу үшін;

  • апостроф ('), кері қиғаш сызық (\), сұрақ белгісі (?) жəне тырнақша (")символдарын бейнелеу үшін;

  • кез келген символды оналтылық немесе сегіздік кодтардың көмегімен бейнелеу үшін, мысалы, \073, \0xF5. Сандық мəндер 0 мен 255 аралығында болу керек.



9

Кері қиғаш сызықтан басталатын символдар тізбектерін басқару тізбектері немесе escape-тізбектер деп атайды. 1.3-кестеде олардың мүмкін болатын мəндері берілген. Басқару тізбегі жеке бір символ ретінде қабылданады. Егер кері қиғаш сызық белгісінен кейін 1.3-кестеде көрсетілмеген символ кездесетін болса, онда оның нəтижесі белгісіз болып саналады. Ал егер сандар тізбегінде цифрдан өзге символ кездессе, ол сандық кодтың соңы болып есептеледі.
Басқарушы тізбектер тіркестік литералдар деп аталатын тіркестік тұрақтыларда қолданылуы мүмкін. Мысалы, егер тіркес ішіне тырнақша жазу керек болса, оның алдына кері қиғаш сызық қойылады, сол арқылы компилятор бұл тырнақшаның тіркесті шектейтін тырнақшалардан басқа екенін ажырата алады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет