Реферат Тақырыбы: «Сальмонеллез ауруы кезінде құс ұшасы мен ағзаларын всс және бағалау»


Ауырған құс ұшасын ветеринариялық санитариялық сараптау



бет3/5
Дата24.04.2023
өлшемі298,46 Kb.
#175229
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
кус шарушылыгы реферат

2.3.Ауырған құс ұшасын ветеринариялық санитариялық сараптау
Бактериоскоптау. Ұшаны бактериоскопиялық тексеру химиялық, биохимиялық тексеруден бұрын жүргізіледі. Оның кейбір індеттерінде анықтауды үлкен мағызы бар. Тексеру үшін ағзалардың ішкі қабатынан жұғынды дайындалады. Ол үшін ағзаның беткі қабаты ыстық қалақшамен немесе басқа да металл құралмен күйдіріліп, ішкі жағынан бір бөлігі кесіліп алынады да, төсеніш шыныда 2-10 жұғынды дайындалады. Жұғынды ауада кептіріліп, спирт шамының жалынында бекітіліп, Грамм әдісімен боялады. Микроскоптау иммерсиялық жүйемен жүргізіледі. Малдәрігерлік зертханада бактериоскопиялық тексеруден кейін бактериологиялық тексеру жүргізіледі (оны жүргізу әдісі 2.2 тарауда көрсетілген) Ауру немесе өлген құс еттерін анықтауда ұшаның және органдарының жағдайына көңіл аударады, керек болса зертханалық зерттеулер жүргізеді. Ұшасы мен органдарын тексергенде бауыздалған жеріне, ұшаның қансыздануына және еттің түсіне көңіл аударады.Тірідей бауыздалған және өлгеннен соң басын кескен жердің мынадай айырмашылықтары болады: тірілей кесілген жер бұлшық еттердің жеке топтарының біркелкі жиырылмауына байланысты тегіс болмайды,кесілген еттер қанды жақсы сіңіреді,тіпті жақын орналасқан лимфа түйіндерінде қанға боялады. Өлгеннен кейін сойылған болса кесілген жер тегіс, қан етке сіңбеген, демек қансызданған еттегі қан сумен оңай жуылады, аймақтың лимфа түйіндеріне қан сіңбеген. Қан тамырларының тіпті кесілген жерге жақын орналасқандарының ішінде қан бар. Өлген құс еті, дұрыс бауыздалған құс етінен нашар қансызданумен өзгешеленеді .Қансыздану дәрежесі, ұшаны мүшелеу уақытына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Құс өлгеннен кейін ұшасын бірнеше сағаттан кейін мүшелесе( қан ұйып қалғаннан соң) ет ешқандай қансызданбайды, қан ұсақ және ірі қан тамырларында болады. Бұндай ұшада ірі өлімтік дақтары (гипостаз) болады. Нашар қансызданған ұша еті қолды қанмен бұлғайды, өлген құс тез мүшеленсе, оның еті біркелкі қансызданған: үлкен көк тамырларында тамырлауы мүмкін және өлімтік дағыда болмайды. Бірақта бұндай еттің ұсақ қан тамырларында қан болады, сондықтан да оның қызыл түсі сойылған сау малдікінен басым. Жанталас кезінде сойылған құс етінің қансыздану дәрежесін осы айтқан әдістермен анықтауға болады.Жанталас кезінде сойылған мал ұшасының ұсақ қан тамырларында қан болады, ірілерінде болмайды. Бұндай малдың мойынындағы ірі қан тамырларын пышақпен орып жібергенде өкпеге, бронхтарға қан жиналады, өкпе шұбарланады, кейбір жері қызғылт болса, кей жері күңгірт-қызыл, бұл жердің кесіндісі суға батпайды. Миын зақымдап қансыздандырған құс ұшасы, мойнын кескеннен сапасыздау, сондықтан да қансыздандыру әдісін сопақ миға қан сіңумен жорамалдайды.[5] Ветсан бағасы: Salmonella 70 ° C температурада 5-10 минуттан кейін өледі, ет үлкен қалыңдықта болса, біраз уақыт бойы қайнағанға төзеді. Қайнату арқылы ғана қолдануға жіберіледі
3-сурет: Сальмонеллезбен ауырған құс ұшасы
4-сурет: Сальмонеллезбен ауырған құстың сыртқы көрінісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет