Рефераты қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013



бет1/2
Дата17.02.2017
өлшемі325,62 Kb.
#9590
түріРеферат
  1   2
ӘОЖ 37.026:004.031.42:372.8:37.01 Қолжазба құқығында

Әбдіғапбарова Ақтолқын Жексенбайкызы

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша

Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның



РЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-педагогикалық институтының «Педагогика және психология» кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Р.Т.Игенбаева





Ғылыми оппонент:

Тараз мемлекеттік институтының доценті міндетін атқарушы, п.ғ.к. Ш.А.Тулебаева

Диссертация 2013 жылдың «___» маусымында сағат ___ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би 36,№7 оқу ғимараты, Гуманитарлық-педагогикалық институты, №411 дәрісхана) қорғалды.

Жұмыспен «Қорқыт Ата атындығы Қызылорда мемлекеттік университетінің» ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды студенттің жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы, танымдық «жаңалық» ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде студенттің дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Осыдан келіп, еліміздің білім беру жүйесін қайта құру, жоғары оқу орны реформасын жасау, оқуды өмірмен байланыстыру, студенттерді білімді өз бетімен ізденуге үйрету және білім негіздерін демократиялық интеграциялық ұстанымдарға орайлас білім беру, тәрбиелеу талап етілуде.

Бәсекеге барынша қабілетті, әлемнің жоғары дамыған елу елінің қатарына қосылу үшін ең алдымен білім беру саласын реформалауды қолға алу қажет. Осыған орай, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыда білім беру саласының алдына шешілуге тиісті біраз міндеттер қойылды [1]. Бұл құжатта білім беру мазмұны факториалдық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбағандығы көрсетілген. Осындай кемшіліктерді жоюдың бір жолы – оқыту процесін жетілдіру болып табылады.

Тұтас педагогикалық процесс құрайтын екі процестің бірі - оқыту. Ол объективті шындықтың күрделі процесі, сондықтан оған толық және жан-жақты анықтама беру өте қиын. Қазіргі түсінік бойынша оқытудың екі жақтылығы айтып өтуге болады: оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті; мұғалімнің басқаруы; арнайы ұйымдастырылуы; бірлігі және тұтастығы.

Қазақстанда оқыту әдістерін зерттеу мәселелерімен Р.Лемберг, Қ.Бержанов, А.Бейсенбаева т.б. айналысты. Оқыту әдістері белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Сол кезеңде Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынды. М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін студенттердің іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген [2].

И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін студенттердің танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.

Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.

М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: ақпарат беру әдісі, түсіндіру әдісі, ынталандыру әдісі, тәжірибелік әдіс.

Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, студенттердің тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді. Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, студенттердің үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атайды.



Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта студенттердің белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер интерактивтi деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактив сонымен қатар, «тұлғааралық қарым-қатынас» дегенді де білдіреді. Демек, интерактивті оқыту әдістері «жеке тұлғаға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасының талаптарына жауап беретін бірден бір әдіс.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үдерісінде студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және студенттердің танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

Студенттердің өзіндік жұмыстануына толық мүмкіндік туғызып, олардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, дара және топтық жұмыс жасауда студенттерді шығармашылыққа баулу мәселесі бүгінгі білім берудің басты талабына айналды.

Қазір кез-келген пәнді оқытуда пәнаралық байланыс арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады. Осы тұрғыда оқытудың интерактивті әдісін оқыту үдерісінде қодану өте тиімді. Себебі, бұл әдіс студенттің жеке өмірлік тәжірбиесіне сүйене отырып, оның бойында білім, білік, дағды және құндылық жүйесін қалыптастырады.

Педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, болашақ мұғалімнің кәсіби мәнді сапаларын қалыптастыру және тұлғасын дамыту, педагогикалық іс-әрекеттің дидактикалық негіздерін айқындау,  ЖОО-да оқу үдерісінің тиімділігін арттыру мәселелері қазақстандық ғалымдар - А.П. Сейтешов, Н.Д. Хмель, С.А. Ұзақбаева, Л.К. Керимов, Б.Р. Айтмамбетова, Б. Әдікәрімұлы, М.А. Құдайқұлов, А.Е. Әбілқасымова, Ғ.К. Ділімбетова, В.В. Егоров, М.Ж. Жадрина, А.А. Калюжный, М.С. Молдабекова, З.А. Исаева, Б.К. Момынбаев, Г.Ж. Меңлібекова, Г.К. Нұрғалиева, С.А. Жолдасбекова, М.Н. Сарыбеков, Қ. Сарбасова, Ә. Абуов,  Б.С. Имандосова және т.б. еңбектерінде  қарастырған.

Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды ұсынған Н.П. Гузиктің, В.М. Монаховтың, В.Ф. Шаталовтың, Т. Галиевтың, Л. Бектұрғановалардың еңбектері және т.б. ғылыми тұрғыдан практикалық мәні зор еңбектері біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды.Оқытудың белсенді әдістерін білім беру саласында пайдаланудың әдіс-тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В.П. Беспалько,  Ж.А. Қараев, Ш.Т. Таубаева, Б.Т. Барсай, Д.М. Жүсібалиева, М.В. Кларин, Қ.Ө. Қариева, С.А. Көшімбетова, Қ. Қабдықайырұлы, А.А. Саипов, Г.К. Селевко, Б.К. Төлбасова, Л.А. Шкутина және т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектеріне арқау болды.

Оқыту формасының шығармашылығы дамыған маман даярлауда өзіндік жұмыстың маңызы өте зор. Себебі студент білімді тек дәрісханалық сабақтарда ғана емес, өз бетімен істелетін жұмыс барысында да жинақтайды. Өздігінен ізденген білім анағұрлым терең, әрі сіңімді болады. Біз жоғарыда аталған еңбектерге талдау жасай отырып бүгінгі таңда жаңа интерактивті әдістерді жоғары мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану, сол арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыда әлі де болса шешімін таппай отырғандығын анықтадық.    Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығына бүгінгі өркениетті қоғамның сұранысы мен оларды жоғары оқу орындарында даярлауда жаңа технологияларды, интерактивті әдістерді пайдаланып, теориялық және практикалық білім беруді жетілдіру мен оны практикалық тұрғыда жүзеге асыру арасында қарама-қайшылықтар бар екені анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты «Жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқытуда интерактивті әдістерді пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты – жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісінде интерактивті оқыту арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруды теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу.

Зертеу объектісі – жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісі.

Зерттеу пәні – педагогикалық пәдерді оқытуда интерактивті әдістерді пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру.
Зерттеу міндеттері

- жоғары оқу орнындағы педагогикалық сабақтарда интерактивті әдістерді қолдану жолдарын зерттеу;

- интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мүмкіндіктерін зерттеу;

- интерактивті әдістердің ерекшеліктерін анықтау;

- жоғары оқу орнындағы педагогикалық сабақтарда интерактивті әдістерді пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасап, оның тиімділігін практикалық тұрғыда тексеру;

- интерактивті оқыту әдістері арқылы студенттердің өзіндік жұмыс жасау белсенділін арттыру



Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқытуда интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мәні мен мазмұны теориялық тұрғыдан айқындалып, педагогикалық жүйе ұсынылып тәжірибеге ендірілсе, онда бүгінгі қоғамға қызмет ететін білікті және бәсекеге қабілетті мамандары даярланады, өйткені бұл қазіргі білім беру саласындағы қоғамдық сұраныс.

     Зерттеудің жетекші идеясы. Педагогикалық пәндерді оқытуда интерактивті әдістерді пайдалану, сол арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру қазіргі заман талабына сай шығармашыл, ізденімпаз студент тұлғасын қалыптастыруға ықпал жасайды.    



Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін тұтас педагогикалық үдерістегі интерактивті әдістер бойынша тұжырымдар, жаңа технологиялар жайлы қағидалар, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру теориясы, ғылым мен практиканы кіріктіру теориясын құрайды.

    Зерттеудің әдістері. Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге, жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінің құжаттарына талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- интерактивті әдістерді педагогикалық сабақтарда пайдаланудың теориялық негіздері айқындалды;

- жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқытуда интерактивті әдістерді пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі жасалды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі:

- интерактивті әдістерді педагогикалық сабақтарда қолдану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық үлгісі жасалды.

- интерактивті әдістерді педагогикалық сабақтарда пайдалану идеяларын жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесіне ендіру мүмкіндіктері бар;

-зерттеу материалдарын жоғары кәсіптік білім беру орындарында, педагогика пәндерін оқытуда, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.



Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, негізгі көздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі, зерттеу базалары, қорғауға ұсынылған қағидалар, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу болжамы, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері берілді.

«Жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқытуда интерактивті әдістерді пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші тарауда қазіргі жағдайда студенттің өзіндік жұмыс жасау әрекетін белсендендірудің жай-күйі, оқыту сапасын арттыруда оқытудың интерактивті әдістерінің мүмкіндіктері сипатталып, теориялық тұрғыда негізделеді.

«Жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқытуда интерактивті әдістерді пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» атты екінші тарауда оқытудың интерактивті әдістерін жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру жолдары көрсетіледі, әдістемесі көрсетіліп, оның тиімділігі практикалық тұрғыда анықталды.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар берілді және қарастырып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.

Негізгі бөлім

Қазақстанда қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының ролімен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұшқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына баратар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқытатындардың өздерін барынша көрсете біліу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрлымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі. Жағдайда оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын және студенттің білім-білікті, дағдыны енжар алушы ролін танымдық көрінісің белсенді субъектісіне өзгерту қажеттігі бар. Оқу процесінде өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде қатысу үшін студенттің танымдық әрекетін белсендендірудің үлкен маңызы бар.

XX ғасырдың 70-80 жылдарында оқыту процесін белсендіруге бағытталған, студенттің оқытудың белсенді субъектісіне айналуына бағытталған әдістемелік зерттеулердің көлемі көбейді. Оқыту процесіндегі радикалды өзгерістердің қоғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына Ж.Пиаже (Швейцария), Б.Блюм, Д.Ж.Бруннер, Ж.Ганье, С.Эриксонның (АҚШ) еңбектері куә. Ж.Пиаженің айтуынша, жоғары оқу орны тез «жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамау керек, шығармашылық және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек». Белсенділік деген (интенсивтендіру, мығымдық) студенттің іс-әрекеті мен пәнімен «қосылғандағы» дәрежесін анықтайды. яғни, ол студенттердің белсенділіктің дағды-біліктерін меңгеруі деп түсіндіруге болады [1, 47].

Соңғы кездері білім алушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдістер интерактивтi деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Әдіс (гректің metodos) деген сөзінен алынған, ол зерттеу немесе таным жолы, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методологиялық-теория танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл.

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен студенттердің бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, студенттің ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – студенттердің танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.

Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны - бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен қолданылады. Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе студенттер -дың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі студенттердің байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады [39].

Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынандай тәсілдерді қолдана білуге байланысты: байқаудың мақсатын анықтау; қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың көптеген белгілерінің ішінен



1-кесте Оқу әдісін таңдауға қойылатын талаптар


ең негізгі, бастыларын ажырату; оларды топтастырып, қортындылар мен тұжырымдар жасау. Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау әдісінің негізгі түрлері: демонстрациялық бақылау; экскурсиялық бақылау; лабораториялық бақылау; техникалық бақылау; студенттердің өздігінен дербес бақылауы.

Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе студенттің жеке-дара орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы студенттердің бәрі бірыңғай тәжірибе жасайды, ал жеке студенттер орындағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады. Студенттердің зертханалық жұмыстары жоғары оқу орны жанындағы оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді. Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және студенттерді қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады. Өткізу барысында мұғалім әр студенттің қойған тәжірибесін мұқият бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі. Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады. Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден, ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі, үшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі жинақтап, студенттер орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды.



Интерактивті оқыту деп психологияға негізделген адамдардың өзара қарым-қатынасын мен өзара әрекетін айтады. Мұғалімнің әрекетінде басты орталық орынды оқылатын бір индивид емес, өзара әрекетке түсіретін, бір сауалды шешу барысында қарсы пікір білдіріп немесе келісетін, бірін-бірі жігерлендіріп, белсендіретін белгілі бір топ. Интерактивті технологияны қолдану барысында, ол әсіресе, адамдар ұжым болып шындықты іздеуде интеллектуалдық белсенділік рухын, жарыс, бәсекелестік, бақталастықты туғызады. Сонымен қатар ең қызықтысы интерактивті оқыту технологияны қолдану кезінде «жұғу» деген психологиялық феномен бар, яғни, еліктеу емес жұғу. Бұл жұғу процесі көршісінің пікірі мен ойы еріксіз өзінің жеке көршісінікіне ұқсас, я жақын аналогиялық пікірін тудырады. Мұндай оқыту процесі кезінде мұғалім тарапынан кітап оқып, оның түсінігін айту сабағындағыдай енжарлық емес, аса үлкен белсенділік танылуы керек. Мұғалім сөз етілген тақырыпқа ғылыми нақты дәлелдер мен осы жағдайға қатысты өзінің жеке тұлғалық дүниетанымы мен құлықтық көзқарасын білдірген сәтте, интерактивті технологияны оқыту тұрғысынан, сонымен бірге тәрбиелеуде де айтарлықтай нәтежиелілігін көрсете алды. Бұл пікірсайыс кезінде мұғалімнің үлес қосу формасы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде ол өз ойын оқушыға міндеттеп, жүктемеуі қажет. Бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден-бір әсер етеді. Осылайша әр сабақта демократиялық принцип шын мәнінде орын алады [16].

Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда төмендегі шарттар орын алулары тиіс. Мақсатты нақты белгілеу. Мұғалім студенттердің топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болуы керек.

Бұл үшін практикалық сабақтарда индивидуалдық, топтық, екі адамды қатыстыратын зерттеу проектілері, рөлдік ойындар жүргізіп, білім алушыларды әртүрлі ақпарат көздері мен қызықты құжаттар, шығармашылық жұмыстармен жұмыстанады. Соның ішінде топтық ең тиімді топтық оқыту формасына нақты жағдайды талқылау, “ми шабуылы”, проектіні орындау және жүзеге асыру (ақпараттық, ойындық, зерттеу және шығармашылық), еркін пікірталас және т.б. жатқызуға болады. Бұл формалар өз нәтежиесінде жаңа оқу мәлімет туғызатын ақпарат алмасу жағынан интерактивті.

Интерактивті әдістердің шартты түрде тренинг, рольдік ойын деп бөлінуі оның белсенді сипаттамасын дәлдей түсіп, ұстазға оқыту мақсатына жету үшін аз сағат ішінде көп көлемді материалды меңгертуге оқушы мен оқытушының синхрондық әрекеттерін арнайы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Эксперимент жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісінде оқытудың интерактивті әдістерін ендіру арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға байланысты біз жасаған үлгіні тәжірибелі-практикадан өткізуге және оның тиімді қолданылуын тәжірибеден өткізуге бағытталды.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысы үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Экспериментке барлығы 52 студент қамтылды, оның 27-і эксперимент тобында, 25-і бақылау тобында болды. Студенттер жоғары, жеткілікті, орта және төмен білім деңгейлерімен бағаланды.

Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының анықтау кезеңінде сауалнама, сұхбат, сұрақ-жауап, тест, әңгіме, бақылау, байқау т.б. әдістерді қолдану арқылы ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылды.

Тәжірибелік-эксперимент жұмысында интерактивті әдістер үлгісінің көрсеткіштері мен деңгейлерін негізге ала отырып анықтау кезеңінің қорытындысында эксперименттік топтар мен бақылау топтарындағы студенттердің білім деңгейлерін анықтадық. Анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелері кесте 2-де көрсетілген.


2-Кесте Анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелері


Деңгейлер

Бақылау тобы

(БТ)


Эксперимент тобы

(ЭТ)


Жоғары

8,2

25

Жеткілікті

14,4

25

Орта

26,5

15

Төмен

50,9

35


1- Сурет Анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің

салыстырмалы көрсеткіші

Яғни, анықтау кезеңіндегі тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі бойынша эксперимент тобында (ЭТ) жоғары деңгей 25, жеткілікті деңгей 25, орта деңгей 15, төменгі деңгей 35-ті көрсетсе, бақылау тобынды (БТ) жоғары деңгей 8,2, жеткілікті деңгей 14,4, орта деңгей 26,5, төменгі деңгей 50,9-ды көрсетті. Анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткішін сурет 6-дан көруге болады.

Сонымен, тәжірибелі-эксперимент жұмысының соңғы кезеңінде қайта жүргізілген сауалнама нәтижесінде студенттердің интерактивті әдістерді меңгеру арқылы өзіндік жұмыс жасау деңгейі анықталды.

Жоғары оқу орнындағы педагогикалық пәндерді оқыту барысында интерактивті әдістерді қолдану олардың оқуға деген қызығушылықтың артуына ықпал еткеніне көз жеткіздік, оны кесте 3- ден көруге болады.


3- кесте Эксперимент нәтижелері


Деңгейлер

Бақылау тобы

(БТ)


Эксперимент тобы

(ЭТ)


Жоғары

8,2

30

Жеткілікті

14,4

27,5

Орта

26,5

13,5

Төмен

50,9

29

Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет