Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы


- сұрақ. Соғыс қаупы күшею жағдайындағы халықаралық қатынастар



бет159/194
Дата05.02.2022
өлшемі3,54 Mb.
#19429
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   194
2- сұрақ. Соғыс қаупы күшею жағдайындағы халықаралық қатынастар.
1929-1930 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс капиталистік елдер арасында күрделі саяси өзгерістер жасап, сыртқы саясат мазмұнын өзгерте бастады. Күштер «демократия-тоталитаризм» түсініктері бағытында бөліне бастады. Тоталитарлық мемлекеттер-Германия, Италия, Жапония сыртқы саяси міндеттерді күшпен шешуге ұмтылды. Олар І дүниежүзілік соғыс қорытындыларын қайта қарап, әлемге жаңа күштер ара салмағын қалыптастыруға ұмтылды. Қиыр Шығыс аймағында Англия және АҚШ мүдделері түйісті. Негізгі мәселе қытай рыногы болатын. 1931 ж. Жапонияның әскери бөлімдері Қытайдың солтүстік - шығыс провенциясы Маньчжурияға басып кірді. Жаңа дүниежүзілік соғыстың алғашқы ошағы пайда болды.
1933 ж. Германия үкіметінің басына фашистік партияның келуі Европада жаңа жағдайды қалыптастырды. Национал-социалистердің сыртқы саяси бағдарламасының негізі континентальдық Европада «Ұлы Германияның» үстемдігін орнату болды. Герман халқын «Жоғарғы расса» деп жариялап, жаңа «өмірлік кеңістікті батыл және қатыгездікпен жаулап алу құқығы немістерге беріледі» деп жарияланды. Ең жоғарғы саяси мақсат Кеңес одағына қарсы соғыс жариялап, Орал тауларына дейінгі территоряны бағындыру болды. 1933 ж. Герман ұлттар лигасынан шықты. 1935 ж. «әскери ауа» күштерін құру туралы шешім қабылданып жалпыға бірдей әскери міндеткерлікті енгізген декрет қабылданды. Бұл Версаль шарттарын бұзу болатын. Батыс мемлекеттері Германиядағы саяси өзгерістерге онша мән берген жоқ. 1935 ж. Германияның әскери флот құру құқығын мойындаған ағылшын-герман келіссөзіне қол қойды. 1930 ж. ортасында Германия Европадағы стратегиялық жағжайын және ықпалын күшейтті. 1935 ж. фашистік Италия Абиссиния (Эфиопия) жеріне басып кірді.
1936 ж. кортес (парламент) сайлауында солшыл күштер блогы – Халық майданы жеңіске жетті. Испан республикасының үкіметі құрылды. Оңшыл партиялар Германия және Италияның әскери күштеріне сүйене отырып, генерал Франко басшылығымен бүлік ұйымдастырды. Елде азамат соғысы басталды. 27 Европа елдері испан мәселесіне араласпау туралы келісімге қол қойды. Ал, шын мәнінде германия-италия өз міндеттерін бұзып, Францистерді қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастыра берді. Кейін ашық интервенция барысында Испания жеріне 250 мың легионерлерін түсірді. Совет мемлекеті Испания үкіметін 85 млн. доллар кредит берді. Теңіз және әуе жолы арқылы қару-жарақ тасылды. Испания республикасы жағында мыңдаған совет қызметкерлері күрес жүргізді. Дүниежүзінің 54 елінен 10 мыңдаған еріктілер интернационалдық бригадалар құрамында күрес жүргізді. Республика 1937 жылы республика құлады Франко режимі орнады.
1938 ж. Германия тікелей агрессиялық актыларды ұйымдастыруға кірісті. Австрияның Герман рейхының провенциясы деп жариялап, өзіне қосып алды. (Аншлюс).
Европаның орталығында өте маңызды стратегиялық ролі бар Чехославакия гитлер саясатының келесі обектісіне айналды. Чехославакияның негізінен немістер тұратын Судет облысын Германияның құрамдас бөлігі деп жариялады. Чехославакия өнеркәсәбә дамыған мықты армиясы бар мемлекет болғандықтан Австрия сияқты біржақты саясат жүргізуге болмайтындығын гитлер жақсы түсінді. Чехославакия жерін окупациялау үшін Францияның және Англияның бейтарап саясаты қажет болды.
1938 ж. 29-30 қыркүйекте Германия, Ұлыбритания, Франйия, Италия және Чехословакия өкілдері қатынасқан конференция өтті. Гитлер, Чемберлен, Даладье, Муссолини Судет облысын окупациялауға мүмкіндік беретін келісімге қол қойды. 30-қыркүйекте Гитлер мен Чемберлен бірі мен бірі соғыспау және пайда болған мәселелерді кеңесе отырып, шешу туралы ағылшын-герман деклорациясына қол қойды. 1938 ж. желтоқсанда осыған ұқсас деклорацияға Герман мен Франция қол қойды. Бұл халықаралық саясат тарихындағы опасыздық символы ретіндегі конференция болатын.
Қалыптасқан ғылыми-саяси концепцияда ІІ дүниежүзілік соғыстың басталуындағы бет бұрысты осы Мюнхен келіссөзімен байланыстырады. Бұл гитлердің өте ірі дипломатиялық жеңісі болды, сөйтіп континентте жаңа саяси ахуалды қалыптастырып, фашизм жоспарларын жүзеге асырудың мүмкіндіктерін туғызды.
1938 жылдың күзінен бастап Европада Германия гегемондығы орнады деп айтуға болады. Өз күшін сезген Гитлер экспансиялық саясатын жүзеге асыруға кірісті. 1939 ж. 15-наурызда неміс әскерлері Прагаға келіп кірді. Чехославакия тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Германия қысымымен Литва, Балтық теңізіндегі маңызды порт Клайпеданы және іргелес аудандарды Германияға берді. 1939 ж. сәуірде герман – поляк пактісі күшін жойды, Польшаға басып кірудің «Вайс» жоспары бекітілді. 1939 ж. сәуірде фашистік Италия Балқан бағытында шабуыл жасаудың пладцдарымы ретінде Алванияға басып кірді.
Осыған ұқсас оқиғалар Қиыр Шығыста да жүріп жатты. 1937 ж. Жапония Қытайға қарсы соғыс ашып, елдің маңызды экономикалық және стратегиялық аудандарын басып алды. 1939 ж. мамыр- тамыз айларында Жапония Халхин-Гол өзені маңында КСРО және Монғол республикасына қарсы әскери қимылдарын бастады. Г.К. Жуков қолбасшылық еткен Қызыл армия бөлімдері Жапон әскерлерін ойсырата жеңді.
Фашистік агрессияның күшеюі Ұлыбритания мен Франция басшыларының Европалық тепе-теңдікті сақтаудың басқа жолдарын іздеуге мәжбүр етті. 1939 ж. көктемінен бастап агрессорларды бейтараптандыру саясатынан колективтік қарсылық көрсету саясатына ауысып, Англия мен Франция өзара әскери көмек жөнінде ноталар қабылдады.
КСРО тарапынан колективтік қауыпсіздік жүйесін құру туралы бірнеше ұсыныстар жасалды. КСРО Ұлыбритания және Франция үкіметтеріне үшжақты қорғаныс пактысын құру туралы сөйтіп Орталық және Шығыс Европа елдерінің қауыпсіздігіне кепілдік беру саясатын ұсынды.
Бұл мемлекеттердің үшжақты әскери кеңестері барысында совет әскерлерінің Польша және Румыния территориясы арқылы өту мәселесі шешілмейтін түйінге айналды. Поляк үкіметі өз территориясы арқылы Қызыл армия әскерлерінің өтуіне қарсы шықты.
Осы кездесулер мен консултациялардың сәтсіз аяқталуы КСРО-ны халықаралық изоляция жағдайына алып келді. 1939 ж. көктемінен бастап германия мен КСРО арасында байланыс орнату әрекеттері басталды. Нәтижесінде 1939 ж. 23-тамызда Москвада өзара соғыспау туралы совет –герман пактысына қол қойылды. Бұл тарихта Молотов – Риббентров пактысы деп аталады. Келісім құжаттарына құпия протокол деген қосылды. Бұл Шығыс Европадағы ықпал ету аймақтарын өзара бөлісу туралы құпия протокол болатын. КСРО-ның ықпал ету аймағына Прибалтика, Финляндия, Бессаравия аудандары кірді.
Сонымен 30 ж. ІІ жартысында халықаралық қатынастағы жағдайлар шегіне жете шиеленісті. Совет-герман пактысы КСРО-ның сыртқы саясатындағы күрт бет бұрыс болды, әлемдегі әскери саяси ақуал түбегейлі өзгерді.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   194




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет