Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы



бет161/194
Дата05.02.2022
өлшемі3,54 Mb.
#19429
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   194
1-сұрақ. ІІ дүниежүзілік соғыс алғышарттары, басталуы және көлемі.
ІІ дүниежүзілік соғыс жаһандық сипаттағы сыртқы саясат дағдарыс нәтижелері ХХ ғ. ортасында әлемдік дамудағы біркелкіліктің жойылуы ықпал ету және рынок үшін күресті күшейту. ХІХ-ХХ ғғ. тоғысындағы мемлекет аралық экономикалық саяси жағдайлардың шиеленісуі І және ІІ дүниежүзілік соғыстарға алып келді. Бүгінгі тарихи концепцияларда І,ІІ дүниежүзілік соғыстар және одан кейінгі «қырғи қабақ соғыс» саясаты ХХ ғ. әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардың бірыңғай және өзара байланысқан мазмұнының нәтижесі деп түсіндіріледі. Версаль-Вашингтон жүйесі халықаралық қатынастарда терең өзгерістер туғызып, жаңа әлемдік жанжалдың туындауының өзегіне айналды. Жеңген мемлекеттердің басымдылығын қамтамасыз етіп, ал жеңілген мемлекеттерді тізе бүктіру халықаралық қарама-қайшылықтарды жоюдың орнына оны күшейте түсті. АҚШ, Англия, Франция сияқты мемлекеттер әлемдік саясат пен экономикада басым позицияға ие болды. Жеңілген германияда реваншистік көңіл-күй қалыптасты. Жапония мен Италияны соғыстан кейінгі қалыптасқан жағдай қанағаттандырмады.
Аталған қарама-қайшылықтардан басқа 20-30 жылдары жаңа фактор «советтік фактор» деген пайда болды. КСРО-ның құрылуы капиталистік әлеммен социолистік мемлекет арасында жаңа қарама-қайшылықтар туғызды. ІІ дүниежүзілік соғыс 20 жылдай мерзім аралығында пісіп жетілген еді.
1939 ж. 1-қыркүйекте неміс - фашист әскери бөлімдері Польша жеріне басып кірді. 3-қыркүйекте Англия мен Франция Германияға қарсы соғыс жариялады.
Әскери қимылдардың бірінші кезеңі (1-қыркүйек 1939 ж.-мамыр 1940 жыл) тарихта «оғаш соғыс» деген ат алды. 10-қыркүйекте Канада, Австралия, Жаңа Зеландия соғыс жариялады.
1949 ж. мамыр айында вермахты әскерлері Белгия, Галандия, Люксенбург, Франция территорияларына басып кірді. 1940 ж. 22-маусым айында Франция тізе бүкті. 1940 ж. 1-мамырда Италия Египет және Суэц каналын басып алу үшін соғыс бастады. Африка майданы ашылды. 1941 ж. көктеміне қарай герман-итальян әскерлері Грецияны, Албанияны, Югаславияны жаулап алды.
1939 ж. совет-герман пактысынан кейін КСРО елдің әскери қуатын бекітуге көңіл бөлді. 1939-1941 жж. әскери бюджет тұтас мемлекеттік бюджеттің 43,4% болды. Елдің Шығыс аудандарында Паволжье, Урал, Сібір аудандарында әскери өндіріс орындары кеңейтіліп, жаңадан салынды. Әскери техниканың жаңа түрлерін шығаруға көңіл бөлінді. (КВ-танк, Т-34, ЯК-1, МИК-3, ИЛ-2,) сияқты самолеттің жаңа маркалары шығарылды. 1941 ж. жаз айларында армия қатарында 5,7 млн. адам болды.
1939-1940 жж. КСРО құрамына Бессарабия, Прибалтика, Батыс Беларусия, Батыс Украина аудандары кірді. КСРО-Финляндия соғысы 1939 ж. 30-қарашада басталып, 4 айға созылды. Финляндия армиясының «Маннергейм» бекінісі маңында 26-28 совет дивизиялары шоғырланды. Соғыс жеңіспен аяқталғанымен совет армиясының көптеген олқы жерлерінің бар екендігін көрсетті.
1941 ж. 7-желтоқсанда Жапония Гавай аралдарындағы АҚШ-тың Пирл-Харбор әскери теңіз базасына шабуыл жасады. 8-желтоқсанда АҚШ, Жапонияға соғыс жариялады. ІІ дүниежүзілік соғыстың Тынықмұхит майданы осылайша пайда болды. 11-желтоқсанда АҚШ Германияға және Италияға қарсы соғыс жариялады. Сонымен 40 ж. басында Европа, Азия, Африка континенттері қан төгіс соғыс аренасына айналды. Әрине, әлемдік өркениет тарихында фашизмге қарсы КСРО-ның жүргізген соғысы ерекше орын алады.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   194




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет