Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет25/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

иісі 
шыгып тұр 
деп те, 
мүңкіп тұр
 
деп те айта береміз. Ал бұл 
тіркестердің арасында нәзік реңкі (ерекшелігі) бар. Өйткені иіс 
жақсы (жағымды) да, жаман (жағымсыз) иіс те болуы мүмкін. Ал 
мүңку ол тек тәтті, жағымды (жақсы) иіске байланысты 
айтылуы ләзім. Яғни сөздің мағыналарының арасындағы 
реңктер – мағына кеңдігі мен мағына аясының тарлығына 
байланысты. 
Синонимдерді ерекшелендіретін тағы бір сипат – сөйлемде 
қолданылу ерекшелігі. Біздің тіліміздегі қандай да бір сөздер, 
басым, айрықша байланыста болады. Яғни синонимдік қатынасқа 
түскен сөздердің ішінде біреуі басқаларына қарағанда тілімізде 
(сөйлеу барысында) жиірек колданылуы мүмкін. Мәселен, 
шыдамсыз - 
сабырсыз - күйгелек - тағатсыз 
деген синонимдерді алатын болсақ, 
олардың ішінде жиі қолданылатыны 
шыдамсыз. Шөлдеу - сусау - 
таңдайы кебу -шөліркеу 
деген синонимдік қатардың ішінде жиі 
қолданылатыны 
шөлдеу. 
Тіліміздегі сөздер бір-бірімен тіркесе 
бермейтінін де білеміз. Мысалы, 
майда ақша - ұсақ ақша 
деп 
айтылғанмен, 
кіші ақша 
деп айтылмайды.
Синонимдерді бір-бірінен ерекшелендіретін үшінші сипаты – 
олардың стилистикалық ерекшелігі, түрлі стилистикалық бояуы
реңкі. Мәселен, мына сияқты синонимдік сыңарларды алып 
қарастырсақ: 
көз -жанар; қарын 

іш; am - жылқы; бет - дидар 
т.б.
бұлардың бірінші сыңарлары 
(көз, қарын, am, бет) 
ауызекі 
сөйлеу тілінде күнделікті қолданылатын болса, екінші сыңарлары 
(жанар, іш, жылқы, дидар) 
публицистикалық стильде жиі 
қолданылады және сондай стилистикалық бояуымен ерекшеленеді. 
Сондай-ақ 
ерке, шолжың 
сөздерінің эмоционалды-экспрессивті 
бояуларының өзгешілігін, көреміз. 
Ерке 
сөзінде жағымдылық
шолжың 
сөзінде жағымсыздық мағына аңғарылады. 
Қандай да болмасын сөздің стилистикалық сипаттағы ең күрделі 
мәселесі – синонимдік қатынастағы ауыспалы мағына. Мысалы, 
тірек - бел ағаш 
деген синонимдік қатар бар. 
Тірек 
сөзін кейде 
ауыспалы мағынада тұрғанда 
сүйеніш 
сөзімен ауыстырып айтамыз. 
Бірақ 
бел ағаш 
дегенді жоғарыда айтылған 
сүйеніш - таяныш 
дегендермен бір синонимдік қатарға жатқызуға келмейді. Сонымен, 


63 
синоним 
сөздер 
бір-бірінен 
мағыналық 
реңктерімен, 
эмоционалды-экспрессивті бояуымен белгілі жанрға тән стильдік 
белгісімен, қолдану өзгешеліктерімен, басқа сөздермен мағыналық 
байланысымен өзгешеленеді. 
Дегенмен, синонимдердің тілде болуы зат немесе құбылыс
я 
болмаса 
қимыл-қозғалыстың 
әралуан 
қырларын 
ашуға 
көмектеседі. Олардың мұндай қызмет атқаруының өзі синоним 
құбылысының тілдің лексика жүйесінен орын алуына себепші 
болады. Сөйтіп, лексиканы (сөздік құрамды) құрайтын 
құрамдық бөлшектің бірі – синоним сөздер. Синоним дегеніміздің 
өзі кемінде екі не одан да көп сөздердің бір ұғымды аңғартуы. Бірақ, 
бірнеше сөз бір ұғымды аңғартқанда, бәрі бірдей болып келе 
бермейді. Олар атайтын затын, қимыл-процесін әр жағынан 
аңғартып, мән-мағынасы жағынан толықтырып тұрады. Ал кейде 
белгілі бір ұғымды толық қамтып көрсету мақсатымен бірнеше 
синонимді қатарма-қатар қолданатын кездер де болады. Мәселен, 
Жылатушы көп болса, уатушысы, жұбатушысы да көп болған ел сорлы 
бола ма 
(М.Әуезов). Сондай-ақ кейде оларды қосарлап та айтамыз 
(үлгі-
өнеге, қасиет-белгі, азып-тозу) 
деген сияқты. 
Жалпы қазақ тілі синонимдерге бай. Бұл айтайын деген ойыңды 
дәл жеткізуге мол мүмкіндік жасайтын ерекше байлық. Әрбір адам ана 
тілінің байлығына зер сала қарауы керек. Өз ойыңды дәл, нақты 
көркем (әдемі) жеткізе білу, әрбір тілдік қолданыста тұлға мен 
мазмұн бірлігіне жету сөйлеу мәдениетіне керекті жағдай. Бұған 
жетудің көзі – тілдің әр алуан грамматикалық құралдары мен лексикалық 
байлықты меңгеріп өз сөзінде орынды қолдана білу. Ал қажетті сөзді 
орынды қолдану үшін адамға, әрине, білім қажет. Тілді неғұрлым жақсы 
білген сайын, соғұрлым синонимдердің ерекшеліктерін жақсы біліп, 
сөйлеген кезде олардың ішінен қажеттісін орынды қолдана білесің. 
Тілдің нақтылығы, көбінесе, синонимдерді дұрыс таңдай білуге 
байланысты. 
Жазушы болсын, ғалым болсын, тіпті қарапайым жай адам 
болсын синонимдерді, әдетте, бір сөзді қайталай бермеу үшін 
қолданады. Яғни синоним сөз қайталауын туғызбайды, ұғымды, 
мағынаны түрлендіре атап, пікірді дамытуда күшті рөл атқарады. Ол 
арқылы адам өзінің сөзін (сөйлемді) түрлендіріп, құбылтып, 
айтайын деген ойын тыңдаушысына дәлме-дәл, әрі көркем етіп 
жеткізіп, егжей-тегжейлі түсіндіре алады. Осы жағынан алып 
қарағанда синоним сөздердің тілді нақтылап, мәнерлей түсудегі 


64 
маңызы өте зор.
«Кімде-кім мәндес сөздердің нәзік мағыналық ерекшелігін дұрыс 
аңғарып, керекті жерде лайықты қолдана білетін болса, ондай 
адамның сөйлеген сөзі немесе жазған еңбегі барынша нақысты, 
келісті, мәнерлі болмақ. Қаламы жақсы төселген, тілге шебер кісінің 
жазғанының үнемі өте тартымды, көркем болып келуінің тетігі 
олардың тілдік құралды сондайлық орынды, асқан шеберлікпен 
пайдалана білуінен», - дейді ғалым Ә. Болғанбаев [44, 35]. 
Синоним сөздер адамның ойлау қызметінің шарықтап дамуы 
барысында қоғам өміріндегі заттардың, құбылыстың немесе 
әрекеттің сан түрлі қасиет-белгілерін және әр алуан сыр-сипаттарын 
жан-жақты танып білудің нәтижесінде пайда болады. Тіліміздегі 
синонимдер тілдің тарихи дамуының, сөздік қордың үздіксіз, ұзақ 
уақыт баюының негізінде қалыптасады. 
Қай-қай тілде болмасын синонимия құбылысы кең 
тараған. Бірақ ол тілдерде синонимнің кең таралуына қарамастан, 
тіл-тілде синонимдік қатар саны бірдей болмайды. Белгілі бір тілде 
олардың саны көп, ал енді бір тілде аз болуы да ықтимал. Мәселен, 
белорус, украин тілдеріне қарағанда, орыс тілінде синоним көбірек. 
Ал поляк тілі лексикасынан неміс сөздері елеулі орын алатын болса, 
болғар тілінде түркі тектес сөздер басым. Татар тілінің 
синонимдерінің біразын араб сөздері құрайды. Қазақ тілінде де 
синонимді дамытуда кірме сөздер едәуір орын алады. Мәселен, 
орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы енген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет