Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет27/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

күшті - мықты 
– 
әлді 
дегендер синонимдік қатынасқа түсіп біраз 
сөздермен тіркескенімен: 
күшті адам, күшті ат; мықты адам, мықты 
ат; әлді адам, әлді ат
дегендегі 
күшті
және 
әлді 
сөздерін үнемі бірінің 
орнына бірін қолдануға келмейді. 
«Студент сабақты күшті оқиды»
деп 
айтуға болады, алайда «
Студент сабақты әлді оқиды» 
деп айтуға 
болмайды. Сол сияқты деген 
ақыл 
– 
ес
деген 
 
синонимдерді алатын 
болсақ, 
есті бала, ақылды бала; ес кірген бала, ақыл кірген бала; есің 
қайда, ақылың қайда 
деп айта береміз, бірақ 
еске алды, еске 
салды
дегеннің орнына 
ақылға салу, ақылға алды 
немесе 
есі шыққанша 
қуанды 
дегенннің орнына 
ақылы шыққанша қуанды 
дей алмаймыз деп 
көрсетеді Ғ.Мұсабаев [49].
 
Мұндай мағынанлық сәл өзгешелігі бар сөзді 
А.Салқынбай, Е. Абақан редакторлығымен шыққан «Лингвистикалық 
түсіндірме сөздігінде» «жартылай» немесе «относительді» синоним 
дейміз деп береді.
Жалпы тіл біліміндегі синонимдерге берілген анықтамаларды 
қарастыра отырып, біз олардың ұқсас келетінін байқадық. Олар, 
негізінен, ортақ мағынасы және айырым реңктері бар сөздерді 
синоним деп атаймыз дейді. Мағынасының «ортақ ядросы» болу 
синоним болудың міндетті қасиеті. Ал айырмашылығына келсек, 
олар семантикалық та, синтагмалық та, стилистикалық та, 
сөзжасам да болуы мүмкін. Сондықтан да соңғысын (айырым 
реңктері бар дегенді) баса айтқан жөн. Өйткені практикалық 
жұмыста, көбінесе бір синонимнің орнына екінші синонимді қалай 
болса солай қолданып айтуды (жазуды) кездестіреміз.
Сонымен, синонимге берген көптеген анықтамаларда мағыналары 
жуық, жақын, өзара мәндес сөздерді синоним деп айтамыз дейді. 
Жалпы оған берілген анықтамалар жөнінде қиян-кескі даулар мен 
таластар бар. Тіпті бір ғалым екі мақала жазса, ол синонимге екі түрлі 
анықтама берген кездері де ұшырасады. Синонимнің жалпы 
анықтамаларымен келісе отырып кейбір ғалымдар синонимдерді 
біріктіретін ортақтыққа ерекше көңіл бөледі, яғни оның бірінші 
бөлігіне сүйенетін болса, кейбіреулері синонимдер үшін олардың 
арасындағы айырмашылық неғұрлым маңызды деп есептелетін оның 
екінші бөлігіне назар аударады. Синоним құбылысы ерекшелктің 
жеке және жалпы диалектикалық бірлігіне сүйенетіндіктен, синоним 


69 
ерекшелігінің екі бөлігіне де көңіл бөлген дұрыс сияқты. Оған 
берілген анықтамалардың әрқайсысына тоқталу біздің мақсатымызға 
кірмегендіктен, сол анықтамалардың ішінде әрі толық, әрі 
дұрысырақ берілген тек біреуіне ғана тоқталып өтейік: «Әр түрлі 
айтылғанмен, көбінше жақын болып келетін, бірақ әр қайсысының 
өзіне тән не мағыналық, не стилдік, не эмоционалдық сәл 
ерекшеліктері бар, бір сөз табынан болған екі немесе одан да көп 
сөздерді синоним деп атаймыз» [50, 141]. 
Осындай араларында синонимдік қатынас болатын сөздер 
синоним сөздер немесе жай ғана синонимдер деп аталады, ал 
мұндай сөздерді біріктіру «синонимдік қатар» терминімен 
белгіленеді. Белгілі бір синонимдік қатарды құрастырушы 
сыңарлар (сөздер) қолданылу шеңбері, сөздермен тіркесу 
мүмкіншілігі жағынан әр түрлі болады. Әңгіме, сірә, синоним туралы 
ма, жоқ әлде синонимдік қатар туралы ма ақыр аяғында бәрі 
синонимдік қатынасқа әкеледі. 
Синонимді анықтау, оларды жіктеу принципі синонимдік 
қатардың шегі мен құрамы, доминант таңдау т.б. осы сияқты 
неғұрлым жалпы мәселелер орыс тіл білімі, шетел тіл білімі, 
түркітану тіл біліміндегі көптеген зерттеулерде синонимнің 
қандай да бір тұтас теориясын шығаруға әкелмейді. Лингвистикада 
бұл құбылыстың мәнін түсінуде ортақ көзқарастың болмауы 
синоним ұғымын неғұрлым кең қабылдаумен, оларда нақты 
контурдың болмауымен түсіндіріледі. 
Т.Л. Дегтерева: «Синонимика явление равнозначности слов или 
языковой формы, необходимо закономерное явление в языке, один из 
основных внутренних законов языкового развития», - деп көрсетеді 
[51, 34]. 
Ия, тіліміздегі синонимдер лексиканың құрамды бір бөлігі 
болғандықтан, сөздік құрамда болған өзгерістер оларға да 
(синонимдерге) күшті әсер етіп олардың бойынан айқын көрініп 
отырады. 
Ендеше, 
синонимдер 
сөздік 
құрамға 
тән 
ортақ 
заңдылықтармен дамып, өзгеріп, байып отырады. Тіліміздегі 
синонимдерді тек тілдің өзінің ішкі даму заңдылықтарымен ғана 
байланыста емес, жалпы қоғам тарихымен және қазақ халқының өз 
даму тарихымен байланыстыра зерттеу қажет. Өйткені қай халықтың 
болса да өміріндегі түрлі құбылыстар, басынан өткен дәуірлері оның 
тіліне ізін қалдырып, белгілі бір лексикалық ұғыммен ұласып 


70 
жатады. Ол халықтың әлеуметтік-саяси тіршілігі де, ұлттық болмысы 
және мәдени дүниесі де сөздік құрамнан, ондағы сөздердің 
мағынасынан айқын білініп тұрады. 
«Сөз тарихы тіл тарихымен, тіл тарихы халық тарихымен, халық 
тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Біреуін екіншісінен бөліп 
алуға келмейді. Бірін айтсақ бәрін байланыстырып қатар айтуды 
қажет етеді», - деп Ә.Болғанбаев өте дұрыс айтқан [1, 140]. 
Қоғамның дамуымен байланысты сол қоғамның қатынас 
құралы болатын тіл де, оның қалпы, құрылысы, байлығы, ондағы жеке 
сөздер де, олардың мағыналары да сол қоғаммен бірге өзгеріп отырады. 
Өйткені қоғамда жаңадан пайда болған заттың өзін немесе оның 
бойындағы түрлі белгілерін адам бәрін бірдей бір мсзгілде танып 
білмейді. Ол оны біртіндеп бақылау барысында танысып, біліп, өзінің 
ойлау қабілетін дамыта түседі. Сөйтіп белгілі бір заттың сан алуан сыр-
сипатын жан-жақты, терең танып білудің нәтижесінде синоним 
сөздер пайда болады. Осыған орай синонимдер кездейсоқ құбылыс 
емес деп айта аламыз. Себебі олар жайдан-жай, құр бекер туа 
салмаған. Олар өмірге қажеттіліктен келіп біреулері ілгері, екінші 
біреулері соңынан шығып отырады. Синонимдік қатарға енетін синоним 
сөздердің енді біреулері бәрі бірдей бір кезде пайда болуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет