Резуанова ғалияпану кабиевна


 Көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдік қатарлар



Pdf көрінісі
бет28/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

2.2 Көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдік қатарлар 
 
Синонимдердің пайда болу жолы тіліміздегі жеке сөздердің
оның сан алуан мағыналарының пайда болу жолымен бірлікте, бір 
бағытта жатыр. Синонимия құбылысы іштей мағынамен астарласып 
жатқандықтан да оны семасиологиялық категориялардың бірі 
ретінде есептейді. Сондықтан да мағынамен тікелей байланысты 
болып келетін синонимика құбылысын тілдің лексика-
семантикалық тұрғысынан қарастырамыз. Себебі олардың 
бойындағы ерекшеліктің басым көпшілігі лексика-семантикалық 
белгілерге тән. 
Синонимдер 
сөздердің 
жалпы 
белгісіне 
қарай 
топтастырылады. Синонимдік қатардың мағыналық негізі 
сөздерді өзара жақындастырып салыстыру үшін ғана емес, 
сонымен бірге оларды бір-біріне қарсы қойып ерекшелеуге де негіз 
болады. Міне; осындай мағыналық жағынан синонимдер 
лексиканың басты бір саласы бола отырып, сөздік құрамның 


71 
көптеген басқа да топтарымен тығыз байланысты болады. Атап 
айтсақ, 
омонимия, 
полисемия, 
антонимия, 
фразеология 
құбылыстарымен шиырласып, әсіресе, сөз мағынасымен, оның 
өсу, даму жолдарымен іштей араласып жатады. Сөз 
мағынасының кеңеюі де синонимдік қатынастың өзгеруіне үлкен 
септігін тигізіп отырады. 
«Түбір тұлғадағы сөздердің мағыналарының кеңеюі екі 
түрлі: біреуі негізгі мағынасын сақтай отырып, жаңа ұғымды 
көрсету арқылы мағынаны кеңейтсе, енді біреулері негізгі 
(бұрынғы) мағыналарын сақтамай, яғни бұрынғы мағынасы жалпы 
халықтық тілімізден шығып қалып, семантикалық архаизмге 
айналып, жаңа мағынасы қолданылады», - дейді Р.Барлыбаев [52, 
38]. Ал синонимдер бір синонимдік қатарға енгенде бір негізгі 
мағынаны тірек етіп барып бірігеді. Бірақ синонимдік қатарға 
топтастырылған сөздердің бәрі бірдей өзінің негізгі мағынасында 
келіп, мағыналық жағынан әркез ашық, айқын болып тұрмайды. 
Синонимдік қатарға енген сөздердің кейбіреулері ауыс мағынада 
немесе қосымша мағыналарының бірінде тұрып басқа сөздермен 
синонимдеседі. Өйткені қай-қай тілдің болмасын сөздік құрамын 
алып қарасақ та ондағы сөздердің басым көпшілігі көп мағыналы 
сөз болып келеді. 
Сонымен, қоғам өмірінде адам санасының, ой-өрісінің дамуы 
негізінде ғылым мен техника, мәдениет пен әдебиет кең өріс алып 
көркейеді. Ал олардың жетілуімен байланысты сөздік құрамға 
жаңадан сөздер еніп отырады. Бірақ тілдің байлығы сөздік 
құрамдағы сөздердің сан мөлшерімен ғана өлшенбейді, сөздердің 
мағына жағынан да бай болуымен де өлшенетінін есте ұстауымыз 
ләзім. Кейде бізді қоршаған ортадағы екі немесе одан да көп 
заттардың бойында ұқсас бір белгілері болуымен байланысты 
сөздің о бастағы негізгі мағынасының үстіне бірнеше қосымша 
мағыналар үстеліп отырады. Сөйтіп, тілімізде көп мағыналы сөздер пайда 
болады. Ал ол сөздің көп мағыналы болып қалыптасуына олардың 
негізгі мағыналары ұйтқы болады. Ол басқа қосымша мағыналарды 
төңірегіне топтастырып соларға негіз болып тұрады. Көп мағыналы 
сөздердің өзіндік даму заңдылықтары бар. Ол заңдылықтарды ашу 
синонимдерді зерттеуге үлкен пайдасын гигізеді. Сондықтан да бұл 
екі саланы үнемі бірлікте, өзара қарым-катынаста қарау керек. 
Жалпы синонимдердің пайда болуы дегенде міндетті түрде 
тілімізде жаңа сөздердің пайда болуы деп түсінбеуіміз керек. 


72 
Синонимдік қатар – сөздердің түрленуінен гөрі мағынаның 
түрленуіне біршама бейім тұратын қасиет. Сол себептен де біз 
жоғарыда синоним ұғымы сөз мағынасы ұғымымен тығыз 
байланысты деп айтқан болатынбыз. Егер де біз сөздің о бастағы 
мағыналарын біреу-ақ деп білсек, уақыт өткен сайын көптеген 
сөздер өзінің о бастағы меншікті мағынасының үстіне жаңадан бір я 
бірнеше қосымша мағыналар қосып алғанын байқаймыз. Жалпы, сөз 
мағынасына келетін болсақ, лексикалық мағынаның іштей бірнеше 
түрге жіктелетінін ұмытпауымыз керек. Айналада қоршаған ортадағы 
әр зат, құбылыс, іс-әрекет, қасиет-белгі т.с.с. белгілі бір сөзбен 
аталатындығы бізге туғаннан-ақ белгілі. Яғни бірнеше заттардың 
немесе денотаттардың ішінде бір ғана затты (қасиет, іс-әрекет т.б.) 
сөзбен атау арқылы біз оны басқа заттардан бөліп жеке көрсетеміз. 
Осылай затты атау негізінде сөз негізгі атауыштық немесе 
номинативтік сипатқа ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет