Резуанова ғалияпану кабиевна


Жәрмеңке жастық уақыт өтіп кетіп, Бұл күнде  қоқталып тұр сол  базарым



Pdf көрінісі
бет31/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

Жәрмеңке
жастық уақыт өтіп кетіп, Бұл күнде 
қоқталып тұр сол 
базарым
 
(Ақан сері). Осы сөйлемдегі қарамен 
берілген сөздер тура мағынасында тұрған жоқ, бұл жерде олар
қызық, думан
мағынасын білдіріп тұр. Сондықтан да М.И. Фомина 
мұндай сөздерге мынандай түсініктеме береді: «Синтаксический 
обусловленым называется у слова переносное значение, которое 
проявляется у слова при выполнении необычной для него функции 
в предложении.
В развитии и утверждении подобных значений весьма 
существена роль контекста ...» [53, 40]. Мұндай мағыналарға да 
синоним болатын сөздер тілімізде кездескенімен де ол шартты
(тұрақсыз) болғандықтан да, өз алдына синонимдік қатар құра 
алмайды.
Көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдік қатарларды 


77 
талдау барысында біздің байқағанымыз ауыспалы мағынаның 
негізінде пайда болған синонимдер тілімізде едәуір орын алады. 
Яғни сөз ауыспалы мағынаға ие болады да, оған синонимдік сыңар 
бола алатын сөздер жиі кездеседі. Сондай-ақ, номинативті 
(атауыш) мағынаға синоним болатын сөздер де аз емес.
Көп мағыналы сөз бен синоним сөздердің іштей бірлестігі 
олардың сөз мағынасының ұқсастығынан шығады. Бірақ та 
мағыналық ұқсастық екеуінде екі түрлі көрінеді. Мәселен, көп 
мағыналы сөздар қоғамдағы белгілі бір заттар мен құбылыстардың 
бойындағы ерекшелікті екінші бір заттар мен құбылыстарға 
ұқсастыра отырып, бір атаумен атайтын болса, синонимде, 
керісінше, бір заттың немесе құбылыстың бойындағы ерекшелікте 
әр түрлі сөздермен атайды. Э.В. Кузнецова оны: «егер көп 
мағыналы сөз инварианты лексема (сөздің жамылғышы), ал 
варианттары сол лексеманың жеке-жеке мағыналары болса, ал 
синонимде – инварианты – белгілі бір мағына, ал варианттары әр 
түрлі лексемалар», - деп түсіндіре отырып, мұны сызбаға салатын 
болсақ, былай көрсетуге болады дейді: /Қараңыз: Э. В. Кузнецова, 
1989/. 
Синоним мен полисемияның арасындағы байланыстың 
болатынын көптеген зерттеушілер айтқан болатын. Мәселен, орыс тіл 
білімінде Р.А. Будагов, Е.М. Галкина-Федорук, Г.С. Клычков, А.А. 
Уфимцева,


78 
С.Г. Бережан, Д.Н. Шмелев, Э.В.Кузнецова т.б.. Қазақ 
лексикологиясында К.Аханов, Ә.Болғанбаев, О.Жұмашев т.б.; Сондай-
ақ басқа да тілдерде мұндай құбылыстырдың арасында болатын 
байланыс жөнінде сөз болатын еңбектер бар. Олардың қатарына 
Ш.Ханбикова, Синонимы в татарском языке; Б.Суранчиев, Синонимы 
в киргизском языке т.б. атауға болады. Мысалы, Ю.Д. Апресян 1957 
жылдың өзінде-ақ көп мағыналы сөз, әдетте, бірнеше синонимдік 
қатарға енеді... сөйтіп тілде ассоциацияның үздіксіз жүйесі 
қалыптасады да, ол сөздің үлкен бір бөлігін оның синхрониялық түрінде 
қамтиды», - деп көрсетті [58]. 
Француз тілшісі Анри Митеран өзінің лексикология жөніндегі 
кітабының «Семантикалық структура» бөлімінде мәнділігі 
тұрғысынан әрбір сөз екі осьте қарастырылуы қажет: бірінші, 
әртүрлі сөздердің айтылуындағы мағынасы үшін мүмкін 
субститутциясын анықтау (ол синонимия), ал екіншісі, мағынаның 
ықтимал варианттары бар бір ғана сөздің мүмкін комбинациясын 
анықтау (бұл полисемия) деген болатын. Бұл қандай да бір 
құрылымға жатады. Сөйтіп, полисемия мен синонимияның 
арасындағы тығыз байланыстың болатындығын айтады. 
Бұл мәселе жөнінде А.А.Уфимцева былай дейді: «Разработка 
проблемы синонимии очень схожей по своей сущностей с 
полисемией, прежде всего обусловлена пониманием лексического 
значения слова, а соответственно пониманием природы и таких 
лексических связей слов. Сложность и многообразие логических 
связей слов обусловлены прежде всего природой языкового 
значения. Словесный знак, в отличие от механических, чисто 
конвенциональных знаков, обладающих только свойством 
различения несет в себе принцип обобщения предпологающих 
функцию как различения и отождествления. В силу этих своих 
особенностей слова способны находиться в нескольких 
синонимических рядах и в нескольких лексико-семантических 


79 
группах» [59, 29]. 
Көп мағыналы сөздер жеке-жеке ұғымды білдіргендіктен, 
олардың әрбір мағынасы бөлек-бөлек синонимдік қатар құрауға 
себепші болады. Яғни, полисемия құбылысы бір сөздің екі немесе 
бірнеше синонимдік қатар құрамына кіру мүмкіндігіне әкеледі. 
Мәселен, 
күшті 
сөзі (сильный) көбіне физикалық күшті белгілеу 
үшін жұмсалады, бірақ кейде басқа-басқа мағынада қолданылып, 
бірнеше синонимдік қатардың құрамына енеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет