Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет30/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

судан өту –
емтиханнан 
өту). 
Оған, әдетте, бір затты, оның белгілерін басқа бір затпен
салыстыру, ұқсастыру себеп болады» [55, 79]. Ауыспалы мағына, 
әдетте, контекст арқылы ашылады. Яғни сөз сөйлем ішінде 
(контексте) 
басқа сөздермен байланыста тұрып қолданылатындықтан, оның 
әр мағынасы контексте ғана ашылып, бізге түсінікті болады. 
Демек, тіліміздегі сөздерде негізгі (тура) мағынамен қатар 
екі немесе одан да көп қосымша (ауыспалы, келтірінді) 
мағыналары болуы мүмкін. Яки сөздер, оның мағынасы ауыспалы 
мағына үстеу нәтижесінде байыған үстіне байи түседі. 
«Мағыналық жақтан құбылып, әр түрлі мағынада жұмсалу тілдегі 
әр алуан сөздерге тән құбылыс болып саналады. Белгілі бір сөздің 
негізгі мағынасы мен туынды мағыналары сол сөздің 
мағыналық мазмұ нын құрастырады» [57, 105]. Демек,
тіліміздегі сөздерде негізгі (тура) мағынамен қатар екі немесе 


75 
одан да көп қосымша (ауыспалы, келтірінді) мағыналары болуы да 
ықтимал. Сөз ауыспалы мағынаға ие болуы негізінде тіліміздегі 
синонимдер де өз қатарын сан жағынан толықтырып көбейте 
түседі. Өйткені синонимдік қатынасқа енген сөздердің басым 
көпшілігі де көбінесе сөздің қосымша мағыналарының бірінде 
тұрып синонимдеседі. Мысалы, көп мағыналы сөздің бастапқы 
(негізгі) мағынасы өзімен мағыналас сөзбен бір синонимдік 
қатар құрса, сөзде екінші (қосымша ауыспалы) мағынаның дамуы 
негізінде жаңа синонимдік сыңар жасалуы ықтимал. Мәселен, 
ағым 
деген сөздің негізгі мағынасы 1) бір нәрсенің ағуы, ағыс. 
Өзенге ағылған сал сияқты қанның 
ағымымен 
жылысып барады да, 
дәл аурудың тұсына келгенде тоқтап, қан тамырынан өтіп, ісікті 
тауып алады 
(З.Шашкин, Доктор Дарханов). Ал екінші 
мағынасы бір нәрсенің белгілі бір бағыт бойынша жылжып 
ағуымен байланысты, соған ұқсас болғандықтан шыққан. 2) бағыт, 
беталыс. 
Жиырмасыншы ғасырдың басынан бері бүгінге шейін бұл 
романтизм мен реализмнің өздері де түрлі-түрлі формаға, тңрлі 
үлгіге, түрлі 
ағымға 
түсіп келеді 
(С.Сейфуллин, Шығ.). Сонда 
негізгі мағынасында тұрғанда 
ағым 
сөзіне 
ағыс 
сөзі синоним 
болса, ауыспалы мағына алуының негізінде 
бағыт, беталыс 
сөздері синоним болып екінші бір синонимдік қатар пайда 
болады. Сол сияқты мысалы, 
адал 
сөзі негізінен 
арам емес, 
пайдалануға жарамды, таза 
мағынасымен бірге бірнеше қосымша 
(күнәсыз, 
жазығы 
жоқ 
сияқты) 
мағыналарға 
ие. 
Бұл 
мағыналардың әр қайсысы сөздің қосымша, екінші қызметін 
атқарады. 
Адал 
сөзі осы екінші бір тұлғада берілуі арқылы, яғни 
қосымша мағыналар арқылы екінші бір синонимдік қатар түзейді. 
Мәселен, 
адал 
сөзінің мағыналарының бірінде 
«ақ ниетті» 
мағынасында 
таза ойлы, әділ 
сөздеріне синоним болып, алғашқы 
мағынамен екінші тұлғада байланысады. Өстіп, көп
мағыналы сөздің әрбір мағыналары жеке-жеке синонимдік қатар 
құрамына енулері мүмкін. Оны мынадай сызба арқылы 
көрсетуімізге 
болады: 


76 
Адал 
сөзіне қатысы жағынан 
«ақ ниетті, таза ойлы, әді» 
оның екінші қызметі. Сөйтіп, мағыналас сөздерді белгілі бір 
синонимдік қатарға топтау үстінде көптеген мәселелер сөздің 
негізгі, ауыспалы және контекстік мағыналарымен түйісіп 
отырады. Бір сөз бірнеше мағынаға ие болғандықтан, қай сөзбен 
қандай қарым-қатынаста жұмсалып тұрғандығын айыру кейде өте 
қиынға соғады. Алайда синонимия мен полисемия жақындығы 
толық паралеллизм деген сөз емес. 
3. Жалпы, сөз мағыналарын қарастырғанда, мағына мен 
қолданысты бір-бірінен ажырата білу қажет. Себебі сөз сөйлемде 
(контексте) қолданылу жүйесіне қарай дағдылы (әдеттегі) 
мағынасынан тыс басқа бір ерекше мағыналық реңк алуы да 
мүмкін. Мұны контекстік мағына деп атаймыз. Бұл ауыспалы 
мағынаның бір түрі, бірақ бұл мағына ауыспалы мағына сияқты 
бір заттың номинативті (тура) мағынасын басқа бір затқа атау 
етіпауыстырудан туған мағына емес. Және ол тұрақты емес, тек 
қолданыста, қандай да бір контексте сөйлем ішінде ғана көрінеді, 
сол себепті оны кейде синтаксистік шартты мағына деп те атайды. 
Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет