Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер



бет2/6
Дата07.02.2017
өлшемі2,46 Mb.
#8950
1   2   3   4   5   6

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Сөзі Ж.Тұрбековтікі

Әні Ә.Еспаевтікі
Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл бақшада сайрандап, өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін.
Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бәрі дайын.
Білім шыңын өрлейміз, басып алға,

Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,

Бостандық туы желбіреп қолымызда.

БАЛДЫРҒАН ӘНІ
Сөзі Н.Жанаевтікі

Әні Б.Дәлденбаевтікі
Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде,

Алау болып жанамыз.


Алау болып жанамыз,

Құлыншақ боп шабамыз.

Балапандай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.


Болсын кіші бойымыз,

Биікке ұшу – ойымыз.

Біз бақытты балдырған,

Тойға ұласқан тойымыз.




ОЙЫНШЫҚТАР
Сөзі Н.Әлімқұловтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі
Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.


Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен қуыршақ,

Ұйықта десең ұқпайды.


Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?!

Тентектігін тыймаса,

Тұрғызармын бұрышқа.



ӨСІП КЕЛЕ ЖАТЫРМЫН
Сөзі Т. Айбергеновтікі

Әні Қ. Сәтиевтікі
Кеудесінде таулардың,

Кемесінде арманның.

Жалау етіп ерлікті,

Ескек етіп ерлікті,

Өсіп келе жатырмын.
Адал терім әрдайым

Моншақтатып маңдайым.

Соқсын дауыл, соқпасын,

Қиындықтың көк тасын,

Өсіп келе жатырмын.
Кейде күнмен теңесем,

Таласып мен күнмен өсем.

Гүл теремін жерімнен,

Бірге туған еліммен

Өсіп келе жатырмын.

БАЛДЫРҒАНДАР ӘНІ
Сөзі О.Әубәкіровтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.


Қайырмасы:

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары,

Бақшамыз жайнады.


Біз – Отанның балдырған ұлдарымыз.

Әдептілік, батылдық – ұранымыз.


Қайырмасы:


ЖАС ДӘУІРДІҢ ТҮЛЕГІМІЗ
Сөзі Е.Өтетілеуовтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі
Бау, бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер –

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан –

Көңілді ауыл, қаламыз.


Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз! (2 рет)


Өзіміз туған,

Көбелек қуған –

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып –

Білімді адам боламыз.


Қайырмасы.

ЖАС ҰЛАНДАР МАРШЫ
Сөзі Б.Тәжібаевтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі
Біз – бейбіт ел ұланы,

Өнер, білім ұраны.

Алдымыздан жақсы арман,

Күлім қағып тұрады.


Қайырмасы:

Біз – батыр ел жастары,


2 рет

Бақыт алға бастады.


Тербетіліп алтын дән,

Теңіздейін толқыған.

Даламызда тасқындап,

Еңбек күйі шалқыған.


Қайырмасы.

Күш-қайратын қаулаған,

Келешекке арнаған.

Алтын айдын төріне

Көгілдір ту қадаған.
Қайырмасы.
КӨКЕШІМ
Сөзі Ә.Асылбектікі

Әні М. Омаровтікі
Көкесі: Айналайын, бөпешім,

Ән салады көкешің.

Есейгенде ер жетіп,

Кім болады екенсің?


Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,

Тәнті балғын бөпешің.

Әсерлі де әуенді

Әнге құмар етесің.


Бірге: Ән – көңілдің ажары,

Ән – өмірдің базары.

Әуелесін, қалқысын,

Қазағымның жаз әні.


Көкесі: Айналайын, бөпешім,

Ән салады көкешің.

Жалғастырсаң жолымды,

Жарық күнім екенсің.


Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,

Тәнті балғын бөпешің.

Әнші балапаныңды,

Шын мақтаныш етесің.


Бірге: Ән – көңілдің ажары,

Ән – өмірдің базары.

Әуелесін, қалқысын,

Қазағымның жаз әні.

Ән – көңілдің ажары,

Ән – өмірдің базары.

Әуелесін, қалқысын,

Қазағымның жаз әні.


КЕЛШІ, КЕЛШІ, БАЛАШЫМ
Сөзі Қ.Ыдырысовтікі

Әні Е.Хасанғалиевтікі
Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.


Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке,

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар – көңілің,

Ақ болар деп ойладым


Қуанышым – арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз

Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде,

Болмаған деп санаймыз.


Жалғыз дара – өзіңсің,

Атасының көзісің

Әжесінің сөзісің,

Мен барымды аяман.


ӘНШІ БАЛАПАН
Сөзі Қ.Қазыбекұлынікі

Әні М.Омаровтікі
Білім, ғылым, өнерге,

Қанат қағар кездерің.

Ата салтын ертеңге

Жеткізетін өздерің,

Жеткізетін өздерің!
Қайырмасы:

Әнші, биші, әнші балапан,

Әнші, жыршы, күйші балапан.

Әнші, биші, әнші балапан,

Әнші, жыршы, күйші балапан.
Әділқазы береді,

Өздеріңе билікті.

Өнерде кім жеңеді,

Алады сол сыйлықты.

Алады сол сыйлықты.
Қайырмасы.

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР ӘНІ
Сөзі мен әні Х. Кәкімжанованікі
Біздің балғын балалар,

Ән салады, қараңдар.

Тәртіпті, үлгілі,

Ұқыпты ол әр күні.


Қайырмасы:

Аһа-һа, Аһа-һа,

Ән саламыз шырқата.

Аһа-һа, Аһа-һа,

Би билейміз шаттана.
Қол қусырып көңілсіз,

Әсте жалғыз тұрмаймыз.

Бақытты, шаттықты

Әнге қосып жырлаймыз.

Анам тамақ пісірсе,

Біз де үлкен кісіше,

Көмекке барамыз,

Еңбек сүйгіш баламыз.


Қайырмасы.
Отан-біздің күніміз,

Біз Отанның гүліміз.

Бағында бақыттың

Шырқа әнін шаттықтың.


Қайырмасы.
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР ЖЫРЫ
Сөзі Ә. Ахметовтікі

Әні Л. Хамидидікі
Қарай-қарай келемін Алатауға,

Асқар шыңы ұқсаған ақ отауға.

Баурайында құлпырған жасыл шалғын,

Жұпар шашқан гүлдері таң атарда.


Қайырмасы:

Көкте алтын күніміз,

Шұғылалы нұры біз.

Асқар шыңнан асады,

Асқақтаған жырымыз.
Таудан төмен қараймын таң атарда,

Аясында күміс көл кең даланың.

Сусылдаған самалдай қанаттарда,

Кең даланың еркесі мен боламын!


Аспан ашық, арайлы таң атарда,

Көк жүзіне көз тіге мен қарадым.

Әлемді адам өзіне қаратады,

Көк жүзінің еркесі мен боламын!



БАЛА ТІЛЕГІ
Сөзі С.Молдасанұлынікі

Әні Ф. Жолдасованікі
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2 рет.)


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан- байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2 рет.)


Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2 рет.)



БІЗ – ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ
Сөзі Ә. Дүйсенбиевтікі

Әні Б.Ғизатовтікі
Зеңгір көктен

Нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз.

Жайдары өскен,

Жайнап өскен

Біз – өмірдің гүліміз.


Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштықта,

Нұр құшақта

Бақыттымыз бәріміз



БІЗДІҢ ӘН
Сөзі С. Жиенбаевтікі

Әні Б. Ғизатовтікі
Үйренсең нотаны,

Ән де саласың,

Барлығын оп-оңай жаттап аласың.

Сен де қосыл жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.
Шырқалсын әрқашан,

Әсем ән ғана.

Шырқасын бұл әнді

Күнде бар бала.

Сен де қосыл жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.


Күлімдеп қарасын

Аспан алабы.

Біз де әнге бөлейік

Туған даланы.

Сен де қосыл, жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.



АЙГӨЛЕК
Сөзі Н. Баймұхамедовтікі

Әні Б.Байқадамовтікі
Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында.

Кемерінен шалықтап,

Асып жатқан шағында.

Ойын ойнап, ән салмай,

Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?


Қайырмасы:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған ке зімде,

Би билеймін дөңгелеп
Ақыл сөздің ұстазы –

Ақын болар ұрпақпыз.

Өнер, білім, еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.


Қайырмасы.

КҮНІМ БӨБЕГІМ
Сөзі Ф.Оңғарсынованікі

Әні Ж.Еңсеповтікі
Күнім де сен, бөбегім,

Гүлім де сен бөбегім.

Әлдилеген анаңа

Күлімде сен, бөбегім!


Қайырмасы:

Айналайын, бөбегім,

Айналайын, бөбегім.

Анашыңның гүлі боп

Жайна дәйім бөбегім.
Бал түндерім, бөбегім,

Даңқым – жерім, бөбегім!

Арман тауым Асқарым –

Халқым менің, бөбегім!


Қайырмасы.
Аңсағаным, бөбегім,

Салсам – әнім, бөбегім,

Сені аялап таңдарды.

Қарсы аламын, бөбегім!



КӨҢІЛДІ БАЛАЛАР
Сөзі А.Көпжасарованікі

Әні М.Рахманқұловтікі
Жазда шықты жайраңдап,

Бұзау, бота тайраңдап.

Қозы-лақты өріске

Жібереміз айдап-ақ.


Қайырмасы:

Содан кейін ойнаймыз,

Қызыққа бір тоймаймыз.

Ойын, ойын ойын ғой,

Оқуды да ойлаймыз.
Ақ шабақпен алысып,

Суда жүздік жарысып.

Аңдып басын қармақтың,

Қол да қалды қарысып.


Қайырмасы:

Еркелеткен анамыз,

Біз көңілді баламыз.

Көкжиекке бататын,

Күнді қуып барамыз.
Ай туғанда көп бала,

Шетіне ауыл топтана.

Ән саламыз, билейміз,

Қосыл сен де, тоқтама.


Қайырмасы:

Бала, бала, баламыз,

Оттай лаулап жанамыз.

Жаз клегенде осылай,

Асыр салып қаламыз.

«АЙГӨЛЕКТІ» БИЛЕЙІК
Сөзі Қ. Смағұлдікі

Әні Н. Дүкенбайдікі
Еркін елдің ұл-қызы,

Жарқыраған жұлдызы.

Би билейміз бәріміз,

Айдай толқын нұр жүзі.

Біз балдырған баламыз,

Оқып білім аламыз.

«Айгөлекті» билесек,

Бақытты, шат боламыз.


Жадырасын бойымыз,

Өркендесін ойымыз.

Би билейік келіңдер,

Қызсын кештер, тойымыз.

Біз балдырған баламыз,

Оқып білім аламыз.

«Айгөлекті» билесек,

Бақытты, шат боламыз.


Тыңдасын жұрт жан салып,

Тыңдай қақсын тамсанып.

Көтереміз көңілді,

«Айгөлек» деп ән салып.

Біз балдырған баламыз,

Оқып білім аламыз.

«Айгөлекті» билесек,

Бақытты, шат боламыз.


БАҚЫТТЫМЫН, ҚҰРБЫЛАР
Сөзі Қ.Мүсіреповтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Б ұлбұлмын сайрайтын,

Достарым жанымда,

Оянып таңменен,

Жүрегі мейірлі.

Қазақтың даласын

Тербетем әнменен,

Бақыттың бағында

Жүремін көңілді.


Қайырмасы:

Әдептен аспаған,

Арманға бастаған

Жан-жағым дос-құрбы,

Жан-жағым жақсы адам.

Шаттықтың нұрын шашып жанарымнан,

Билеймін ырғатылып, саламын ән.
Алдымда – ағайым

Абырой асырған.

Алдымда – апайым

Ақылды жасынан.

Өнегем көп менің

Өмірлік өшпейтін.

Қамқоршым көп менің

Құлпырып өс дейтін.


Қайырмасы.

БІЗ – БАҚЫТТЫ БАЛДЫРҒАНДАР
Сөзі М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Мырзалиев

Әні Ө.Байділдаев
Асыр салып ойнаймыз да,

Ән шырқаймыз, билейміз.

Үлкендерді сыйлаймыз да,

Тентектерді сүймеміз.


Қайырмасы:

Біз – бақытты,

Біз – бақытты,

Біз – бақытты балалар.


Тату-тәтті достармыз біз,

Анталы да талапты.

Көп білуге құштармыз біз,

Жақсы оқимыз сабақты.


Қайырмасы.
Отырғызып балғын шыбық,

Сән береміз өңірге.

Еңбекте де біз құлшынып,

Талпынамыз өнерге.


Қайырмасы.

БІРІНШІГЕ БАРАМЫН
Сөзі С.Сейітовтікі

Әні Т.Тайбековтікіі
Биыл күзде мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламын.
Мынау – есеп кітабым,

Мынау – менің «Әліппем».

Бәрін жинап сықадым,

Тұрмын түгел танып мен.
Ойыншығым, қаларсың,

Берем енді ініме.

Кейін әлде аларсың

Сентябрьдің бірінде.


КӨГЕРШІН
Әні А.Жұбановтікі

Сөзі Н.Баймұхамедовтікі
Ақ көгершін, көгершін,

Қолқанат құс сен едің,

Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.


Қайырмасы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.
Сенен көзін алмайды,

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды,

Әділеттен жаралған.

Тыныш – бейбіт өмірдің,

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің,

Қайт шыңына қонақтап.


Қайырмасы.
НАУРЫЗ
Сөзі Г.Жұмақасовтікі

Әні Л.Мельникованікі
Жаңа Жыл – Наурыз.

Оқуда да табыс.

Әр үйге шаттықты,

Әкеледі бақытты.


Қайырмасы:

Наурыз, Наурыз!

Ән, ойын, жарыс.

Әнімен қобыз.

Әкелер жақсы іс.

Көңілді айтыс,

Біз үшін табыс.
Наурыз – жаңа жай.

Далаға кілем жай.

Алтындай қызғалдақ –

Жас жылды қарсы алсақ.


Қайырмасы:


НАУРЫЗ
Сөзі А.Байтұрсыновтікі

Әні Б.Ахмешевтікі
Сәлем бердік! Жас Наурыз, жылдың басы!

Жұрттың күткен, мінеки, ықыласы!

Көжесін қып, күйбеңдеп, басын асып,

Бермек әркім барынша қонақ-асы.

Келгеніне құттықтап бірін-бірі,

Қуанышта, көрісіп кәрі-жасы.


Қайырмасы:

Сәлем бердік! Жас Наурыз, Наурыз, Наурыз!

Құтты болсын! Жас Наурыз, Наурыз, Наурыз!
Көңілі түгел адамның сен келген соң,

Самарқанның елжіреп түскен тасы.

Күйін көріп қуанған мұңсыз деме!

Толып жатқан көбінің бар мүддесі.

Табақ тартып: «Сәлем», – деп қол жаяды жұрт

Батаңды бер, жарылқар жыл мырзасы!


Қайырмасы.
Сәлем бердік! Жас Наурыз, жылдың басы!

Жұрттың күткен, мінеки, ықыласы!

Көжесін қып, күйбеңдеп, басын асып,

Бермек әркім барынша қонақ-асы.

Келгеніне құттықтап бірін-бірі,

Қуанышта, көрісіп кәрі-жасы.


Қайырмасы.


ЖАРҚЫН ЖҮЗДІ ҰСТАЗЫМ
Сөзі Ш. Смаханұлы

Әні И.Нүсіпбаевтікі
Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып. (2 рет)


Сипадың да басымнан,

«Әліппені» ұсындың.

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім. (2 рет)


Мейір толы көзіңде,

Кім бар сенен шыдамды.

Шалыс басқан кезімде,

Кешіресің кінәмді. (2 рет)




ҚҰТТЫ БОЛСЫН МЕРЕКЕ!
Сөзі Т. Рахымовтікі

Әні Ж. Еңсеповтікі
Шертіп сыры мол күйді,

Жүрегіміз толқиды.

Көкіректі кернейді ән.
Қайырмасы:

Барлық ұстаз апайлар,

Барлық ұстаз ағайлар!

Құтты болсын,

Құтты болсын төл мейрам!
Би билейміз, талмаймыз,

Әнімізді арнаймыз,

Ұстаздардың бәріне.
Қайырмасы.

Біз жүрейік мақтанып,

Бөленіңдер шаттанып,

Шәкірттердің әніне.


Қайырмасы.

ЖАН СЫРЫМ
Сөзі Х. Талғаровтікі

Әні Е. Өміровтікі
Мен кішкентай әншімін,

Таңғы мөлдір тамшымын.

Гүл ернінен жиналған,

Әндерім бар бал шырын.


Тамсандырып ән салдым,

Естігенің тамсандың.

Жүректерге жетсе деп,

Айту үшін жан салдым.

Шындықты айтар әншімін,

Жайып салар бар шынын.

Жүрек тудай желбіреп,

Алаулайды жан сырым.



МҰҒАЛІМ – ОЛ БІЗДІҢ!
Сөзі М. Әлімбаевтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі
Білімнің кілтіндей

Әліппе ұстатқан.

Оқуға іркілмей,

Тоқуға ұстартқан.


Қайырмасы:

Қамқоры ұл-қыздың,

Мұғалім – ол біздің!

Қамқоры ұл-қыздың,

Мұғалім – ол біздің!
Қиынға төзуге,

Үйреткен қашанда.

Жаманнан безуге,

Жақсылық жасауға.


Қайырмасы.

СЫҢҒЫРЛА, ҚОҢЫРАУ, СЫҢҒЫРЛА!
Сөзі С.Қалиевтікі

Әні М.Дауылбаевтікі
Армысың, аяулы мектебім!

Сағынып оралдық қайта біз.

Демалыс, жаз қалай өткенін

Өзіңе жыр қылып айтамыз.


Қайырмасы:

Әкелдік көл лебін, күн нұрын,

Гүлдерін ойдың да, қырдың да.

Той бүгін шаттанбас кім бүгін

Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!
Көп сырын қоңырау үнінде

Ырысын арқалап күз келді.

Ыбырай атадай білімге

Шақырып тұрсың-ау біздерді.



МАҒАН ҰСТАЗ ҮЙРЕТТІ
Сөзі Ж.Сыздықовтікі

Әні М.Дауылбаевтікі
Маған ұстаз үйретті

Әліппесін өмірдің,

Жан-жүйемді билетті

Күйі шалқып көңілдің.


Мені ұстаз баулыды

Тәтті жыр мен өлеңге.

Тәрбиемнің әр күні

Тартты ілгері белеңге...


Қайырмасы:

Қиялымды кездірді,

Таптым ойдың тұрағын.

Маған ұстаз сездірді

Алдағы өмір шырағын.
Өмір күйі аңсаған,

Қандым мөлдір тұнықтан.

Шашты қырау шалса да

Ұстазымды ұмытпан!




КҮЛШІ, КҮЛШІ БӨБЕГІМ
Сөзі Ж.Сыздықовтікі

Әні М.Дауылбаевтікі
Көкті сүйген шың басында тұрағың,

Сайраңдайсың бейбіт өмір шуағын.

Ақ төсіңде бақыт нұры балбырап,

Жарқырайды жарық жұлдыз, шырағың. 2 рет.


Бар ма тағы бізден алар керегің,

Күлімдеші, күлші, күлші, бөбегім.

Суәлеленіп жыл таңымен балқыған

Жұлдызымды, нұр жүзімді өбемін... 2 рет.



АНА ТІЛІ
Сөзі Ә.Табылдиевтікі

Әні М.Дауылбаевтікі
Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның. 2 рет.


Өсірген ой, білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді. 2 рет.



ҰСТАЗЫМА
Сөзі Б.Әліқұловтікі

Әні М.Рахманқұловтікі
Шәкірт әр кез бас иер ұстазға ұлық,

Өнегеңді ұядан ұшқанда іліп.

Жылы сөзбен алдына жіберетін,

Парасат пен білімге құштар қылып.


Сағынбайды бұлақтай үніңді кім?!

Арналады өзіңе жырым бүгін.

Тәрбиелеп тазалық, жақсылыққа, (адалдыққа)

Жалықпастан төктіңіз білім нұрын.


Ұстаз барда тарылмас өрісіміз,

Қадірлейміз ұстазды сол үшін біз.

Қуансақ та қуанып бізбен бірге,

Қиналсақ та бердіңіз қол ұшын сіз.



ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!
Сөзі А.Меңжанованікі

Әні– В.Питерцевтікі
Қош келдің, Жаңа жыл!

Жаңа өмір, жаңа нұр.

Шашу боп жолыңа,

Төгілсін ән мен жыр.


Қайырмасы:

Шыршаны айналып,

Билейміз ән салып,

Жаңа жыл өзіңді

Жырменен қарсы алып.
Жайнатып шыршаны,

Жағылды жыл шамы.

Шаттыққа бөледі

Қуантып жыл таңы.


Қайырмасы.
Ағылсын жыр толқын,

Кеудеге нұр толсын.

Жеңісті, жемісті

Бақытты жыл болсын!


Қайырмасы.


БАБАЛАРДЫҢ БАҚЫТЫ
Сөзі С.Мәуленовтікі

Әні А.Орынбековтікі
Аспан тұрса күлімдеп,

Айын биік орнатып.

Ақса бұлақ гүрілдеп –

Балаларға сол бақыт.


Қайырмасы:

Балаларға сол бақыт –

Аман болса әкесі,

Қатар өссе тәтесі,

Аман болса анасы.

Жүрке алдында ағасы,

Болса байтақ даласы!
Балаларға сол бақыт,

Болса Отаны аман-сау.

Басын бұлтқа бойлатып,

Тұрса асқақтап Алатау.


Қайырмасы.
Жапырақтарын жайнатып,

Әлдилесе бақша-бау.

Балаларға сол бақыт –

Жаз орманда жақса алау.


Қайырмасы.
ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ
Сөзі, әні Е. Елгезековтікі
Ғажайып түс көрдім,

Таң ата мен бүгін.

Ертегі әлемнің қызығында жүрдім.

Нұрына шомылдым бүгін.

Жұлдыз, айы – көркем,

Әдемі еді неткен!


Құстары сөйлейді,

Бұлттар тербейді,

Мен оянып кеттім, әттең!

Ертегілер, ертегілер,

Неге мені ертпедіңдер?!

Әлемдеріңнің ғажап күйін

Шертпедіңдер, сендер...
Гүлдерден, бұлттардан,

Әр гүлде бір арман.

Таусылмайтын тәтті,

Сый әкеліп жатты

Жан біткеннің бәрі маған.

Ертегілер, ертегілер,

Неге мені ертпедіңдер?!

Әлемдеріңнің ғажап күйін

Шертпедіңдер, сендер...

ЖАҢА ЖЫЛ
Сөзі Ө. Сәдетхандікі

Әні Қ. Сәтиевтікі
Бізге жаңа жыл келді,

Жаңа бақыт нұр берді.

Жаңа жыл деп қуандық,

Көңіл шалқып гүлдеді.

Жаңа, жаңа, жаңа жыл,

Асыр салып ойна, күл.

Ата-анадай мейрімді,

Жаңа жылдық жанары.


Жаңа жыл деп тамсанып,

Сені көптен аңсадық.

Әйгілейміз атыңды,

Бар әлемге жар салып.

Жаңа, жаңа, жаңа жыл,

Асыр салып ойна, күл.

Ата-анадай мейрімді,

Жаңа жылдық жанары.



ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕМ!
Сөзі Ө. Тұрманжановтікі

Әні Н. Дүкенбайдікі
Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырдың әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

А. Ә. Б. В. а. ә. б. в...
Өзім оқып кітапті,

Жалынбадым ағама.

Қуанды апам оқудан,

Алған бестік бағама.

А. Ә. Б. В. а. ә. б. в...
Қош бол, құтты Әліппем!

Тіл тұсауын кестің сен.

Аяулы апам болып сен,

Айыбымды кештің сен.

А. Ә. Б. В. а. ә. б. в...

НАУРЫЗ
Сөзі М. Ермекбаевтікі

Әні Қ. Сәтиевтікі
Кәне, достар, биле, биле,

Құлағың сал ән мен күйге.

Наурызды тойлағанда

Отырмаңдар босқа үйде.

Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Таң шапағы қарсы алып наурызда,

Құт-береке тілейміз ауылымызға.

Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,

Шат көңілмен бәріміз ән салайық.

Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Құтты болсын!

Наурыз! Наурыз!

Құтты болсын Наурыз!
Келіңіздер, келіңіздер,

Бізбен бірге еріңіздер.

Ақ көженің дәмін татып,

Тамсанып бір көріңіздер.

Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Таң шапағы қарсы алып наурызда,

Құт-береке тілейміз ауылымызға.

Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,

Шат көңілмен бәріміз ән салайық.

Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Құтты болсын!

Наурыз! Наурыз!

Құтты болсын Наурыз!
Бақыт тілеп жолдастарға,

Жаңа өмірді қарсы алайық.

Ақ көңілмен, ақ тілекпен,

Асқақтата ән салайық.

Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Таң шапағы қарсы алып наурызда,

Құт-береке тілейміз ауылымызға.

Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,

Шат көңілмен бәріміз ән салайық.

Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Құтты болсын!

Наурыз! Наурыз!

Құтты болсын Наурыз!

НАУРЫЗ КЕЛДІ
Сөзі Қ. Смағұлдікі

Әні Н. Дүкенбайдікі
Наурыз келді далама,

Наурыз келді қалама.

Қуанады ата-ана,

Қуанады бала да.


Оң болды да жорамыз,

Төлге толды қорамыз.

Айран, қымыз толығып,

Аққа толды шарамыз.


Наурыз болсын әніміз,

Наурыз болсын сәніміз.

Наурыз көже көп ішсек

Жасарамыз бәріміз.



НАУРЫЗ
Сөзі Е.Жапақтікі

Әні А.Сағаттікі
Шығыстан жалын тарады жер бұсана жатты бұдай,

Күн теңесіп түн мен қалады қалаған соны құдай.

Түркістан тасы ерідау көктем,

Көзімнің жасы айхау еркем.


Наурыз, наурыз!

Жылы жел келді, айхай, сары май,

Тары көже төгілдей,

Ақтады жайдау, айхай!


Қарасаң алтын мейрам адамнан келді арай,

Жер беті жасыл сайран сары дала әнмен шырай.

Түркістан тасы ерідау көктем,

Көзімнің жасы айхау еркем.


Наурыз, наурыз!

Жылы жел келді, айхай, сары май,

Тары көже төгілдей,

Ақтады жайдау, айхай! 



СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМ – МЕКТЕБІМ

Сөзі Ш. Смаханұлынікі

Әні Ө. Байділдаевтікі
Қызықты каникул кезінде

Асыр сап ойнадық, демалдық,

Сүйікті, мектебім, өзіңе

Қуанып қайтадан оралдық.


Гүл тердік тоғайда, орманда,

Шіркін-ай, жайдары жаз қандай.

Төл күтіп жайлауда, қырмаңда

Жинастық бидайды маржандай.


Сәулесі әйнекке шағылып,

Нұр төкті класқа көкте күн.

Келдік біз оқуды сағынып,

Сүйікті ұстазым – мектебім.



САЯ БАҒЫМ
Сөзі Ш. Смаханұлынікі

Әні А. Райымқұлованікі
Сүйікті менің мектебім,

Самалды сая бағымдай.

Өзіңнен өсіп көктедім,

Талабым тасқа шағылмай.


Еркелеп өстім жарқылдай,

Еңселі үйім, төрінде.

Анамның махаббатындай

Құшағың ыстық сенің де.


Үш десең күнге жетейін,

Баулыған өзің, мектебім.

Жерімді көркем етейін,

Әкеліп ерте көктемін.


Еркелеп өстім жарқылдай,

Еңселі үйім, төрінде.

Анамның махаббатындай

Құшағың ыстық сенің де.



ҰСТАЗЫМ
Сөзі М. Әміржановтікі

Әні Н. Дүкенбайдікі
Анамдай, мәпелеп,

Өмір көшінде.

Бауладың жетелеп,

Бәрі есімде.

Ұстазым, бағымсын,

Жайқалған әсем.

Өзіңнен табамын,

Керемет деректі.

Ғылымның жолында,

Өмірге керекті.


Қуандық баладай,

Көріп жемісін.

Өрлесем мен самғай,

Сенің жеңісің.

Ұстазым, бағымсын,

Жайқалған әсем.

Өзіңнен табамын,

Керемет деректі.

Ғылымның жолында,

Өмірге керекті.


Дарыған бойыңа,

Ұлы адалдық.

Болсыншы тойына,

Әнім базарлық.

Ұстазым, бағымсын,

Жайқалған әсем.

Өзіңнен табамын,

Керемет деректі.

Ғылымның жолында,

Өмірге керекті.



ҰСТАЗ ТУРАЛЫ ӘН
Сөзі Қ. Смағұлдікі

Әні Н. Дүкенбайдікі
Ұстаздық ойдан нәр алған,

Өткізіп өмір, қыс, жазын.

Жалыннан жаны жаралған,

Қиын-ау жолы ұстаздың.


Ұшырып биік аспанға,

Қарлығаш қанат арманда.

Жақсылық үшін басқаға,

Күн менен түнін арнады.


Тапқандай содан бақытын,

Өрмелеп қиын асқарға.

Қалғандай ізі уақыттың,

Күмістей аппақ шаштарды.


Жинаған сырын жылдардың,

Кеңпейіл көңіл сандықтай.

Қамқоршы болмай шыдар кім,

Сезімі нәзік жанды ұқпай.


Шығарған мерей атағың,

Шәкіртке ұстаз анадай.

Қызықтар әрбір қадамын,

Ұстазға шәкірт баладай.



ҰСТАЗЫМ
Сөзі А.Шамкеновтікі

Әні Ә.Еспаевтікі
Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде, әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.


Қайырмасы:

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым.


Зердемді сен ашпасаң не етер едім?

Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Ғажайып дүниенің сырын жайын

Қияға қызықтырып жетеледің.


Қайырмасы.
Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім, жана бергім.


Қайырмасы.
ШӘКІРТТЕР ВАЛЬСІ
Сөзі Қ. Смағұлдікі

Әні Н. Дүкенбайдікі
Сусындап білім нәрін саяңда ұдай,

Көктемнің түлеп өстік бояғындай.

Анамдай қамқор болған ұстаздарым,

Әлі тұр көз алдымда баяғыдай.

Ұстаздық төзімдер,

Шәкірттік сезімдер.

Жылдармен жалғасып,

Барады алмасып.


Өзіңнен бастау алған бұлақтарым,

Ашылып әр жүрекке сыр ақтардың.

Алдыма тартқандайсың арман қылып,

Өмірдің жұмбағы мол сұрақтарын.

Ұстаздық төзімдер,

Шәкірттік сезімдер.

Жылдармен жалғасып,

Барады алмасып.


Алсам деп ұстаздықтың ізгі салтын,

Атыңа естіген жұрт қызығатын.

Оқумен сенде өткен әр жылымда,

Жас шақтың бейнесі бар жүзі жарқын.

Ұстаздық төзімдер,

Шәкірттік сезімдер.

Жылдармен жалғасып,

Барады алмасып.


Албырт шақ: әр нәрсеге көңіл ауды,

Білгенге ұмытылмастай өмір-ау бұл.

Шақырған шәкірттердің ой толғауға,

Үні тұр құлағымда қоңыраудың.

Ұстаздық төзімдер,

Шәкірттік сезімдер.

Жылдармен жалғасып,

Барады алмасып.



МЕКТЕП-ДАСТАН
Сөзі С.Нұрмағамбетовтікі

Әні Қ.Мерсалимовтікі
Төгіліп шуақ нұрын сәуле шашқан,

Ғаламат болашақка құшақ ашқан.

Білімнің таусылмайтын бұлақ көзі,

Қызықты, шежірелі нұрлы дастан.
Қайырмасы:

Көгілдір көк байрақтай ашық аспан

Жасай бер, туған елім Казахстан!

Жазылсын шартарапқа үлгі болып!

Керемет Казақ деген ғажап дастан!
Сарқылмас шәкірттерге білім құйған,

Салт-дәстүр бойымызға қуат жиған.

Сүйікті асыл мектеп-білім ордам,

Ән болып көңілдерге шарықтаған!
Қайырмасы.

БАБАЛАР ӨСИЕТІ
Әні З.Ниетпаеванікі

Сөзі А.Нуркенованікі
Қөңілін ақтарып сап,

Бабалар жайды құшақ.

Олардың өсиеттері

Жандырды отты шырақ.
Қайырмасы:

Әй, менің бабаларым,

Ақылшы даналарым.

Өзіңсің ырыс құтым,

Сарқылмас қазыналарым.
Дәм татар талай ғасыр,

Ұрпақтар аман болсын.

Кірлетпей таза ұстайық

Балалар баба сөзін.
Қайырмасы.

AFAЛAPFA ҰҚСАЙМЫЗ
Сөзі М.Әлімбаевтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Жауқазын терейікші даладан,

Гүлдесте өрейікші даладан.

Шалдығып шаршайды деп ойлама,

Соңыңнан ерейікші, ағажан.


Қайырмасы:

Аялап бауырларға қарайлар,

Аяулы апатайлар, ағайлар!

Еркелей соңдарыңнан ергенде

Елігеміз ерлерге,

Еліктейміз сендерге!
Төне ғап көк айдынға қараған

Жебедей атылайық жағадан.

Құлаштап толқындарды ұрайық,

Соңыңнан ерейікші, ағажан.


Қайырмасы.
Шындардан шығайықшы шындарға,

Тыңдардан тарайықшы тындарға.

Көк дауыл, ақ борандар соқса да

Тартынар өжет қыз бен ұл бар ма?!


Қайырмасы.

АНАДАЙ АСЫЛ МЕКТЕБІМ
Сөзі М.Хакімжанованікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі
Анадай асыл мектебім,

Құшағы нұрлы көктемім.

Өмірдің аттап өткелін,

Қойныңда өсіп көктедім.


Бағыңда құстай сайрадым,

Қырыңда гүлдей жайнадым.

Сәулетті, дарқан бесігім,

Тербеліп жүрмін осы күн.



КӨҢІЛДІ ӘН
Сөзі С.Жиенбаевтікі

Әні Б.Ғизатовтікі
Үйренсең нотаны,

Ән де саласың.

Барлығын оп-оңай

Жаттап аласың.


Қайырмасы:

Сен де қосыл, жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.
Шарласын әрқашан

Әсем ән ғана.

Шырқасын бұл әнді

Күнде бар бала.


Қайырмасы.
Күлімдеп қарасын

Аспан алабы.

Біз әнге бөлейік

Туған даланы.


Қайырмасы.

ОЙЛАН, ТАП
Сөзі Қ.Ыдырысовтікі

Әні Ә.Еспаевтікі
Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық!


Қайырмасы:

Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар,

Асығыстык қылмаңдар.

Асықпайық дегенге,

Бөгеліп те тұрмаңдар!
Бәрің жақсы тыңдаңдар,

Бөгеліп көп тұрмаңдар.

Жұмбақ бар аспан, көк,

Самолетпен зырлаңдар!


Қайырмасы.
Ойшыл болса қай бала,

Тез табады сол ғана.

Кел, ойланып көрейік,

Қызық, жұмбақ айнала.


Қайырмасы.


АЯЗ АТА
Сөзі Ш.Мұхамеджановтікі

Әні С.Мұхамеджановтікі
Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.
Қайырмасы:

Ал, балалар, тұрмайық,

Би билейік, ойнайық.

Аяз ата қуансын,

Дөңгеленіп зырлайық.
Кетті көңіл шалқып-ақ,

Жұлдыздардай қалтырап.

Аяз ата үстінде

Ақша қар тұр жалтырап.
Қайырмасы.
Көрдің бе Аяз атаны,

Аппақ екен сақалы,

Аппақ екен мұрты да,

Аппақ екен шапаны.
Қайырмасы.


АЯЗ АТА
Сөзі Ә.Сәрсенбаевтікі

Әні Л.Хамидидікі
Сүйікті туған ел,

Шарықтап өсе бер.

Ардақты ата-ана,

Азаттық күресте

Шынығып өскен ел.

Гүлденіп, көркейіп

Өсе бер, өсе бер.
Сүйікті туған ел,

Көк майса, көркем бел,

Көңілді көтере

Қойныңнан жұпардай

Аңқылдап ескен жел.

Гүлденіп, көркейіп

Өсе бер, өсе бер.
Сүйікті туған ел,

Баурыңда айдын көл.

Жиһанда сендей бір

Мақтауға тұрарлық

Сүйкімді бар ма жер?!

Гүлденіп, көркейіп

Өсе бер, өсе бер.

ЖАСТАР МАРШЫ
Сөзі Қ.Бекхожиндікі

Әні С.Мұхамеджановтікі
Жайнап тұрған жұлдызындай аспанның,

Біз жастармыз жалындаған өмірде.

Кеудемізде оты жанған Отанның,

Жалындауға жастық заман көгінде.
Қайырмасы:

Ей! Жастық шақ! Жайна жалындап.

Басамыз алға жалындап, адымдап.

Ей! Жастық шақ! Жайна жалындап.

Басамыз алға дабылдап, адымдап.
Адымдаймыз алшаң басып біз өрге,

Қайратымыз қайнап тұрған болаттай.

Қуат берді шаттық заман біздерге,

Жалындаймыз күрес десе біз оттай.
Қайырмасы.
Түлегіміз шаттық сүйген Отанның,

Құлшынамыз бейбітшілік өмірге.

Адымдаймыз екпінімен заманның,

Алдан алға, келешектің өріне.
Қайырмасы.


НАУРЫЗЫМ – НАҚЫЛ ЖЫР
Сөзі мен әні Ж.Кәрімованікі
Нұр құйса дарқан дарқан далама таңның шапағы,

Күн күлсе, терлеп Жер-ана бүршік атады.

Бозторғай жырласа жырын ашық аспанда,

Күй ойнап, шырқалып әндер шалқып жатады.
Қайырмасы:

Наурызым – бабамның сөзі,

Наурызым – анамның сөзі,

Ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі.
Ұлыстың ұлы күнінде ізгі ол жарқын,

Елдікті ңасиет тұтқан дәстүр мен салтым.

Тілеген елдің іргесін, жер амандығын

Сақтаған Наурызды бізге айналдым, халқым.
Қайырмасы.
Жаңарып, жаңғырып жаны түлеген далам,

Наурызда тілеуін төгіп, тойлаған бабам.

Ақтарып ақ дастарқанға қалған бар дәмін,

Амандық ауылдасына тілейді анам.
Қайырмасы.





Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет