С. А. Ынтымақов



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата09.04.2020
өлшемі1,37 Mb.
#62057
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
АЗАМАТТЫҚ ЕСЕПТЕР
Әкімшілік 12.1, Әкімшілік 12.1

 
 
С. А. Ынтымақов 
 
 
 
 
 
 
 
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ 
 
 
(Жалпы бөлім) 
 
 
Практикум 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 
2006 
 

 
ББК 67.99(2) 0я7 
Ы -68 
 
 
        Ынтымақов С.А. 
Ы -68  Азаматтық құқық. Практикум. Жалпы жəне ерекше 
бөлім. – Алматы: Заң əдебиеті, 2006. – 220 бет. 
 
ISBN 9965-620-16-4 
 
Бұл 
практикумда 
жоғары 
оқу 
орындарының 
заң 
факультеттерінде  өткізілетін  азаматтық  құқықтың  жалпы  жəне 
ерекше  бөлімдері  бойынша  тəжірибелік  сабақтар  жүргізуге 
арналған  материалдар  беріліп  отыр.  Практикумда  Қазақсстан 
Республикасының  азаматтық  құқығының  жалпы  жəне  ерекше 
бөлімдерінің басты тақырыптары қамтылған. 
Оқу  құралы  Сант-Петербург  мемлекетік  университетінің  заң 
факультетінің 
азаматтық 
құқық 
кафедрасының 
ұжымы 
дайындалған  практикум  негізінде  авторлардың  келісімі  бойынша, 
аударма  мен  өңдеулер  жəне  толықтырулар  ендіру  арқылы 
даярлаған. 
Оқырмандарға  ұсынылып  отырған  бұл  басылым  пратикумның 
екінші  рет  қайта  өңделіп,  заңды  тұлғалар  тақырыбына  қатысты 
кейбір есептері толықтырылған жаңа нұсқасы болып табылады. 
Қазақстан 
Республикасының 
азаматтық 
заңдарына 
сəйкестендіріп,  есептерді  құқық  қатынастары  субъектілерінің 
атауларын 
өзгерту 
арқылы 
Қазақстан 
Республикасының 
аумағындағы  тəжірибеге  лайықтап,  қазақ  тіліне  аударып,  өңдеген 
жəне  оған  толықтырулар  енгізген  Қазақ  гуманитарлық  заң 
университетінің  азаматтық  құқық  кафедрасының  оқытушысы - 
С.А.Ынтымақов. 
Практикумда  сондай-ақ  талдау  мақсатында  сот  материалдары 
қоса беріліп отыр. 
                                                                               ББК 67.99(2) 0я7 
Редакциалаған ҚазГЗУ-нің кафедра 
профессоры Б.Б.Базарбаев 
   Ы
03
00(05)
431002000

                 
                                                                © Ынтымақов С. А., 2006. 
 ISBN 9965-620-19-9                                     © Заң əдебиеті, 2006.
 

  
МАЗМҰНЫ
 
I БӨЛIМ 
Əдiстемелiк нұсқаулар
 
1-тақырып. Азаматтық құқықтың қайнар көздерi
 
2-тақырып. Азаматтар
 
3-тақырып. Заңды тұлғалар
 
4-тақырып. Азаматтық құқықтың объектiлерi
 
5-тақырып. Мəмiлелер
 
6-тақырып. Азаматтық құқықты iске асыру мен қорғау
 
7-тақырып. Өкiлеттiк. Сенiмхат
 
8-тақырып. Азаматтық құқықтардың жүзеге асырылу мерзiмдерi мен оны қорғау
 
9-тақырып. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер жəне оларды қорғау
 
10-тақырып. Меншiк құқығы жəне өзге де заттық құқықтар жөнiндегi жалпы ережелер
11-тақырып.
 Азаматтардың меншiк құқығы
 
12-тақырып. Мемлекеттiк меншiк құқығы
 
13-тақырып. Заңды тұлғалардың меншiк құқығы
 
14-тақырып. Ортақ меншiк құқығы
 
15-тақырып. Жай серiктестiк (бiрлескен iс əрект)
 
16-тақырып. Меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау
 
7-тақырып.'>17-тақырып. Мiндеттемелердiң пайда болу ұғымы мен негiздерi
 
18-тақырып. Мiндеттемелердi орындау
 
19-тақырып. Мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету
 
20-тақырып. Мiндеттемелердi бұзғандығы үшiн жауапкер-шiлiк
 
21-тақырып. Мiндеттемелердi тоқтату мен өзгерту
 
Қазақ гуманитарлық заң университетiнiң оқыту Соты материалдарынан
 
  
II БӨЛIМ
 

1-тақырып. Сату-сатып алу шарты
 
2-тақырып. Жалға алу
 
3-тақырып. Тұрғын үй құқығы
 
4-тақырып. Мердiгерлiк шарты
 
5-тақырып. Өтелмелi қызмет көрсету шарты
 
6-тақырып. Тасымалдау
 
7-тақырып. Сақтандыру
 
8-тақырып. Есеп айырысу жəне несиелiк қатынастар
 
9-тақырып. Тапсырма шарты. Комиссия. Сақтау шарттары
 
10-тақырып. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару
 
11-тақырып. Зиян келтiру салдарынан туатын мiндеттемелер
 
12-тақырып. Авторлық құқық
 
13-тақырып. Патенттiк құқық
 
14-тақырып. Мұрагерлiк құқық
 
Негiзгi нормативтiк құқықтық актiлер
 
Арнайы əдебиеттер
 

ƏДIСТЕМЕЛIК НҰСҚАУЛАР
 
Бұл  практикумда  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  құқығының  жалпы  жəне  ерекше
бөлiмдерi  бойынша  тəжiрибелiк  сабақтар  өткiзуге  арналған  материалдар  жиналған.  Оқу  құралы-
ның  басты  мақсаты  студенттерге  курстың  маңызды  сұрақтарын  меңгеруге  көмектесу  жəне
жинақта келтiрiлген тəжiрибелiк тап-сырмаларды орындау арқылы азаматтық заңдар мен өзге де
нор-мативтiк материалдарды тəжрибе жүзiнде дұрыс қолдануға сту-денттi бейiмдеп, үйрету болып 
табылады.  
Тəжiрибелiк сабақтарға арқау болатын əрбiр тақырып бойы-нша мақсатты түрде ұстануды қажет 
ететiн шамамен алынған оның жоспары берiлген. Жинаққа кiрген есептер‚ əдеттегiдей‚ iс жүзiнде 
болған  сот  iстерi  негiзiнде  құрастырылған.  Практикум-дағы  есептер  мазмұнында  берiлген  даулы 
мəселенiң  дұрыс  жауа-бын  табу  үшiн  қажеттi  барлық  деректер  осы  есептердiң  шар-тына 
енгiзiлген. Əрине‚ тiкелей қойылған сұрақтан тыс есеп шығару барысында студенттердiң алдын-
ала  ойластыруын  талап  ететiн  қосымша  сұрақтар  да  туындауы  мүмкiн.  Есеп  шарттары 
студенттердiң  меңгеруге  тиiс  тақырыптары  бойынша,  сондай-ақ  өткен  материалдарға  сүйене 
отырып‚  пайда  болған  барлық  сұ-рақтарға  жауап  беруiне  мүмкiндiк  туғызатындай  етiп  құрасты-
рылғанын айтып өткiмiз келедi. 
Практикуммен  жұмыс  iстеу  барысында  азаматтық  құқық-тың  жалпы  жəне  ерекше  бөлiмдерiне 
арналған  тақырыптарды  игеруге  қажеттi  жүйелi  түрде  басылып  шығатын  Қазақстан  Рес-
публикасының  азаматтық  заңдар  мен  өзге  де  нормативтiк  актiлер  жинақтарын,  жəне  əдiлет 
министiрлiгi  арқылы  таратылатын  қа-зiргi  автоматтандырылған  заңдар  базасын  пайдалануды
ұсына-мыз.  
Студенттер  мына  жайларды  ескеруi  тиiс,  нұсқалынып  отыр-ған  заңдар  мен  өзге  де  нормативтiк 
актiлерге  олар  қабылданған-нан  кейiн  кейбiреулерiне  өзгертулер  мен  толықтырулар  не  бол-маса 
олардың күшi жойылуы мүмкiн, сондықтан да уақыт өте келе осы жайларға мəн бере жүрген жөн. 
Тəжiрибелiк сабақтарға дайындықты ең алдымен тиiстi тақырыпқа қатысты оқу материалдары мен 
өзге де əдебиеттердiң мазмұнымен тереңiрек танысудан бастаған дұрыс.  
Есептi шешпес бұрын, студент ең алдымен есептiң мазмұ-нын, пайда болған даудың мəн-жайын 
тиянақты  түрде  анықтап  алуы  қажет.  Тек  осыдан  кейiн  ғана  тараптардың  дəйектерi  мұ-қият 
талданып,  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  заңдары  тұрғысынан  оларға  баға  берiлуi  тиiс. 
Егер де есепте сот немесе басқа органның шешiмi келтiрiлген болса, онда оның негiз-делуiне жəне 
заңдылығына  баға  беру  талап  етiледi.  Сонымен  қа-тар  ұсынылған  жағдайға  есепте  қойылған 
теориялық сұрақтарға жауап беру қажет. 
Есептiң  шешiмi  жазбаша  түрде  ұсынылады  жəне  оны  тəжi-рибелiк  сабақтарды  жүргiзетiн 
оқытушы тексередi.  
Есептiң  шешiмi  Қазақстан  Республикасының  тиiстi  азаматтық  заңдары  мен  өзге  де  құқықтық 
нормативтiк  актiлерiне  сiлтеме  жасау  арқылы  берiлуi  тиiс.  Тəжiрибелiк  сабақта  есеп  шығару  ке-
зiнде студент iстiң мəн-жайын ауызша қысқаша баяндап, даудың негiзiн түсiндiрiп, тараптардың 
дəйектерiн заң  тұрғысынан ба-ғалап,  тек содан кейiн ғана  iс  бойынша  өзiнiң шешiмiн нақты заң 
нормаларына немесе басқа құқықтық актiге сəйкестiрiп негiздеуi тиiс.

I БӨЛIМ
 
1-тақырып. 
 
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРI
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Азаматтық құқықтың қайнар көздерiнiң ұғымы: 
1.1. Қазақстан аумағында күшi бар азаматтық құқықтың не-гiзгi қайнар көздерi; 
1.2. “Азаматтық  құқықтық  актiлерң  мен  “азаматтық  заңдарң  жəне  “азаматтық  құқық  нормалары 
бар актiлерң ұғымдарының ара қатынасы; 
2. Азаматтық құқық қайнар көзiнiң жүйесi: 
3. Азаматтық заңнамалар: 
3.1. Азаматтық заңдардың уақыт бойынша қолданылуы; 
3.2. Азаматтық заңдардың кеңiстiктегi қолданылуы; 
3.3. Азаматтық заңдардың субъектiлерге байланысты қолда-нылуы. 
4. Азаматтық құқықтың қайнар көздерiнiң қолданылуы: 
4.1. Азаматтық-құқықтық нормаларға түсiнiк; 
4.2. Заң аналогиясы мен құқық аналогиясы. 
Есептер 
1.  Он  жыл  бiрге  өмiр  сүрген  ерлi-зайыпты  Амановтар  неке-сiн  бұзады.  Сот  мəжiлiсiнде  бiрге 
жиған-терген мүлiктi бөлу ке-зiнде Аманова олардың бiрге өмiр сүрген кезеңiнде күйеуi жаз-ған 
кiтаптың  басылып  шығуына  байланысты‚  күйеуiне  тиесiлi  қалам  ақының  жартысын  алуға 
құқықты екенiн мойындауды сұрайды. 
Амановтың  ойынша‚  Азаматтық  Кодекстiң 223-бабында  қа-ралатындай  қалам  ақыны  ерлi-
зайыптылардың ортақ жалпы меншiгi деп санауға болмайды‚ өйткенi ол қалам ақы əлi қол-дарына 
тимеген. Аманова авторлық қалам ақы ерлi-зайыпты-лардың бiреуiнiң оған ие болу сəтiнен емес‚ 
оның тағайындалу сəтiнен бастап ортақ меншiкке айналатыны жайлы сөз етiлген заң ғылымының 
докторы  жазған  мақалаға  сот  назарын  аудар-тады.  Тура  сондай  түсiнiк  Азаматтық  Кодекстiң 
бабына  талдауда  берiлген.  Сондай-ақ‚  осыған  ұқсас  iстi  қарастырған  көршi  аудан  соты 
тағайындалған‚ бiрақ алынбаған қалам ақыны бөлiсу жөнiндегi талап арызды қанағаттандырғанын 
бiлетiнiн айтады.  
Осы iс бойынша шешiм шығару кезiнде сот ненi басшы-лыққа алуы тиiс? 
2.  “Самалң  жауапкершiлiгi  шектеулi  серiктестiк  жекешелен-дiрiлген  мемлекеттiк  кəсiпорын 
негiзiнде  құрылған  акционерлiк  қоғамның  акциялар  пакетiн  сату  жөнiндегi  саудада  жеңiп  шы-
ғады.  Серiктестiк  пен  мемлекеттiк  мүлiк  комитетi (меммүлiкком)  арасында  акциялар  пакетiне 
сату-сатып  алу  шарты  жасалады.  Алайда,  уақытша  қаржы  тапшылығын  сылтау  етiп,  бекiтiлген 
уақытта  шарт  бойынша  сатып  алған  акциялар  пакетi  үшiн  серiктестiк  ақша  қаражатын 

аудармайды.  
Меммүлiкком  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  заң  күшi  бар  “Жекешелендiру  туралың 
Жарлығының 25-бабына  сүйене  отырып,  акциялар  пакетiн  сатып  алу  туралы  шартын  жа-рамсыз 
деп,  оны  саудаға  қайта  шығарады.  Серiктестiктiң  ойын-ша,  заң  немесе  басқа  құқықтық  акт 
талаптарына  қарсы  болатын  жағдайларда  ғана  шартты  жарамсыз  деп  санауға  мүмкiндiк  беретiн 
АК 158-бабын ұстану қажет. Ал тап осы жағдайда не заңға, не басқа бiр құқықтық актiге қайшы 
келмейтiн  тек  сату-сатып  алу  шартын  орындауды  кешiктiру  ғана  орын  алып  тұр.  Сондықтан  да 
бұл шартты жарамсыз деп танудың еш негiзi жоқ деп санайды. 
Дау соттың қарауына берiледi. 
Осы дауды шешу үстiнде сот азаматтық құқықтың қандай нормаларын басшылыққа алуы тиiс? 
3.  Салимов  қонақ  үйде  тұрып  жатқан  кезiнде  ұрланған  па-льтосының  жəне  костюм  мен 
электрұстарасының  құнын  төлеудi  талап  етiп  “Мейманң  қонақ  үйiне  талап  арыз  бередi.  Сали-
мовтың  жалпы  номерде  жатқанына  жəне  қонақ  үй  əкiмшiлiгiнiң  жарлығына  сəйкес  қонақ  үйде 
тəулiк  бойы  iстейтiн  сақтау  камерасына  өз  заттарын  өткiзуi  тиiс  екенiне  сiлтеп,  қонақ  үй  талап 
арызға  қарсылық  бiлдiредi.  Сонымен  бiрге,  аталған  жар-лықта  сақтау  камерасына  өткiзiлмеген 
заттардың қонақ үй бөлмелерiнен жоғалып кетуiне қонақ үй жауап бермейдi деп көрсетiлген. Бұл 
жарлық  қонақ  үйдiң  көзге  түсер  жерiнде  iлiн-ген,  жəне  Салимовтың  қонақ  үйде  орнатылған 
ережелер жайлы бiлмеуi мүмкiн емес. 
Салимовтың  қорғаушысы  қонақ  үй  əкiмшiлiгiнiң  жарлығы  нормативтi  акт  болып 
табылмайтындығына  жəне  ҚРАК 789-бабына  қайшы  келетiнiне  сот  назарын  аударады,  ал 
айтылған бапқа сəйкес, қонақ үй сақтаушы ретiнде онда тұрып жатқан адаммен арнайы келiспей 
жатып-ақ  қонақ  үйге  кiргiзiлген  зат-тардың  жоғалуына,  жетiспуiне  немесе  зақымдануына  жауап 
бе-редi. 
Қонақ үй өкiлi болса, арнайы, сақтауға өткiзiлмеген заттар жоғалса, оған қонақ үй жауапты емес 
делiнген қала əкiмi бекiт-кен Қаланың қонақ үйлерiнде тұру ережелерiнiң бабына сүйе-недi. 
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
4. Мердiгерлiк шарты бойынша, акционерлiк қоғам Мамы-ровқа тұрғын үй салып берудi мiндетке 
алады. Аталған шартта үйдi пайдалануға бергенiнен кейiн бiр жыл iшiнде қандай да бiр жасырын 
кемiстiктерi  байқалатын  болса,  акционерлiк  қоғам  оларды  бiр  ай  iшiнде  жоюға  мiндеттi  деп 
көрсетiлген. Осы мiн-деттi орындауды кiдiрткен жағдайда Қоғам Мамыровқа кiдiрткен əрбiр күнi 
үшiн үй құнының 0,01%-i мөлшерiнде айып төлейдi делiнген. 
Үй пайдалануға берiлгеннен кейiн төрт ай өткен соң Ма-мыров сумен қамтамасыз ету жүйесiнен 
кемiстiктер  тауып,  ол  жайлы  дереу  қоғамға  хабарлайды.  Акционерлiк  қоғам  бiр  айдан  артық 
уақытта  кемшiлiктi  жоймағандығынан,  Мамыров  ҚР  АК 635-бабына  сəйкес  “Ұланң 
кооперативiмен қажеттi жұмыстарды жүргiзу жөнiнде шарт жасасады.  
Барлық  жұмыстар  аяқталған  соң  Мамыров  қоғамнан  жасал-ған  жұмыстарға  кеткен  шығындарды 
өтеудi  талап  етедi.  Мамы-ровпен  жасасқан  шартта  тұрғын  үйде  табылған  кемшiлiктердi  жою 
жұмысына  үшiншi  жақты  тарту  жөнiнде  сөз  қозғалмаға-нына,  жəне  сондықтан  да  ҚРАК 635-
бабының  күшi  олардың  арасындағы  қарым-қатынасқа  жүрмейтiнiне  сiлтеп,  Қоғам  тө-лемнен  бас 
тартады. 
Пайда  болған  дауда  кiмнiң  əрекетi  дұрыс?  АК 635-бабының  азаматтық  заңдар  жүйесiнде  алар 
орны қандай? 
5.  Жұмыс  берушiнiң  кiнəсiнен  жұмыскердiң  денсаулығына  зақым  келтiрiлiп  нəтижесiнде,  ол 

кəсiптiк  еңбек  қабiлеттiгiнiң 60%-нен  айырылады.  Жұмыскер  келтiрiлген  зиянның  орнын 
толықтыру  жөнiнде  ұйымға  талап  арыз  ұсынады.  Сот  зиян  келтiрушiге  жəбiрленушiнiң  еңбек 
ақысына  тиген  зиянды,  кү-тiмiне  кеткен  шығындарды,  оның  қосымша  тамақтануы  мен 
санаторлық-курорттық  емделуiнiң  шығындарын  қайтартқызып,  талап  арызды  жартылай 
қанағаттандырады.  Моральдық  зиянды  толтырудан  сот  бас  тартады,  өйткенi  бұл  оқиға 
денсаулыққа зиян келтiру үшiн жауапкершiлiк белгiлеген Азаматтық заңдар Негiздерiнiң 131-бабы 
Қазақстан Республикасы аумағына енбей тұрғанда орын алған болатын.  
Соттың шешiмi дұрыс па? Қазақстан Республикасы аумағы-на Азаматтық заңдар Негiздерi қашан 
жəне қалай енгiзiлдi ? 
6.  Алданиязов  пен  Ғабитов  алдын-ала  шарт  жасасады,  ол  шарт  бойынша,  Алданиязов  өзiнiң 
меншiк  құқығындағы  тұрғын  үйiн  алдын  ала  шарт  жасасқан  күннен  бастап  бiр  жыл  өткен  соң 
өзара  келiскен  бағамен  Ғабитовқа  сатуға  мiндеттi  болады.  Со-нымен  бiрге  бұл  шартта 
тараптардың  бiреуi  сату-сатып  алу  шарт-қа  қол  қоюдан  бас  тартқан  жағдайда,  басқа  тараптың 
шартты  мəжбүрлеп  жасату  жөнiнде  талап  арызбен  сотқа  жүгiнуiне,  кiнəлi  тараптан  тұрғын  үй 
құнының 20%-i мөлшерiнде айып төлемiн өндiрiп алуына құқығы бар делiнген.  
Алдын-ала шарт жасасқаннан кейiн бiр жыл өткен соң тұр-ғын үйлердiң бағасы бiрнеше есе өседi, 
сол себептен Алданиязов Ғабитовқа алдын ала жасасқан шарттағы келiскен бағамен үйдi сатудан 
бас  тартады.  Ғабитов  сотта  алдын-ала  жасасқан  шартта  қарастырылғандай,  тұрғын  үйдi  сату 
шартын  Алданиязовқа  мəж-бүрлеп  жасату  жөнiнде  талап  арызбен  сотқа  барады.  Сату-сатып  алу 
шартын  жасасудан  бас  тарта  отырып,  Алданиязов  алдын-ала  жасалатын  шарт  жасасудың  алғаш 
мүмкiндiгi  Азаматтық  заңдар  Негiздерiнiң 60-бабында  қарастырылғанына  соттың  назарын
аударады.  Ал  Ғабитовпен 1991 жылы  жасасқан  шарт  Азаматтық  заңдар  Негiздерi  Қазақстан 
Республикасы аумағына енбей тұр-ғанда жасалғандықтан заңды күшi жоқ деп санайды. 
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
7. Жасы толмаған 16 жасар Кəрiмов пен 17 жасар Асаубаев Мəметовтың автокөлiгiн айдап кетiп, 
жолда  жүру  ережелерiн  бұ-зу  нəтижесiнде  оны  бүлдiредi.  Мəметов  Кəрiмов  пен  Асаубаевқа 
зиянның  орнын  толықтыру  жөнiнде  талап  арыз  бередi.  Кəрi-мовтың  да,  Асаубаевтың  да  өз 
қаражаты  болмағандықтан,  ақы  тiлеушi  олардың  ата-анасын  ортақ  жауапкершiлiкке  тартуды  сұ-
райды.  Ата-аналар  болса,  АК-тiң 932-бабы  бойынша  ортақ  жауапкершiлiкке  тек  зиян 
келтiрушiлердiң  өздерi  ғана  тартылады  деген  оймен  ортақ  жауапкершiлiктен  бас  тартады. 
Олардың  зиян  келтiруге  қатысы  жоқ  болғандықтан,  АК-тiң 932-бабының  ере-жесi  оларға 
жүрмейтiнiн, жəне олар бiрiккен түрде емес, үлестiк түрде жауапты болатынын бiлдiредi. Онымен 
қоймай, Кəрiмов пен Асаубаевтың ата-анасы АК-тiң 932-бабы азаматтардың емес, ұйымдардың —
заңды тұлғалардың жағдайында ғана ортақ жауапкершiлiк туындайды деп санады. 
Кəрiмов пен Асаубаевтың ата-анасының дəйектерiн талдаң-дар жəне iстi шешiңдер. 
8. Қыста балық аулау кезiнде Əлиев мұз астына түсiп кетiп, суға бата бастайды. Жанында болған 
Сағымбаев  пен  Қасымов  көмекке  келiп  оны  судан  шығарып  алады.  Бiрақ,  Əлиевтi  құтқа-рып 
жатып, Қасымов өзi мұз астына түсiп кетедi де аяғын үсiтiп алады, кейiннен аяғынан айырылуға
мəжбүр  болады.  Осыған  байланысты  Қасымов  Əлиевтен  келтiрiлген  зиянның  орнын  то-
лықтыруды  талап  етiп  сотқа  арызбен  барады.  Əлиев  болса,  аза-маттық  заңдарда  осындай 
жағдайлардағы  келтiрiлген  зиянды  қарастыратындай  құқық  нормасы  жоқ  екенiн  айтып,  талап 
арызға қарсылық бiлдiредi.  
Осы дауды қалай шешкен жөн болады? 

2-тақырып. 
 
АЗАМАТТАР
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгiнiң ұғымы.  
2. “Құқық қабiлеттiлiгiнiңң жəне “субъективтi құқықң ұғым-дарының арақатынасы.  
3. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгiнiң мазмұны.  
4. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгiнiң пайда болуы мен тоқтатылуы.  
5. Азаматтардың əрекет қабiлеттiлiгiнiң ұғымы.  
6. Азаматтардың əрекет қабiлеттiлiгiнiң мазмұны.  
7. Кəмелетке жасы толмағандардың əрекет қабiлеттiлiгi.  
8. Əрекет қабiлеттiлiгiн шектеу жəне азаматтарды əрекет қабiлеттiгi жоқ деп танудың түсiнiгi 
мен негiздерi.  
9. Хабар-ошарсыз кеттi деп тану жəне оның құқықтық сал-дары.  
10. Азаматты өлдi деп жариялау жəне оның құқықтық сал-дары.  
11. Патронаж, қорғаншылық пен қамқоршылық маңызы .  
Есептер 
1. Он үш жасар Асхат Темiрхан “Жас техникң журналын-дағы сайысқа көпiрлердi ажырастыру 
үшiн өзен ағысының күшiн пайдалану жайлы ұсынысын жiбередi. Оның ұсынысы бi-рiншi 
сыйлыққа ие болады да журнал редакциясы Асхатқа өнер-табыс патентiн беру үшiн өтiнiш 
қағазын толтыруды ұсынады. Асхаттың ата-анасының ойынша, патент авторы ретiнде ата-
ананың бiреуi көрсетiлуi тиiс, өйткенi Асхаттың жасы небəрi 13-те жəне ол өз бетiмен өнер-
табыс патентiне байланысты барлық құқықтар мен мiндеттердi орындай алмайды. Ата-ана өз 
пi-кiрлерiнiң дұрыс екенiн бiлу үшiн таныс өнертапқышқа кеңесуге барады, ол болса ата-
ананың авторлығын тану заңды болаты-нына күмəнданады. Бiрақ Асхаттың да ойынша, ол 
өзi патент иесiнiң құқықтарын жүзеге асыра алмайды, өйткенi патентке ие болу азаматтық 
құқықтар мен мiндеттердiң бiрқатар жиынымен байланысты.  
Арайы түсiнiктеме алу үшiн Асхаттың ата-анасы заң қыз-меткерiне кеңес алу үшiн арнайы келедi. 
Оларға қандай жауап берген жөн болар? 
2. Атасының қайтыс болуынан кейiн 10 жасар Арман Са-риевтiң меншiгiне “Жигулиң 
автокөлiгi өтедi. Автокөлiк гаражда тұрды жəне баланың атасы қайтыс болғаннан екi 
жылдан астам уақыт оны ешкiм де пайдаланған жоқ болатын. Бiраз уақыт өткен соң Арман 
салық инспекциясына шақырылады, ол жерде оған көлiк иелерiнен алынатын салықты төлеу 
ұсынысы жа-салады. Арманның ата-анасы оны əрекетке қабiлетсiз, салықтар-ды өз бетiмен 
төлей алмайды жəне салық қарым-қатынаста-рының субъектiсi бола алмайды деп санады. 
Салық инспекциясы құжаттарды заң кеңесшiсiнiң қарауына жiбередi.  
Заң кеңесшiсiнiң дəлелдi қорытындысын құрастырыңдар. 
3. Жергiлiктi əкiмшiлiк шешiмiмен Сапарованың некелiк жасы 17 жасқа дейiн түсiрiледi, содан 
соң барып ол Нышановқа тұрмысқа шығады. Басқа ауылда тұратын қүйеуiне көшуiне бай-
ланысты Сапарова өсиет бойынша алған үйдi сатпақшы бо-лады. Оның ауылдастарының 
ешқайсысы үйдi сатып алуға ниет бiлдiрмегендiктен, ол көршiлерiнiң бiрi, Нақыповқа, 500 
АҚШ долларына тең сомаға үйдi құрылыс материалы ретiнде сатуға келiсiм жасайды.  
Оны бiлген соң Сапарованың ата-анасы, үй бағасының тө-мен болуына байланысты, бұл келiсiмге 
қарсылығын бiлдiредi. Олардың ойынша үйдi құрылыс материалы ретiнде сатудың мүл-дем қажетi 
жоқ  едi,  үй  жақсы  күйде  болғандықтан  олар  оны  анағұрлым  жоғары  бағамен  тұрақты  қоныс

ретiнде сатып алатын адамды тауып қояды. Сапарова Нақыповпен шарт жасасып қой-ғанын жəне 
оны өзгертуге немесе бұзуға ниетi жоқ екенiн айтып жауап бередi. Содан барып оның ата-анасы 
жасы  кəмелетке  тол-маған  қыздарының  олардың  рұқсатынсыз  Нақыповпен  жасасқан  шартын
жарамсыз деп мойындау жөнiндегi талап арызын сотқа бередi. 
Сот қандай шешiм қабылдауы тиiс? 
4.  Ерлi-зайыпты  Ибрагимовтар  некенi  бұзуды  ұйғарып,  жаз-баша  келiсiм  жасасады,  ол  келiсiм 
бойынша  Ибрагимов  пəтердi  бөлуге  үмiт  артпайды,  Алматыдан  көшiп  кетiп,  Ақтөбеде  өз  ана-
сымен  бiрге  тұрады,  ал  Ибрагимова,  өз  тарапынан,  олардың  қызы — бiрiншi  курс  студентi 
институтты бiтiрмейiнше күйеуге шықпауға уəде бередi. Неке бұзылған соң, Ибрагимов пəтерден 
көшiп кетедi. Бiраз уақыт өткен соң Ибрагимова өзiнiң бұрынғы күйеуiнiң Алматыда бiр бөлмелi 
пəтердi сатып алу үшiн құжат-тар дайындап жүргенiн бiледi. Ибрагимова сату-сатып алу шар-тын 
дайындап жатқан нотариусқа барып, Ибрагимовтың қала-дан кету туралы жазбаша мiндеттемесiне 
қайшы  келетiн  болған-дықтан  сату-сатып  алу  шарттың  жасалуы  мүмкiн  еместiгiн  мəлiмдейдi. 
Сату-сатып  алу  шартын  жасаүға  асыруда  еш  кедергi  жоқ  екенiн  айтып,  нотариус  шартты 
куəландырады. 
Ибрагимова шарттың жарамсызд деп тану жөнiнде талап арызын сотқа ұсынады. 
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет