С. А. Ынтымақов



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата09.04.2020
өлшемі1,37 Mb.
#62057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
АЗАМАТТЫҚ ЕСЕПТЕР
Әкімшілік 12.1, Әкімшілік 12.1

5.  Мүсiншi  Əлкеев  бұрыннан  берi  анасының  бейiт  басына  оның  мүсiндiк  бейнесiн  орнатпақшы 
болады‚  бiрақ  ол  үшiн  сəй-кес  əктас  таба  алмай  жүредi.  Зират  күзетшiсi  Əлкеевпен  келiсiм 
бойынша ұмытылып қалған бейiттердiң бiрiнен қажеттi əктасты ақы үшiн алып бередi. Ол бейiтке 
жерленген  адам  туралы  құ-жаттар  соғыс  кезiнде  жоғалтылып‚  көп  жылдар  бойы  оған  ешкiм 
келмейтiн болған. Əлкеев əктастан өз анасының бейнесiн соғып‚ оны бейiт басына орнатады. Оны 
бiлiп  қойған  прокурор  Əлкеев-ке  пайдаланған  əктастың  нарықтық  бағасы  бойынша  құнын
қазынаға төлеуiне талап қояды. Күзетшiге Əлкеевтен алған со-маларды қазынаға өткiзуi жөнiнде 
талап қойылады. 
Iстi шешiңiздер. 
6.  Салының  бiтпеген  тұрғын  үйдiң  меншiк  иесi — Ныша-нов‚  терезелер  мен  есiктердi  қағып 
тастап‚  ұзақ  уақыт  жоқ  болады.  Аудандық  əкiмшiлiк  үйдi  ашуға  жарлық  бередi.  ұйдiң 75%-ке 
бұзылғаны жөнiнде акт жасалған соң үй тұрған жер учаскесi Кенебаевқа құрылыс үшiн берiледi. 
Нышановтың үйi Кенебаевқа құрылыс материалы ретiнде ақысыз берiледi. 
Кенебаев  жаз  мезгiлi iшiнде  үйдi  толығымен  қалыпқа  келтi-рiп‚  қайта  жобалап‚ iргелi  түрде 
жөндеп алады.  
Күзде  бұрынғы  тұрғын  орнына  келген  Нышанов  Кенебаев-тан  үйдi  оған  қайтаруды  талап  етедi. 
Кенебаев Нышановқа аудан əкiмшiлiгiне баруды ұсынады‚ ал ол жерде Нышановтың талабы оның 
ұзақ уақыт жоқ болуына байланысты негiзсiз деп таны-лады.  
Iс қандай тəртiпте жəне қалай шешiлуi тиiс? 
7.  Сарманов  өз  саяжайын  iргелi  жөндеу  жөнiнде  жұмыскер-лер  бригадасымен  шарт  жасасады. 
Пештi  бұзу  кезiнде  жұмыс-керлердiң  бiрi  алтын  дiлдəларымен  құнды  заттары  бар  қоб-дишаны 
тауып  алады.  Жұмыскер  оларды  өзi  тапқандықтан‚  олар  өзiнiкi  деп  мəлiмдеп‚  құнды  заттарды 
беруден  бас  тартады.  Жөндеу  жұмыстарын  жасап  жатқан  жұмысшылардың  қалғаны  да  құнды
заттардағы өз үлесiн талап ете бастайды.  
Милиция органдары табылған құнды заттарды алып‚ оларды қазына табысының есебiне өткiзуге 
қаржы  органдарына  бередi.  Саяжайдың  меншiк  иесi‚  жұмыскерлер  мен  қаржы  органдары 
арасында құнды заттарға кiмнiң құқығы бар жəне оларды қалай бөлiсуге болады деген дау туады.  
Бұл дау қалай жəне қандай тəртiпте шешiлуi мүмкiн? 
8.  Ормановтың  фермерлiк  қожалығына  бiр  сиыр  қосылып  алады.  Сиырды  асырай  алмаған  соң‚ 
фермер  оны  сойып  алып‚  етiн  базарда  сатады‚  ал  терiсiн  терi  зауытында  терi  бұйымдарына 
ауыстырып алады.  
Екi айдан соң сиырдың иесi табылады.  
Ол кiмге жəне қандай талаптар қоя алады? 
9. Бұраев ұзақ уақыт бойы тұрғын үй иесi болады: онда өмiр сүредi‚ мүлiкке салынатын салық пен
сақтандыру жарна-ларын төлей отырып‚ жарты үйдi саяжайшыларға жалға берiп тұ-рады. 1992 ж. 
Бұраев  қайтыс  болған  соң‚  мұрагерлiк  құқық-тарды  анықтау  кезiнде‚  үйдiң  меншiк  иесi  басқа 
азамат болып табылғаны анықталады. Бұраев соғыстан кейiн дұрыс жасал-маған мəмiле бойынша 
одан  үйдi  сатып  алған  екен.  Осыны  не-гiзге  ала  отырып‚  жылжымайтын  мүлiктер  туралы 
мəмiлелердi  тiркеу  кеңсесi  мұрагерлерге  үйдiң  иесi  Бұраев  екенi  жөнiнде  анықтама  қағазын 
беруден бас тартады‚ ал нотариус оларға мұрагерлiкке құқық жөнiнде куəлiк беруден бас тартады. 

Мұрагерлердiң дəлелдерi бойынша өз кезiнде үйдi иелену құқығы жасалынбаса да‚ иелену мерзiмi 
арқасында  Бұраев  осы  үйдiң  меншiктi  иесi  бола  алады‚  сондықтан  да  үй  мұра  бойынша  оларға 
берiлуi тиiс. 
Дауды  шешу  барысында  иелену  көнелiгiнiң  мерзiмi  өттi  ме‚  əлде‚  жоқ  па  деген  сұрақ  туады. 
Иелену көнелiгi бойынша мен-шiк құқығын алу үшiн қандай шарттар қажет? 
10.  Франциядағы  Қазақстан  өкiлдiгiне  француз  азаматы  Туа-ров  жолығады.  Оның  мəлiмдеуi 
бойынша  революцияға  дейiн  оның  əкесi  Қазақстанда  фабрикаға  ие  болған‚  оны  контррево-
люциялық  iрiткi  үшiн  мемлекет  мүлкiне  айналдырып  жiберген.  Алайда‚  Туаровтың  əкесi 
қылмыстық  жауапкершiлiкке  тартыл-майды.  Ол  Францияға  өтiп  кетедi  де‚  Туаров  сол  жерде 
дүниеге  келедi.  Революциядан  кейiн  əкесi  алтын  дiлдəларды  тот  баспай-тын  жəшiкке  салып‚ 
фабрика  территориясында  көмiп  тастайды.  Əкесi  қайтыс  болады.  Туаров  фабриканың  шынымен 
əкесiнiң иелiгiнде  болғанын растайтын  құжаттарды ұсынады.  Сонымен бiрге‚  оның  қолында сол 
алтын дiлдəлары бар жəшiктi тауып алуға мүмкiндiк беретiн жоспары барын айтады.  
Жалғыз мұрагер ретiнде Туаров фабриканы қайтарып берудi не болмаса оған компенсация төлеудi 
талап етедi. Одан басқа‚ егер дiлдəлардың жартысы оған берiлетiн болса‚ онда олардың тығылған 
жерiн көрсетiп беруге дайын екенiн мəлiмдейдi.  
Оған қандай жауап беру қажет? 
11.  Бұрынғы  Кызылорда  қаласы  театрының  актрисасы  бе-нефис  кезiнде  алынған  жəне  оның 
талантына  табынушылары  сыйға  тартқан  құнды  заттарын  банкте  сақтайды.  Революция  ке-зiнде 
банк  сейфы  бұзылып‚  одан  құнды  заттар‚  банк  құжатта-рында  көрсетiлгендей‚  Волга 
жағалауындағы ашаршылыққа ду-шар болғандар үшiн азық-түлiк сатып алуға жұмсалады. Актри-
саның мұрагерлерiнiң қолында құнды заттарды банкке тапсыру сəтiнде жасалған құнды заттар мен 
олардың алтын ақшамен бағасы көрсетiлген тiзiм сақталады.  
Мұрагерлер  Қазақстан  Республикасы  қаржы  Министрлiгi-нен  құндылықтар  бағасын  еркiн 
конвертацияланатын валюта есебiмен өтеудi талап етедi.  
Iстi шешiңiздер. 
12. Рахатов əкесiнен мұраға қалған заттарды реттестiрiп отырып‚ олардың арасында платинаның 
бiрнеше  кесектерiн  та-бады.  Бұл  жайлы  ол  өз  досына  айтады‚  ал  ол  болса‚  қаржы  ор-гандарына 
жеке  адамда  оның  иелiгiнде  болуға  тиiстi  емес  мүлiк  барын  хабарлайды.  Рахатов  өзiнде 
платинаның барын мойын-дайды.  
Қаржы  органдары  Рахатовтың  заңмен  белгiленген  тəртiп  бойынша  платинаны  өткiзуi  туралы 
бұйрықты оның қолына бередi.  
Рахатов  оны  iстемегендiктен‚  оған  мемлекеттiк  баға  бойын-ша  құны  төленiп  платинаны  сатуға 
мəжбүрлеудi талап етiп сотқа арыз бередi.  
Рахатов  платинаның  нарықтық  бағасы  анағұрлым  жоғары  екенiн  сiлтеп‚  талап  арызға  қарсы 
болады. 
Iстi шешiңiз. 
13.  Қуатов  өзiне  мұра  бойынша  келген  үйде  өзiнiң  бұрынғы  жанұя  мүшелерiмен  тұрып  жатты. 
Басқа тұрақты тұрғын орынға көшуiне байланысты ол үйдi Асановқа сатып жiбередi‚ шартта үйде 
тұрып жатқан адамдар жөнiнде мəселе мүлдем қозғалмай ды.шарт жүзеге асқан соң Қуатов үйден 
көшiп  кетедi.  Жанұя  мүшелерi  басқа  тұратын  жерлерi  болмағанын  негiзге  алып‚  үйдi  босатудан 
бас тартады. 

Жаңа  меншiк  иесi  аталған  адамдарға  үйдi  босату  жөнiнде  талап  арызын  ұсынады.  Талап 
арызындағы  талаптарына  дəлел  ретiнде  арызданушы  үй  қожасы  үйден  шығып  кетсе‚  онда  оның 
əулет мүшелерi‚ оның үстiне‚ бұрынғы мүшелерi‚ үйдi босатуға тiптi мiндеттi екенiне сiлтейдi. 
Жауапкерлер талап арызға қарсы болып‚ өз кезiнде үйге меншiк иесiнiң жанұя мүшелерi ретiнде 
кiргендерiн жəне мен-шiк иесiнiң ауысуы оларды үйдi босату мiндетiн жүктемейтiнiн айтады.  
Iстi шешiңiз.Егер шарт жасалмай тұрып‚ үйде тұрып жатқан адамдар үйдi босату жөнiнде жазбаша 
мiндеттеме берген болып‚ бiрақ ақырында оны орындаудан бас тартса‚ даудың шешiмi өзгере ме? 
14. Бiрiне-бiрi жанасып жатқан жер учаскелерiн пайдалану-шылар оларды жекешелендiрiп алады. 
Бұдан  кейiн  учаскелердiң  бiреуiнiң  меншiк  иесi  басқасының  меншiк  иесiне  өз  учаскесiн  жүру 
мақсатында  пайдалануға  тыйым  салады.  Басқа  учаскенiң  меншiк  иесi‚  жекешелендiруден  бұрын 
екеуi  келiсе  отырып  пай-даланған  құдыққа  жолды  бөгеп  тастайды.  Өз  əрекеттерiн  олар  жер 
учаскелерiнiң  меншiк  иелерi  болғандықтан‚  оған  ешкiмдi  жiбермеуге  құқықты  екенiмен 
негiздейдi.  
Жер  ресурстары  бөлiмiнде  дауды  қарастыру  кезiнде  бiр  учас-кенi  айналып  өтiп  басқасына  жету 
өте қиын екенi анықталады. Екi учаскенi де құдықпен қамтамасыз ету талпыныстары сəтсiз-дiкке 
əкеледi‚ өйткенi бiрнеше қайталап скважина қазылғанымен су жүрмей қояды. 
Пайда болған дауды қалай шешуге болады?

11-тақырып.
 
АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫ
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Азаматтар меншiгi — əлеуметтiк-экономикалық категория. 
2. Азаматтардың меншiк құқығы — құқықтық категория. 
3. Меншiк құқығының субъектiлерi. 
4. Меншiк құқығының объектiлерi. 
5. Меншiк құқығының мазмұны мен жүзеге асырылуы. 
Есептер 
1.  Тұрғын  үй-құрылыстық  кооперативiнiң  мүшесi  Жұматов  пəтер  үшiн  жарналық  төлемiн 
толығымен  төлейдi.  Шет  елге  тұрақты  қоныс  тебуiне  байланысты  Жұматов  пəтердi  сатпақшы 
болып‚ сатып алушы мен келiсiп қояды. Жұматов пəтер оның меншiгiнде екенi туралы анықтама 
қағаз алу үшiн кооператив басқармасына барғанда‚ оның сұранысы орындалмайды. Басқар-ма бас 
тарту себебi Жұматовтың пəтерi орналасқан тұрғын үй кооператив жарғысы бойынша кооператив
меншiгi болып табы-лады‚ сондықтан да тек қана кооператив пəтердi сатуға құқық-ты. Кооператив 
Жұматовқа пəтердi сатудан түсiрген со-маны тө-леуге келiсiмiн бередi. 
Басқарма  əрекеттерi  заңды  ма?Меншiк  құқығының  пайда  болыуының  қандай  негiздерiн 
бiлесiздер? 
2.  Иманов  жабдықталған  жəне  бұйымдары  бар  өндiрiс  оры-нын  дүкен  жасау  үшiн  жалға  алады. 
Жабдықтар  мен  бұйымдар-дың  ақысын  төлеп  алған  соң‚  Иманов  өндiрiс  орынын  сатып  алуға 
талаптанады.  Аудандық  əкiмшiлiк  пен  жалға  берушi — жөндеу-эксплуатациялық  басқарма 
Имановтың  кiсi  тұрмайтын  орынды  сатып  алуына  қарсы  болады‚  өйткенi  кiсi  тұрмайтын  орын 
тозғанына байланысты бұзылуға жiберiлетiн едi. Иманов-тың ойынша‚ жабдық пен бұйымдардың 
меншiктi  иесi  болған-дықтан  ол  кiсi  тұрмайтын  орынды  қалдық  бағасы  бойынша  сатып  алуға
құқықты.  
Пайда болған дау қалай жəне қандай тəртiпте шешiлуi мүм-кiн? 
3.  Есенов  бекiтiлген  жобаны  бұзып‚  тұрғын  үй  салады.  Екi  қабатты  үйдiң  орнына  Есенов  үш 
қабатты үй салады‚ үйдiң тұрғын ауданы жобада көрсетiлгендей 60 емес‚ 110 кв.м. болып шығады. 
Есенов  учаскесiнде  жобада  көрсетiлмеген  жылыжай  мен  гаражды  салады  да‚  өзiне  тиiстi 
учаскеден екi есе асатын учаскенi қоршаумен қоршап тастайды. Поселке əкiмшiлiгiнiң комиссия-
сы  үйдi  қабылдаудан  бас  тартып‚  Есеновтан  үйдi  жобаға  сəй-кестiрiп  жасауын‚  жылыжай  мен 
гаражды бұзып‚ қоршауды қайта қоюды талап етедi. 
Есенов  комиссия  талабын  орындаудан  бас  тартады‚  оның  негiздеуi  бойынша‚  туып  отырған  дау 
тек  сот  күшiмен  шешiледi‚  өйткенi  онымен  үй  салу  шарты  жасасылған.  Оның  үстiне‚  дау  пайда 
болған сəтке қарай азаматтардың салатын тұрғын үйлерiн көлемi  бойынша шектеулер жойылған 
болатын.  Осылардың  не-гiзiнде  Есенов  бұрынғы  бекiтiлген  жобаны  учаскедегi  салынған 
құрылыстармен сəйкес етiлуi керек деп санайды. 
Осы дауды қалай жəне қандай тəртiпте шешкен жөн? 
4. Омаров жер ресурстары мен қоныстандыру бөлiмiне үй салу үшiн жер учаскесiн бөлiп берудi 

сұрап  барады.  Омаровтың  жеткiлiктi  тұрғын  үйi  болғанын  бiлмеген  аудандық  əкiмшiлiк  учаске 
бөлу  жөнiнде  шешiм  қабылдайды‚  содан  соң  Омаров  учаскеге  өзi  сатып  алған  құрылыс 
материалдарын жеткiзiп‚  уақытша үй орнатып алады. Көп ұзамай‚  бiрақ Омаровтың тұр-ғын үйi 
бар екенi белгiлi болады да‚ соған байланысты Ома-ровқа үй салу үшiн учаске беру туралы шарт 
жасасуға  келiсiм  бермейдi‚  ал  оған  дейiнгi  учаске  бөлiп  беру  шешiмi  жойылады.  Одан  басқа‚ 
аудандық  əкiмшiлiк  Омаровтың  учаскенi  құрылыс  материалдарынан  босатып‚  уақытша  үйдi 
бұзуын талап етедi.  Омаров сотқа əкiмшiлiктi шарт жасасуға күштеу жөнiнде талап арыз бередi. 
Талап арызындағы талаптарына негiздеме ретiнде Омаров ересек қызына қалдыруға ниеттi болған 
басқа тұрғын үйi барын жасырмағанын айтады.  
Құрылыс  материалдарын  сатып  алуға‚  оларды  тасымалдауға  жəне  уақытша  үйдi  орнатуға  ол 
материалдық  шығындар  тартады‚  егер  учаске  тартылып  алынса‚  шығындар  кез-келген  жағдайда 
өтелуi тиiс. 
Сот қандай əрекет iстеуi тиiс? 
5.  Облыстық  əкiмшiлiк  шешiмi  бойынша  Асыловтың  иелi-гiндегi  үй  орналасқан  жер  учаскесi 
мемлекет  қажеттiлiктерi  үшiн  алынуға  тиiс  болады.  Асылов  пен  оның  жанұясына  үйдiң  орнына 
пəтер  ұсынылады.  Оның  үстiне‚  жер  учаскесi  берiлетiн  ұйым  Асыловқа  үй  ақысы  мен  учаскеде 
отырғызылған  жемiс-жи-дектердiң  құнын  өтеуге  келiседi.  Асылов  əкiмшiлiк  шешiмiне  қарсылық 
бiлдiредi‚ ол учаскесiнiң сатуға жатпайтын бөлiгiнде тұрғанын айтады. Оның үстiне‚ Асыловтың 
ойынша‚  егер  де  учаске  ерiксiз  алынатын  болса‚  онда  оған  тура  сондай  жер  учаскесiнде  үй 
тұрғызуға мiндеттi.  
Əкiмшiлiк  бұл  жерде  бос  жер  территориясы  жоқ‚  сондықтан  да  тура  сондай  жер  учаскесi 
Асыловқа  басқа  жерден  бөлiнiп  берiле  алады  деп  нандырады.  Мердiгерлiк  ұйым  мен  құрылыс 
материалдарының  жоқтығынан  əкiмшiлiктiң  Асыловқа  жаңа  үй  салып  беруге  мүмкiндiгi 
жоқтығын  айтады.  Тараптар  келiсiмге  келмегендiктен‚  Асыловтың  үйi  энергия  жəне  сумен 
қамтамасыз ету жүйесiнен қиылып тасталынады. Асылов талап арызымен сотқа барады.  
Оның талап арыздағы талаптарын қалыптастырып‚ iстi ше-шiңiздер.  
6. Пернебаева қорда (притон) ұстағаны үшiн сотталады‚ бi-рақ оған қатысты жазалаудың қосымша 
түрi  ретiндегi  мүлкiн  тəркiлеу  қолданбайды.  Үкiмнiң  заң  күшiне  енгенiнен  соң  про-курор 
Пернебаеваға  заңсыз  алған  табыстарын  Қазақстан  Респуб-ликасының  пайдасына  алынуы  жайлы 
талап қояды. Табыстары-ның мөлшерi қорда қызметiн пайдаланған адамдардың шамамен алынған 
санымен  жəне  олардан  алынған  ақы  мөлшерiмен  анық-талады.  Талапты  қамтамасыз  ету  үшiн 
Пернебаеваның мүлiкiне билiк етуге шек қойылады.  
Пернебаеваның  қорғаушысы  талап  арызға  қарсы  болып‚  осындай  жағдайларда  түсiрiлген 
пайданың  қазынаға  өткiзiлуi  заңмен  қарастырылмайтындығына  сiлтейдi‚  сондықтан  да  бұл 
мүлiкке ешкiмнiң кол сұқпаутлық принципiне қарсы болған-дықтан талап арыз қанағаттандыруға 
жатпайды.  Оның  үстiне‚  егер  де  сот  Пернебаеваның  мүлкiн  қазына  пайдасына  алу  қажет  деп 
санаса‚ онда ол мүлiк тəркiленуге тиiс едi‚ ал ол‚ бiрақ‚ жасалынған жоқ болатын. 
Қорданы ұстаудан түсiрген пайдасын Пернебаевадан тартып алу жөнiндегi прокурордың талап 
арызын қалай бағалауға болады? Талап арызды қанағаттандыруға бола ма? 

12-тақырып.
 
МЕМЛЕКЕТТIК МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫ
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Мемлекеттiк меншiк құқығының түсiнiгi, ерекшелiктерi. 
2. Мемлекеттiк меншiктiң түрлерi: 
2.1. Республикалық меншiк. 
2.2. Коммуналдық меншiк. 
3. Мемлекеттiк меншiктiң объектiлерi. 
4. Мемлекеттiк меншiк құқығының мазмұны. 
5. Мемлекеттiк меншiк құқығының жүзеге асырылуы. 
6.  Мемлекеттiк  меншiк  құқығының  жүзеге  асырылу  жолда-ры:  шаруашылық  жүргiзу  жəне 
оралымды басқару құқығының сипаты. 
Есептер 
1. Астананың тұрғын үйлерiнiң бiрiнде пəтер босайды. Аста-надағы аймақтық мемлеккеттiк мүлiк 
комитетi  мен  аудан  əкiм-шiлiгi  арасында  сол  пəтерге  тұрғын  кiргiзiп‚  оған  ордер  беруге  кiмнiң 
құқығы бар деген дау пайда болады. Комитеттiң пiкiрi бойынша тұрғын үй республикалық меншiк 
болып табылады‚ сондықтан да пəтердi билеу құқығы комитетке берiлген.  
Орталық  аудан  əкiмшiлiгi  үй  коммуналдық  меншiкке  жата-ды  деп  санады.  Сондай-ақ  ол  үй 
ауданда  берiлетiн  ордерлер  бойынша  қоныстандырылатынына  жəне  үйдiң  аудандық  тұрғын  үй 
пайдалану ұйымдарының бiрiнiң балансында тұрғанына сiл-тейдi. 
Iстi шешiңiз. 
Мемлекеттiк,  республикалық  жəне  коммуналдық  меншiк-тердi  қандай  негiздер  бойынша 
ажыратуға болады?  
2.  Жекешелендiруге  жатпайтын  кəсiпорын  шет  елдiк  фирма-лардың  бiрiнiң  тапсырысын 
орындағаны үшiн еркiн конверта-цияланатын валютамен табыс түсiредi. Табыс кəсiпорынның ва-
люталық  есеп  шотына  салынады.  Əкiмшiлiк  пен  еңбек  ұжымы  арасында  табыстың  қалай
бөлiнетiнi  жөнiнде  дау  туады.  Əкiм-шiлiк  табыстың  анағұрлым  көп  бөлiгiн  шет  елдiк  жабдық 
алуға  жұмсалуын  талап  етедi‚  өйткенi  кəсiпорынның  пайдаланып  жүр-ген  жабдығы  моральды
түрде  ескiрген.  Еңбек  ұжымы  түсiрiлген  табыс  кəсiпорын  қызметкерлерi  арасында‚  теңгенiң 
долларға қа-тысты құнының түсуiне байланысты тек валюта түрiнде тара-тылуы тиiс деп санайды. 
Бұл дау қалай жəне қандай тəртiпте шешiлуi мүмкiн? 
3.  Мемлекеттiк  кəсiпорынды  жекешелендiру  кезiнде  жеке-шелендiрудiң  анағұрлым  тиiмдi  жолы 
қандай  деген  сұрақ  туады.  Еңбек  ұжымы 2-шi  вариант  бойынша  ұжым  мүшелерiне  жеңiл-дiк 
берiлген  акцияландыруды  талап  етедi.  Əкiмшiлiк 3-шi  ва-риантты  тиiмдi  деп  санайды.  Қалалық 
мүлiктi  басқару  комите-тiнiң  ойынша‚  кəсiпорын  жария  саудада  арқылы  сатылуы  тиiс‚  өйткенi 
инвестициялардың  құйылуына  қала  өте  мұқтаж  болып  отырған  едi.  Ақырында‚  мүлiк  қоры 
кəсiпорынды коммерция-лық сайыста немесе аукционда сату ең тиiмдi жол деп санады. 

Мемлекеттiк  жəне  комуналдық  кəсiпорындарды  жекешелендi-рудiң  қандай  жолдарын  бiлесiздер 
жəне бiр-бiрiнен олардың қандай айырмашылығы бар? Осы дауды қалай шешуге болады? 
4.  Мемлекеттiк  кəсiпорын  арендалық  кəсiпорын  болып  қөй-та  құрылды  де  ол  бойынша 
кəсiпорынды  келешекте  сатып  алуға  шарт  жасалады.  Жарты  мүлiгi  кəсiпорынның  арендалық 
болып  өзгертiлу  сəтiнде  сатылып  алынады.  Қалған  мүлiктi  жалгер  өзiнiң  шотына  қаржы  түсу 
шамасына  қарай  сатып  алып  тұрады.  Жалдаудың  мерзiмi  бiтпей  тұрып‚  Мемлекеттiк  мүлiктi 
Басқару  Комитетi  кəсiпорынның  республикалық  меншiкке  жататынды-ғына  жəне  мемлекеттiк 
кəсiпорынға айналдырылуына тиiс екен-дiгiне сiлтеп‚ жалға алу шартын бұзуды талап етедi. 
Əкiмшiлiк  пен  еңбек  ұжымы  жалға  алу  шартын  бұзуға  қарсы  болды.  Сонда  олар  жалға  алу 
шартының  мерзiмi  əлi  аяқталмаға-нын‚  мүлiктiң  басым  бөлiгi  сатылып  алынғанын‚  ал  қалғаны 
шартпен  белгiленген  мерзiмдерде  сатылып  алынатынын  көрсете-дi.  Одан  басқа‚  кəсiпорын 
мүлiгiнде  ұжым  мүшелерiнiң  диви-денд  төленiп  тұратын  ақша  салымдары  бар.  Комитет  пен 
аренда-лық кəсiпорын келiсiмге келе алмағандықтан‚ дау сотқа берiледi. 
Ол қалай шешiлуi тиiс? 
5. Мемлекеттiк кəсiпорын өзiнiң балансындағы қойма орын-дарын əмбəбап дүкенiне жалға бередi. 
Кəсiпорын  мен  əмбебап  дүкен  акционерлiк  қоғамдар  болып  қайта  құрылуы  тиiс‚  жəне  де  əр 
қайсысы қойма орындарының құны оның жарғылық капита-лында ескерiлгенiн талап етедi. 
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? 
6.  “Спорт-грантң  акционерлiк  қоғамы  жөндеу-пайдалану  бiрлестiгiнен  ғимаратты  жалға  алады. 
1990  жылда  бiрлестiктiң  өзi  жалдық  кəсiпорынға  айналады.  Бiрлестiкке  жалға  берiлген  мүлiктiң 
iшiнде “Спорт-грантң акционерлiк қоғамы жалға алған ғимарат та бар. Кейiннен ғимаратты сатып 
алуға  акционерлiк  қоғам  да‚  жалдық  кəсiпорын  да  талаптанады.  Мүлiктi  басқару  комитетi 
ғимаратты жалға беру шартын акционерлiк қоғаммен жасасады. 
Ғимаратты  сатып  алуға  кiмнiң  құқығы  бар — акционерлiк  қоғамның  ба‚  əлде  жалдық 
кəсiпорынның ба? 
7.  Бюджеттiк  кəсiпорын  коммерциялық  iс-əрекетпен  айна-лысады.  Түсiрiлген  табыстарға  шет 
елдiк  жабдық  сатылып  алы-нады‚  онымен  лабораториялардың  бiреуi  жабдықталады.  Смета 
бойынша  қаржы  бөлiнудiң  бiту  салдарынан‚  ал  коммерциялық  iс-əрекеттен  табыс  түсудiң 
тоқтауынан‚  банктегi  мекеме  есеп  шотында  несие  берушiлермен  есептесу  үшiн  қаржы  болмай 
қалады. Соттың мекемеден қарыз сомасын төлетiп алу жөнiндегi шешiмiн орындау кезiнде несие 
берушiлердiң  бiреуi  төлетiп  алуды  шет  елдiк  жабдықтар  есебiнен  өтеуiн  талап  етедi‚  өйткенi  ол 
жабдық  сметалық  қаржы  есебiнен  тыс  сатылып  алынған.  Борышқорлар  оған  қарсы  болады‚ 
олардың  ойынша  бюджеттiк  мекеменiң  барлық  мүлкi‚  олардың  сатып  алу  көздерiне  тəуелсiз, 
борышты өтеуге жұмсалмайды деп түсiндiрдi.  
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? 
8. “Қызыл Туң мемлекеттiк өндiрiстiк бiрлестiгi акционерлiк қоғамға айналады. Сол кезде дауыс 
берушi  акциялардың  айтар-лықтай  бөлiгi  бiрлестiк  жұмыскерлерi  арасында  таратылады. 
Жекешелендiру үмiт артқандай нəтижелер бермегендiктен жəне акционерлiк қоғам өндiрiс тоқтау 
шегiнде  тұрғандықтан  оны  мемлекеттiк  меншiкке‚  яғни  бастапқы  ұйымдық-құқықтық  тəр-тiпке 
айналдыруы жөнiнде мəселе туады. 
Кiм жəне қандай тəртiпте сондай шешiм қабылдай алады? Бұл жағдайда акцияларды сатып алған 
акционерлермен есептесу тəртiбi қандай болмақ?  
9. Республикалық бюджетте тұрған мекеме‚ коммерциялық iс-əрекет нəтижесiнде түсiрiлген пайда 

есебiнен компьютерлердi сатып алады. Ақырында‚ компьютерлер өзiнiң мəнi бойынша мекемеге 
сəйкес  келмейтiн  болып  шығады  да‚  мекеме  оларды  сатпақшы  болып  газетке  хабарлама  бередi. 
Хабарлама  туралы  бi-лiп  алған  Мүлiктi  басқару  комитетi  мəмiле  жасауға  тыйым  са-лады‚ 
тыйымның себебi компьютерлерге өте мұқтаж болып отырған басқа мемлекеттiк мекемеге оларды 
ақысыз берiлу болып табылады. Егер де мекеме компьютерлердi сататын болса‚ онда бюджеттен 
оған қаржы бөлу қысқартылатынын Комитет ескертiп қояды.  
Мекеме  төрешi  сотқа  комитетке  компьютерлердi  мəмiленiң  анағұрлым  тиiмдi  шартын  ұсынған 
сатып алушыға сатуға кедергi жасамауын мiндеттеу туралы талап арызын бередi. 
Iстi шешiңiз. 
10.  Республикалық  бюджетесебiнен  қаржыландырылатын  мемлекеттiк  тұратын  мекеме 
коммерциялық  iс-əреке  есебiнен  бiрнеше  пəтер  сатып  алады  да‚  өз  қызметкерлерiнiң  меншiгiне 
бередi. Оны бiлген соң‚ мүлiктi басқару комитетi қызметкерлер меншiгiне пəтерлер беру шартын 
жарамсыз  деп  тануды  талап  етедi‚  өйткенi  мекемеге  қандай  да  болмасын  жағдайда‚  қандай  да 
болмасын  негiзде  сатылып  алынған  жылжымайтын  мүлкiн  өз  ұйғарымымен  билеуге  құқық 
берiлмеген. Мекеме мен комитет келiсiмге келмегендiктен дау төрешi сотқа берiледi.  
Пайда болған дауды қалай шешуге болады? 
11.  Басқа  өнiм  шығаруға  көшуiмен  байланысты  мемлекеттiк  кəсiпорын  өзiне  қажетсiз 
материалдық  құндылықтарын  сата  бастайды.  Мүлiктi  басқару  комитетiнiң  өкiлеттi  адамы 
кəсiпорын  директорына  бұл  материалдарды  өз  кезiнде  орталықтанған  қар-жылық  салымдар 
есебiнiң  арқасында  сатылып  алынғандықтан  оларды  сатудан  бас  тарту  туралы  бұйрықты  бередi. 
Оның үстiне‚ қазiргi уақытта кəсiпорынды қазыналыққа айналдыру жөнiнде құжаттар дайындалып 
жатқанын  айтады.  Комитет  келiсiмi  бойынша  қайта  ұйымдастырылу  барысында‚  құндылықтар 
тағ-дыры жөнiнде мəселе шешiлетiн болады: олар кiмге жəне қандай тəртiпте берiледi‚ не болмаса 
мекемеде қалады. 
Бұл дауды қалай шешуге болады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет