С. А. Ынтымақов



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата09.04.2020
өлшемі1,37 Mb.
#62057
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
АЗАМАТТЫҚ ЕСЕПТЕР
Әкімшілік 12.1, Әкімшілік 12.1

3.  Қиялованың  басқа  мүлiгi  мен  бiрге  қара  күзен  тоны  да  ұрла-нады.  Тергеу  органдары  тонның 
ломбардқа ссудаға кепiл ретiнде Қорабаев төлқұжаты бойынша тапсырылғанын‚ ал Қорабаевтың 
төлқұжатта  көрсетiлген  мекен-жайда  тұрмайтыны  анықталады.  Қиялова  ломбардқа  тонды 
қайтарып беру талабын қояды. Та-лапқа қарсылық бiлдiре отырып‚ ломбард жарғыға сəйкес аза-
маттардың ломбардқа ссудаға кепiл ретiнде тапсыратын заттарын шынымен олардыкi ма‚ жоқ па 
екенiн тексермейтiнiн‚ Қора-баевтан ломбард тонды жеке меншiгiне алмағанын жəне ақы-рында‚ 
егер тонды Қияловаға қайтарып беретiн болса‚ ломбард-тың мүлiктiк мүддесiне шығын келетiнiн‚ 
өйткенi тонды лом-бардқа өткiзген азаматтан ссуданы қайтарып алу мүмкiн емес-тiгiн сiлтейдi. 
Iстi шешiңiздер. 
4.  Омаров  мұрагерлiк  бойынша  күрделi  жөндеудi  қажет  ете-тiн  тұрғын  үйге  ие  болады.  Омаров 
күрделi жөндеу жүргiзiп‚ үйдi қайта жобалайды да оған екi үй алды бастырмасын жалғап салады 
(жазғы жəне қысқы)‚ үйге бумен жылытуды орнатады.  
Жұмыстар аяқталған соң көп ұзамай Мұсин Омаровқа үйге меншiк құқығын тану жəне оны үйден 
шығару  талабын  қояды.  Өз  талабына  дəлел  ретiнде  Мұсин  өз  кезiнде  қылмысты  iске  заңсыз 
тартылғанын  жəне  мүлiгi‚  соның  iшiнде  үйi  де  тəркеленiп  сотталғанын  көрсетедi.  Оның  жоқ 
болған  кезеңiнде  билiгiне  үй  берiлген  жергiлiктi  басқару  органы  оны  Омаровтың  əкесiне  са-тып 
жiбередi. Қазiргi уақытта Мұсин толығымен ақталып шы-ғады жəне үйге қоныстануды қалайды.  
Омаров  талапқа  қарсы  болады.  Ол  бала  кезiнен  осы  үйде  тұрып  жатқанын‚  үйдi  мұра  бойынша 
алғанын‚  оның  жөнделуi  мен  жабдықталуына  өзiнiң  барлық  қаражатын  жұмсағанын  жəне  басқа 
тұратын  орны  жоғын  сотқа  түсiндiрiп  айтады.  Мұсинге  қатысты‚  оның  ақталған  адам  ретiнде 
мемлекеттен  пəтер  алған-дығын‚  ал  үйдiң  оған  керегi  жоқтығын  айтады.  Пəтердi  Мұсин 
жекешелендiрiп алған.  
Тараптар дəйектерiн талдап‚ iстi шешiңiз. 
5. Ерлi-зайыпты Халеловтар некеде тұрған  кезiнде  автокөлiк сатып алады.  Халелова  некенi  бұзу 
жəне жалпы мүлiктi‚ оның iшiнде автокөлiктi бөлiсу жөнiнде Халеловқа талап қояды. Содан соң 
талапкер талапты қамтамасыз ету үшiн сот тəртiбiмен автокөлiктi босуа тұл ғаларға сатуға тиым 
салдырады.  Алайда  талапты  қамтамасыз  ету  жөнiндегi  сот  ұйғарымы  орындалмайды‚  өйткенi 
Халеловамен  келiсiмi  бойынша  автокөлiктiң  Халеловта  болуын  пайдаланып‚  ол  оны  Əнетовқа 
сатып үлгередi.  
Содан  барып  Халелова  Халелов  пен  Əнетовтың  сату-сатып  алу  шартын  жарамсыз  деп  тану 
жөнiнде  жəне  Əнетовтан  көлiктi  ерiксiз  алу  туралы  талап  қояды.  Талабына  негiз  етiп  ол 
автокөлiктiң ортақ бiрлескен меншiк құқығы бойынша оның жəне жауапкер Халеловтың иелiгiнде 
екенiн‚ сондықтан да соңғысы көлiктi оның келiсiмiнсiз сата алмайтынын айтады.  
Əнетов талапқа келесi негiздер бойынша қарсы болады: бiрiншiден‚ автокөлiктi сатып аларда ол 
оның  меншiк  иесi  тек  Халелов  деп  ойлайды‚  екiншiден‚  көлiкке  ие  болу  кезiнде  оны  жөндеуге 
шығындар кетедi‚ сол шығындар көлiктi ерiксiз алған жағдайда қалай да болмасын өтелуi тиiс.  
Сот  Əнетовты  көлiктi  қайтарып  беруге‚  ал  Халеловты  Əне-товтың  ақшасын  қайтарып  беруге 
мiндеттеп‚  Халелованың  тала-бын  орындайды.  Бiрақ  көлiктi  жөндеу  шығындары  Əнетовқа 
өтелмейдi.  
Соттың шешiмi дұрыс па?

6. Екi ағайынды‚ Қайрат пен Берiк‚ əкелерiнiң қайтыс бол-ғанынан соң мұрагерлiкке тұрғын үй‚ 
қора-қопсы жəне басқа мүлiктi алады. Мүлiктi бөлiсу кезiнде Қайрат тұрғын үй‚ қора-қопсы мен 
басқа мүлiктiң 1/8 бөлiгiне ие болу құқығын‚ ал Берiк тұрғын үйдiң 7/8 бөлiгiне ие болу құқығын 
алады.  Көп  ұзамай‚  жер  ресурстары  жəне  қоныстандыру  бойынша  аудандық  бөлiмi 
ағайындылардың  əрқайсысының  меншiгiне  жер  учаске-лерiнiң  сəйкес  бөлiктерiн  бекiтедi.  Сол 
кезде Қайраттың иелi-гiндегi қора-қопсының бiр бөлiгi Берiкке берiлген учаскеде қа-лады. Берiк өз 
жер учаскесiн Қайраттыкiнен бөлiп тұратын қор-шау орнатады. Соның салдарынан Қайрат көршi 
учаскеде қалған қораның бөлiгiн пайдалану мүмкiндiгiнен iс жүзiнде айрылады.  
Қайрат сотта қора пайдалануға кедергi жасамауы жөнiнде Берiкке талап қояды. Берiк‚ өз алдына‚ 
Қайраттан оның учас-кесiнен қораны алып тастауын талап етедi.  
Бұл iстi қалай шешуге болады? 
7.  Тынысбаев  пен  Османованың  Ақтөбеде  үйi  бар.  Тыныс-баев  үйдiң  бiрiншi  қабатында‚  ал 
Османова  екiншiсiнде  тұрады.  Үй  пешпен  жылытылады.  Тынысбаевтың  тұратын  жерiнен  пеш 
түтiндiгi  Османованың  тұратын  жерiндегi  ортақ  тұраққа  шыға-рылған.  Османова  Тынысбаевтан
пештiң  түтiндiгiн  сыртқы  кере-ге  арқылы  шығаруын  талап  етедi.  Тынысбаев  одан  бас  тартады‚ 
содан барып Османова түтiндiктi жауып қояды.  
Тынысбаев  Османовадан  түтiндiктi  қайта  қалпына  келтiрiп‚  келешекте  оған‚  Тынысбаевқа‚ 
түтiндiктi пайдалануға кедергi жасамауын талап етедi. Өз талаптарына дəлел ретiнде арыз беру-шi 
сотқа  өрт  сөндiру  қоғамының  түтiндiктi  үйдiң  сырт  жағынан  өткiзуге  қарсылығын  бiлдiретiн 
қорытындысын ұсынады.  
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
8. Думанов көп жылдар бойы скрипкада ойнаумен айналы-сатын. Ұзақ жұмыс сапарына кетiп бара 
жатып‚  ол  өзiнiң  досы  Асқаровқа  скрипканы  сақтауға  қалдырып  кетедi‚  скрипка  ұрла-нады. 
Ақырында  Думанов  скрипканы  кездейсоқ  жағдайда  таныс  əуеншiден  байқап  қалады‚  ол 
скрипканы  бейтаныс  азаматтан  сатып  алған  болатын.  Скрипканы  сатып  алушы  оны  Думановқа 
қайтарудан  бас  тартады.  Сонда  Думанов  оған  скрипканы  қайтару  жөнiнде  талап  арызын  бередi. 
Жауапкер  талапты  мойындамайды‚  ол  өз  алдына  Думановтың  скрипка  иесi  болмағанын 
мəлiмдейдi.  Революцияға  дейiн  скрипка  шет  елге  қоныс  аударған  дəулеттi  меценаттың  иелiгiнде 
болған.  Оның  бүкiл  мүлiгi  тоналады.  Скрипканы  иеленудiң  заңды  екенiн  Думанов  дəлелдеп 
бермейiн-ше‚  ол  оған  қайтарылмайды.  Скрипканың  мұражайлық  құнды-лығы  барын  ескере 
отырып‚ скрипканың құны өтелген жағдайда жауапкер оны мемлекеттiк скрипка қорына өткiзуге 
келiсiмiн бередi.  
Iстi шешiңiздер. 

17-тақырып.
 
МIНДЕТТЕМЕЛIК ҚҰҚЫҚ. МIНДЕТТЕМЕЛЕРДIҢ ҰҒЫМЫ ЖƏНЕ ПАЙДА БОЛУ 
НЕГIЗДЕРI
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Мiндеттемелiк құқық нормаларымен реттелетiн қатынас-тардың ерекшелiктерi.  
2. Мiндеттемелiк құқық қатынастарының элементтерi. 
3. Мiндеттемелiк жəне заттық құқық қатынастары. 
4. Мiндеттемелер жəне басқа салыстырмалы құқық қаты-настары. 
5. Мiндеттемелiк құқықтық қатынасытардың негiзiнiң ұғы-мы. 
6. Шарттық жəне шарттан тыс мiндеттемелер. 
7. Күрделi заңды фактiлер құрамы мiндеттемелердiң негiзi ретiнде. 
Есептер 
1. Арғынов өз досы, эстрада əртiсi Нұрлановпен оның орын-дауындағы эстрадалық өлеңдердi үй 
жағдайында  отырып  тың-дағысы  келген  қызметтестерiн  өзiнiң  үйiнде  жинайтыны  жөнiнде 
келiседi.  Алайда  белгiленген  уақыттан  бiр  сағат  бұрын  Нұрланов  теледидардан  футбол  ойынын
көру  үшiн  үйде  қалуды  шешкенiн  телефон  арқылы  Арғыновқа  хабарлайды.  Белгiленiп  қойылған 
кездесудi өзгертуге тура келедi. 
Арғыновтың  ойынша,  Нұрланов  кездесуге  даярлық  жасау-мен  байланысты  оның  барлық 
шығындарын  (сатып  алған  азық-түлiгi  мен  сусындарының  құнын),  сонымен  қатар  моральдық 
нұқсанның орнын толтыруы тиiс.  
Арғыновтың Нұрлановқа осындай талап қоюының заңды негiздерi бар ма? 
  
2.  Бiр-бiрiне  жақын  орналасқан  көршi  саяжайлардың  мен-шiктi  иелерi  саяжайларға  жанасып 
жатқан  жер  учаскелерiнiң  екеуiнде  де  көктемдiк  жəне  күздiк  жинау  жұмыстарын  жасап 
отыратыны  жөнiнде  шарт  жасасады.  Төребаевтың  учаскесi  Сар-мановтыкiнен  екi  есе  үлкен 
болғандықтан,  Сарманов  жасаған  жұмыстары  үшiн  Төребаевтан  еңбек  ақының  бiр  айлық  ең  тө-
менгi көрсеткiшi мөлшерiнде қосымша төлем алатыны да шартта белгiленедi.  
Бiрiншi болып жинау жұмыстарын Төребаев жасайды. Алай-да, Сарманов өз мiндеттерiн орындап 
болғанда, Төребаев олар-дың шарттарының заңды күшi жоқ екенiне, жəне тек тұрмыстық сипатта 
жасалғандығына сiлтеп, ақша төлеуден бас тартады. 
Төребаевтың пайымдауының негiзi бар ма? 
3.  Некеден  ажырасқаннан  кейiн  Алматыда  бiр  пəтерде  тұру-ға  мəжбүр  болған  бұрынғы  ерлi-
зайыпты Аймановтар араз қа-рым-қатынастарда болады. Екеуiнiң арасындағы кезектi жанжал-дан 
соң, Айманова бұрынғы күйеуiнiң жақын туыстарына оның өлiмi туралы хабарлап телеграммалар 
салып жiбередi.  

Алматыға  Маңғыстаудан,  Ақтаудан  жəне  Оралдан  келген  туысқандар  Аймановтың  аман-сау 
екенiн көргенде қорғаушыға барып, Аймановадан авиабилеттерге, қонақ үй мен азықтануға кеткен 
шығындарын  жəне  оларға  келтiрiлген  моральдық  зиян-ның  орнын  толтыруды  талап  етуге  заңды 
негiздерi бар ма деп сұрайды. 
Қорғаушы қандай жауап беруi қажет? 
4.  Бiлалов  пен  Қарсақбаев  жаңа  үйден  екi  бөлмелi  пəтер-лерге  ордерлер  алады.  Тұрғын  үй 
пайдалану  ұйымымен  шарттар  жасасу  кезiнде,  Бiлаловқа  берiлген  пəтердiң 5-шi  қабатта,  бiрақ 
оңтүстiк  жақта  орналасқаны,  ал  Қарсақбаевтың  пəтерi  солтүстiк  жақтың 2-шi  қабатында  екенi 
анықталады. Тұрғын үй пайдалану ұйымының бастығының көзiнше Қарсақбаев күнгей жақта тұру 
үшiн 2-шi  қабаттағы  пəтердi  қуана  беретiнiн  мəлiмдейдi,  ал  Бiлалов  сол  арада  оған  келiсiмiн 
бередi.  Тұрғын  үй  пайдалану  ұйымының  бастығы  ондай  келiсiмге  қарсылығы  жоқтығын  бiл-
дiредi. 
Жасалған келiсiм бойынша тұрғын үйдi жалға беру туралы шарт жасау орынды ма? 
5. Өзiнiң досы Мырзаевтың сұрауы бойынша Əубəкiров өзi-нiң жеңiл автокөлiгiмен Мырзаевтың 
сатып алған теледидарын жеткiзiп беруге келiсiмiн бередi. Жолда келе жатқанда Əубəкiров көлiктi 
басқара  алмай  қалып,  аударылады.  Жүргiзушi  мен  жолау-шы  зақымданбайды,  ал  багажникте 
жатқан теледидар тұтастай сынып қалады. 
Мырзаев  Əубəкiровтан  жарамсыз  болып  қалған  теледидар-дың  құнын  өтеудi  талап  етедi. 
Əубəкiров  оған  қарсы  болады,  өйткенi  оның  ойынша,  ол  Мырзаевқа  тек  досы  ретiнде  қызмет 
көрсеткiсi келген. Олар қандай да бiр шарт жасасқан жоқ бо-латын, теледидарды тасымалдау үшiн 
ол  ешқандай  ақы  алмайды,  сондықтан  да  олардың  араларында  ешбiр  мiндеттемелер  болмауы 
керек. Оның үстiне, апат нəтижесiнде тек Мырзаев қана емес, өзi де шығынға ұшырайды, өйткенi 
көлiктi жөндеу үшiн оған теледидар құнынан əжептəуiр жоғары соманы жұмсауға тура ке-ледi. 
Бұл  дауда  кiмдiкi  дұрыс?  Осы  жағдайда  азаматтық-құқық-тық  мiндеттеме  туып  тұр  ма? Iс 
бойынша шешiм қабылда-ңыздар/ 
6. Айгүл Қуанышева үйiне даладан иесiз иттi алып келедi. “Ақтөсң деп аталып кеткен күшiк бiр 
айдай  Қуанышевтердiң  үйiнде  тұрады.  Бiр  күнi  Айгүлдiң  əкесi  сипаттамасы  бойынша  Ақтөске 
ұқсайтын иттiң жоғалғаны туралы бағанда хабар-ландыру жапсырылғанын көредi. Иттiң иесi иттi 
қайтарып бер-ген адамға жақсы сыйақы төлеудi уəде етедi. Айгүл итке қатты үйренiсiп қалғанына 
қарамастан, иттi олар иесiне қайтаруды ұйғарады. Əкесi берiлген сыйақыға Айгүлге жаңа қыстық 
етiк алып берудi уəде етедi. Алайда, Ақтөстi өз итi деп таныған аза-мат Байрақов сыйақы төлеуден 
бас  тартады.  Айгүл  мен  оның  əкесiне  ол  таныс  заңгерi  оған  сый  ақы  төлемеуге  кеңес  бергенiн, 
өйткенi  Қазақстан  заңдары  бойынша  жоғалған  заттың  меншiк  иесi  оны  тапқан  адамға  тек  затты 
сақтағаны жəне жеткiзгенi үшiн шығындарын өтеуге мiндеттi екенiн түсiндiрiп айтады.  
Заңгердiң Байрақовқа берген кеңесi дұрыс па?  
7.  Тұрғын  үйдiң  меншiк  иесi  Қанатбеков,  еңбек  демалысына  кетiп  бара  жатып,  өз  көршiсi 
Нақымовтан  оның  үйiне  бас-көз  болуын  сұрайды.  Соңғысы  оған  келiседi.  Қанатбековтың  жол 
жүрiп  кеткенiнен  бiрнеше  күн  өткен  соң  қатты  дауылдың  нəти-жесiнде  оның  үйi  бүлiнедi: 
теледидарлық  антенна  құлап,  шаты-ры  жылжып  кетiп,  əйнектерi  сынады.  Үйдiң  iшiне  де  көп 
нұқсан  келтiрiледi.  Дауыл  басылған  соң,  Нақымов  көршiсiнiң  үйiн  ретке  келтiре  бастайды.  Ол 
антеннаны  орнықтырып,  терезелерге  əйнек  салады,  шатырын  жөндейдi  жəне  үйдiң  iшiн 
жинастырып қояды.  
Қанатбеков оралған соң Нақымов одан жел салдарынан ту-ған залалдарды жөндеуге байланысты 
кеткен шығындарын өтеудi сұрайды. Қанатбеков онымен келiспейдi, өйткенi ол Нақы-мовтан тек 
үйдi  қарап  беруiн  ғана  сұраған,  ал  қандай  да  бiр  жөндеу  жұмыстарын  жасауды  тапсырмаған 

болатын. Оның үстi-не биыл Қанатбеков үйiне күрделi жөндеу жүргiзбекшi болғанын жəне бəрiбiр 
де бəрiн өзгертуге тура келетiнiн айтады. 
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? 

18-тақырып.
 
МIНДЕТТЕМЕЛЕРДI ОРЫНДАУ
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Мiндеттемелердi орындау ұғымы жəне қағидалары. 
2. Мiндеттеменi iс жүзiнде орындау қағидасы. 
3. Тиiстi дəрежеде орындау қағидасы. 
4. Ақшалай мiндеттемелердi орындаудың ерекшелiктерi. 
5. Мiндеттемелердi орындау субъектiлерi. Мiндеттемедегi тұлғалардық көптiгi. 
6. Мiндеттемедегi тараптардың ауысуы. Орындауды жүктеу мен басқаға белгiлеу. 
7. Мiндеттемелердiң орындалу орны мен мерзiмi. 
8. Альтернативтi жəне факультативтi мiндеттемелер. 
9. Регресстiк мiндеттемелер. 
Есептер 
1.  Акционерлiк  қоғам  жобалау  ұйымымен  қоғамның  сатып  алған  ғимаратын  қайта  қалпына
келтiру  бойынша  жобалық  құ-жаттар  дайындау  жөнiнде  шарт  жасасады.  Жоба  жасаушылар 
шартта  белгiленген  мерзiмде  қайта  қалыпқа  келтiрiлетiн  құры-лыстың  эскизiн,  кiшiрейтiлген 
үлгiсi  мен  бас  жоспарын  жасайды.  Акционерлiк  қоғам  рұқсат  етушi  құжаттарды  алуға  келгенде, 
жо-баның  толық  көлемде  орындалмағаны  анықталады.  Жобалау  ұйымы  шартта  берiлетiн 
материалдар  тiзiмi  қарастырылмағанын,  ал  жобалау  құжаттары  бойынша  нормативтiк  талаптар 
жоқ  еке-нiн,  бiрақ-та  қосымша  төлем  жасалған  жағдайда  жұмыстардың  қажеттi  бөлiгiн 
орындайтынын мəлiмдейдi.  
Акционерлiк қоғам заңгерге кеңес сұрап барады. 
Қандай кеңес берген жөн? 
2.  Екi  айдан  соң  қайтарып  беруге  уəде  берiп  Қуанышев  За-урбековтан  қарызға  ақша  алады. 
Уағдаласқан мерзiмде Заурбе-ковқа Изатов келедi де Қуанышевтiң қарызын одан қабылдап алуды 
ұсынады,  өйткенi  ол  Қуанышевқа  тура  осы  сомаға  қарыз  екенiн,  жəне  де  Қуанышев  есептесудiң 
ондай əдiсiнен бас тарт-пағанын айтады. Заурбеков Изатовтың ұсынысынан бас тартады, өйткенi 
Қуанышев пен оның арасында осы мəмiленi жариялау жөнiнде келiсiм бар болатын. Оның үстiне, 
Изатов  Қуаны-шевпен  келiскен  кездегi  қарыз  сомасына  бiр  жылда 10% қо-сымша  төлемiн 
ескермей,  тек  қарыз  сомасын  ұсынады.  Изатов  қарыздың  бүкiл  сомасын  пошта  арқылы 
Заурбековтың атына аударып, пошта квитанциясын Қуанышевқа бередi. 
Заурбековтың қарсылығы заңды ма? 
3.  Кран  жасаушы  жабдығ  зауыты  жасасқан  шартқа  сəйкес  портқа  келесi  жылдың  бiрiншi 
кварталында  порттық  кран  жет-кiзiп  беруге  мiндеттi  едi.  Бiрақ  басқа  сатып  алушылардың  бас 
тарту  себебiнен  осы  жылы-ақ  кранды  жеткiзiп  беру  мүмкiндiгi  туады.  Кранның  тездетiп 
жеткiзiлуiне  порт  мүдделi  шығар  деген  оймен  зауыт  оны  жедел  тиеп  жiбергеннен  соң  төлем 
ақысын  өтеудi  сұрайды.  Порт‚  кранды  алып‚  ақысын  төлеп‚  оны  орнық-тыру  жұмыстарына 

кiрiседi,  сонымен  қатар  кранды  зауытқа  мез-гiлден  бұрын  жеткiзгенi  үшiн  айып  төлеудi  талап 
етедi.  
Талап қанағаттандырарлық па? 
4.  Алдын-ала  тапсырыс  беру  бойынша  жұмыс  iстейтiн  дүкен  азамат  Тынышбаевпен  шарт 
жасасады‚ оған сəйкес бiр ай iшiнде Тынышбаевқа шарт жасасу сəтiнде 350 АҚШ долларына тең 
ба-ғамен‚  диагоналi  бойынша 54 см.  экранды  Жапонияда  шыға-рылған  теледидарды  беруге 
мiндеттеме  алады.  Бiр  ай  өткен  соң  дүкен  Тынышбаевқа  теледидарды  алып  кетуiне  болатынын 
хабарлайды.  Тынышбаев  теледидарды  үйiне  жеткiзiп  берудi  талап  етедi‚  өйткенi  шартта  əдейi 
өзiнiң  мекен-жайын  шарттың  орын-далу  орны  деп  көрсеткен  болатын.  Дүкен  Тынышбаевтың 
үйiне “Shivakiң фирмасының теледидарын жеткiзедi. Тынышбаев теле-дидарды ауыстыруды талап 
етедi‚ өйткенi “Sonyң фирмасының теледидарын сатып алатынына кəмiл сенген. Iстi сотта қарас-
тыру  кезiнде‚  дүкенде  екi  фирманың  да  теледидарлары  бар  екенi  анықталады‚  шартта 
қарастырылған теледидарлардың бағасы мен басқа сипаттамалары бiрдей болып шықты. 
Дүкен Тынышбаевқа оның пəтерiне теледидар жеткiзiп беруге кеткен шығындарды өтеу жөнiнде 
талап қояды.  
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? 
5. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк пен құрылыс фир-масы арасында шарт жасалады‚ ол шарт 
бойынша  құрылыс  фир-масы  Серiктестiктiң  кеңсесiн  жөндеуге‚  ал  ол  барлық  қажеттi 
материалдарды  жеткiзiп‚  жөндеу  жұмыстарының  ақысын  төлеуге  мiндеттi  болады. 
Құрылысшылар  өз  уақытында  жұмыстарды  орындауға  кiрiседi‚  бiрақ 15-маусымнан  бастап 
барлық  жұмыс-тарды  тоқтатады‚  өйткенi  жүргiзiлген  жұмыстардың  ақысын  төлеу  үшiн 
Серiктестiктiң  қаржысы  жоқ  екендiгi  анықталады.  Оның  үстiне‚  Серiктестiк  қажеттi 
материалдарды  жеткiзiп  бере  алмай‚  құрылыс  фирмасының  материалдарын  пайдаланып‚ 
жұмыстарды  белгiленген  мерзiмде  орындауды  талап  етедi.  Атал-ған  талапты  фирма  орындаудан 
бас  тартады.  Сонда  Серiктестiк  шартты  бұзатынын  жариялап‚  жұмыстарды  аяқтау  үшiн  басқа 
ұйымды шақырады‚ ал шығындарды өтеудi мердiгерге жүктейдi. 
Қоғамның əрекеттерi заңға сəйкес пе? 
6.  Цемент  зауыты  тауар  жеткiзiлiмi  шарты  бойынша  осы  жылдың  екiншi  тоқсанында  құрылыс 
трестiнiң  атына 100 вагон  цемент  жiберуi  тиiс  едi. Iс  жүзiнде 80 вагон  жүктелiп  жiберiледi. 
Құрылыс  трестi  өнiмнiң  жетiксiз  жiбергенi  үшiн  зауытқа  айып  тө-летiп‚  жеткiзiлмеген  жүктiң 
шығынын  толықтыруды  талап  етедi.  зауыт  жiберген  қатесi  үшiн  айып  төлеу  түрiнде  жаза 
тартқанын негiзге ала отырып‚ трест талабынан бас тартады.  
Зауыттың талаптан бас тартуға негiзi бар ма?  
7.  Бiр  пəтерде  тұрып  жатқан  Игiлiков  Сəкен‚  Берiков  Мəу-лен  жəне  Шарқұлова  Əлияның  ата-
аналары бiрiгiп‚ өз балала-рына‚ үшiншi сынып оқушыларына‚ жаңа жылдық шырша мей-рамын 
ұйымдастырады.  Мейрамға  балаларының  кластасы  Əлие-ва  Гүлбəнуды  да  шақырады.  Барлық 
балалар  ертегi  кейiпкер-лерiнiң  костюмдерiне  киiнедi‚  ал  Гүлбəну  дəкеден  тiгiлген  Ақша-қар 
киiмiнде  болады.  Пəтердiң  ең  үлкен  бөлмесiне  орнатылған  шырша  ойыншықтар  мен  жағылған
балауыз шамдарымен безен-дiрiлген. Балалар шырша маңында ойнап жүредi‚ ал ата-аналар басқа 
бөлмеде дастарханда отырады. Гүлбəнудың ата-анасы бол-мады. Балалардың аяқ-асты айқайы ата-
аналарды мазасыздан-дырады‚ ал олар жүгiрiп кiргенде жанып жатқан қызды көредi. Құлап қалған 
шырақ  Гүлбəнудың  дəкеден тiгiлген  көйлегiн лезде  лаулатып  жiберген  екен. Жалын салдарынан 
қыз қатты күйiп‚ мүгедектiкке душар болады.  
Гүлбəнудың  анасы  Игiлiковтер‚  Берiковтер  мен  Шарқұ-ловтардан  жазатайым  оқиғадан  туған 
зиянның орнын толтыруды талап етедi. Сот жауапкерлерден ортақ түрде зиян сомасын тө-летiп‚ 

Əлиеваның талап арызын қанағаттандырады. Кассациялық шағымында жауапкерлер оларды ортақ
жауапкершiлiкке тарту-дың негiзi жоқ деп санай отырып‚ сот шешiмiн жоюды сұрайды.  
Жауапкерлер шағымының негiзi бар ма? Егер өрт‚ ойнап жүрiп‚ Гүлбəнудың көйлегiне шырақты 
жақындатқан Берiков Мəуленнiң кiнəсiнен шыққаны анықталса‚ шешiм өзегередi ме? 
8.  Дəрiгерлер  Керiмов  пен  Шабдалов  бiрiгiп  профессор  Мұ-хитовтың  əйелiнен  оның  қайтыс 
болған  күйеуiнiң  кардиология  бойынша  арнайы  кiтапханасын  сатып  алады.  Кiтаптарды  Шаб-
даловтың пəтерiне əкелiп қояды‚ бұл шартта белгiленген баға бiр айдан соң төленуi тиiс болған. 
Кiтаптарды  бөлу  iс  жүзiнде  мүм-кiн  емес  едi‚  сондықтан  Керiмов  пен  Шабдаловтың  келiсiмi 
бойынша  кiтапхананы  тек  Шабдалов  сатып  алатын  болады.  Екi  аптадан  соң  Шабдалов  ұзақ  шет 
елдiк қызмет сапарына кетедi.  
Мұхитова‚  уақытында  ақша  алмаған  соң‚  Керiмовке  бүкiл  кiтапхананың  құнын  төлеу  жөнiнде 
талап қояды‚ өз талаптарына дəлел ретiнде ол шартты Керiмов жəне Шабдаловпен жасас-қанын‚ 
демек‚ олар ортақ қарыздарлар болып табылатынын айтады. Керiмов талапты мойындамайды‚ ол 
өзi  мен  Шабдалов  арасындағы  келiсiм  қарыз  Шабдаловқа  өтетiнiн бiлдiретiнiн‚  сондықтан  да  ол 
Мұхитованың алдында ешқандай мiндетте-мелерi жоқтығын айтады.  
Тараптар  дəйектерiне  талдау  жасаңыз.  Егер  Шабдалов  Керi-мовпен  жасаған  келiсiмi  жөнiнде 
Мұхитоваға жазбаша хабарлан-дыру қағазын жiберген болса‚ шешiм өзгередi ме? 
9.  Жауапкершiлiгi  шектеулi  серiктестiк  өзiнiң  меншiк  құқы-ғындағы  өндiрiстiк  ғимаратын 
кооперативке 5 жылға жалға бе-редi. Шартта жалгердiң жалға берушiнiң келiсiмiнсiз-ақ қосалқы 
жал шарттарын жасасу құқығы қарастырылған болатын. Коо-ператив бүкiл ғимаратты пайдалану 
құқығы  акционерлiк  қо-ғамға  берiлетiн  қосалқы  жал  шартын  жасасады.  Екi  жыл  өткен  соң 
кооператив  жойылады.  Жауапкершiлiгi  шектеулi  серiктестiк  мемлекеттiк  кəсiпорынмен  жаңа 
жалға алу шартын жасасады. Оны бiлгенде Акционерлiк Қоғам жалға алу шартын жасауға оның 
ерекше  құқығы  бұзылған  деп  санап‚  жауапкершiлiгi  шек-теулi  серiктестiкпен  жасасқан  шартты 
жарамсыз деп тануды талап етiп сотқа талап-арыз ұсынады. Жауапкершiлiгi шектеулi қоғам жалға 
алу шартын жасасудан бас тартады‚ бiрақ қосалқы жалға алу шартының сақталуына қарсылығын
бiлдiрмейдi. Акционерлiк қоғам сотқа барады. 
Iстi шешiңiздер.  
10.  Қамбаров  өзiнiң  танысы  Кереевтен  қарызға 2 000 АҚШ  долларын  сұрайды.  Шартта 
Қамбаровтың бүкiл қарыз сомасын бiр жылдан кейiн қайтару‚ ал сонымен бiрге бiр жылдық мер-
зiмге 25%-дей  процент  төлеу  мiндеттерi  белгiленген.  Қамбаровқа  жиһаз  гарнитурын  сатып  алу 
үшiн  қаржы  қажет  болғандықтан‚  Кереев  Қамбаровтың  сұрауы  бойынша  жиһаз  дүкенiнiң  есеп 
шотына иесi атаулы қарыз карточкасымен 2 000 доллар төлейдi. Төлеу мерзiмi келгенде Қамбаров 
Кереевке 2 000 долларға тең соманы теңге есебiмен бередi‚ ал проценттердi үш айдан соң төлеуге 
уəде етедi.  
Кереев  қарыз  сомасын  теңгемен  алудан  бас  тартады‚  оны  қаржының  Қамбаровқа  доллармен 
берiлгенiмен  түсiндiредi.  Не  болмаса‚  ол  қарызды  теңгемен‚  бiрақ  коммерциялық  банк  белгi-
лейтiн валютаның ең жоғары сатылу курсы бойынша қабылдауға келiседi. Проценттердi төлеудiң 
мерзiмiн  кейiнге  қалдыруға  Ке-реев  келiсiмiн  беруге  дайын‚  бiрақ‚  оның  пiкiрiнше‚  процент 
мөлшерi жылдық мерзiмнiң 35%-iне үлкейтiлуi тиiс.  
Қамбаров  валюта  айырбастау  орнында 2 000 АҚШ  долларын  сатып  алады  да‚  оларды  Кереевке 
бередi. Үш айдан соң Кереев бiр жыл жəне үш ай үшiн жылдық табыстың 35%-i есебiмен процент 
төлеудi талап етедi. Қамбаров бас тартады. Дау сотқа берiледi. 
Iстi шешiңiздер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет