С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні)



бет11/13
Дата25.08.2017
өлшемі1,87 Mb.
#26665
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

3.Дәріс мазмұны: Қарастырылатын сұрақтарды ықшамды да түсінікті мысалдар келтіре отырып түсіндіру. Сүтқоректілердің биотоптарына тоқталуы. Әрбір топтың өз ерекшелігі бар, морфологиялық белгілерімен сипатталады.

Тор биотопқа бейімделген жануарларды түсіндіре отырып, жер органикалық қазынасын игеруде сүтқоректілердің айырықша екенін баса ұғындыру. Биологиялық көптүрлілікке жеткенін, осы ретте: суда, су асты (бентос, бентосты организмдер), жербеті шағындық, ашық дала, шөл, шөлейт, таулы дала, жер асты, ауа кеңістігін осындай жан-жақты салады игеруге келгендер тек сүтқоректілерді басып отыр.



4. Сұрақтар:

4.1.Тіршілік жағдайлары және жалпы таралуы.

Сүтқоретілердің әртүрлі тіршілік ортасында таралуы, неғұрлым таралуының өзі пікірімізді дәлелдей түсетіні белгілі. Тек қана осы класта ғана жербетіне толықтай таралуымен қатар, суда және суастында (кейбірі жер бетін өмір бойы көрмейақ), қорегін ауа кеңістігінен ұстап қоректенуге жан-жақты бейімделген, табиғат климат жағдайына мықты бейімделіп алған жануарлар тобы дамыған.

Тіршілік жағдайларының ауытқулары (ылғалдық, температуралық, құрғақтық т.б.) сүтқоректілердің кең таралуына белгілі деңгейде кедергі болды және бола бермек. А.Н.Формозовтың зерттеулері: бұланның таралуына қыста 90 см. қардың қалыңдығы болса, елікке – 50 см, қабанға -30-40 см. болғанын дәлелдеген. Ор қоянның шығысқа қарай, қолдан таралуына да, осы қардың қалыңдығы әсерінен алынған шаралар сәтсіздікке ұшырап отырған.Себебі, қалың қарда қоянның жемін табуға жағдайы ауырлай түскен, жыртқыштардан қашып құтылудың да мүмкіндігі азаюынан жерсіндіру, жерсіну қиындыққа тірелген.

Көптеген сүтқоректілер табиғаттың әсіресе топырақтың климаттық жағдайларына үлкен талаппен қарайды: мысалы қабан үшін жұмсақ, ылғалды топырақты өсімдік қалыңдығы жылқылар, түйелер ылғалды, жұмсақ, батпақты жерлерден аулақ жүруге тырысады. Жерастында тіршілікке үйренген: жертесер, соқырлар тығыз да қатқыл топырақты аймақтан қашатыны белгілі.

Бірқатар атжалмандарға – сусылдаған құмды жерлер ұнайды: сарышұнақтарға дәнді дақылды топырағы жұмсақтау далалы-шалғындық ұнайды. Осындай қажеттіліктерін айта келіп, сүтқоректілер үшін табиғат ортасына тәуелділік, төменгі сатыдағы жербеті омыртқалыларға қарағанда (рептилия) анағұрлым күрделірек болып келеді. Белгілі дәрежеде сүтқоректілердің бейімделуі, олардың мінез-құлықтарына байланысты болып келеді. Себебі бейімделуге жоғарғы жүйке жүйесі бақылаумен қалыптасып отырады. Осының нәтижесі болса керек, ешбір омыртқалылар класс жануарлары, сүтқоректілердей алуантүрлілікпен пішін көрсете алмай келеді. Бұның себебі, сүтқоректілер класы эволюциясының ұзақ прогрессивті даму жолында болғандығында жатса керек, осы мезгіл ішінде кейбір топтары жер шарларының барлық аймақтарына толық таралып кеткен, бұған олар соншама қойында, ауыр табиғат жағдайларына төзімділік көрсете отырып, жетіп келді. Бастапқы сүтқоректілер тек жербетіне бейімделсе керек, мүмкін жербеті-орманды, немесе жербеті ағашты болып келуі ықтимал. Себебі, кесіртке жамбасты рептилия тобынан аңтістілер тобы оқшауланып шыққаны белгілі. Осы топтағылардың өзі жербеті жорғалаудан да ағаш бұтағына жорғалауды ұнатқан. Осы ағашқа жорғалау қабілеттілік прогресстің бастамасы болғаны түсінікті.

Нәтижесінде бейімделушілік эволюция төмендегідей негізгі аңдардың экологиялық топтарын өмірге әкелді: 1. жербеті аңдары; 2.жерасты жануарлары; 3. су аңдары; 4. ұшқыш аңдар. Осы аталған топтардың әрқайсысы жеке ұсақ топшаларға бөлінеді.

4.2.Жербеті жануарлары (аңдары)

Жер шарының барлық аймақтарына кең тараған неғұрлым көпшілік сүтқоректілер тобы. Бұл топтың көптүрлілігінің болуы жер бедерінің көпқилы, жан-жақты, кеңістік екендігін дәлелдей түседі жербеті жануарларын негізінен екі үлкен бұтаққа (топшаға) бөлген:

4.2.1.Орманды мекендейтін аңдар: Бұған барлық орман (қылқанды, жалпақ жапырақты) және бұталы тоғайларды мекендейтін сүтқоректілер. Орман – тоғайлы аймақты – жабық биотоп деп атаған. Себебі ішіндегі аңдарды тек жақыннан ғана көре аламыз, қашықтан көру мүмкін емес, ағаштар, бұталардың тасасынан оларды байқау, бақылау қиын. Бақылауға, жасырынып, арнаулы орын жасап зерттеуге өте ыңғайлы. Оны сен көріп, бақылайсын, ол сені көруге мүмкінді жоқ. Осындай бақылаулардан құнды материалдары туындап отырады.

Осы топтан жете бақылауға ағашқа өрмелеушілерін жақсы байқап, бақылай аласың. Осы өрмелегіштерге әртүрлі отряд өкілдері болуы ықтимал. Солардың ішінде кеміргіштер отрядынан: Тиын, ұшар; жыртқыштардан: аюлардан (оңтүстіказиялық), сусарлар, ілбіс; мүктістілерден – жалқау аң, құмырсқа жегіш, приматтардан: лимурлар, көптеген маймылдар т.б. Осылар ішінде ағаш пен өмір сүретіндер: тиын, аю, сусар, құмырсқа жегіш, өткір тырнақтылармен ағашқа өрмелеуге бейімделгендер. Лимур мен маймылдар қолдары мен құйрықтарымен ағаштарды, бұталарды ұстағыштар. Көпшілігі өсімдік қоректі. Бұл балаларын қоректендіруге, демалысқа арнап ағаш бұталарынан ескі ағаш діңдеріне ұя, жасап алады. Осы топтың ішінен жартылай ағашта, жартылай жерде деп, бөлінетін топтар бар. Мысалы: бұлан қорегін көп жағдайда жерден табады (тышқантәріздестер қоретенеді) 20-50% кедр шаттауығы жемістер 30-60% Ұясын биік діңге ұя салады. Қиыршығыс ақтөсті қара аюы жерден қоректеніп, алады да, ағаш діңіне кіріп паналайды: Осыған сәйкесті тіршілік кешетіндер: жолақ тышқан (бурундук)

Керісінше; бірқатар жануарлар орман-тоғайды қорғаныш ретінде пайдаланатындары бар. Оларда жербетінде қоректенуі бұталар, ағаш қабығы, балаларын інге (колонок, росомаха) немесе жер үстіне (бұғылар, бұландар еліктер).

Орман аңдары мен ағаш өсімдіктері арасында ертеден байланыстылықты байқадық және осы топтағы жануарлардың ярустық қоректенуі оның байқалады.

4.2.2 Ашық кеңістік аңдары. Бұларда көптүрлі топтар. Бірақта, ярустық қоректенуі жануарларында әлсіздеу байқалады. Орманның байырғы жануарларындай емес, яғни қоректенуінде ашықтық байқалады. Осыған орай олардың баспалануы табиғи жағдайында жауларын қашықтан көруге мүмкіндік береді. Осы топқа қатысты отрядтар: қалталылар, насекомқоректілер, кеміргіштер, жыртқыштар, тұяқтылар: бұлардың өкілдері негізінен өсімдікқоректі аңдар кеміргіштер, тұяқтылар.



А.Тұяқтылар – ірі шөпқоректі түрлер, олар жайылымға көп уақыт жібереді.Олар дала кеңістігінде сиректеу, болатын суқоймасын іздеуге де құтылуға бейімделген. Осылардың орташа жылдамдығы: км/с: қасқыр -45-60; арыстан -80, геопард (ілбіс) – 104-112

Бұл жануарлар ешбір – тұрғын мекенжай баспана жасамайды. Бұларға тән шапшаң жүгіру және қашықтан көруге, өткір көргіштікке бейімделгендік, бірқатары сусыз біраз уақытқа шыдайды, оны қоректенген өсімдік ылғалынан алып, соған қанағаттануы; ширақ бала тууы, бірінші күннен бастап (үстінің ылғалы кепкеннен соң) мамасы артына ілесе алуы. Бұларға: жылқы, бөкендер, түйелер, жирафтар, кенгурулар – 40 км/с.



Б.Атжалмандар тобы – ұсақ аңдар, шөл даланың сирек өсімдікті кеңістігіне мықты бейімделгендер. Қоректенуге біраз қозғалысқа (20 км/с) түсуге мәжбүр болған. Ымырт, түнде, ала көлеңке мезгілінде жемге шығады. Бұлардың алдыңғы аяқтары қысқа да артқы аяқтары мықты, ұзын. Секіріп қозғалу бейімделген (кегуруға ұқсас). Бұлардың қорегі тек өсімдік емес, оның тамыры, пиязшығы, кейде насекомдар қосылады. Егер, тұяқтыларда суды аз ішуге бейімделсе, бұлар мүлдем су ішпейтіндер жеген қорегіндегі ылғалды пайдаланады. Бұл өте мықты да күшті бейімділік. Тұрақты, кейде уақытша баспанасы – ін қазып алуға бейімделген. Інді тез қазады. Бұлар інде тұрақты тұратындар. Ауа райының ауытқуына орай қысқыға түсушілер.

В.Сарышұнақтар тобы – ұсақ, орташа көлемдегі кеміргіштер, дала жартылай шөлейт, тау алқаптарында қалың өсімдік жайылысы бар кеңістік тұрғындары. Негізгі қорегі өсімдік және дәндері. Бұлар тез қозғалуға ебедейсіз, баяу қозғалуға бейімделгендер себебі, аяқтары өте қысқа болғандықтан қалың өсімдік жамылғысы, қозғалыстарына бөгет болады. Тұрақты інде мекендейтіндер. Сонда көбееді, Қысқы кейде жазғы ұйқыға түседі. Балалары соқыр, жалаңаш, әлсіз туады. Бұларға: сарышұнақтар, байбақтар, саламандар т.б.

Осы жербеті кеңістік сүтқоректілеріне: орман-тоғай аңдарына да, тұяқтыларға да, атжалмандар, сарышұнақтар топтарына да жатпайтын тобы қалыптасқан. Олар: кеңтаралғандар, ешбір тар мамандыққа мамандалмағандар: көпшілігі жыртқыштар: қасқыр, түлкі, борсық кейде қабан. Олар барлық аталған жануарлар тіршілік аймақтарында бейімделгендер. Орман қасқыры-үйшігі, түнде дала кеңістігінде, үңгірде, болмағанда – ін қазады. Бұлар «санитарлар» .



4.3 Жер асты жануарлары: Өте мамандалған топ жануарлары. Өмір бойы немесе көпшілік уақытын жер астында тіршілік ететіндер. Бұлардың тістері, мойындары, алдыңғы және артқы тұлға пішіні бірқатар морфологиялық өзгеріске түскендер. Үнемі жерастында болғандықтан олардың көздері, құлақтары өзгеріске түскен. Бұлардың ролін бас бөлігіндегі, ауыз маңындағы түрлі қылдар, мұртшалар орындары.

Бұларға өкілдер-әртүрлі отрядтардан кездеседі. Насекомқоректілерден жер тесерлер, кеміргіштер отр. – соқырлар, соқырша, жерқазар. Алдыңғы аяқтары жер қазуға айналған инстинктке айналған, күрек тістері де қазу аппаратына айналған. Топырақты мойынымен көтеріп, үйінділер жасауға бейімделген. Артқы аяғымен лақтыруға – шоқыршалар жаттыққан. Жерасты мекенін бір алып соқырдың жанұясы үшін ұзындығы -500 м ін жүйесі керек болған. (Иркалиева -1995)

Жерасты жалаңаш жерқазары, шағын көлемдегі (40 г) организм. Сомали, Кения, Эфиопия құғақ даласын мекендейтін жер асты жануарлары. Олар үйір мен тіршілік етеді жер асты інін бірігіп қазады. Олардың біріккен мекенінің ұзындығы 3-5 км. Жер бетіне өмір бойы шықпаған. Жерді күрек тісімен қазып мойынымен көтеріп үйінді қалдырып отырады.

4.4 Су аңдары: Егер бастапқы сүтқоректілерді жербеті (орманды – бұталы) жануарлары болғанын мойындасақ, ал бұлардың ататектері (рептилиялар, қосмекенділер) судан келгенін мойындасақ (бірінші судан келгені), онда сүтқоректілердің құрлықтан қайтадан суға келуі де тарихи, ұзын қатарға келуін де мойындауымыз керек сияқты. Суға қайтып оралуға келгенде жыртқыштардың орны ерекше байқалады. Себебі, филогенетикалық жағынан неғұрлым ескекаяқтыларға жақын тұратындар болса керек. Бастапқы кезде қоректік заттарын сүтқоректілер тек құрлықтан ғана емес, су маңынан, судан ұстап бейімделуі мүмкін, бара-бара түгелдей су ортасына ауысуы ықтимал.

Осы пікірге сәйкес – Европа норкасы (күзен). Тұщы су жағалуын макендейді, іні су жағасында, ал ін аузы құрлыққа қарай ашық тұруы қажет. Негізгі қорегі жағалау кеміргіштері: су егеуқұйрығы -15-30%, амфибия -10-30%, балықтар 30-70%. Күзен жақсы жүзеді.

Күзенге ұқсас аңның бірі – камшат. Бұл да інін су жағасына салады, бірақ іннің аузын далаға емес, су астына қарай ашады (Құндыз сияқты). Ол су жағасынан 100-200 м. қашыққа ұзап кетпейді. Себебі, қорегін тек судан ұстайды. Негізінен балықпен 50-80% амфибиямен 10-20%. Жер беті, жағалау кеміргіштері мен қоректенбейді.

Теңіз камшаты (калан) – нағыз теңіз аңы. Тынық мұхитының солтүстік жағалауында мекендейтін кеңістігі. Уақытының көпшілігін суда өткізеді, қоректігі түгелдей су организмдері: теңіз кірпісі, крабтар, моллюскалар, сиректеу болса да балықтар. Демалуы да суда жағаға тек қана көбеюі үшін ғана және аласапран штормда шығады. Суда өте жақсы жүзе алады.

Жартылай су жануарларының ішінде, кеміргіштер отрядынан: суқұндызы, ондатра, нутрия. Бұлардың су мен байланысы тек қоректік зат пен байланысты, бірақта құрлықтан да қоректенетіні белгілі. Бұлар, бәрі де жерде індерін әзірлейді. Су құндызы «үйшігінде! Ұясы болады.

Жұпартышқан, ондатра, суқұндызы терісінде май бездері күшті жетілген терісін майлап терісін майлап су тигізбей қояды.

Ескекаяқтылар (ластоногие) – түгелдей су ортасының жануары. Қорегі де демалуы да суда. Тек күшіктенгенде, шағылысқанда ғана жеке түлегенде құрлыққа шығады.

Түгелдей өмір бойы суда тіршілікке бейімделгендер: киттер, сирендер артқы тұяқтары болмайды. Қозғалыс мүшесі – мықты құрығы.

Осы топтағы – сүтқоректілер үшін су нағыз тіршілік ортасы болып, бұған олар екінші мәрте болып қала берген.

4.5. Ұшатын аңдар: Бұлар жербеті орман-тоғай аңдарының бір бұтағы ретінде қалыптасқан да әрі қарай секіруге бейімделе келсе, қалықтап ағаштан-ағашқа қонуға, содан соң бірқалыпты ұшуға келсе керек. Мысалы, тиын секірген кезде төртаяғын керіп дене бетін үлкейтуге тырысады. Осы қасиет дами келе төртаяқтыларды ұшуға жеткізсе осындай талапты төртаяқтыларды екінші мәрте су кеңістігіне алып келуі ықтимал. Оның үстіне бастапқы эволюциялық тарихымызда рептилиядан бұрынырақ қосмекенді кезеңіміздің бір мекені су ортасы болғанын ескерсек, төртаяқтылардан екі аяқтыға айналып құстар әлемін қалыптастырудан да, су аңдарына айналудың генетикалық негізіміздің жақындығын да ескерту керек сияқты. Тиында ұшқыш жарғақ жоқ, ал австралиялық сумкалы ұшарда ұшқыш жарғағы бар, алдыңғы аяғынан білезігіне дейін керілген. Кәдімгі ұшарда және оңтүстіказиялық жүнді қанатта ұшу жарғағы екі бүйірінде алдыңғы және артқы аяқтарын жалғастырып, созылып жатқанын көреміз (209 сурет Константинов, 2004). Нағыз ұшатын қабілеттілікке сүтқоректілер ішінде жарқанаттылар болғанын көреміз. Осы ұшатын аңдардың ұшуға бейімділіктерін саралай келе, олардың әсіресе, жарқанаттыларда құстарға ұқсас келген белгілерін; жеңілденіп келген қаңқасын төс қырының болуы, ұшуға көмектесетін төс еттері, түнде ұшып, қоректенуіне байланысты есіту мен иіссезу мүшелерінің ерекшеленіп дамуы болған. Бір ғана осындай құстың қасиетке конвергенттік жолымен келуі.

5. Қайталау сұрақтары:

1. Сүтқоректілердің барлық тіршілік ортасынан бір мысалдан өкілдерін атаңыз?

2. Сүтқоректілердің тіршілік жағдайларының кедергілерін атаңыз

3. А.Н.Формозовтың зерттеуінше қыстағы қардың қалыңдығы: бұланға, елікке, қабанға қандай шектеу қойған?

4. Жер асты тіршілігіне бейімделген жануарлар ерекшелігін дәлелде

5.Тіршілік ортасына бейімділік үлгісінің прогрессивті жағынан сүтқоректілерді омыртқалылар ішінде ең жоғарғы орынға қою себебіміз неге? Мысал келтіре отырып дәлелде?

6.Сүтқоректілердің экологиялық топтарын мысалдармен атаңыз?

7.Жер шарына кең тараған тобын айтыңыз? Олар қандай табиғат орта жағдайына бейімделгендер:

8.Жер асты жануарларын неге мамандалған дейміз?

9.Су аңдары болуы үшін бастапқы бейімділіктері қалай болған?

10.Ұшатын аңдар болып қалыптасуы үшін бастапқы бейімділіктері қандай болып, қай ортадан бастау алғаны?

11.Орман-тоғайлы аймақты жабық биотоп деп неге атаған?

12.Ашық биотоп: шалғындық, дала, шөлдала, құмды дала жануарлары бейімділіктерінен бір мысалдан келтіріп дәлелде?

13.Ауа кеңістігіне бағыт алған жануарлары қай биотоптан бастау алған? Бейімділіктерімен дәлелде?

14.Су ортасына бейімделіп, су жануарлары болу үшін оларды неге «екінші» мәрте суға келушілер дейміз?

15. Ярустық қоректекну типі қай биотоп жануарларына тән қасиет?

16. Қасқыр, түлкі, қабан т.б. жыртқыштар жоғарыда аталған биотоптардың қайсысына жатады?

6. Әдебиеттер

1.В.М.Константинов и.др. Зоология позвоночных. М.,2000. с.386-398

2.С.П.Наумов. Зоология позвоночных. М. «Просвещение». 1982. 341-378

3.Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М., 1979 т.2 стр.244-251.


15 Дәріс

1.Тақырыбы: Сүтқоректілердің шығу тегі және эволюциясы

2. Дәріс мақсаты:

3. Дәріс мазмұны:

4.Сұрақтар:

4.1.Синапсидті рептилиялар деген қандай жануарлар?

4.2.Төменгі сатыдағы қалталылардың өмірге келуі

4.3.Жоғарғы сатыдағы қағанақтылардың өмірге келуі

4.4.Осы заманғы көпшілік қабылдаған сүтқоректілер жүйесі

5. Өзін-өзі қайталау сұрақтар:

6.Әдебиеттер:

2. Дәріс мақсаты: Араморфоздық бағытта күрделеніп дамыған сүтқоректілерді уақытпен табиғат кеңістігінің әсерін қазба материалдарына сүйене отырып осы замандағы сүтқоректілердің көптүрлілігіне сәйкесті дәлелдеуге көз жеткізу. Олардың тарихын біле отырып бүгінгілеріне оптимальдік жағдай жасау, тұрақты дамуды олармен бірге адамзат мақсаты болуы керек.

3. Дәріс мазмұны: Қазба сүтқоректілерінің морфологиялық белгілерін қадағалай отырып, осы заманғыларының ұқсас ерекшеліктерімен салыстыру. Бұны қарастырылатын сұрақтарда сатылы дәлелдеуге тырыстық..

4. Қаралатын сұрақтары:

4.1. Сүтқоректілер тарихын рептилиялардың бастапқы эволюциясынан іздеуге тиіспіз. Палеозой эрасының екінші жартысында диапсидті (екі самай шұңқырлы) рептилиялардан бөлініп, оқшауланған – синапсидтер тобы (бір самакй шұңқыры) шыққан. Олар рептилиялардың аң тістілер тобын қалыптастырған. Бұларды перм қабатынан кездестіруге болады. Бұлар дене мүшелерінің ұйымдасуына қарағанда сүтқоректілерге жақын тұрған, тістері альвиол қапшықтарына орналасқан. Көпшіліктерінде екінші сүйек таңдайлары қалыптасқан.

Сүтқоректілердің пргрессивтік эволюциясы, ең алдымен олардың шешуші бейімділіктерге жетуден басталады, олар денесін жоғарғы жылуға жеткізуі, бұны тұрақты ұстап тұруға, реттеуге қабілеттілікке жетуі, жоғарғы аэробтық метоболизм деңгейінде.Осы жоғарғы күрделену жағдайының нәтижесінде тынысалуы және қанайналымы жүйелерінің күрделенуіне әкелген. Ол жүрегінің төрт камералы болып күрделене түсуі және үлкен венозқандарының араласпай дене кеңістігінен өз орындарын табуы.

Сүтқоректілердің мынадай ірі өзгерістерге жетуі: миының үлкені, тірі тууы бұл прогрессивті өзгерістері эволюциялық дамудың соңғылардың ата тегін жүйелесек, төменгі сатыдағы қалталылардың өмірге келуін байқаймыз.

4.2. Төменгі сатыдағы қалталылардың өмірге келуі.

Аңтісті рептилиялардың неғұрлым сүтқоректілерге жақын тұрғандарының бірі – цинодонтар болған. Солардың ішінде қаңқалық өзрегістерімен ерте триас қабаттарынан көзге түскендердің бірі – тринаксодона болды.

Сүтқоректілердің өзгерістерінің қалыптасуын палеонтологтар тіс жүйесіндегі өзгерістердің болуынан деп отыр. Осы жағдай екі топтың қалыптасқанын айқындаған: морганукодонтод және кунеотериид.

Морганукодонтод ұрпағы жоғарғы триас қабатынан – көпдөңестілер айдарымен қалдығы табылған (негізгі азу тісі үстінде көптеген дөңестер болған). Бұлар ұсақ организмдер болған ең ірісі байбақтың шамасындай, күрек тістері күштері дамыған, сойдақтары жоқ. Бұлар мамандалған өсімдікқоректі аңдар, бұлар бір қуыстылардың ататегі болуы ықтимал. Бұлардың екінші тобынан яғни кунеотериидтен пайда болғандар бейімделуі радиациясына неғұрлым тиімді белгілер көрсеткендер – эвпантотериялар болды. Олар ұсақ жануарлар рептилия жұмыртқалары болы. Олар осы заманғы ағаштарда тіршілік ететін насекомқоректілерге биологиялық жағынан сәйкес келеді. Олардың бас миы сол кездегі ататегі аңтісті рептилия миларынан үлкен болды. Осы топтан мезозой эрасы аяғына таман екі бұтақ тобы бөлініп бастау алды: төменгі сатыдағы қалталылар. Жоғарғы сатыдағы Қағанақтылар.

Қалталылар бор кезеңінде өмірге келгендер. Солтүстік және Оңтүстік Америкадан төменгі бор қабатынан табылды. Олар кайназой басында Европаға өтіп үлгерген. Одан Азия, Африкаға таралған.

Қалталылардың неғұрлым ертедегі тобы-опоссумдар тұқымдасы болған, олардың қалдықтары бастапқы бор кезеңнен Солтүстік Америкадан табылған. Осы кезде, олар Орталық, Оңтүстік Америкада кездеседі. Үштік кезеңде, олар Оңтүстік Америкада көпшілік болған, себебі ол кезде тұяқтылар, жыртқыш қағанақтылар жоқ болатын. Меоценнен кейін, бұл жердегі қалталыларды қағанақтылар ығыстырды, азайтты. Ол кездегі қалталылардан қазіргі кезде тек мамандалған азғана тобы қалған. Қағанақты жануарлар қалталыларды барлық жерлер де ығыстырылды. Соның салдарынан осы заманғы қалталылардың сиректеу кездесетін аймағы аралдық Австралия, Жаңа Гвиния, Оңтүстік Америка. Қалталылардан систематикалық осы заманғы қатары бір отряд, 16-тұқымдасы қалған.



4.3. Жоғарғы қағанақтылардың өмірге келуі

Қағанақтылар. Сүтқоректілердің бор кезеңінде қалыптасып, жеке бұтақ болып белгілі дәрежеде қалталылармен паралель дамыған аңдар тобы. Қағанақтылар соңғы кездегі зерттеулерге қарағанда бор кезеңінде біршама әртүрлі бағыттардағы эволюциялық дамуда болғаны байқалған. Кайназой эрасының барлық кезеңінде Евразия және Солтүстік Американың бірнеше мәрте контрактіде болуынан әртүрлі плацентарлы систематикалық топтардың қалыптасуын әкелген.

Плацентарлық топтардың неғұрлым ертедегісі (бастапқылары). Насекомқоректілер отряды болып саналады. Бұл қарапайым аңдар жоғарғы бор кезеңі қабатынан Монголиядан табылған. Олардың кейбірі жербеті, кейбірі ағаштың түрлері болып қалыптасқан. Бұлар соңғы пайда қағанақтылардың негізгі топтарының көпшілігіне бастау беруі мүмкін. Ағашта тіршілікке бейімделген насекомқоректілердің ұшуға бейімділігінің нәтижесінде қолқанаттылар (жарқанаттылар) бастау алған. Насекомқоректілердің жербетіндегі жыртқыштық тіршілікке бейімделуінен, ерте заманғы қарапайым жыртқыштар – креодант өмірге келген. Бұлар, аз уақыт ішінде кең таралған. Олигоценнің соңына таман үштік кезеңнің бас кезінде баяу қозғалатын тұяқтылар, неғұрлым активті қозғалатындармен ығыстырыла бастағанда, креоданттарды неғұрлым активті мамандандырылған жыртқыштар ығыстырған. Эоценнің соңына таман – олигоценнің басында жыртқыштардан су аңдары бұтағы – ескекаяқтылар бөлінген.

Олигоценде, осы заманғы жыртқыштар тұқымдастарының бірқатар топтарына ататектері (Виведр, күзен, ит, мысық) өмірге келген. Осы заманның нағыз итбалықтары күзендермен туыстас, ол морждар және құлақты итбалықтар, аюлармен тарихи жақындықтары болған.

Креодонттардан ертедегі тұяқтылар, немесе кодилярторлар –иттерден үлкен емес ұсақ аңдар шыққан. Олар палеоценде пайда болып және барлық заттармен қоректеніп, жан-жақты қоректікке бейімделген. Қозғалыс мүшелері бессаусақты болған, әсіресе үшінші саусағы күштірек дамып, 1-ші, 5-ші саусақтары қысқарып келген. Кондилярторлар ұзақ өмірде болмайды, эоценнің басында олардан екі, жеке бұтақ жануарлар тобы қалыптасқан: Тақтұяқтылар отряды және Жұптұяқтылар отряды өмірге келген. Осы эоценде ет жұмсақтылар пайда болды.

Насекомқоректілерден үштік кезеңнің басына таман басқа да отрядтар: мүкітістілер, маймылдар пайда болуы ықтимал деген пікір мамандар арасында.

Палеоцен қабатынан маймылдар қалдықтары табылған. Ағаш маймылдары төменгі олигоценде табылған. Мысалы, осы олигоцен қабатынан табылған – проплиопитекус Гиббон маймылдарының бастамасын берді және ірі басқа да антропоидтық рамапитертерге бастама түрлерін берді. Оңтүстік Африканың төрттік дәуірі қабатынан табылған австралопитекустың маңызы өте зор. Бірақ жоғарғы адамтәрізді маймылдардан адамға айналу кезеңі эволюциядағы орасан зор құбылыс, біріншіден табиғат орта себептері болса, екіншіден қоғамдасу, қауымдасу факторларының ұштасуы нәтижесінде.

Осы заманғы сүтқоректілердің шығу тегі туралы көзқарастардың көпшілігі полифилитикалық (көпжақты немесе жанжақты) жолмен қалыптасқандықты мойындап отыр, яғни бұталары бөлек топтардан қалыптасқанын байқатқан. Бұл пікір көбіне бірқуыстыларға сәйкестеу келетіні олардың көп дөңтістілерге жақын тобынан бастау алғаны айқындалғандығы болып отыр. Сонымен қатар, қалталылар және қағанақтылар құрып кеткен пантотерия тобы мен бірге табиғаттың бір жаратылыс тобын қалыптастырған, яғни жалпы шығу тегін біріктірген. (сурет – 208 Константинов, 2000)



4.4. Осы заманғы мамандардың көпшілігі сүтқоректілердің төмендегідей жүйесін мойындап отыр.

Сүтқоректілер класы

Класс тармағы Алғашқы аңдар

Отряд Бір қуыстылар

Класс тармағы Нағыз аңдар

Инфра класс 1.Төменгі сатыдағы аңдар

Отряд Қалталылар

Инфра класс 2. Қағанақтылар немесе Жоғарғы сатыдағы аңдар 17-18 осы заманның отрядтарын қалыптастырған (14 отряд қазба күйінде белгілі)



5. Өзін-өзі қайталау сұрақтар:

1.Синапсидтер дегеніміз кімдер? Палеозойдың екінші жартысында, оларға көбірек мән беру себебіміз неге?

2.Аңтәрізділер және аңтістілер, осылардың қайсысы өмірге бұрын келді? Перм кезеңінде басым болғаны қайсысы?

3.Тістері альвеол қапшықтарында орналасқан, көпшілігінің екінші сүйекті таңдайы қалыптасқан. Жоғарғы жақтарының шаршы сүйектері және төменгі жағының байланыс сүйектері күшті редукцияға түскен.

4. Мезозой эрасын кімдердің эрасы деп атаған?

5. Мезозой эрасының соңында жер климатының өзеруіне кесірткелер үстемдігінің кемуінен аң тістілер қандай өзгеріске түскен?

6. Сүтқоректілердің прогрессивті эволюциясы қандай бейімділіктерге жетуімен байланысты?

7. Сүтқоректілердің метоболизмдік жоғарғы аэробтық деңгейге жетуде қандай мүшелерінің күрделеніп өзгеруі керек?

8. Сүтқоректілерде ірі ми көлеміне жетуі және тірі туып, баласын бастапқы сатысында сүтпен қоректендіру қасиеті эволюциялық қалыптасуының бас кезі ме, әлде соңғы кезі ме?

9. Цинодонттар дегеніміз кім? (аңтісті рептилия, құс?)

10. Қаңқалық өзгерістеріне жеткен тринаксодоналар қай дәуір қабатынан табылған?

11. Сүтқоректілердің қалыптасуында тістің күрделенуінің үлкен әсері болған. Осыдан келіп, көп дөңтістілер пайда болған. Бұлар кімдер, оларды сүтқоректілердің ата-тегі деп атауға бола ма?

12. Эвпантотериялар дегеніміз қандай жануар? Биологиялық жағынан қандай топқа жатады? Аңтісті рептилиямен салыстыр.

13. Эвантотерияларда мезозой эрасы соңына таман екі түрлі топтарға өзгере отырып, бөліне бастаған. Олар сүтқоректілердің қандай бұтақтары?

14. Қалталылардың қалдықтары Солтүстік және Оңтүстік Американың қай дәуір қабатынан табылған?

15. Қалталыар кайназой эрасының қай мезгілінде Европаға өткен?

16. Оппоссумдар тұқымдасы қай дәуірде, қай елде табылған?

17. Үштік кезеңде Оңтүстік Америкада қалталылар көп таралған болатын, сол кезеңде қағанақты тұяқтылар және жыртқыштар болмаған. Миоценнен кейін, бұл өлкеде, қағанақтылар пайда болғаннан кейін қандай жағдай болды?

18. Қағанақтылар мен қалталылардың бәсекелі болуынан жағдайы қандай?

19. Қазір қалталылар қай елді мекендейді?


20. Қалталылар отрядының қанша тұқымдасы сақталған?

21. Қағанақтылар бор кезеңінде пайда болған. Олар қалталылардың жалғасы ма?

22. Қағанақтылардың ерте қалыптасқан отрядын ата?

23. Кайназойда Солтүстік Америка мен Евразия бірнеше мәрте жалғасқан. Бұл қағанақтылар тобының систематикалық араласуына мүмкіндік берген.

24. Ағаштық насекомқоректілер бейімделе отырып, қандай сүтқоректілерге бастау берген?

25. Эоценнің соңына таман –олигоценнің басына жақын жер беті жыртқыштарынан бөлініп шыққан су аңдарын айтыңыз?

26. Көлемі жағынан иттерден кішілеу, ұсақ кондиляторлар, немесе ертедегі тұяқтылар, қандай жануарлар пайда болған?

27. Тақтұяқтылар және жұптұяқтылар эоценде қандай жануарлардан бастау алған?

28. Қазбадан маймылдар қай кезеңнен бастап белгілі болған?

29. Ағаш маймылдары төменгі олигоценде қандай адамға ұқсас маймылдар бастауын берген?

30. Төрттік дәуір қабатынан табылған Оңтүстік Африка австралопитекустың үлкен ынта тудыру себебі неден?

31. Сүтқоретілердің шығу тегі туралы осы заманғы көзқарас жайлы өз пікірің?


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет