С. Парпиев*, У. Омарова


Затяжные социальные конфликты (protracted social conflict)



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Затяжные социальные конфликты (protracted social conflict)
как предпосылки сецессионистических движений иракских курдов
Затяжные социальные конфликты могут служить основой сепаратистских или сецессионист-
ских движений в некоторых государствах. Вследствие затяжных социальных конфликтов в 
отдельном государстве возникают такие явления, как гражданская война, геноцид, «национальная 
чистка», сепаратистские войны.
Хотя исследований, объясняющих сущность и природу таких затяжных социальных кон-
фликтов существует достаточно, тем не менее, исследований, способных детально объяснить 
пред посылки возникновения такого феномена затяжных социальных конфликтов, как иссле-
дования Э. Азара, не так много. В данном исследовании предпринята попытка объяснить пред-
посылки возникновения иракского курдского сецессионистского движения на основе концепции 
затяжных социальных конфликтов Э. Азара. В качестве аналитического критерия исследования 
были выбраны такие элементы, как общественное формирование группы, необеспеченность 
основных человеческих потребностей групп, роль управления и государства, а также 
международные связи.
Согласно заключению исследовательского анализа, во-первых, иракским курдам долгое 
время удавалось сохранять свой потенциал как политической группы. Во-вторых, иракское прави-
тельство не могло обеспечить базовые потребности курдов. В-третьих, иракское правительство 
изолировало курдов в процессе управления и принятия политических решений. В-четвертых, 
региональные и международные державы, такие как США и Турция, оказав поддержку, позволили 
курдам пойти на решительный шаг к созданию сецессионистского движения.
Ключевые слова: 
затяжные социальные конфликты, сецессионизм, национализм, иракские 
курды, этнический конфликт.
Кіріспе
Ұзақ 
мерзімді 
әлеуметтік 
қақтығыс 
әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін 
жаңа құбылыс емес. Адамзаттың даму тарихын
-
да орын алған соғыс, жанжал-қақтығыстардың 
көпшілігі ұзақ мерзімге созылған. Мысалы, 
Фукидид сипаттаған б.з.д. 431 – 404 жылдар 
аралығындағы ежелгі грек қалалары Афины 
мен Спартаның арасында орын алған – Пе
-
лопеннес соғысы ұзақ мерзімді қақтығыс бо
-
лып табылады. Демек, Фукидидтің еңбегі ұзақ 
мерзімді әлеуметтік жанжалдарды сипаттау 
және түсіндірудегі алғашқы еңбектердің бірі са
-
налады. 
Халықаралық қатынастар тарихы соңғы 
бір ғасыр бойы ұзақ және қысқа мерзімді 
халықаралық, аймақтық, мемлекетаралық, мем
-
лекет ішіндегі деңгейіндегі қақтығыстар мен 
соғыстарды бастан өткерді. Оған Эфиопия, Мо
-
замбик, Ангола, Гватемала, Колумбия, Камбод
-
жа, Судан, Либерия, Сьерра-Леоне, бұрынғы 
Югославияның ыдырауы, Конго Демократиялық 
Республикасы (КДР), Ливан, Иран-Ирак, Изра
-
иль-Палестина, Ауғаныстан және Сомали сияқты 
мемлекеттердегі ұзаққа созылған соғыстары, 
Армения және Әзербайжан арасындағы Таулы 
Қарабақ қақтығыстары мысал бола алады. 
Ал, «Алты күндік соғыс» немесе Израиль 
мен араб мемлекеттері арасындағы «Қиямет 
күні соғысы», Ұлыбритания мен Аргенти
-
на арасындағы Фолкленд/Мальвин аралдары 
үшін қақтығысы, 1991 жылғы Парсы шығанағы 
соғысы, Таяу Шығыстағы күрдтер мәселесі, 
2006 жылы Оңтүстік және Солтүстік Ливан аза
-
мат соғысы, 2008 жылғы Грузияда халықаралық 
қарулы қақтығыстары тағысын тағылар Екінші 
Дүниежүзілік соғыстан кейінгі ұзақ мерзімді 
шешілмеген қақтығыстар ретінде сипатталады. 
Ұзақ уақытқа созылған қақтығыстар та
-
рихи тұрғыдан жаңа болмауы мүмкін, бірақ 
бүгінгі ұзаққа созылған қақтығыстар біздің 
заманымызға тән жаңа белгілерге ие. Әсіресе, 
ұзақ мерзімді жанжалдардың жекелеген мем
-
лекеттер арасындағы және мемлекет ішіндегі 
жағдаяттарға байланысты түрлі формада дами 
алатындығы күмән тудырмайды. 
Сонымен қатар, ұзақ мерзімді әлеуметтік 
қақтығыстар кейбір мемлекеттердегі сепаратис-
тік немесе сецессионистік қозғалыстардың 
негізі бола алады. Оған дәлел ретіндегі 2011 
жылғы Судан мемлекетінің Судан республи
-
касы мен Оңтүстік Судан болып екіге бөлінуі, 
Югославияның 8 мемлекетке бөлінуі, Канададағы 
Квебек провинциясындағы сепаратистік қоз-
ғалыс, Испаниядағы Каталонияның сецессионис-


37
С. Парпиев, У. Омарова
тік қозғалыстарын келтіруге болады. Демек, 
ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыстар шарт
-
ты түрде сепаратистік немесе сецессионистік 
қозғалыстардың негізі бола алады деген сөз. 
Бұл зерттеу Таяу Шығыста соңғы бір ғасыр 
бойы негізгі өзекті мәселелердің бірі болып 
келе жатқан күрді ұлтының сецессионистік 
қозғалысының алғы шарттарына бағытталады. 
Күрділер қазіргі Таяу Шығыс аймағындағы 
Түркия, Иран, Ирак, Сирия мемлекеттерінің 
шекаралық аумақтары түйісетін ұлан байтақ 
жерді мекендейді. Бұл аймақ тарихи – «Күрдіс-
тан» деп аталады. Күрділер жалпы саны 40 мил
-
лион адамнан асса да өзінің жеке мемлекеті жоқ 
әлемдегі ең ірі ұлт саналады. Соның ішінде, 
Ирак күрділері 1992 жылы Парсы шығанағы 
соғысынан кейін ұлттық автономиялық статусын 
де-факто алған болса, 2005 жылы Ирактағы Сад
-
дам Хусейн режимі құлап, Ирак федерациялық 
мемлекет болып қайт құрылғанда өз статуста
-
рын де-юре мойындата алды. Ал, қалған Түркия, 
Иран, Сирия мемлекеттеріндегі күрділер мем-
ле кеттің қатаң бақылауы мен ашық ұлттық 
ассимиляциялық саясатының ықпалымен бұл 
нәтижеге жете алған жоқ. 
Ирак күрділері 2014 жылы Ирак және 
Леванттағы Ислам мемлекетінің (ИШИМ) 
бой көтеруімен пайда болған хаос жағдайын 
және соңғы 20 жылда квази-мемлекеттік жүйе 
ретінде қалыптасып үлгерген Ирактағы күрді 
автономиялық аймақтың статусын пайдала
-
на отырып Ирактан бөлініп тәуелсіз мемлекет 
құруға бағытталған сецессионистік қозғалысты 
жүзеге асырды. Осыған орай, 2017 жылы 25 
қыркүйекте алғаш рет сецессионистік референ
-
дум ұйымдастырып, Ирак күрді автономиялық 
аймағының 93, 25 пайызы күрді автономиясының 
жеке тәуелсіз саяси субъект ретінде бөлінуін 
жақтап дауыс берді. (McKernan, 2017) Алайда, 
халықаралық қауымдастықтың күрді автономия-
сын тәуелсіз саяси субъект ретінде мойында
-
мауы сецессионистік қозғалыстың сәтсіздікке 
ұшырауына алып келді. 
Осы орайда Ирак күрділері өзге мемлекеттегі 
күрділерден бөлек, өз ұлттылығы мен мәде-
ниетін, тілі мен бірегейлігін сақтауға және 
дамытуға мүмкіндік беретін автономиялық ста
-
тусы болғанына қарамастан неге сецессионистік 
қозғалысты жүзеге асырғандығының алғы шарт-
тары мен себептерін ғылыми тұжырымдар негі-
зінде түсіндіру қажеттілігі туындайды. Бұл 
зерттеу Ирак күрділерінің сецессионистік қозға-
лысының алғы шарттарына қатысты түсіндір-
мені ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыстар 
тұжырымы негізінен іздейді. Зерттеудің тұжы-
рымдық негізі ретінде Эдвард Азардың ұзақ 
мерзімді әлеуметтік қақтығыстар (Proctracted 
Social Conflict) тұжырымына жүгінеді. 
Бұл зерттеудің мақсаты – Эдвард Азардың 
ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыстар тұжы-
рымы негізінде Ирак күрділерінің сецессионис-
тік қозғалысының алғы шарттарын табу болып 
табылады. Ол үшін алдымен Э. Азар тұжы ры-
мының негіздері мен концепцияларын қарас-
тыра отырып, сараптаудың критерийлерін 
анық тайды. Сосын, анықталған сараптау крите
-
рийлер арқылы Ирак күрділері сецессионистік 
қозғалысы алғы шарттары мен болмысы тал-
данады. 
Зерттеудің әдіснамалық базасы ретінде – 
екінші деңгейлі деректерді талдау (Secondary 
Data Analysis) әдісі, соның ішінде, құжаттар 
мен деректерді зерттеу әдісі (Documentary 
analysis) қолданылады. Зерттеудің деректік 
базасы халықаралық қатынастар және қақты-
ғыстану саласындағы ағылшын тілді зерттеу-
лерге негізделген. Бұл осы тақырып аясын
-
да қазірше қазақ тілді деректер базасының 
жетіспеушілігімен түсіндіріледі. 
Зерттеудің құрылымы – кіріспеден, 
тұжырымдық негізден, сараптау бөлімінен және 
қорытындыдан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет