Сабақ : қазақ тілі Мектеп: Бірлік жом күні



Дата05.02.2022
өлшемі103,65 Kb.
#23459
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспары

САБАҚ: қазақ тілі

Мектеп: Бірлік ЖОМ

Күні:03.05.2017ж.

Мұғалімнің есімі: Абишева Сандугаш Кудайбергеновна

СЫНЫП: 6 "Ә"

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көмекші есімдер

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, көмекші есімдермен сөз тіркестіру және сөйлемдер құрастыру,қазақша сөйлеу мәдениетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылық іс-әрекеттерін дамыту, сауатты сөйлеп, әдемі жаза білуді үйрету;



Сабақтың әдіс-тәсілдері

СТО әдістері, сұрақ-жауап, әңгімілеу, мәнерлеп оқу,талдау,

Алдыңғы оқу

Сөз таптарынан өткенді қайталау

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы
І.Ұйымдастыру (3 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
(6-мин)

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар! Отырыңыздар! Бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Үйге қандай тапсырма берілді?



  • Балалар, бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Қонақтарға не көрсетулерің керек?

  • Қонақжайымызды.

  • Қалай?

  • Жақсы білімімізді көрсетсек, қонақтар демалып қайтады.

  • Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызын мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Міне, балалар, ғұлама ақындарымыздың тілі- қазақ тілі сабағын бастаймыз./Сабақтың ұраны, мақсаттары: сабақта жаңа тақырыппен танысамыз, жаңа сөздермен сөйлем құраймыз, сабақ бойынша тек қана қазақша сөйлейміз және бүгінгі сабақта алған білімдеріңді есте сақтап келесі сабақтарда қолдану керек/.
2. Үй тапсырманы тексеру. /барлығын қайталап келу/
-Зат есім деген не? Мысалдар.
-Буын түрлерін атаңдар. Мысалы.
-Сын есім деген не? Мысалдар.
-Сан есім деген не? Құрамына қарай қандай болады?
-Етістік деген не? Мысалдар.
-Есімдік деген не? Есімдік қандай болады?
-Үстеу деген не? Мысалдар.
-Сөз. Сөз тіркесі. Сөйлем деген не?
-Сөз мағынасына қарай қандай болады? Мысалдар.
-Сөйлем түрлерін атаңдар.
-Сөйлемдегі орын тәртібі. /ереже/
-Зат есімнің неше септіктері бар? Қандай? Сұрақтарын айтыңдар.
-Жақсы, енді екі мысал сөз тіркесін жазып септеңдер. /тақтада екі оқушы жазады. 1-ауызша, 2-ні басқа оқушы тексеріп қосымша сұрақ қояды. Үш балаға жекеше түрде карточкалар беріледі/



Түрлі-түсті стикерлер

Оқулық
Флипчарт



Ортасы
ІІІ. Мағынаны тану (10 мин)


IV Тәжірибе жасау. (17мин)

III. Жаңа сабақ
3. -Жарайсыңдар. Енді жаңа тақырыппен танысайық. Бүгіннен 6 модуль «Менің қалам. Көмекші есімдер» бойынша жұмыс істейміз. 1-ші сабақ «Астана қаласы».
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және жаңа тақырыпты жазыңдар.
Тақтаға назар аударыңдар.
«Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді Көмекші есімдер дейміз. /Көмекші есімдер : үсті, алды, жаны, іші, асты, арты, қасы,сырты/
Көмекші есім тіркескен сөз ілік септігі жалғауын ашық жалғауы да мүмкін, мысалы үйдің маңы, мектептің алды, баланың сөзі; жасырын түрде де көрінуі мүмкін: үй маңы, мектеп алды, бала сөзі.
Дәптерге мысалдарды жазыңдар, көмекші есімдердің астын сызыңдар/ Ұяның ішінде құстар отыр. Өзеннің жанында балалар ойнап жүр.
Қазір жаңа сөздерді бірнеше рет қайталап сөздікке жазасыңдар. Мысал түрінде бірнеше ауызша сөйлем құрастырыңдар, /Садовый ауылының тұрғыны. Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады./
4.Жақсы. Енді, баклалар біздің тәуелсіз еліміздің бас қаласын кім атайды. /Астана/
-Компьютерге назар аударыңдар. Қазір бізге Гүлназ Астана туралы әдемі өлең, Сабина қысқаша мәлімет оқып береді. /Слайдтар/
Астана бейнесі ұнады ма сендерге?
-Ал, кітаппен жұмыс істейік.
1- тапсырма, мәтінді түсініп оқу. Орысшаға аудару. Көмекші есімдерді өзі байланысып тұрған зат есімдермен теріп жазу. /тақтаға шығып орындау/.
5.Сабақты бекіту. Тест сұрақтары /10 сұрақ/
6Сабақты қорытыңду.
Ал балалар, бүгінгі сабақта не істедік, қандай жұмыстар арқылы сабақ өтті?
/жаңа тақырыппен таныстық, жаңа сөздермен сөйлем құрадық, Астана туралы слайдттар көрдік, тест сұрақтарына жауап бердік/
-Жарайсыңдар,
мен сендерге – әрқайсысына осындай жүрекшені сыйлаймын. Әр жүрекшенің ішінде жақсы тілек жазылған. Осы тілектерді сендерге тілеймін./ жүрекшелердің ішінде жазылған сөздер: дарынды, білімді, адалды,еңбекқор, үйымшыл, бауырмал, көңілді, ұқыпты, өнерлі,әдепті/
Ал біздің қонақтарға да оқушылардың кішкентай жүрекше тілектері бар. /қонақтарға оқушылар: табыс, бейбітшілік, денсаулық, сабырлылық, шыдамдылық, сәттілік тілейді/

  1. Үйге тапсырма: ережені жатқа, өлеңді жатқа -57 бет, тапсырманы жазбаша орындау.




АКТ, бейнебаян
Суреттер
Оқулық,маркер

Аяқталуы
V.Қорытынды (5мин)
VI.Бағалау (2мин)
VII.Үйге тапсырма (1мин)

5.Сабақты бекіту. Тест сұрақтары /10 сұрақ/
6Сабақты қорытыңду.
Ал балалар, бүгінгі сабақта не істедік, қандай жұмыстар арқылы сабақ өтті?
/жаңа тақырыппен таныстық, жаңа сөздермен сөйлем құрадық, Астана туралы слайдттар көрдік, тест сұрақтарына жауап бердік/
-Жарайсыңдар,
мен сендерге – әрқайсысына осындай жүрекшені сыйлаймын. Әр жүрекшенің ішінде жақсы тілек жазылған. Осы тілектерді сендерге тілеймін./ жүрекшелердің ішінде жазылған сөздер: дарынды, білімді, адалды,еңбекқор, үйымшыл, бауырмал, көңілді, ұқыпты, өнерлі,әдепті/
Ал біздің қонақтарға да оқушылардың кішкентай жүрекше тілектері бар. /қонақтарға оқушылар: табыс, бейбітшілік, денсаулық, сабырлылық, шыдамдылық, сәттілік тілейді/

  1. Үйге тапсырма: ережені жатқа, өлеңді жатқа -57 бет, тапсырманы жазбаша орындау.

VII. Бағалау
Кері байланыс " 3 : 2 : 1" (кері байланыс алу)

Түрлі-түсті стикерлер



Рефлекция.




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет