Сабақ № Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың практикалық негіздері


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет3/24
Дата28.02.2023
өлшемі2,6 Mb.
#170445
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Практ сабактар - КОЭБ
osh sor informatika 9-klass kaz, third-conditional-worksheet-1-62780-downloable-2290390, Ìàòåðèàëû èòîãîâîé àòòåñòàöèè ïî ïðåäìåòó «Ðóññêèé ÿçûê è ëèòåðà
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Тарасова, Н.П. Оценка воздействия промышленных предприятий на окружающую среду: Учебное пособие / Н.П. Тарасова, Б.В. Ермоленко, В.А. Зайцев, С.В. Макаров. - М.: БИНОМ. ЛЗ, 2012. - 230 c.


2. Тарасова, Н.П. Оценка воздействия промышленных предприятий на окружающую среду: учебное пособие / Н.П. Тарасова, Б.В. Ермоленко. - М.: Бином. Лаборатория знаний, 2012. - 230 c.

Практикалық сабақ № 3.


ҚОӘБ жүргізетін өндіріс орнын географиялық және климаттық тұрғыдан орналасуы. Өндірістің ситуациялық карта-схемасы


Практикалық сабақты талқылауға қатысты қарастырылатын сұрақтар



  1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау құжаттамасы

  2. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізудi әдістемелік қамтамасыз ету

Жоба құжаттамасын әзірлеуге арналған инженерлік-геологиялық ізденістер


1 Аз зерттелген аумақтарда құрылыстың жобалық құжаттамасын бас жоспар жоқ болған жағдайда дайындау үшін, әдетте, инженерлік-геологиялық түсіруді орындайды. Құрылыс салынған аумақтарды, ізденістер алаңы 0,5 км кем болған жағдайда, әдетте ізденістер алаңын және іргелес аумақты ондағы ғимараттар мен имараттарды зерттей отырып, барлаушылық тексерумен шектеледі. Ұңғымаларды бұрғылау әдістерін таңдау кезінде шанақты және тербелмелі бұрғылау әдісін монолиттерді іріктеумен бірге қолдану, оларды іріктеу әдістерін инженерлік ізденістер бағдарламасында негіздеу шартымен рұқсат етіледі. Сынамаларды іріктеу, қаптау, сақтау және тасымалдау 12071 МЕМСТ сәйкес жүзеге асырылады, ал арнайы топырақты іріктеу, қаптау, сақтау және тасымалдау жұмыс бағдарламасында негізделеді. Сынамаларды кескіннің инженерлік-геологиялық элементтерге бөлінуін қамтамасыз ететін көлемде іріктейді. Топырақтың зертханалық зерттеулерін 30416 МЕМСТ талаптарына сәйкес орындайды.

1.3.3 Кен қазбаларының арасындағы қашықтықты инженерлік-геологиялық жағдайлардың күрделілігіне (А Қосымшасы) және жобаланатын ғимараттар мен имараттардың жауапкерілік деңгейіне (27751 МЕМСТ) қарай, бұдан бұрын ұңғыланған қазбаларды ескере отырып, 1 -кестеге сәйкес орнату қажет.





Ғимараттар мен имараттар негізінде әртекті құраммен және күймен, өзгермелі қалыңдықпен, қауіпті геологиялық үдерістердің көрінісімен және т. б. сипатталатын топырақ бар болған жағдайда, қазабалар арасындағы қашықтықты 20 м-ден кем етіп қабылдауға, сондай-ақ ізденістер бағдарламасында сәйкес негіздеу жағдайында, оларды іргетастардың бөлек бағандарының астынан өткізуге рұқсат беріледі. Жауапкершілігі II деңгейдегі әр ғимарат пен имараттың контуры шегінде кен қазбаларының жалпы саны, қағида бойынша, кемінде үшеуі болуы тиіс, оның ішінде бұрын ұңғыланған қазбалар, ал жауапкершілігі I деңгейдегі ғимараттар мен имараттар үшін - кемінде 4-5 (олардың түрлеріне байланысты). Кескіннің біртектілігі расталған жағдайда, бұрын орындалған ізденістер немесе геофизикалық зерттеулер нәтижелері бойынша кен қазбаларының 1/3 дейін статикалық барлау нүктелеріне ауыстыруға, сондай-ақ ізденістер алаңының шектерінде байқау нүктелерін ұңғыма үшін қолжетімді, бірақ нүктелер арасындағы кеңес етілген қашықтықтың жартысынан артық емес орындарға жылжытуға рұқсат беріледі.


1.3.4 Ғимараттар мен имараттар алаңдарындағы қазбалардың тереңдігін ғимараттар мен имараттардың топырақ массивімен өзара әрекеттесуінің белсенді аймағынан 2 м төмен етіп алу керек. Белсенді аймақ қалыңдығын ҚР ЕЖ 5.01-102 бойынша есептейді.
1.3.5 Белсенді аймақ жөнінде деректер жоқ болған жағдайда, кен қазбаларының биіктігін іргетастардың түрлеріне және оларға салынатын жүктелімге (қабаттылыққа) байланысты белгілеу керек:
1) таспа және діңгекті іргетастар үшін - 2-кесте бойынша;
2) қадалы іргетастар үшін - ҚР ЕЖ 5.01-103 бойынша;
3) тақталы іргетастар үшін - іргетас енінің 'Д бірақ оның табанынан 20 м кем емес;
4) қадалы-тақталы іргетастар үшін
2) және 3) аталғандар талаптарының максималдық тереңдігі бойынша;
5) өзгеше топырақ таралған учаскелерде кен қазбаларының кемінде 30 % олардың толық қалыңдығына немесе осындай топырақтың бар болуы жобаланатын ғимараттар мен имараттардың орнықтылығына әсер бермейтін тереңдікке дейін ұңғылау қажет;
6) геологиялық және инженерлік-геологиялық үдерістер таралған учаскелердегі ізденістер барысында қазбаларды олар белсенді таралған аймақтан 3-5 м төмен ұңғылап, осы ережелер жинағының тиісті тармақтарының қосымша талаптарын ескеру қажет;
7) тасты жер массивтері үшін кен қазбаларының тереңдігі инженерлік ізденістер бағдарламасымен инженерлік-геологиялық жағдайларының ерекшеліктеріне және жобаланатын нысандардың сипатына сүйене отырып белгіленеді. ҚР ЕЖ 1.02-105-2014 Құрылыстың бөлек алаңдарының сейсмикалылығын ҚР ЕЖ 1.02-104 сәйкес нақтылау қажет.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет