Сабақ № Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың практикалық негіздері


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет2/24
Дата28.02.2023
өлшемі2,6 Mb.
#170445
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Практ сабактар - КОЭБ
osh sor informatika 9-klass kaz, third-conditional-worksheet-1-62780-downloable-2290390, Ìàòåðèàëû èòîãîâîé àòòåñòàöèè ïî ïðåäìåòó «Ðóññêèé ÿçûê è ëèòåðà
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Стурман, В.И. Оценка воздействия на окружающую среду: Учебное пособие / В.И. Стурман. - СПб.: Лань, 2015. - 352 c0


2. Тарасова, Н.П. Оценка воздействия промышленных предприятий на окружающую среду: Учебное пособие / Н.П. Тарасова, Б.В. Ермоленко, В.А. Зайцев, С.В. Макаров. - М.: БИНОМ. ЛЗ, 2012. - 230 c.


Практикалық сабақ № 2.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау міндеттілігi мен ҚОӘБ кезеңдері


Практикалық сабақты талқылауға қатысты қарастырылатын сұрақтар



  1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау құжаттамасы

  2. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізудi әдістемелік қамтамасыз ету

Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу тәртібi


1. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушісі (бастамашысы) қамтамасыз етеді.
3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау әзірленімін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар шартқа сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізуден алынған нәтижелердің дұрыстығы, толықтығы мен сапасы үшін тапсырыс беруші алдында жауапты болады.
4. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімін орындау кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде есепке алынуға тиіс әсерлердің түрлерi
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде:
1) тікелей әсер - объектіні орналастыру ауданында жоспарланып отырған негізгі және ілеспе қызмет түрлерінің тікелей тигізетін әсері;
2) жанама әсер - жобаны іске асыру салдарынан пайда болатын жанама (кейінгі) факторлардан туындайтын қоршаған ортаға әсер;
3) кумулятивтік әсер - жобаны іске асыруға ілесе жасалатын, өткен, қазіргі немесе негізделіп алдын ала болжанатын іс-әрекеттерден туындайтын, үнемі ұлғаю үстіндегі өзгерістер салдарынан пайда болатын әсер есепке алынуға тиіс.
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде:
1) атмосфералық ауаға;
2) жер үсті және жер асты суларына;
3) сутоғандары түбінің беткі жағына;
4) ландшафттарға;
5) жер ресурстарына және топырақ жамылғысына;
6) өсімдіктер дүниесіне;
7) жануарлар дүниесіне;
8) экологиялық жүйелердің жай-күйіне;
9) халық денсаулығының жай-күйіне;
10) әлеуметтік салаға (халықты жұмыспен қамту, білім беру, көлік инфрақұрылымы) әсерді бағалау жүргізіледі.
3. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу процесінде табиғи орта мен адам денсаулығына теріс және оң әсерлер есепке алынуға тиіс.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау объектілерін бағалану маңыздылығы мен толымдылығы бойынша сыныптау
1. Қоршаған ортаға әсерін бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша І, II, III, IV болып 4 санатқа бөлінеді.
І санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 1 және 2-сыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жатады.
II санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 3-сыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, орман пайдалану мен суды арнайы пайдаланудың барлық түрлері жатады.
III санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 4-сыныбына жататын қызмет түрлері жатады.
IV санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 5-сыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың барлық түрлері жатады.
2. Әртүрлі санаттағы объектілерге қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізуге қойылатын сараланған талаптар қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау құжаттамасы
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі құжаттама:
1) шаруашылық және өзге де қызметке тапсырыс берушінің деректемелерін;
2) жоспарланып отырған қызметті іске асыру қажеттігі негізделген өтінішті (арызды, ниеті туралы декларацияны), инвестициялар негіздемесін, техникалық-экономикалық негіздемені (жобаны), жұмыс жобасының бекітілген бөлігін, түсіндірме жазбаны;
3) қоршаған орта компоненттерінің қызметті іске асырғанға дейінгі не қазіргі кездегі жай-күйінің сипаттамасын;
4) жобаның жазбасын, оған қоса:
бүкіл жобаның мақсаты мен сандық сипаттамаларының және орналастыру ауданына құрылыс және пайдалану сатысы кезеңінде қойылатын талаптардың сипаттамасын; жоспарланып отырған қызметтің қоршаған орта элементтеріне ықтимал әсерлерінің түрлері қоршаған ортаға эмиссиялардың, тұтынылатын шикізаттың және алынатын ресурстардың көлемі мен оның қосындыларының құрамымен бірге көрсетіле отырып, пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың типтері мен санын қоса алғанда, өндірістік процестердің негізгі сипаттамаларын;
5) қолданылатын технологияның ең озық қолжетімді технологияларға және техникалық үлестік нормативтерге сәйкестігі тұрғысынан талдауды;
6) баламалы нұсқалар туралы ақпаратты және жобалық нұсқаны таңдаудың негізгі себептеріне нұсқауды;
7) қызметтің қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға ықтимал әсерлерінің сипаттамасын;
8) жобаланатын шаруашылық немесе өзге де қызметтің қоршаған ортаға беймәлім әсерлерін;
9) экологиялық тәуекелді және халықтың денсаулығына төнетін тәуекелді бағалауды;
10) экологиялық мониторинг жөніндегі ұсыныстарды қоса алғанда, қоршаған ортаға әсерді болдырмау, азайту үшін көзделетін шаралардың сипаттамасын;
11) қоршаған ортаға эмиссиялардың жобалық нормативтерін және табиғи ресурстарды алып қою нормативтерін;
12) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының негіздемесін;
13) ықтимал тәуекелдерді және келтірілген залалдарды өтеуді ескере отырып, жобаны экологиялық-экономикалық бағалауды;
14) хаттамалармен ресімделген және жоспарланып отырған қызметтің экологиялық аспектілерін қоғамдық талқылау нәтижелері жөніндегі қорытындыларды қамтитын қоғамдық пікірді есепке алу жөніндегі материалдарды;
15) қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу кезіндегі кез келген қиыншылықтарды және ақпараттың жетіспеушілігін көрсетуді;
16) қоршаған ортаға әсерге жүргізілген бағалау нәтижелері жөніндегі негізгі қорытындыларды қамтиды.
2. Жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушісі (бастамашысы) қоршаған ортаға әсерге жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын қызметтің экологиялық зардаптары туралы мәлімдеме әзірлеп, табыс етеді, ол осы қызметті іске асыруға болатыны туралы шешім әзірлеуге негіз болады.
3. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың әрбір кезеңіндегі құжаттама мазмұнының толымдылығы қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен айқындалады.
Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізудi әдістемелік қамтамасыз ету
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде тиісті жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсерді бағалауды әзірлеу процесінде қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Трансшекаралық әсері бар объектілердің қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктерi
Трансшекаралық әсері бар объектілердің қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
Қолданыстағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау ерекшеліктерi
1. Егер объектіні жобалау процесінде қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізілмеген не табиғат пайдалану жағдайлары жобада көзделген жағдайлардан айтарлықтай өзгеше болған жағдайда, қолданыстағы объектілер үшін мұндай бағалау жүргізілуге тиіс.
2. Қолданыстағы объектіге бастапқы жобада көзделмеген реконструкция жүргізілген кезде оның қоршаған ортаға әсерін бағалау жекелеген материалдар түрінде немесе объект бойынша тұтас алғанда қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарына өзгерістер енгізу түрінде жүзеге асырады.
3. Қолданыстағы объектінің қоршаған ортаға әсерін осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес бағалау қажет болғанда, мұндай бағалау экологиялық рұқсат алуға өтінім берілгенге дейін орындалуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет