Сабақ / практическое занятие Тақырып: «Жеке бас тазалығы»



бет10/13
Дата16.06.2022
өлшемі194 Kb.
#146689
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
жеке гиг-1
7дәріс
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаңыз.
3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.
4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
5. Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз.
6. Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып, оны мензурканың қабырғасына, аздап қана сығып қысыңыз.
7. Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан, ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз (іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді).
8. Дәке тампонын фураңилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаңыз.
9. Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаңыз.
10.Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде: сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық ерітіндімен жуып шығыңыз, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығының қабына тамызғыштың немесе ундинканың көмегімен шайып шығыңыз, сосын қүрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртіңіз.
11.Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз.
12.Қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
13.Қолданылған қолғапты, тампондарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды немесе ундинканы ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
14.Қолыңызды жуып ,кептіріңіз. Ескерту: көзді тазалаған кезде бірдей бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды. Бір көзден екінші көзге инфекция жүғуы мүмкін.


Шашты күту
Шаш күтімі Шаш күтімі кезінде науқастардың шаштарында қайызғақ болмауын қадағалаған жөн. Бұл үшін аптасына бір рет шампунмен және иіс сабынмен басты жуу керек. Ауыр науқастардың басын төсекте жатқан жерінде жуады.

  1. Бұл үшін легенді төсектің бас жағына қойып, науқастың басын оның үстіне шалқайтады.

  2. Сабындаған кезде (сабынды көбікпен) бастың терісін жақсылап үйкелеген жөн, содан кейін шашты шаяды, құрғатып сүртеді және тарайды.

  3. Басты жуғаннан кейін салқын тимес үшін орамалмен немесе байлауышпен байлайды.

  4. Шашты күнделікті тарап отыру керек. Бұл үшін жеке-дара кішкентай жиі тісті тарақ қолданылады. Сірке суы ерітіндісіне салынған кішкентай жиі тарақ қайызғак пен кірді жақсы алады. Кішкентай жиі тарақты таза ұстап, спиртпен сүртіп отырған жөн. Тарақтар мен кішкентай жиі тарақтар дербес болуы қажет. Науқастарды жуындырғаннан кейін кіші медқызметкер олардың аяқ-қолдарының тырнақтарын алады немесе алуға көмектеседі



Аяқты жуу
Өте ауыр халдегі науқастар жеке гигиенасын сақтауды қамтамасыз ете алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу. Аяқты күнде жатар алдында тазалап, жуып тұру керек. Ал ауыр халдегі науқастардың аяғын аптасына 2-3 рет жатқан төсегінде жуады. Кереуеттің үстіндегі матрасты түріп, легенді қойып, аяғын жуып, құрғатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет