Сабақ / практическое занятие Тақырып: «Жеке бас тазалығы»


Ауыздың шырышты қабығының кейбір ауруларында ауыз



бет8/13
Дата16.06.2022
өлшемі194 Kb.
#146689
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
жеке гиг-1
7дәріс
Ауыздың шырышты қабығының кейбір ауруларында ауыз
қуысын майлау тағайындалады.

  1. Қайнатылған шпатель мен пиицетті және бірнеше стерильді домалақтанған мақта стерильді ыдысқа салынады.

  2. Жайпақ шыны ыдысқа аздаған мөлшерде дәрі құйылады.

  3. Науқастың аузын аштырып, пинцетпен дәрі жағылған домалақтанған мақтаны алып, ауыз шырышты қабығының жараланған жеріне басады, содан кейін жаңа домалақтанған мақта алып басқа зақымданған жерге басады.



Мұрынның күтімі
Ауыр жағдайдағы науқастың мұрнының шырышты қабатында көп мөлшерде шырыштар және шаң- тозаңдар жиналып қалады, ол науқастың мұрнымен демалуын қиындатып, жағдайын нашарлатады. Әлсіз науқастар өз бетінше мұрын қуысын тазарта алмайды, күнделікті мейірбике пайда болған қабыршақтарды алып тастап отыруы қажет.
Әзірле: мензурка, вазелин немесе қайнатылған сұйық май, мақта білтелері
Орындалу тәртібі:
1.Жатқызып немесе отырғызып науқастың басын сәл бұрып қоясыз.
2. Мақтаны орап, вазелинмен немесе маймен майлайсыз.
3. Мақтаны мұрынға енгізіп, оны 2-3минут қоясыз.
4. Мақтаны ауыстырып, қайталаңыз.
5. Мұрынға майды тамызып, мақтамен тазалау керек.
Құлақтың күтімі
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, құлақ ауруларының алдын-алу, құлақ құлығының жиналып қалу себебінен есту қабілетінің төмендеуін ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, есту жолында құлықтың жиналып қалуы.
Қарсы көрсетілімдері: құлақ қалқанындағы және сыртқы есту жолындағы қабыну процестері.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: науаны, тамызғышты, пинцетті, мензурканы, мақта білтелері, сүрткілерді, қолғаптарды, 3%-дық сутегі тотығы ерітіндісін, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет