Сабақ / практическое занятие Тақырып: «Жеке бас тазалығы»



бет7/13
Дата16.06.2022
өлшемі194 Kb.
#146689
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
жеке гиг-1
7дәріс
Ауыз қуысын қарау. Науқас ауызын ашады. Мейірбике науқастың еріндері мен беттерін шпательмен тартады. Бадамша бездері мен жұлқыншақтың артқы қабырғасын карағанда шпательмен тілдің түбірін басып, науқасқа «а» дыбысын айтуды сұрайды. Ауыз қуысын, бадамша безі мен жұтқыншақты қарағанда күшейтілген жарық керек. Бұл үшін рефлектор-шамын немесе кез келген басқа рефлекторды қолдануға болады.
Ауыз қуысын өңдеу
Мақсаты: ауыз қуысында қабыну және шіру процестерінің алдын алу.


Әзірле: стерильденген: лотоктар, екі пинцет, салфеткілер, алмұрт тәрізді баллон немесе Жане шприці, мензурка, вазелин, антисептикалық ерітінді флаконы / фурациллин ерітіндісі 1:5000/ , , сүлгі, су құйылған стакан, пайдаланылған материалдар үшін лоток, зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдыс.
Егер пациенттің ақыл есі бар болып , бірақ өздігінен қимыл жасай алмаса:

Іс-әрекет алгоритмі:
Күніне екі рет тісін тазалау, әрбір тамақ қабылдаған соң ауыз қуысын шаю.
1.Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құю.
2.Пациентке басын бір қырына бұруға көмектесу, мойнын, кеудесін клеенкамен, сүлгімен жабу, иегінің астына лоток қою.
3.Шпателмен пациенттің ұртын сыртқа қарай тартып, антисептикалық ерітіндіге батырылған дәке домалақшалары оралған пинцетпен әрбір тістің сырт жағынан қызыл иектен бастап тазалау.
4. Ауыр жағдайдағы пациенттің тілін тазалау.
- Сол қолға стерильденген дәке салфетканы алып, тілдің ұшынан ұстап, ауыз қуысынан сыртқа шығару;
- Стерильденген шпательге стерильденген салфетканы орап, антисептикалық ерітіндімен ылғалдап алу;
- Осы шпательмен тілді дақты қабықшалардан тілдің ұшынан түбіріне қарай бағытта тазарту.
5.Пациенттің ауыз қуысын шайып бүрку, немесе шаюына көмектесу. Салфетка оралған стерильді пинцетті алу. Таңдайды, ұрттың ішкі жағын, қызыл иекті, тілдің астын тазалау. Пинцетті лотокқа тастау.
6.Пациенттің аузын шаюына көмектесу, немесе алмұрт тәрізді баллонмен аузын бүркіп шаю;
- шпателмен ауыздың бұрышын сыртқа тартып, кезекпен сол жағын , сонан соң оң жақ ұрттық арт жағын ерітіндімен аз мөлшердегі екпінмен жуу.
7.Ауыздың айналасын құрғақ салфеткамен сүрту, ерінге вазелин майын жағу.
8.Егер тіс протезі болса, оны тазалау, пациенттің қайта киуіне көмектесу.
9.Инструменттерді және дәке салфеткаларды зарарсыздандыру, медициналық қолғаптарды шешіп, қол жуу.


Ауызды шаю.

  1. Әрбір тамақ ішкеннен соң науқасқа аузын шаю үшін натрий гидрокарбонатының 0,5% ерітіндісі (сода) немесе натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі (физиологиялық ерітінді) беріледі.

  2. Содан кейін тілді сүртеді.

  3. Бұл үшін тілдің ұшын стерильді дәке сальфеткасымен орап, сыртқа шығарып және сол қолмен ұстап тұру керек, ал оң қолдағы пинцетке қыстырылған дымқыл домалақтанған мақтамен тілдің үстіндегі жұқа қабатты алып, тілді сүртеді және оған глицерин жағады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет