Сабақ / практическое занятие Тақырып: «Жеке бас тазалығы»



бет9/13
Дата16.06.2022
өлшемі194 Kb.
#146689
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
жеке гиг-1
7дәріс
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғаптарды киіңіз.
3. Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаңыз.
4. Науқастың басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтыңыз, науаны астына қойыңыз.
5. Сүрткіні жылы сабынды ерітіндіде ылғалдап алып, құлақ қалқанын сүртіңіз; сосын оны құрғақ сүрткімен құрғатыңыз (кірді кетіру үшін).
6. Алдын-ала су моншасында (1-36-37°С) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз.
7. Оң қолыңызга мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз, ал сыртқы есту жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңыз; қүлаққа 2-3 тамшы тамызыңыз.
8. Құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырыңыз.
9. Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл есту жолындағы бөліністер мен құлықтың шығуын қаматамасыз етеді.
10.Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.
11.Қолғаптарды шешіңіз.
12.Қолданылған қолғапты, турундаларды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: құлақты тазалаған кезде мақтаны қатты затқа орауға болмайды, есту жолы жарақаттануы мүмкін.


Көздің күтімі
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауруларының алдын- алу, қалі ауыр науқас көзіне таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың қалі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың (бөліністердің) болуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: дәке тампондарын, лотокті, пинңетті (іскекті), ундннканы, көз стакандарын, 1:2000 фурациллин ерітіндісін (немесе калий пермаганатын, бор қышқылын сода ерітіндісін), вазелин майын, мензуркаларды, физиологиялық ерітіндіні, тамызғыштарды, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет