Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау



бет11/27
Дата22.11.2023
өлшемі9,05 Mb.
#192778
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
зертханалық сабақ
C.М. Жакупов Жалпы психология, 2.Апта
Стерильдеу жұмысының ережесі
Биотехнологияла қолданылатын жеке дарақталған жасуша, тін, ағза, өсімдік-регенерат, сулы культура және саңырауқұлақ өсіру, толық асептикалық жағдайда яғни стерильді жүреді. Қоректік орта және оның компоненттерін дайындайтын ыдыс тазалығына; нысандарды қайта отырғызуға дайындауға; пассирлеу және культивирлеуге ерекше көңіл бөледі. Кейбір нысандар ғана (хлорелла, азолла) стерильді емес жағдайда өсіріледі.
Стерильдеудің тәсілдері және әдістері
Стерилизация – микроағзаларды және олардың тыныштықтағы түрлерін (мысалы спорларын) толық жою. Стерилизацияның әр түрлі әдістері болады: ылғал бу арқылы, құрғақ бу арқылы, ультарафиолеттік сәуле арқылы, химиялық заттармен өңдеу және микрофильтрация.
Бөлшектелген стерилизацияКох аппартында іске асырылады (басқа аты –ағынды бумен өңдеу). Ол жоқ болғанда 3 рет күн ара жарты сағаттан пробиркаларды ортамен бірге бумен өңдеу кәдімгі буқайнатқышта жүргізіледі. Бұндай процедура бактериялардың вегетативті жасушаларын өлтіреді, бірақ спораларын өлтірмейді. Стерилизация арасындағы үзілістер спораның өсуі және бумен өңдеуге сезімталдығының жоғарылауы үшін қажет. Бұл тәсілді қоректік орта үшін де және ыдыс үшін де қолданады.
Автоклавтау ылғал бумен қысым беріп өңдеу, автоклав ішінде жүреді. Бактериялардың және саңырауқұлақтардың вегетативті жасушалары 60оС жуық температурада 5-10 минуттан кейін өледі; ашытқы және саңырауқұлақ споралары үшін 120оС температурада 15 минут керек. Автоклавтау ұзақтығы пробирканың, колбаның және олардың ішіндегі қоректік ортаның көлеміне (жылусиымдылық) байланысты.
Ыдысты стерилдеу.Көп культураларды зертханалық жағдайда пробиркаларда, әртүрлі мөлшердегі Эрленмейер колбаларында және бір немесе бірнеше рет пайдаланатын Перти чашкаларында өсіреді. Алдымен ыдысты детергент, сол сияқты күкірт қышқылындағы екіхромдықышқыл калиді (хромпик) пайдаланып өте таза жуады. Жуылған ыдысты құбыры суымен, артынан дистилденген суменшаяды және кептіргіш шкафында құрғатады. Стерилденген бұйымдардың ауадан ластануын болдырмас үшін, стерилизация алдында оларды мақта тығынымен жабады, қағазбен орайды немесе фольгамен жабады (стакандарды, колбалардың мойнына дейін ғана жапса жетеді). Ыдысты екі әдіс арқылы стерилдеуге болады:
Ыдысты автоклавта қысыммен 20-40 минут бойы температурсын 100-130oС жеткізіп ұстайды. Автоклавтау ұзақтығы оның режиміне байланысты: қысымы 0,5 атмосферада - 20-40 минут, ал 1 атм. - 15 минут.
Стерильдеудің құрғақ әдісіндеПетри чашкалары, колбалар, стакандар тығыз қағазға оралады, құрғату шкафында 140оС температурада 2 сағат, 180оС температурада 30 минут стерилденеді. Жоғары температурада мақта тығындар қоңырқай тартады, ал қағаз сыншығ күге айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет