Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау



бет12/27
Дата22.11.2023
өлшемі9,05 Mb.
#192778
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
зертханалық сабақ
C.М. Жакупов Жалпы психология, 2.Апта
Құрал жабдықтарды стерильдеу.Құрал жабдықтарды (скальпелдер, пинцеттер, инелер т.б.) № 2. тәсілмен құрғату шкафында стерильдейді. Шприцтерді, қайшыларды, бұрғыны қайнатқан ыңғайлы. Металлдан жасалған бұйымдарды автоклавтауға болмайды: будың әсерінен оларды дат басады және өтпей қалады. Тікелей жұмыс алдында және үрдіс кезінде инструменттерді спирті бар стаканға салады және спиртовка жалынында ұстайды.
Стерилденген инструментті бір реттік манипуляцияға ғана пайдаланады! Қайта қолданарда спиртке малады және күйдіреді.
Материалдарды стерилизациялайды. Мақтаны, дәкені, мақта пробкаларын, сүзгі қағазын, халаттарды,орамалды автоклавта 2 атм. 25-30 минут стерилдейді.
Қоректік ортаны стерилдеу.Тін культурасын өсіру үшін қоректік ортаны автоклавтауды оларды пробирка немесе колбаға құйғаннан кейін жүргізеді, қоректік ортаның мөлшеріне қарай 0,7-0,8 атм. температурсы 115-120оС - 15 - 30 минут.
Егер стерилизция барыснда орта күңгірттенсе, онда стерилизацияның режимі дұрыс таңдалмаған.
Суық стерилизация. Ыстыққа төзімсізорганикалық сұйықтар үшін стерилді майдатесікті бактериалды сүзгіні қолданады,тесік диаметрі 0,45 мкм. сүзгі арқылы өткенде бұл сұйықтар бактериялардан арылады.

Ламинарлы боксте жұмыс істеу
Қоректік ортаны құю, каллусты, тінді, микроағзаны отырғызу сияқты барлық операцияларды арнайы бөлмелерде немесе жұмысты стерильді жағдаймен қамтамасыз ететін ламинар бокстерінде жасайды.
Боксті жұмысқа дайындау. Арнайы бөлелерде (микробиологиялық бокстерде) дезинцицирлейтін агенттерде ылғалды тазарту жүргізеді. Стерилизацияның сенімділігі үшін жұмыс алдында зертхананың бөлмесін және ламинардың ішкі кеңістігін УФ-сәулемен сәулелендіреді. Ультара фиолет сәулесімен сәулелендіру (260 нанометров) – зертхазаналарда бөлме ішін, столдың үстіндегі боксты стерильдеуге жиі қолданады. Ұзақ әрекет еткен кезде сәулелер бактериялардың барлығының өлуіне әкеледі. Бактериялар тез өледі, ал саңырауқұлақ спорлары баяулау өледі. Сондықтан бокстарда бактерицидтік лампалар БУФ-15 немесе БУФ-30 ортатады, оларды жұмысқа 1 сағат қалғанда 30 минутқа қосады. Сол сияқты алдын –ала шаралары үшін боксты 2 cағатқа cәулелендірген жөн.
Үстел үсті боксын жұмыс алдында немесе ламинардың ішкі беттерін этил спиртімен сүрту, оның үстіне инструменттер мен материалдарды: жабық ыдыста спиртті, спиртовканы (горелканы), сіріңкені, пастерленген инструменттер мен ыдыстарды жайып қою.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет