Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың мақсаты



бет15/32
Дата06.12.2016
өлшемі4,75 Mb.
#3308
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Үйге тапсырма беру: Қазақтың төсеніш бұйымдарын бейнеле.

Сабақтың тақырыбы:

Суретті кілем. Гобеленмен танысу. Талдау.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді

оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой –

өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап,

ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ

болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, гобелен бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Гобелен өнерінің шығу тарихы 15 ғасырдан басталады. Ең алдымен Франция, Италия және Германия елдерінде дамыды. Кейіннен Балтық жағалауында, Кавказ және Ресей елдерінде кең өріс алды. Мұнда гобелен тоқуға негізінен кендір жіп, су өсімдіктері және жүннен иірілген жіп пайдаланылды. Балтық жағалауы суретшілері гобелен тоқуда көбінше толқын тәрізді табиғат көрінісін бейнелесе, Кавказ гобелен тоқымашылары тарихи оқиғалар мен эпостарды бейнеледі. Ресей суретшілері тықыр кілем үлгісімен суреттер салып тоқыды. Сонымен, гобелен дегеніміз - сурет салып тоқылатын кілем. Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері қатарында: Қ. Тыныбеков, Б. Зәуірбекова, И. Ярема,

Ө. Бапанов, С. Бапанова, К. Жұбаниязова, А. Иханова, Н. Павленко, Б. Өтепов,

Ш. Қожанов, Г. Өмірбекова, Ш. Рызубаева, Г. Қастеева, Р. Базарбаева,



Г. Қабижанова, М. Бектасова, т. б. атауға болады. Ә. және С. Бапановтардың «Саяхаттау» атты гобеленінің композициялық құрылымындағы желілік суретті шешімдері қазақ халқының тұрмыс, салт-дәстүрімен сабақтасып жатыр. Төрт түліктің бірі түйемен дүние жүзін аралаған қазақ өмірі сыр шертеді. Шығыс пен Батысты жалғастырған Ұлы Жібек жолын еске түсіреді. Түйе глобус тәріздес карта сияқты. Оның ішкі көріністерінен өмір шындығы мен табиғат көріністерін байқауға болады. Күн әлем шуағын баяндаса, түйе мойнындағы қоңырау дарқан даламызбен үндесіп жатыр. Қазақ гобелені әрқашанда дәстүрмен сабақтасып, қызмет етуі тиіс. Гобелен кілемі - сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы - суреті мен колориттік түстерінде.

Үйге тапсырма беру: «Менің Қазақстаным» атты гобелен эскизін орында.

Сабақ: №24

Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнерімен танысайық.
Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі – мүсін өнері жайлы

оқушыларды таныстыру, олардың мүсін өнеріне деген

қызығушылықтарын арттыру.

ә) Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін,

ой- өрісін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, жаман

мінездерден жиренуге әдеттендіру.


Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, мүсін шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Мүсінді «скульптура» деп те айтады. Ол – латынның sculptura деген сөзі, «қашап жасау» деген ұғымды білдіреді. Мүсіндегі ең басты құрал - аумақты форма болып табылады. Мүсіндік шығарма кеңістікте көруге, жан-жағынан толық карауға әбден мүмкіндік береді. Мүсін жұмыр және рельефті болып келеді. Мүсінде адам сомдаудың өзі бірнеше түрге бөлінеді: бюст- кеуделік мүсін; статуя - адам денесінің тұтастай тұлғалық сомдалуы; көп тұлғалы композиция - бірнеше адам тобын сомдаған мүсіндік көркем шығарма. Рельеф - тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтың бетіндегі мүсіндік бейне. Рельеф екі түрге бөлінеді: яғни жартылай сомдалған нәрсе жазықтың бетінен аз шығып тұрса, барельеф деп аталады, ал жазықтың жартысынан көбірек, дөңестеу шығып тұрса, горельеф деп аталады. Мүсін өнері ежелден келе жаткан өнер болып табылады. Ежелгі Египет, Греция, Рим, Қытай, Үнді, Жапон өнерлерінің ішіндегі ең көрнекті, көзге түсер көркемдік ықпалы мол өнер. Атап айтканда, Египеттегі «Аменемхеттің статуясы», Греция мүсіншілері Миронның «Дискоболы», Поликлеттің, «Дорифоры», т. б. Мирон өз күшіне сенімді, ер жүрек, дене бітімі сымбатты, атлет, асқақ мүсінді сомдаған. Мирон оз өнерінде динамикалық әдемі қозғалысты сомдау арқылы көрерменді өзіне баурайды. Ал Поликлет атақты найзагер жігіт - Дорифорды кереметтей сомдап көрсетеді. Бұл бейне адам денесіндегі мінсіз сұлулық пен рух үйлесімдігін паш етіп тұрғандай. Мүсінші мінсіз сұлу адамның дене мүшелерінің арақатынасын дәл белгілеуді мақсат етеді. Поликлет өзінің ойлары мен тұжырымдамаларын «Канон» деп аталатын теориясында баяндайды. Соған сәйкес мүсінделген әйгілі еңбегі «Дорифор» болып табылады. Бұл мүсіндер - көлемді дөңгелек мүсін, мүсіннің көне түрі. Үнді және Қытай жерлерінде жақсы дамыған. Шағын формалы мүсіндер өте ерте замандардан басталған. Дүниежүзілік мұражайлардан мыңдаған жылдар бұрын пайда болған шағын статуялар мен барельефтерді кездестіруге болады. Шағын формалы мүсіндер деп пластикалық тілі бар, өзіндік заңдылықтары бар, дербес мүсіндерді айтамыз. Шағын мүсін ерекше қозғалымды. Ол өзінің орнын жиі ауыстыра алады, кез келген жерге қоюға өте қолайлы әрі сән бере алады. Шағын мүсін кішкентай ескерткіш сияқты асқақ болып қабылданады, оған бөлмеге қойылатын зат деп жай қарауға болмайды. Мүсін өте шағын болғанымен мазмұны терең, үйлесімдік ерекшелігі мол шығарма болып табылады. Шағын мүсіндер көбінде фарфор, сүйек, ағаш, темір, мыс, т. б. заттардан жасалады. Композициялық мүсіндер үйреншікті өмірдің көп саласын, оның күнделікті образдарымен, яғни қиял-ғажайып, юморлық көріністерімен бейнелей алады. Шағын мүсін талапкер жас мүсіншілер үшін өте қызықты. Қазақстан Республикасының мүсіншілері мүсін өнерінің түрлерін терең меңгеріп, үлкен шығармашылық табысқа жетті. Қазақтың тұңғыш профессионал мүсіншісі X. Наурызбаев бастаған мүсіншілер тобы дүние жүзіне танылды. Атап айтқанда олар: Е. Сергебаев, Т. Досмағамбетов, Е. Мергенов, Н. Журавлев, Б. Төлеков, Б. Әбішев, т. б. мүсіншілер еді. Мүсіншілер көлемді көркем шығарма сомдауда әр түрлі жобаларын саз балшық арқылы жасап іздейді. Саз балшық - мүсіншінің қиялында пайда болған ойдың жобасын жасауға мүмкіндік беретін ең алғашқы материал. Саусақтарымен жұмыс істегенде пластикалық материалды түйсіне, сезіне отырып, мүсінші өзі жасап жатқан мүсін формаларын бейнелік жағынан көріп тұрғандай қабылдайды. Мүсінші үшін саз балшықтың аса құнды қасиеті-оның ырыққа көнгіштігі. Мүсін жасайтын саз балшықтың сапасын жақсарту үшін оған үпілмәлік майын, крахмал желімін қосу әдісі қолданылады. Сұр-жасыл, сұрғылт-ақшыл, «күміс» саз балшықтар жұмыс істеуге мейлінше қолайлы. Оқушылар үшін мүсін жасауға ыңғайлысы пластилин болып табылады. Орта ғасыр суретшісі, өнертанушы Д. Вазарий пластилиннің орта ғасырларда пайда болғандығын дәлелдейді. Пластилин технологиясын атап өтуді жөн көріп отырмыз. Мысалы, қатқыл пластилин жасау керек болса, балауызды балқытып, оған ерітілген шайыр, аздап пигмент қосады. Ал жұмсақ пластилин дайындау үшін балқытылған балауызға күкірт пен майды араластырады. Мүсін тек пластилин мен саз балшықтан ғана жасалып қоймайды. Сонымен қатар ол ағаш, темір, мәрмәр, қола, мыс, сүйек, гипс, тастан да жасалады. Саз балшық, пластилинмен жұмыс істеу кезінде қаңқа (каркас) пайдаланған орынды. Өйткені оны пайдаланбаса сомдалатын заттың формасы бұзылып, өзгеріп кетіп отырады. Мүсін жасауда адам тұлғасының сипатын, оның пропорциялары мен қимыл-қозғалысын бірден ұстап қалуға тырысу керек. Ол үшін жалпыдан бастап жеке бөлшектерге көшу керек. Негізгі тірек нүктелерінің табылған қалып-жағдайын саз балшықта сіріңке талшықтарымен белгілеп алу керек. Содан кейін әсерлі нәрсені бөле көрсету қажет. Жұмыс жасауда үлкен форманы жасай отырып, барлық жағынан қарау керек.







Каталог: uploads -> doc -> 03e2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03e2 -> Сабақ жоспары: Халық болып қалыптасу үдерісі. «Қазақ» атауы. Қазақ жүздерінің шығуы
03e2 -> Сабақ жоспары Сынып: 4 Пәні: Ана тілі
03e2 -> Сабақтың түрі : баяндама Сабақтың барысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет