Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың мақсаты



бет17/32
Дата06.12.2016
өлшемі4,75 Mb.
#3308
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Үйге тапсырма беру: Адамның тұлғасының мүсінін жасап көр.
Сабақ: №27

Сабақтың тақырыбы:

Сәулет өнерімен танысайық.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі сәулет өнерінде

маңызды орын алатын белгілі ғимараттар мен кесенелер

жайлы мәліметтер беру, жобалық суреттер салдыру.


ә) Дамытушылық: Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын кеңейту,

жаңа ақпараттық технологияларды пйадалана отырып,

жұмыс жасау, ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту.
б) Тәрбиелілік: Адамгершілік қасиетке баулу, ұқыптылыққа, тазалыққа

жетелеуді оқушыларға жете түсіндіру.


Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, сәулет өнері шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Сәулет өнері адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар, сондай-ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қазақстан сәулет өнері қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Қазақстанда 6-18 ғасырлар аралығында ғажайып сәулет өнерінің ірге тасы қаланып, қалалар тұрғызыла бастады. Атап айтқанда: Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалалары Жібек жолы бойында ерекше сән-салтанатқа ие болады. Отырар - Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. 8 ғасырда Фараб деп аталған. Ол - ұлы ғұлама бабамыз әл-Фарабидің туған жері. Қазба жұмыстар нәтижесі Отырарда сәулетті сарай, мешіттер болғанын дәлелдейді. Отырар - қазақ халқының көне тарихының көзіндей ежелгі қаланың бірі. Тараз. Таразда 5-18 ғасырларда тұрғызылған сәулетті сарайлар, мешіттер сақталған. Қазіргі Алматыдағы «Арасан» моншасының шығыс бөлігі осы Тараз моншасының жүйесіне сүйеніп салынған. Айша Бибі кесенесі - 12 ғасырда тұрғызылған қазақ сәулет өнерінің маржаны.

Тараз қаласы аймағында ертерек пайда болған ескерткіш - Бабажа хатун кесенесі (11ғ.). Ескерткіштің құрылысы өте қарапайым, ол күйдірілген кірпіштен қаланған. Кезінде төбесі сан қырлы күмбезбен жасалған. Бұл ескерткіш - көшпенді халықтың талай сәулет кешендеріне үлгі болған классикалық құрылыс.



Түркістан қаласы қазақ хандығының орталығы болған. Ахмет Йасауи кесенесі осында орналасқан. Ғимараттың ішкі-сыртқы беті жылтыр, түрлі түсті мозаикалар өрнектерімен әшекейленген. Қазақ сәулет өнерінің дүние жүзіне танымал, классикалық көне ескерткіші. Енді ежелден түркі халықтарына тән болып келген сәулеттік құрылыстарға байланысты бірнеше атауларға тоқталып өтейік.

Мавзолей - монументтік бейіттердің аты.

Медресе - мұсылмандардың ең жоғарғы рухани мектебі.

Мешіт - мұсылмандардың діни ғимараты.

Мозаика - түрлі түсті ұсақ тастардан, боялған әйнектен, смальтадан, жылтыр керамикадан құрастырылып, сыртқы қабырғаға салынған сурет, өрнек.

Мұнара - көк аспанмен таласқан цилиндр тәріздес конструкциялық құрылыс.

Жалпы қазақ халқының сәулет өнерінде ғимараттар мен кесене құрылыстары күмбезделініп салынады.



Күмбез өзінің сипаты жағынан әр түрге бөлінеді. Олар: шеңберлік күмбез, сына бейнелі күмбез, баспалдақты күмбез, жұлдызды күмбез, т.б.

Сәулет өнеріндегі түр-түс сәулеттік (архитектуралық) көркемдікке қол жеткізу құрылыстарының бірі болып саналады. Сәулеттік ғимараттардың көркем безендірілуі басты рол атқарады. Орта Азия мен Қазақстан жерінде шаһарлар (қалалар) ежелден-ақ пайда болған. Бұл - сәулет өнерінің куәсі. Атап айтқанда олар: Бұхара, Самарқан, Отырар, Баласағұн, Түркістан, Тараз, Құлан, т. б. Әсем қалалар халықтың көңіліне ұялап, еңсесі биіктей түсті. Қазақ халқы үшін екінші Меккеге айналған Түркістан шаһары болды. Түркістан төңірегінде Қарнақ, Сауран, Сығанақ, Аққорған, Өзкент, Созақ, Шолаққорған, Құмкент, Бабаата, Саудакент, Сүткент тәрізді үлкенді-кішілі қалалар болған. Мұның бәрі - сәулеттік салтанатты өнеріміздің даму ерекшелігінің тарихы. Кезінде атақты суретші В. Верещагин Түркістан қаласының көрінісін бейнелеп, көркем шығарма жазған. Түркістан қаласында орналасқан сәулет ғимараты үйлесімді жоспармен салынған. Бұл тек зират болуымен шектелмейді, мешіт, медреселік қызмет атқарған. Кітапхана мен Ақсарай бөлмелерінің төбесі көлденең аркалармен жабылған. Негізгі бөлімдерде - қазандықта, көрхана мен мешітте қос қабатты аркалар жоқ, олардың әрқайсысының қабырғаларынан төрт-төрттен ойықшалар жасалған. Кесененің қабырғаларының көркемделуі үш бөліктен тұрады. Қазандық, көрхана мен мешіт қабырғаларының төменгі жағы алты бұрышты көгілдір түстермен көмкеріліп, мозаикалық өрнектермен шектелген. Көрхана есігінің ою-өрнектері сүйекпен нақышталған. Есік жұқа темірмен қапталып, оған алтын жазулар түсірілген. Мешіт қабырғаларына жыланкөз жалатылған алты қырлы көгілдір тақтайшалар ұсталған. Мұндай сәулеттік әсемдеу көне сәулет өнеріміздің әдіс-тәсілдерін көз алдымызға елестетеді. Қожа Ахмет Йасауи кесенесін тұрғызған Ақсақ темірдің есімі әлемге әйгілі. Бұл ғимарат ұрпаққа куә болып қала бермек. Сәулет өнері ежелден келе жатканбейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Сәулет өнері - адамдардың өмірі мен кызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар. Шағын формалы мүсіндер және әр түрлі көлемді мүсіндер қала құрылысы мен бақтың, парктің композициясын сәулеттік жағынан толықтырады. Сәулеттік ансамбль көрермендік қабылдау бірлігін туғыза алатындай белгілі бір идеялық көркемдік ой көздеу негізінде тұрғызылған. Мысалы, Алматы қаласындағы Республика алаңындағы ансамбльдер. Қазіргі сәулет өнеріне байланысты бірнеше ғимараттарды атап көрейік. Олар: Шығыс моншасы, Оқушылар сарайы, Цирк үйі, Анкара ко- нақ үйі, т. б. Үлы Қытай қорганы - Солтүстік Қытайдағы бекіністі қабырға және коне қытай сәулет өнерінің орасан зор ескерткіші. Адмиралтейство - орыс сәулет өнерінің Санкт-Петербургтегі аса көркем ескерткіші.

Каталог: uploads -> doc -> 03e2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03e2 -> Сабақ жоспары: Халық болып қалыптасу үдерісі. «Қазақ» атауы. Қазақ жүздерінің шығуы
03e2 -> Сабақ жоспары Сынып: 4 Пәні: Ана тілі
03e2 -> Сабақтың түрі : баяндама Сабақтың барысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет