Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың мақсаты



бет2/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,29 Mb.
#33930
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.

2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша


көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.
суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.

3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олар-


дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.

Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз - заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз - жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз - нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз - меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз - заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.


4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

1-кезең                           2-кезең                                 3-кезең                       4-кезең

 

     Үйге тапсырма беру:  Шар мен кубтың суретін сал.



 

Сабақ: №8

Сабақтың тақырыбы:

Натюрморт. Графика 

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Пән бойынша білім-білік, дағдыларын, сонымен

                                             қатар қабілетін қалыптастыру.

 

ә) Дамытушылық:             Сурет салу іскерлігін арттыру.



 

б) Тәрбиелілік:                  Оқушылардың талғампаздығын,     

                                            қарым-қатынасын, сүйіспеншілігін арттыру. 

                   



Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 5-сынып оқулығы, түрлі түсті қарындаштар, акварель бояуы, қылқалам, қара қалам, ақ қағаз, өшіргіш және тағы басқа. 

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.                             

                            

Сабақтың барысы:

    Суретте қозғалмайтын әр түрлі заттар бейнеленуі мүмкін. Суретшілер ыдыстарды, гүлдер мен жемістерді, көкөністерді, маталарды бейнелегенді ұнатады. Бейнелеу өнерінің бұл жанры НАТЮРМОРТ деп аталады.

     Суретші шығармаларын оқушыларға көрсете отырып, оған талдау жасаймын.    Мысалы, заттар мен бұйымдарды бейнелеуге шебер суретші А. Ғалымбаеваның «Натюрморт» шығармасын алайық.

    Суретшінің бұл еңбегінде қазақтың әсем ою-өрнектері, дастарқан бетіндегі алма, алмұрттардың ашық, жылы түс реңктері, орынды композиция арқылы жарасымды орындалғаны көрермен көңілінен шығады.

   Шығарманы талдай келіп, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың сезу, көру, бақылау, қабылдау сияқты түсінігін бекітемін.

    – Балалар, сендер суретші шығармасынан қандай нәрселерді көріп тұрсыңдар?

    - Суретші шығармасындағы бояу түстері бір-біріне жақын ба?

    Суретші ою-өрнектерді не үшін бейнелеген?

«Натюрморт» терминіне түсінік беремін. «Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі. «Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз.

    Енді натюрморт құрауға болады. Мысалы, гүл мен құмыра, оқушының оқу құралдары т. б. Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады.

    Натюрмортты кезең бойынша саламыз. Тақтаға сызып, оқушыларға натюрморт салудың кезеңдерін көрсетемін.

    Бұл жұмыстар алғашқыда қарындашпен орындалып, біткеннен соң бояу түстерімен реңктерді беріп, бояуды бастаймын.

Содан соң графика жайлы түсіндіремін.

Графика.   

Шығармалар тек бояулармен ғана орындалмайды. Олар қарындаш, тушь, қаламұш және басқа да графика құралдарымен бейнеленуі мүмкін. Егер шығармадағы басты әсерлегіш құрал сызық, штрих, дақ болып келсе, онда бұл – графика.

    Ұлы итальяндық шебер Леонардо да Винчи өз портретін осылай салған. Көріп тұрғаныңдай ол түрлі түсті емес. Алайда нақты сызықтар мен штрих бет әлпетін жанды, әсерлі етіп тұр.

    Мұнда суретші тек екі түсті штрихты пайдалана отырып қазақтың батыры, ақын-жыршысы Махамбеттің айбынды келбетін бейнелеп көрсеткен.

    Графика туындылары тек ақ-қара түсті болып қана қоймай, түрлі түсті де болады. Бірақ түс графика шығармаларында маңызды емес. Мұндағы басты әсерлегіштер – сызық, дақ және штрих.

    Тіпті «түсті графика» деген түсінік те бар. Түсті графиканы сен әрдайым өзіңнің сүйікті кітаптарыңды ашып, ондағы суреттерді тамашалаған кезде көресің. Ал олардың дұрыс атауы – иллюстрация.

    Графика туындылары көшіру арқылы да орындалады. Мұнда сурет белгілі бір материалда ойылып жасалынады да, оның бетіне бояу жағылып, арнаулы станокта басып шығарылады. Мұндай жұмыстар гравюра деп аталады.

    Ағашқа салынған жпондық гравюра бүкіл әлемге әйгілі.

    Қазақстандық суретші Н. Сидоркин қазіргі заманғы график-суретшілердің ішінде гравюраның асқан шебері болып табылады. 

      


 

     Үйге тапсырма беру:   Натюрморт тақырыбына сурет салу. Мысалы, екі-үш алма тобына қарап сурет салу.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Сабақ: №9



Сабақтың тақырыбы:      

Түрлі-түсті бояумен сурет салу.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың

                                            білімдерін қалыптастыру.

 

ә) Дамытушылық:             Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет       



                                             салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.

 

б) Тәрбиелілік:                   Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,         



                                            ұқыптылыққа үйрету.

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:     Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.

    Негізгі бояу түсі:

-         қызыл,

-         көк,

-         сары.

                           

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Ең алдымен бояу түстері жайлы жалпы мағлұмат беруден бастаймын.  Қоршаған табиғатымыз түрлі түсті әсем бояуға бай. Күз мезгілінде құлпырған ағаштардың жапырағы әр түрлі түске боялады, мұны біз өз көзімізбен көріп тамашалайық.

    - Ал балалар, далаға қарап, көңілімізді бір сергітіп алайықшы. Ағаштар қандай түстерге енген?  Иә, қызыл, қызыл сары, сары, қоңыр, жасыл, күлгін.    Бояу түстерінің басым болып келуіне байланысты натюрморт орындап көрейік.

    Бояу түстерінің реңдік қатынастарының орналасу ерекшеліктеріне назар аударамыз. Натюрморт құрастырып үйренуде негізі басым жылы және суық түстерге ерекше назар аударып, қадағалаймын.

    – Міне, балалар, біз табиғат көрінісінен неше түрлі әсем түсті көріп байқадық. Бұл суретшілер үшін ең әсерлі көрініс болып табылады. Ұлы суретшілер де бояу түстерін таңдауды табиғаттан үйренген. Олар өсімдіктердің тамырынан сан алуан бояулар жасаған. Табиғат өзгерісіне байланысты бояу түстері әр түрлі сипатқа ие болады. Мұны біз табиғат аясында серуендегенде жақсы байқай аламыз. «Табиғат - суретші» деген халық нақылының шығуы соған байланысты.

    Жалпы бояу түстерін екі топқа бөлеміз: түсті бояулар және түссіз бояулар.

    Түсті бояулар: қызыл, қызыл сары, сары т. б.

    Түссіз бояулар: қара, сұр, ақ.

    Енді осыған мысал келтірейік: Қызыл алма, қызыл сары алмұрт,  сары жапырақ, қара сиыр, сұр қоян, ақ мата. Міне, біз заттың атын атап қана қоймай, сонымен қатар түстің бояуын ажырата білуді үйрендік.

    – Ал балалар осы бояу түстерін табиғат көріністеріне қарап, салыстырмалы түрде атап көрейік: қызыл күн, сары дала, көк аспан. Күннің қызыл екендігін таң сәріде және кешқұрым айқын байқай аламыз.

    Жылы түстер мен суық түстердің бір-біріне үйлесімді болып келуі заттың өңін, пішінін, көлемін кеңістікте көрсетуге ықпалын тигізеді. Бояу түсінің жарасымды болып келуі живописьтің басты құралы болып табылады. «Кемпірқосақтың суретін салып, жеті спектрлік түстерді ретімен бояп көрейік. Балалар, бұл тапсырма сендердің оқулықтарыңда көрсетілген. Кітапқа қарап дұрыс жұмыс істейік. Әрбір берілген тапсырманы ұқыпты орындауға үйренейік».

    Қазақ халқының түр-түсті танып білуде өзіндік таным-түсініктері болған. Мысалы: ақ – адалдық, ақ ниет; қызыл – оттың және күннің белгісі; жасыл – көктем және жастық белгісі; сары – парасат және байлықтың белгісі; қара – жердің, берекенің нышаны;  көк -  аспанның белгісі.

    Енді негізгі түстерден қосымша түстер шығаруға жаттығу жасайық:

    қызыл+сары=қызғылт сары,

    қызыл+көк=сия көк,


    сары+көк=жасыл.  


   



Үйге тапсырма беру:  Жылы түсте табиғат көрінісін бейнелеу.

Сабақ: №10

Сабақтың тақырыбы:      

Суретші шығармаларын талдау.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді                  

                                            қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.

 

ә) Дамытушылық:             Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,



                                            оқушы санасына терең сіңіру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты



                                            түсіне білу. 

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:     Суретші шығармалары, фотосурет және тағы басқалар.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Оқушыларға Қазақ суретшілері және олардың шығармалары жайлы түсіндіріп өтемін. Қазақстан Республикасына танымал Қазақстан халық суретшілері баршылық.

    Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 – 1931 жылдары Н. Г. Хлудовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін үйренеді.

    1930жылы Москва қаласындағы мұражайлармен танысады, 1937 жылы Қазақ ССР-інің халық суретшісі атағы беріледі.

    1954 – 1956 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының басқармасына жетекшілік етеді.

    1969 жылы Москва қаласында жеке шығармашылық көрмесі өтеді.

    1973 жылы 3 қарашада Алматыда дүние салады. Әбілхан Қастеев портрет және тарихи жанрлармен қатар пейзаж жанрындағы шығармаларын да халқына сыйлап кетті.

    Әубәкір Ысмайылов – 1910 жылы Қарағанды облысы, Тельман ауданында дүниеге келген. 1932 жылы Москвадағы Жоғары техникалық көркемсурет шеберханасын, 1938 жылы Театр өнері институтын бітірген. 1933 жылдан КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Қазақ ССР-інің халық суретшісі. «Қарағанды шахтасы», «Шахтерлер», «Тың жерді игеру», «Хантәңірі», «Абай достарымен бірге», «Исатай-Махамбет», «Қорқыт ата», «Еңлік-Кебек», т. б. көптеген шығармаларымен еліне танылды. 1999 жылы қайтыс болды.

    Молдахмет Кенбаев – 1925 жылы 25 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келеді. 1956 жылы Москва қаласындағы В. С. Суриков атындағы мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. 1955 жылдан бастап Суретшілер одағына мүше. «Ә. Жангелдин сарбаздары» (1956), «Шопан әні» (1956), «Асауға құрық салу» (1958), «Құрманғазы» (1958), «Мұхтар Әуезов» (1974), «Әл-Фараби» (1975), атты еңбектерімен елімізге танымал суретші. Қазақстан Республикасының халық суретшісі, суре және живопись профессоры. 1993 жылы қайтыс болған.

    Қанапия Телжанов – 1927 жылы 1 мамырда Омбы қаласында туған. 1947 жылы Ленинград қаласындағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсіндеу және сәулет институтын бітірген. 1953 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі. Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық суретшісі. «А. Иманов» (1953), «Немере мен әже» (1955), «Атамекен» (1958), «Домбыра үні» (1958), «Жеңіс» (1975) атты шығармаларымен халқына кеңінен таныс.

    Хакімжан Наурызбаев – 1925 жылы 25 тамызда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Октябрь ауылында туған. 1951 жылы Харьков мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Қазақстандағы тұңғыш кәсіби мүсінші. «Құрманғазы» (1958), «Абай ескерткіштері» (1961, Алматы қаласы), «Ш. Уәлиханов ескерткіші» (1969, Алматы қаласы), «Ж. Жабаев ескерткіші» (1971), «А. Иманов» (1972), Еңбек Ері «К. Дөненбаева, Н. Алдабергенов» (1972), «Ы. Жақаев» (1985) атты еңбектерімен елге танымал.

    Сабыр Мәмбеев – 1928 жылы 1 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Абайбазар ауылында туған. 1953 жылы Ленинград қаласындағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірген. 1956 жылдан Суретшілер одағының мүшесі, халық суретшісі.

    «Пауза» (1957), «Киіз үй алдында» (1958), «Суретші М. С. Лизогут портреті» (1959), «Менің қалам» (1960), «Көктем» (1964), «Қара киімді қыз» (1961), «М. Әуезов портреті» (1967), «Шопан қызы» (1971) атты көркем шығармаларымен көрермен көңілінен шығып отыр.

    Сахи Романов 1926 жылы 1 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1958 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі. «Қырық өтірік ертегісі» (1955), «Құрманғазы өмірбаяны» (1957), «Жер тураыл декрет» (1970), «Отан аясында» (1970), «Нан» (1981), кинофильмдер көркемдеуде «Өнер жолы» (1959), «Алдаркөсе» (1965), «Найзатас» (1978), «Құлагер», т. б. еңбектерімен туған халқымызға танымал суретші.

    Енді оқушылар натюрморт орындауда өздерін күнделікті үйреншікті жұмыс істеумен шектемей, тақырып бойынша қомақты шығармашылық ізденуден туындаған натюрмортты орындауға көшейік.

    Мысалы: Т. Тоғысбаевтың «Асхана» атты интерьер көрінісінде орындалған натюрмортына назар аударып көрейікші. Қарама-қайшы ашық түстермен бейнеленген бұйымдар мен заттардан ұлттық нақышты байқай аласыңдар. Қазақ халқының қонақжайлығын меңзейтін дөңгелек дастарқаны жайылып, көрпесі төселіп, қонақ күтіп тұрғандай көрініс береді. Алдындағы қуыршақ балғын баланың тәтті өмірін елестетсе, артқы фонда ас әзірлеген ана бейнеленген. Терезеден дала тіршілігімен тағдырлас әке бейнесі көзге елестейді. Мұның бәрін біртұтас дәмдес ететін дастарқан екені сөзсіз.

 

 


                                            Т. Тоғысбаев. Асхана.


                                             Табиғи натюрморт.

 

Үйге тапсырма беру: Халық суретшілері жайлы әңгімелеп бер.

Сабақ: №11

Сабақтың тақырыбы:      

Графика өнерінің түрлері.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Графика өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі

                                            түрде таныстыру.

 

ә) Дамытушылық:             Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу



                                            қабілеттерін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты



                                            түсіне білу. 

 

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Графика - грек сөзі, «жазамын», «суретін саламын» деген үғымды білдіреді. Графиканың ең қарапайым түрі ақ қағазға карындашпен, тушьпен орындалады.

Графика орындалу ерекшелігіне және салу тәсіліне (техникасына) байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Мұны біз 4-сыныпта жалпы таныстырып өткенбіз. Енді соның ішіндегі ең негізгі екі түрімен, яғни гравюра және линогравюрамен таныстырып өтпекпіз. Гравирлеу француздың grawer - «қию», «тырнау» деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай-ақ одан алынған басылымды да айтамыз. Гравюра Қытайда шамамен 6 ғасырда пайда болды. Батыс Еуропада ол 13-14 ғасырларда шығып, 16 ғасырда кемеліне жетті. График суретшілер әр түрлі техниканың әдіс-тәсілдерін жетік пайдаланған. Оның түрлері: линолеум, пластикті гравюра, автолитография, офорт, т. б. Көптеген графиктерді байқасақ,


олар қарындаш, акварель, тушь сияқты колайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған. Батыс Еуропа суретшілерінің әсерімен, графика өнерінде жаңа техника
- «сюрреализм» бағыты қалыптасты. Жаңа бағытта да графика өнері көптеген табыстарға жетті. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілер деп И. Исабаев, Ә. Рахманов, М. Қисамединов,

А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин,

Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады. Қазақстан суретшілерінің үлттық графикаға қосқан үлесі зор.

    Гравюраның түрлері өте көп: металға жасалған гравюраны офорт дейміз; ағашқа жасалған гравюраны ксилография дейміз; линолеумге жасалған гравюраны линогравюра дейміз; тасқа жасалған гравюраны литография дейміз және т. б.

    Линолеуммен жүмыс істеу бастауыш сынып оқушылары үшін емес, жоғарғы сынып оқушыларына арналған. Бұл арнайы шеберханаларда істеледі. Линолеуммен жұмыс істеу әдісін линогравюра деп атаймыз. Ол да гравюраның бір түріне жатады. Мұнда да сурет ақ және қара түстен тұрады.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Үйге тапсырма беру: Cуретшілердің графикалық шығармаларына талдау жаса.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Сабақ: №12



Сабақтың тақырыбы:      

Графикалық сурет салу.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Графикалық сурет салудың түрлерімен оқушыларды 

                                            жүйелі түрде таныстыру.

 

ә) Дамытушылық:             Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу



                                            қабілеттерін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты



                                            түсіне білу. 

 

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Енді графиканың бірнеше түрінің жұмыс істеу тәсілімен таныстырып өтейік.

    Металл бетіндегі гравюра-офорт. Металл бетіндегі гравюраның орындалу техникасы екі түрде болады. Олар: қышқылмен өңделініп жасалатын және қышқылмен өңделмей жасалатын түрлер. Өңдеуді қолданбай, металға жасалатын гравюралар тобына кесіп істелетін және құрғақ инемен орындалатын гравюра жатады. Бұрын офорт тақтасы үшін материал қызметін мыс атқаратын, енді одан басқа, мырыш және тіпті темір қолданылатын болды. Офорт тәсілімен жұмыс істеу әр түрлі материалдарды жүйелі қолдануды қажет етеді. Сондықтан офорттың гравюра әдіс- тәсілдерімен жұмыс істеу технологиясына тоқтала кетуді жөн көрдік.

    Акватинта (латынша аquа - су, tinta - түс) - офортта барынша сан алуан өңдік (оң түстік) өзгерістермен фактуралар жасауға мүмкіндік беретін мәнер. Офорт жасаудың бұл мәнері оттискі акварельмен салынған суретке ұқсас болғандықтан осылай аталған.

    Резерваж (латынша rezervo-жинау, сақтау) мәнерде алдымен желім мен қанттан және қара пигменттен немесе гуашьтан тұратын арнайы сиялармен металл бетіне сурет жасайды. Резерважға арналған суретті қаламұшпен немесе кәдімгі жұмсақ қылқаламмен жасауға болады.

    Лавись (французша lavis - қарайту, шаю) - өте жүмсақ және алуан түрлі реңдік қатынастарды жасауға мүмкіндік беретін мәнер.

    Жұмсақ лак. Бүл мәнердегі оттискі штрихтың түйіршікті фактурасымен сипатталады, яғни қарындашпен немесе көмірмен салынған суреттерге ұқсас. Қарындашпен салынған сурет өндеу және механикалық жолмен гравюрлеу тәсілімен іске асады.

    Құрғақ ине. Бұл таза механикалық жолмен жасалады. Сондықтан да ол техникалық жағынан алғанда офорттан қарапайым әрі оңайлау. Ол грунттауды да, қышқылмен өндеуді де керек етпейді. Түрлі күштегі штрихтардың үйлесуі оттискіде живописьтегіге ұқсас дақтар жасайды.

    Ағашқа жасалған гравюра. Бұл гравюраны ксилография (грекше хуlon - кесілген агаш, grapho - жазамын) деп атайды. Гравюра қатты да, серпімді ағаш кесіндісіне ойылып жасалынады. Бұл гравюра штихель деп аталатын ерекше кескіштермен кесіледі. Гравирлеу процесі ұстамдылық пен төзімділікті талап етеді. Мұнда ешқандай асығыс жұмыс істеуге болмайды. 1920 ж. соңында суретші К. Кузнецов гравирлеу үшін оңай табылатын жаңа материалды іздестіру үстінде картонға назар аударады. Сонымен қатар ол картон бетінде біраз тамаша гравюралар жасады. Көп тиражға арналмаған гравюраны жұмсақ ағашқа, мәселен, ақ қайыңға жасауға болады.

    Литография арнаулы әк тасқа салынады. Ол үшін әуелі тастың беті мұқият тегістеледі. Сосын оған қою жүғатын литография қарындашымен не тушьпен сурет салынады. Одан кейін сурет сүртіліп кетпейтіндей етіп, арнайы ерітіндімен шайылып өңделеді.

    Линогравюра дегеніміз - линолеум пайдалану арқылы орындалған гравюра түрі. Мұнда ең алдымен линолеум жуып тазартылып, сүртіп құрғатылған болуға тиісті, сурет әбден дайын болған кезде арнайы құралдармен (штихель деп аталатын қашаулармен) қиылады. Оның әдісі қарамен боялатын жерге тимейді де, ақпен боялатын жердің бір қабатын әбден кырнап алып тастайды.

    Сурет линолеумде ойылып шыққаннан кейін бетіне типография бояуы жағылады (арнайы білікпен), одан кейін үстіне қағаз төсеп, линография тақтасына апарып тезге салып өткізеді. Тезден өтіп, әбден дайын болған суретті оттискі деп атаймыз. Басқа бейнелеу өнерінен бұл гравюраның өзіндік айырмашылығы және ерекше қасиеті бар, яғни онда суретші бір ғана линолеуммен өзіне қанша сурет керек болса, сонша суретті тезден өткізіп шығара алады. Линогравюра - сабақта да емес, оқушылардың бос уақытында да емес, арнайы үйірмелерде, шеберханаларда істелетін жұмыс. Гравюрлеуге арналған аспап-құралдар:штихель деп аталатын қашаулар. Штихельдердің өлшемі әр түрлі болады (үшкір, доғал, пышақ). Бұлардың әркайсысының атқаратын қызметі де әр түрлі. Біреуімен үлкен жазықтықтарды шығарса, енді біреуімен өте ұсақ детальдарды шығарады.

 

 



 

 

 



 

 


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет