Сабақ №1 Тақырыбы: Экологиялық туризмнің дамуының мәні мен маңызы Жоспары: 1



Pdf көрінісі
бет17/48
Дата14.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#126583
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
Туризм практика

 

 

Өзін-өзі бақылайтын сұрақтар: 

1. Су туризмінің қауіпсіздік ережелері. 

2. Шомылғанда суда нені жасамау керек. 

 

Қолданылған әдебиет тізімі: 

1. Бабкин А. В. Специальные виды туризма: учебное пособие / А. В. Бабкин. – Ростов-

на-Дону: Феникс, 2011, С.157  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Практикалық сабақ №18-19 

Тақырыбы: 

Атқа міну негіздері 



Жоспары:

  

1. Атты туризм 



2. Экипажбен жүру негіздері 

Мақсаты:

  Мемлекеттік  қорықтардағы  шарттар  мен  жалақы  туралы  жалпы  ақпарат 

беру

 

Егер  адам  атқа  мініп  жүре  алмаса,  онда  ол  адамды  туристік  бағытпен  атқа  мініп 

саяхаттау қолынан келеді ме деген сұрақ туындайды. Иа, атқа мініп жүру кез-келген адамның 

қолынан келеді. 

Егер сіз демалыс күндеріңізді атқа мініп  басқа транспортпен бара алмайтын жерлерге 

барғыңыз келсе, онда сізде 1-ші сұрақ туындайды. Атқа мініп жүре алмайтын адам үшін бұндай 

саяхат қолынан келеді ме? Біздің жауабымыз- иә атқа мініп жүруді кез-келген адам үйренеді. 

2-ші сұрақ: Атқа мініп жүруді үйренуге қанша уақыт керек? Ол сіз қаншалықты атқа 

мінуді үйренгіңіз келеді соған байланысты. 

3-ші сұрақ: Белгілі туристік бағытпен жүріп өту үшін қаншалықты білім және атқа мініп 

жүруді  білу  керек?  Бұл  сұраққа  жауап  беру  қиынырақ.  Бірақ  атқа  мінуді  мүлдем  білмейтін 

саяхатшы жуас әрі дайындалған атпен туристік трассада жүріп өте алады. 

Жылқы үстінде мініп жүруден қанағат алу және оны өзіңе бағындыруды үйрену керек. 

Атты туризмде атқа мінудің бірнеше түрі болады:  

-ашық  алаңда  міну-  арнайы  жасалынған,  қоршалған  түзу  бұрышты  жұмсақ  топырақ 

төселген жерде жүру ( размерлері 60х40м)- атүстінде өзін-өзі ұстау және жылқыны басқаруды 

үйрену; 

-плацта жүру-қоршалмаған ауданда жылқыны басқаруға және мықты отыруға үйретеді. 

-жазық жерде жүру- көп күндік саяхатта жүруге үйретеді;  

Бағытта жүру -жылқы үстінде көп күндік саяхат. Жылқы бағыты бар туристік базаларда 

2 тапсырма болады: туристерді ат үстінде саяхаттауға үйрету жылқы үстіне мінуді үйретеді 

және сол саяхаттауды жүзеге асырады. 

Турбаза  бағдарламасында  саяхаттаушыларды  саяхатқа  шығар  алдында  бірнеше  күн 

дайындау  қарастырылады.  Бұл  уақытта  олар  жылқының  әбзелдерімен  танысып  оны  қалай 

қолдануды үйренеді және қауіпсіздік ережелерімен танысады. Осы тәртіппен таныс болған соң 

саяхатшылар арнайы журналға қолдарын қояды. 

Бұл  сабақтарды  туризм  әдіскері  жүргізеді  және  бір  топта  10  адамнан  болады. 

Инструктор  ашық  немесе  жабық  алаңда  практикалық  сабақтарды  жүргізеді  және  туристік 

жабдықтары бар арнайы бөлмеде ауызша сабақ жүргізеді. 

Саяхат алдындағы дайындықтың 1-күні дайындалған туристерге арналған бағыттарда 

топ инструкторымен турбаза инструкторы туристердің атқа мінуге үйренгендігін практикалық 

түрде тексереді.Егер дайын емес туристер болса онда турбаза бастығына дайын емес туристі 

бастауыш топқа ауыстыруын сұрап хабарлайды. Керекті білімдері бар туристер инструктормен 

бірге атқа мініп жүру жаттығуларын жалғастырады. 

Бастапқы  жаттығулар  кезінде  әрбір  турист  күніне  4  сағат  атқа  мініп  жүре  алады. 

Саяхатқа  шығар  алдындағы  дайындықтың  ақырғы  күні  атқа  міну  4  сағатқа  жалғасып,  топ 

инструкторы  мен  турбаза  инструкторы  олардан  емтихан  алады.  Туристер  бағыттың  негізгі 

бөлігіне емтиханды өте жақсы тапсырғаннан кейін ғана өтеді. Кері жағдайда олар оқуларын 

жалғастырады. ( Егер жағдайлары болса) 

Дайындық  бағдарламасына  міндетті  түрде  жаттығу  саяхаты  кіреді,  осы  уақытты 

инструктор басшылығымен оқу жалғасады. Оқу біткенде турист атты тез және дұрыс тоқымдай 

білу керек, ат жүргенде, желігенде және шапқанда оны басқара білу керек, төмендікті жоғары 

көтерілуді, судан өтуді және де басқа кедергілерден өте білу керек. Бағытты өтіп болған соң 



турист атқа мініп жүре алады және алғашқы дайындықты өтті деген белгі жасалады. Ал арба 

немесе  шана  жегетін  бағыттарды  үйренгенде  саяхат  алдындағы  дайындық  уақыты  азаяды. 

Туристерге  атты  жегіп  оны  қалай  бағындыру  үйретіледі,  база  маңайында  2-ден  кем  емес 

жаттығулар өткізеді. Әр туристке 6 сағат уақыт беріледі.  

Салт атты саяхатшы жабдықтар  

Салт  атты  саяхатшы  жабдықтарына  -  жеке  өзінің  және  топтың  жабдықтары  кіреді. 

Соңғысы  туралы  айтпаймыз,  өйткені  оған  туристік  мекеме  сіздің  топқа  беретін  жабдықтар 

кіреді, олардың құны туристік жолдама құнына кіреді (палаткалар, балталар,компастар, тамақ 

дайындайтын  ыдыстар,  ошақтар,  спорт  инвентар,  медициналық  аптечка,  инвентарьды 

жөндейтін  жиынтық  және  ат  әбзелдері).  Жеке  жабдықтар-  олар  көтеріп  жүретін  заттар, 

ұйықтайтын және жуынатын заттар және жеке басқа қолданатын заттар. Жабдықтар: рюкзак, 

ұйықайтын  мөшек,  ұйықтайтын  мөшектің  ішкі  бөлігі,  үрленетін  матрац,  спорттық  аяқ  киім 

(артық  бауымен)  атқа  мініп  жүретін  етік,  ұлтарақ  2  тал,  жүн  носки-  2тал, х.б. носки-  2  тал, 

спорт шалбары немесе спорт костюм, спорт х.б. костюмы, жеңіл куртка, жауыннан қорғанатын 

киім  (полэтилен  пленкадан),  жеңіл  свитер,  ұзын  жеңді  жейде,  футболка,  шорта,  бас  киім), 

(жеңіл,  қатты козырьегі  бар,  күз  кезінде  жылысы),  крушка,  қасық,  тегеш,пышақ,  фляга  (тек 

термос емес); орамал, жеке бас тазалығының заттары (сабын, тіс щеткасы, кастасы, жөке және 

т.б.), таза көзілдірік , фонарик,экскурсиямен қалада киетін киімдер. 

Туристік мекеме жалға беретін немесе қосымша ақша берілетін заттар 1 жұлдызшамен 

белгіленген.  

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет