Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты


тапсырма: Қоян эритроцитіне этилдік спирттің зақымдық ықпалын зерттеу



бет14/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

2 тапсырма: Қоян эритроцитіне этилдік спирттің зақымдық ықпалын зерттеу.

Әдісі: Қоян құлағының шеткі көктамырынан алдын ала 1 тамшы гепарин құйылған пробиркаға 1 тамшы этил спиртін тамызады да температурасы 37о С термостатта 5-10 минөт ұстайды (инкубация деп атайды ). Қаннан лаборанттар әйнекке жағынды дайындап Романовский –Гимза әдісімен бояйды.

Студенттер қан жағындысындағы эритроциттердің осы ықпалға тән түрінің өзгерістерін иммерсиалық объектив арқылы анықтап оның пайда болу тетіктерін түсіндіреді.


3 тапсырма: Егеуқұйрықтың тіс тінінің сорбциялық (сіңірулік) қабілетінің зақымдануға байланысты өзгерісін зерттеу.

Әдісі: Егеуқұйрыққа 2% гексеналді ішіне енгізу арқылы ұйықтатады да қолы мен сирақтарын операциялық үстелге байлап бекітеді. Темір егеудің көмегімен астыңғы күрек тісінің біреуін егеп эмалын зақымдайды, екінші астыңғы күрек тісі салыстырмалы бақылау ретінде пайдаланылады. Зақымдалған және сау күрек тістерге метилен көгі ерітіндісін жағады. 5 минөттен кейін бояуларды жуып ондағы қалған өзгерістерді бағалайды. Қорытынды жасалынады. Осыған ұқсас тәсілдер стоматологиялық клинакада кариестің алғы нышандарын және кариеске қатыссыз өзгерістерді анықтау үшін қолданылады.
4 тапсырма: Ситуациялық есептерді шешу.

1 есеп. Токсикологиялық зертханада бір химиялық өндіріс орнындарынан шығарылатын қалдықтардың құрамына кіретін уытты заттың жасушаға әсерін зерттеді. Жасанды ортадағы қалыпты эпителий жасушасына өнімнің уытты мөлшерін енгізеді. Жасуша зақымдалуының көріністерін 3 сағат бойына әрбір 30 минут сайын бақылады. 3 сағаттан соң 85% жасушаның тіршілігін жоғалтқаны анықталды.



Сұрақтар:

  1. Осы тәжірибедегі эпителий жасушаларының қайтымды (А) және қайтымсыз (Б) бүліністерін бағалау үшін қандай құрылымдық және биохимиялық нышандарды (белгілерін) ұсынуға болады.

  2. Жасуша жағдайын бағалауға ұсынылған нышандарды негізге ала отырып, жасушадағы дерттік өзгерістерді және олардың даму тетігінің бірізділігін келтіріңіз.

2 есеп. Тәжірибеде гемолиздік анемияның үлгісін алу үшін тышқандарға фенилгидразин енгізді, ол өз кезегінде жасушада бос радикалды тотығуды ынталандырады. Фенилгидразин енгізгеннен кейін жарты сағаттан соң жануардың қанында эритроциттердің мөлшерінің төмендегені, бос Hb және метгемоглобин анықталды.



Сұрақ

Эритроциттердің мембранасының зақымдануының даму тетігін және бос гемоглобин мен метгемоглобин түзілуін түсіндіріңіз.


3 есеп. Терінің эпителий жасушасына жаңа антибиотиктің уыттық әсерін зерттеу үшін тәжірибенің екі топтамасы жүргізілді (А және Б).

А. In vivo тәжірибесінде тәжірибелік сызықтық егеуқұйрықтарда алты сағат бойы жануардың терісіне антибиотиктің ертіндісі бар жапсырғышты таңып қойды (дәрінің мөлшері емдік көрсеткіштен өте жоғары болды). Дәрінің тиімділігін жапсырғышты алғаннан кейін 8 сағаттан соң өмір сүру барысында теріні микроскоппен қарау арқылы бағалады. Кейіннен арасы 8 сағат сайын екі рет микроскоппен қарады.

Б. In vitro тәжірибесінде зерттелетін дәрі бар ортада эпителиалды жасушасының дақылын өсірді. Дәрінің мөлшері in vivo тәжірибесіндегі мөлшерге сәйкес келеді. 6 сағаттан кейін дақылды жуып, дәрісі жоқ ортада ұстауды жалғастырды. Дәрінің әсерін жарықтық әдіспен және in vivo тәжірибесіне сәйкес, сол мезгілде электронды микроскоппен тексеру арқылы бағалады.

Тәжірибелердің нәтижелері

А. In vivo: Жапсырғаннан кейін 8 сағат өткен соң эпителийдің майда ошақты некрозы мен дистрофиясы анықталды. Кейіннен осы дерттік өзгерістердің теріде өскені байқалды.

Б. In vitro: зерттеудің барлық сатыларында тері эпителийінде зақымдану белгілері анықталған жоқ. Тек басында жасушалардың агрегациясы байқалды, кейіннен жүргізілген тексерулерде анықталған жоқ.

1. In vivo жүргізілген тәжірибеде эпителий жасушасының бүлінісі тікелей немесе жанама деп ұйғаруға болады ма? Өзіңіздің ұйғарымыңызды растайтын мәліметтер келтіріңіз.

2. Дәрінің жасушаға бүліндірігіш әсерінің даму тетігі қандай? In vitro жүргізілген тәжірибенің нәтижелерін ескере отырып. сіздің көрсеткен даму тетіктеріңіздің қайсысы (қайсылары) дұрыс болып табылады?

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:


  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 268-284.

  1. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 73-87

  2. Патофизиология // Под ред Новицкого В.В, 2010 том 1, стр 145-196

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.

  4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.

  5. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с.31-55

  6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 63 - 81

Қосымша

  1. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 16-48.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 43-60.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. - С. 43-60.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 66-89.

  5. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 89-140.

  6. Воложин А.И. Общая патология клетки // Общая патология клетки // патологическая физиология под ред А.И. Воложина и Г.В. Порядина. М.: МЕДпресс. – 1998. – с. 41 – 104.

БАҚЫЛАУ

Т


ест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 24-50


3 САБАҚ

5 тақырып. ОРГАНИЗМНІҢ ЗАҚЫМДАНУҒА ЖАЛПЫ ӘСЕРЛЕНІСТЕРІ



Сабақтың мақсаты:

Организмнің зақымдануға жалпы әсерленістерінің этиологиясы, патогенезін және организм ұшін маңызын меңгеру



Оқыту міндеттері:

    1. Стресс пен «жауаптың жедел кезеңі» жауабының этиологиясы, патогенезі, қорғану-бейімделулік және патогенді маңызын зерттеу, комамен сілейменің түрлерін және даму тетіктерін зерттеу.

    2. Тақырыптың сұрақтарына сәйкес патогенезінің үлгісін, сызба нұсқасын құрап білу.

    3. Тақырып бойынша медициналық тарминдерді және пікір сайысқа қатысу.

    4. Жіті қозғалтпаулық стресті үлгілеу және оның егеуқұйрықтардың дене қызуына әсерін зерттеу.

    5. ҚР ДС министрлігінің №442 және 575 бұйрықтарының негізгі тәртіптерін эксперимент жүргізгенде сақтай білу.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Зақымдануға жалпы әсерленістер туралы түсінік, мысалдар келтіру.

  2. «Жедел кезең жауабының» себептері, дәнекерлері және олардың әсері. «Жедел кезең жауабының» нәруыздары, олардың қызметі. Организм үшін жауаптың «жедел кезең жауабының» маңызы. Жүйелік қабынулық жауап синдромы туралы түсінік.

  3. Қан плазмасының протелиздік жүйесінің белсенденуі. Калликреин-кинин жүйесінің және комплемент жүйесінің маңызы.

  4. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, кезеңдері, даму тетіктері. Стрестің қорғаныстық – бейімделулік және дерттуындатулық маңызы. Адаптация дерттері туралы түсінік.

  5. Сілейме. Этиологиясы және патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, қанайналымы және микроциркуляцияның өзгерістері.

  6. Кома, түрлері, даму тетіктері.

  7. Естен тану: себептері, қауіп-қатер жайттары, түрлері, патогенезі, организм функцияларының бұзылуы, алдын алу мен емдеудің патофизиологиялық негіздері


Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, патогенезінің сызбанұсқасын сараптау, тәжірибелер орындау, ситуациялық есептер шығару.



Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасын құрастырылуын, есептер қорытындыларын тексеру, тестілеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет