Сабақ №25 Мектеп: №13 ом күні: 03. 12. 2019 Мұғалімнің аты-жөні: Асан М. А



Дата02.12.2019
өлшемі44,2 Kb.
#52848
түріСабақ
Байланысты:
03.12 7 кл геом
03.12 7 кл геом



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Үшбұрыштар. Сабақ №25



Мектеп: №13 ОМ

Күні: 03.12.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Асан М.А.

Сынып: 7 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Теңбүйірлі үшбұрыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.1.23

Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану



Сабақтың мақсаты

Оқушылардың көпшілігі: Теңбүйірлі үшбұрыштардың анықтамасын, қасиеттері мен белгілерін біледі;

Оқушылардың басым бөлігі: Теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттерін,белгісін есеп шығаруда қолданады және олардың элементтерін пайдалана отырып теңбүйірлі үшбұрыштар сала алады.

Оқушылардың кейбіреуі: Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін талдайды, дәлелдей алады және күрделі есептерді шығаруда қолдана алады.

Бағалау критерийі

  • Теңбүйірлі үшбұрышты, оның элементтерін ажыратады;

  • Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін қолдану арқылы есептер шығара алады;

  • Деңгейі жоғары дәлелдеу есептерін шығару барысында теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін қолданады

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:Теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамасын, теоремасын айта алады.Үшбұрыш түрлеріне ауызша және жазбаша сипаттама береді өмірден, қоршаған    ортадан геометриялық фигураларды таба біледі.

Пәнгетән лексика мен терминология:

Үшбұрыш, теңбүйірлі,теңқабырғалы,әртүрлі қабырғалы, доғал, сүйір, тікбұрышты, үшбұрыштың элементтері, биіктік,биссектриса,медиана, катет, гипотенуза, периметр



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

1.Қабырғаларының арасындағы қатынастар арқылы анықталатын


үшбұрыштың түрлерін атаңдар.
2. Қандай үшбұрыш: а) әртүрлі қабырғалы; ә) теңбүйірлі; б) теңқабырғалы деп аталады?
3. Теңбүйірлі үшбұрыштың қандай қабырғалары бүйір, ал қайсысы
табаны деп аталады?

4.Теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамасын қалай айтамыз?

5.Теңбүйірлі үшбұрыштың биссектрисасы , медианасы , биіктігі арасында қандай байланысты білесіңдер?

6. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштар туралы не айтуға


болады?
7. Теңбүйірлі үшбұрыштың белгісін тұжырымдаңдар.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс, пікірталас, өз ойын қорыту, пікірін көпшілік алдында дәлелдей білу, диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер арқылы іске асады.



Пәнаралық

байланыс

Тарих (пирамидалар), география (орналасқан жері)

Алдыңғы білім


Үшбұрыш, үшбұрыш элементтері, үшбұрыштың түрлері, үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін, үшбұрыштың орта сызығын, биіктік,биссектриса, медиана туралы ұғымдарды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин



І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.



Сыныпты жағымды ахуал қалыптастыру

Үй тапсырмасын тексеру .

Ойын: 1. Әр қатардан қолдарында жіптері бар үш ер бала шығады.

Мұғалім үшбұрыштың қабырғаларына байланысты түрлерін айтады. Балалар жіп арқылы көрсету керек

2. Әр қатардан қолдарында жіптері бар үш қыз бала шығады.

Мұғалім үшбұрыштың бұрыштарына байланысты түрлерін айтады. Қыздар жіп арқылы көрсету керек

(биіктік, медиана, биссектриса, орта сызықтарын көрсету)

Мұғалім: Биссектриса (латынша «бис» - «екі рет» және «секо» - «қиямын»). Үшбұрыштың үш төбесінің биссектрисасы бір нүктеде қиылысады. Осы нүкте үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің ортасы

( центрі) болады.

Медиана (латынша-«ортасы»). Үшбұрыштың үш медианасы бір нүктеде қиылысады. Осы нүктені (центроид) кейде үшбұрыштың ауырлық ортасы деп атайды. Медианалардың қиылысу нүктесі бұлардың әрқайсысын үшбұрыштың төбесінен оның табанына қарай 2:1 қатынасындай бөліктен бөледі.


Әр оқушының берген дұрыс жауабын«Фигуралар» немесе «Мадақтау сөздері» арқылы ауызша бағалаймын.

А4 үлестірмелері

Фигуралар


Сабақтың ортасы
8 мин

10 мин

10 мин



«Табиғат кітабы математика тілімен жазылған, оның әріптері математикалық белгілер мен геометриялық неше алуан пішіндер, бұларсыз оның сөзін ұғыну мүмкін емес, бұларсыз шексіз-шетсіз лабиринтте құр босқа сенделіп жүретін боласыз»

Галилео Галилей

Оқулықпен жұмыс.
10.11. Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі 15,6 м. Егер оның а) табаны бүйір қабырғасынан 3 м кіші; ә) табаны бүйір қабырғасынан 3 м үлкен болса, үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
10.12. Теңбүйірлі үшбұрыштың табаны мен бүйір қабырғасының қатынасы 3:8, периметрі 38 см, үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар
/Жұптық жұмыс/

1.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 7,5 м, ал бүйір қабырғасы 2 м. Үшбұрыштың табанының ұзындығын табыңыз.

2.Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 4 см, бүйір қабырғасы 6 см. Осы үшбұрыштың периметрін табыңыз.

3.Периметрі 25 см болатын тең бүйірлі үшбұрыштың табаны бүйір қабырғасынан 2 см-ге қысқа. Үшбұрыш қабырғаларын табыңыз.

Дескриптор:

- Теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамасын біледі;

- Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрін табуды біледі

- Теңбүйірлі үшбұрыштың қабырғаларын айнымалымен белгілей отырып, теңдеу құрады;

- Теңбүйірлі үшбұрышты қабырғаларын табады.

Периметр (грекше – шеңберді айналдыра өлшеймін)

/Топтық жұмыс/

Оқушылар:

1. Үшбұрыштың белгісіз бұрыштарын табу керек;


  1. Транспортирді қолдану арқылы үшбұрыштың белгісіз бұрышын табу керек

Дескриптор:

- Теңбүйірлі үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын біледі;

- Белгісіз бұрышты табады;

- Транспортирді қолдану ережесін біледі;

- Белгісіз бұрышты табады;





Оқулық:

7-сынып


Геометрия

В.А.Смирнов

Е.А.Тұяқов

Алматы «Мектеп» 2017


А4 үлестірмелері


Сабақтың соңы

5 мин.


«Таза тақта»әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша білімдерін жүйелейді.

  1. Теңбүйірлі үшбұрыштың қандай қабырғалары бүйір, ал қайсысы табаны деп аталады?

  1. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштар туралы не айтуға болады?

  2. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген биссектриса не болады?

Үйге тапсырма беру: § 10.

Әр оқушының берген дұрыс жауабын«Фигуралар» немесе «Мадақтау сөздері» арқылы ауызша бағалаймын..


«Рефлексиялық нысана» техникасы


БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

ҚЫЗЫҚТЫ БОЛДЫ

ТҮСІНІКТІ БОЛДЫ

ЖАҢАДАН БІЛДІМ



Оқулық:

7-сынып


Геометрия

В.А.Смирнов

Е.А.Тұяқов

Алматы «Мектеп» 2017





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Өткен тақырыпты пысықтау кезінде «Ойын» ойнатылады. Оқушылар көреді, есте сақтайды. Сабақ барысында оқушылар берілген тапсырмаларды сыныппен, топпен, жұппен және өзі жеке орындайды.

Әрбір оқушының қабілетіне қарай оқу үдерісіне қатысуға қабілетті болуы қамтамасыз етіледі. Барлық оқушыларға өзінің оқудағы жеке жетістіктерін көруге мүмкіндік беріледі.

«Таза тақта» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша білімдерін жүйелейді.



Өткен тақырыпты жәнетақырыпты пысықтау бойынша оқушылар жауабын«Фигуралар» немесе «Мадақтау сөздері» арқылы ауызша бағалаймын.

Сабақ соңында «Жүрек жылуы» әдісінде оқушылардыңөзін-өзі бағалауын ұйымдастырамын.



Сыныпта парта мен орындықтардың орналасу реттілігіне назар аударамын. Оқу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін.

Сергіту сәті: «Дене жаттығуы»



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Тексерілді: _____________



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет