Сабақ атауы 1 Д. И. Менделеев жасаған химикалық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы Сілтеме



бет3/4
Дата24.07.2017
өлшемі1,15 Mb.
#21953
түріСабақ
1   2   3   4



7 сабақ






Химия

10 сыныбы



Сабақ тақырыбы:

§2.9. Атомдардың валенттігі және тотығу дәрежесі

Сілтеме:

10 сынып оқулығы ( жаратылыстану- математикалық бағыт) ,

Жалпы мақсаттар:

Білу, түсіну: ковалентті және ионды байланысы бар қосылыстардың түзілу механизміне сүйене отырып, валенттіліктің табиғатын қарастыру, атом молекуладағы күйінің сипаттамасы ретінде тотығу дәрежесі жөніндегі ұғымдарын жүйелеу және тереңдету

Қолдану, жинақтау: сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, есептер шығару арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік: жылдам шешім қабылдай алуға, іскерлік пен нақтылыққа, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу


Күтілетін нәтижесі

Атом құрылысы тұрғысынан валенттік ұғымының мәнін түсінеді

Түйінді идеялар

Валенттік - молекуладағы атомдардың химиялық байланысының саны. Тотығу дәрежесі - қосылыстардағы атомның шартты заряды

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі

Сабақтың көрнекілігі

Периодтық кесте, интерактивті тақта, слайдтар, постерлер

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгендеу

2. Оқушыларды сабақтың жоспарымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (әр оқушы жеке компьютерде тапсырмаларды орындайды)

1. Ізденген жетер мұратқа(тірек сызбаларды анықтамалар арқылы түсіндіреді)

2. Білімді мыңды жығар(деңгейлік тапсырмаларды электрондық оқулықтан орындайды)

3. Біліміңді сынап көр (тест тапсырмаларды электронды оқулықтан орындап, нәтижесін алады)



ІІІ. Жаңа сабақ

1. Валенттілік

2. Тотығу дәрежесі

ІҮ. Сабақты бекіту

1. Миға шабуыл

2. Тапқыр болсаң, тауып көр

3. Ғажайып химия



Ү. Қорытындылау

1. Бағалау

2. Үй тапсырмасын түсіндіру



Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын құру

Сабаққа дайындықтарын сұрау

Топқа бөлу: химиялық лабораториялық суреттер арқылы


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:


1. Ізденген жетер мұратқа(тірек сызбалармен жұмыс)

Элементтердің периодты түрде өзгеретін қасиеттері: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік.

Атомнан электрон үзіп алғанда катион түзіледі :

Э0 + J ꞊ Эn+ + ne-

Атом радиусы - атомның үлкен кішілігін шартты түрде жуық сипаттайтын шама:

-Период бойынша: Ядро заряды солдан оңға қарай артады, Электронның ядроға тартылуы солдан оңға қарай артады, Атом радиусы солдан оңға қарай кішірейеді

Негізгі, s, p топшада элементтердің атом радиусы тез өседі

дар радиусы: Ядро заряды Жоғарыдан төмен қарай өседі,

-топша бойынша: Электронның ядроға тартылуы. Жоғарыдан төмен қарай кемиді,

Қосымша топшада d, f элементтер радиустарының өсуі баяулайды, Атом радиусы жоғарыдан төмен қарай өседі

Иондану энергиясы - J бұл атомнан тиісті электрондарды жұлып алуға жұмсалатын энергия

Иондану энергиясы ядро заряды өскенде және атом радиусы кемігенде солдан оңға қарай өседі:

- период бойынша: Электронтартқыштық - атомға бір электрон қосылғанда бөлінетін энергияны электронтартқыштық Е деп аталады

- топша бойынша: Негізгі топшаларда жоғарыдан төмен қарай ядродан электрон қашықтығының артуына сай кемиді

- металл: иондану энергиясы кіші

- бейметалл: иондану энергиясы үлкен

- Период бойынша электронтартқыштық солдан оңға қарай артады

- Элементтердің бейметалдық қасиеттері период соңында күшейеді

- электртерістілік р - топша бойынша солдан оңға қарай өседі

- Электртерістілік период бойынша солдан оңға қарай өседі

- электронын оңай беретін металдар

1- деңгей

1. Электрон болу мүмкіндігі жоғары болатын ядро айналасындағы кеңістікті ... деп атайды. Орбитальдар атауын жазыңдар

2. Төменде сутегінің үш изотобының атомдық құрылымы көрсетілген. Әрбір ядроның ішінен атом құрамын жазыңдар.

3. Химиялық элементтердің келтірілген қатарында литийден фторға дейін қандай қасиеттері әлсірейді, қандай қасиеттері күшейеді.



2-деңгей

1. Бос жерлерін толтырыңдар

Атом, ядро, қабық

Элементтердің реттік нөмірлері

2. Бос кестені толтырыңдар. Элемент таңбасы

3. атомдардың қандай сипаты периодты өзгереді. Иә немесе жоқ деп жауап береді

1. Атом радиусы

2. Атом дросының заряды

3. Қасиетінің металдық және бейметалдық қасиеті

4. Салыстырмалы атомдық масса

5. Салыстырмалы электрон

3-деңгей

1. ІІ және ІІІ периодтардағы элементтердің қасиеттері солдан оңға қарай қалай өзгеретінін жазыңдар

1. Атом заряды

2. Электрон қабаттарының саны

3. Сыртқы қабатындағы электрон саны

4. Ядро мен электрон арасындағы байланыстың мықтылығы

5. Металдығы, бейметалдығы



2. Топта элементтердің қасиеттері жоғарыдан төмен қарай өзгеретінін жазыңдар

1. Атом заряды

2. Электрон қабаттарының саны

3. Сыртқы қабатындағы электрон саны

4. Ядро мен электрон арасындағы байланыстың мықтылығы

5. Металдығы, бейметалдығы



3. А және Б металдары бір периодқа және бір топқа жатады.

А металы сумен әрекеттеседі, ал Б металы сумен әрекеттеспейді және қышқылдардан сутегіні ығыстырып шығармайды. А элементі бір оксид, Б элементі біреуінде валенттілігі топ нөміріне қарағанда үлкен болатын екі оксид түзеді. Бұл оксидтің құрамында оттегінің 20 пайызы болады. осы элементті атаңдар.



3. Біліміңді сынап көр тест

1. Периодтық жүйедегі элементтің орны немен аяқталады?

а) сыртқы электрон деңгейіндегі электрондар санымен

ә) ядродағы нейтрондар санымен

б) Атом массасымен

в) атомның ядро зарядымен

2. Периодтағы элементтердің қасиеттерінің өзгеруінің негізгі себебі неде?

а) жаңа электрон деңгейінің пайда болуында

ә) сыртқы деңгейінде электрондардың жиналуында

б) атомдық массаларының өсуінде

в) атомдағы электрондар санының өсуінде

3. Металл еместердің символдарын көрсетіңдер:

а) Na ә) Mg б) H в) S

4. Элементтердің қай қатары жалпы формуласы RO болатын оксидтер түзеді:

а) Mg, Ca, Be ә) Na, K, Li

б) B, Al, Ca в) N, P, As

5. Біріншісінен соңғысына дейін металдық қасиеттері өсетін элементтер қатары

а)Na, Mg, Si, Al ә) Mg, Ca, Si, Ba

б) K, H, Na, Li в) J, Cu, Cl, F

6. Келтірілген элементтердің ішінен атом радиусының ең кішісі:

а) Na ә) K б) Mg в) S

7. S элементтердің символдары:

а) Na ә) Mg б) Si в) Р

8. Көміртегінің жоғары валенттілігі:

а) 1 ә)2 б) 3 в)4

9. Қандай элементтердің атомдарында электрон қабылдағаннан гөрі берген оңай:

а) ІІ топтың негізгі топша элементі

ә) ҮІІ топтың негізгі топ элементі

б) ІІ период орташа элементі

в) ІІ период басындағы элемент

10. Фтор атомы электрондарының энергетикалық деңгейде таралуы

а) 2,8,4 ә) 2,6 б) 2,7 в) 2,8,5

11. S атомының электронды формуласы:

а) 1 S2 2 S23 ә) 1 S2 2 S24

б) 1 S2 2 S26 3 S24 в) 1 S2 2 S22

12. Қандай элемент газ тәрізді сутегімен қосылыс түзе алады?

а) № 22 ә)№ 6 б) №23 в) №14


Жаңа сабақ

Мағынаны тану(түсіну):

Тотығу дәрежесі мен валенттілік ұғымдарын топтарға бөліп беру, қалған топқа оны алдыңғы сыныптардағы валенттілік пен тотығу дәрежесімен салыстыру.

Химиялық элементтің аса маңызды қасиеттерінің бірі - валенттілігі. Валенттілік деп бір элемент атомының басқа элементтің атомының белгілі бір санын қосып алу қабілетін айтады. Алғашқы кездерде элементтің валенттілігі сутек І, оттек ІІ бойынша анықталады. Демек, элементтің атомының валенттілігінен оларға қанша сутегі, оттегі атомдарды қосыла алатынын білдік.

Н - СІ Н - О - Н Н N - Н

Атом (элементтің) валенттілігінің физикалық мәнін атом құрылысы мен химиялық байланыс туралы теория түсіндіреді. Элемент атомдары электрондарды беру, қосып алу немесе электрон жұптарын түзуге қабілетті. Атомдар арасындағы химиялық байланысты түзуге қатысатын электрон валенттілік электрондар деп аталады. Валенттілік электрондарға сыртқы аяқталмаған деңгейдегі электрондар жатады. Сырттан санағанда екінші деңгейдегі электрондар да валенттілік бола алады, сондықтан марганецтің жоғары валенттілігі ҮІІ-ге тең, хромдыкі ҮІ, яғни топ нөміріне дәл келеді. Валенттіліктің мәні берілген атомның басқа атомдармен қосылғандағы химиялық байланыстың саны ретінде анықталады.

Тотығу дәрежесі:

тұрақты: Н, К, Zn

ауыспалы: Cl, P, Se

оң: Na, Al, Ca

теріс: S2-, N3-, O2-

Жай заттардың элементтердің тотығу дәрежесі: Ғе, СІ, О, Н2

Тотығу дәрежесі - бұл қосылыстар тек иондардан тұрады деп санап, есептеумен табылған қосылыстардағы атомдардың шартты заряды.

Күкірттің тотығу дәрежесі:

S +16 1 S2 2 S26 3 S24 3d10

осы жерде элементтің валенттілігінің қозған күйін айтып түсіндіру қажет. Элементтің тотығу дәрежесі - шартты түсінік, бірақ ол әр түрлі заттарды жіктеген кезде , олардың қасиеттерін сипаттағанда және тотығу - тотықсыздану реакцияларын қарастырғанда жиі қолданылады.

Қосылыстағы элементтің тотығу дәрежесін біле отырып, оның тотықтырғыштық немесе тотықсыздандырғыштық қасиетін көрсететін болжап айтуға болады. Мысалы, күкірт қышқылында күкірт жоғары тотығу дәрежесін (+6) көрсетеді, демек бұдан әрі электрондарын бере алмайды, сондықтан күкірт қышқылында тек тотықтырғыш болады. Күкіртсутекте күкірт, керісінше төменгі (-2) тотығу дәрежесін көрсетеді де, одан әрі электрон қосып ала алмайды, сондықтан күкіртсутек тек тотықсыздандырғыш болады. Күкіртті қышқыл аралық тотығу дәрежесін (+4) көрсетеді, электрондарды береді де, қосып та алады, жағдайға байланысты тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсете алады.




Жеке жұмыс

(сабақты бекіту):


1) неліктен хлор мен марганецті периодтық жүйенің бір тобына, бірақ әртүрлі топшаға орналастырады? Оларды атом құрылысы және мүмкін болатын тотығу дәрежесі тұрғысынан түсіндіріңдер.

Жауабы:


Хлор қосылыстарында мынадай тотығу дәрежелерін көрсетуі мүмкін:

- төмен - 1(НСІ)

- жоғары+7(НСІО)

- аралық +1,+3,+5(НСІО, НСІО2 НСІО3)

- нөлдік(СІ2)

Марганецтің тотығу дәрежесі:

- төмен +2(МnO)

- жоғары +7(КМnO4)

Аралық +3,+4,+6(Мn2О3)

Егер Мn пен СІ өзінің барлық жеті валенттік электрондарын байланыс түзуге жұмсаса онда атомдар қалған электрондар ұқсас конфигурациялар түзеді:

Мn+7 1s2 2 s26 3 s26

СІ+7 1s2 2 s26

Бұл марганец пен хлор арасындағы ұқсастықтың бір себебі болып табылады: жоғары тотығу дәрежесінде екі элемент те қышқылдық сипаттағы қосылыс түзіп, күшті тотықтырғыш болады. Бірдей жоғарғы тотығу дәрежесі болуы мен құрамы бірдей қосылыс түзуі және құсас қасиеттер көрсетуі бұл элементтерді бір топқа орналастырудың негізі болып табылады.


Кейінгі тапсырмалар



Бағалау

Формативті бағалау : екі жұлдыз,бір ұсыныс.

Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына Критерий арқылы бағалайды




Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма

§2.9. 3-6 тапсырмалар





Мұғалімнің аты-жөні






Мерзімі § 55. Жануарлар селекциясы.

Химия

10 сынып

8-сабақ

Сабақ атауы

§2.10. Элементтердің қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы

Сілтеме

Білім стандарты, пән бағдарламасы,  «Химия» - 10 - сынып оқулығы, Интернет материалдары, элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі туралы жасалған кесте, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі

Жалпы мақсаты

Міндеттері



Оқушылардың периодтық кесте туралы білімдерін тереңдету, периодтық кестедегі элементтердің орналасу тәртібі жайлы қорытынды жасай білуге үйрету, ізденіспен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Мақсаты: Саяхат сабағы арқылы,химиялық байланыс түрлері тақырыбын терең ұғындыру

Талдау және жинақтау: негізгі топшалардағы және периодтардағы химиялық элементтер қосылыстары қасиеттерінің өзгеруі мен құрамы, құрылысы туралы оқушылардың білімдерін қорытындылау, жүйелеу, тереңдету.

Енгізілген түсініктер: оксидтер, гидроксидтер, сутектік қосылыстар, заттардың қышқылдық-негіздік қасиеттері

Тәрбиелік: Химиялық сауаттылыққа үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, сыни ойлауға үйренеді, элементтердің орналасу тәртібі жайлы біледі, ұжыммен жұмыс жасауға дағдыланады

Негізгі идеялар

Периодтық кестенің шытырман қасиеттерін түсінеді

Тапсырмалар

  Топтық, жұптық , жеке (Блум токсономиясы), ұжымдық

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Көрнекілігі

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут


а) сәлемдесу

ә) сабаққа дайындығын тексеру

б) оқушылар назарын сабаққа аудару

в) психологиялық тренинг г)








Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді



Барысы


Біз саяхатымызды ауа шарымен шығамыз, шарға ір айлақ өткен сайын алған жағалықтарды жапсырып отыру







Үй тапсырмасын тексеру

І айлақ «Күн»


  1. Электіртерістілік дегеніміз не?

  2. Электіртерістілік топ, период бойынша қалай өзгереді?

  3. Электіртерістілік ең жоғарғы элемент,ең төменгі элемент?







Оқушы үй тапсырмасы бойынша бағаланады

«Түсіну»

15 минут

ІІ аялдамамыз – «Ауа кеңістігі

Бүгінгі тақырыбымыз химиялық байланыстың негізгі түрлері.Осы тақырып бойынша табиғаттың негізгі құраушылары ауаға, табиғи су қорларына, өндіріске ауа шарымен саяхатқа шығамыз.Оқушыларды осындай топтарға бөлеміз. ІІ аялдамамыз – «Ауа кеңістігінен » бастаймыз,ол үшін ауаның құрамына тоқталамыз.Ауаның құрамындағы сутек,оттек, азот молекулалары өзара бірдей екі атомнан тұратын жай затттар H2 O2 N2 ковалентті полюссіз байланыс түзеді. Электіртерістіктері бірдей сутектің 2 атомының әрекеттесіп молекулаға айналуын қарастырсақ.Сутек атомы оң зарядты ядродан және оны қоршаған шар пішінді электрон бұлтынан тұратындығы белгілі.Осындай екі атом әрекеттескенде, олардың электрон бұлыттары жақындасып бірімен-бірі араласады.
·H + · H → H ∙∙H

атом атом молекула бұдан шығатыны



  1. Қай заттың болсын молекуласындағы атомдар белгілі –бір ретпен орналасады.

  2. Молекуланың құрамындағы атомдар өзара тікелей не болмаса басқа атом арқылы қосылысса да біріне-бірі әсер етеді.

  3. Заттың қасиеті молекуладағы атомдардың қосылу ретіне және олардың біріне-бірінің әсеріне , яғни химиялық құрылысна тәуелді.

  4. Заттың химиялық қасиеттеріне сүйіне отырып, оның молекуласынығ құрылысын анықтауға болады.

Сонда жұптаспаған электрондар жұптасу үшін атомдар арсында химялық байланыс түзіледі.Сыртқы валентілік электрондарын 8 ге толтыру үшін электіртерістілігі төмен элементтер беріп жіберсе, электіртерістігі жоғары элементтер қосып алуға бейім.Сондықтан арасында байланыс түзіледі.

Химиялық байланыстың 1916 жылы американ ғалымы ЛЬЮИС теориясын ұсынды.

Теорияда- 1. Атомдар молекула құрып біріккенде ортақ электрон қосағын түзу арқылы өздерінің сыртқы қабаттарын инертті газдардікіндей етуге тырысады.

2.Химиялық байланыс әсерлесуші атомдардың екеуіне де ортақ электрон жұбы арқылы жасалады.Бір электрон жұбын түзу үшін әратом бір-бір электроннан жұмсайды.

Бір не болмаса бірнешеэлектрон жұптары арқылы түзілетін химиялық байланыс

к о в а л е н т т і к байланыс деп атайды.


ІІ аялдама «Табиғи су қорларына» саяхат. Баріміз білеміз теңіз суларындатұз коп кездесетінін.Сол тұздардың арасындағы байланыс и о н д ы қ байланыс түзеді .Атомдарэлектрондарын беріп жіберу немесе қосыпалу арқылы оң нетеріс зарядталады.Мұндайзарядталған атомдар иондар деп аталады.Демек.қарама-қарсы зарядталған иондарарсындағы байланысты иондық байланыс деп атайды. 1916 жылы неміс ғалымы Коссель ұсынды. Өзінің сыртқы валенттік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар терісзарядты анионындарға айналады.Түзілген иондар біріне-бірі Кулон заңы бойынша тартылысып.иондық байланыс түзіледі.

Мысалы


Na0 + F 0 → Na + F-
Na0 + Cl 20 → Na + Cl -

K 0 + Cl20 → K +Cl-


Zn0 + S 0 → Zn +S-

ІІІ аялдама «Өндіріске» саяхат. Біз білеміз өндірісте әртүрлі заттар өндіреді соның ішінде қышқыл өндіретін зауытқа саяхатқа атанамыз.Жалпыалғанда әрекеттесуші атомдардың электіртерістіктерінің азғантай болса да айырмашылықтарына байланысты, көбіне молекулалар ковалентті поюсті байланыс түзеді.Коваленттік полюстібайланыс көбіне қышқылдарға тән .

Мысалы ∙∙ ∙∙

∙H + ∙Cl ∙∙ → H ∙∙Cl∙∙

∙∙ ∙∙


кестемен жұмыс жасаймыз.

Полюсті молекуладағы электрондар ығысқан кезде атомдар қосымша зарядқа ие бола бастайды.Молекуланың бір жағы оң, бір жағы теріс зарядталады.Мұндай молекулалар полюсті деп аталады.



ІҮ аялдама «Гүлдер»

Кесте толтыру

Иондық қосылыстар

Полюссіз

Ковалентті

Полюсті

ковалентті

1

1

1

2

2

2

3

3

3


Жоғарыда берілген кестенің сәйкес бағанына мына заттарды толтырыңыз

NaI , ZnF2 , N2 ,H2SO4, PH3, O2, HNO3 ,H2S , I2 , KNO3, Br2 ,

10- сынып оқулығы, бағалау парағы,

интерактивті тақтадан

слайдтар



Оқулықпен жұмыс.

Жұпта және топта талқылау.

Түртіп алу әдісі бойынша саралап оқиды.


« Қолдану»

5-10 минут



(оқулық бойынша)жеңіл есептер мәтінді қалай түсініп, білгенін бақылау

Оқулық, жұмыс дәптері

Бүгінгі сабақта білгенін пайдалана отырып, тапсырманы орындайды

«Жинақтау»


  1. Электртерістік дегеніміз не?

А)атомның электрон беру қабілеті

Б)қосылыстағы атомнығ электронды өзіне тарту қабілеті.

С)атомның қосылыстағы белгілі валенттік көрсететін қасиеті.


  1. Элементтердің электртерістілігі период бойынша қалай өзгереді?

А)солдан оңға қарай өседі

Б)алдымен өседі,сосын кемейді

С)артады


  1. Элементтердің электртерістілігі топ бойынша қалай өзгереді?

А)артады

Б)алдымен өседі,сосын кемейді

С)кемейді
4.Иондық байланысы бар қосылыстардың қатарын көрсетіңіз

а)NaF CaF2 Na2SO4

б) N2 Na2S HF

с) K2SO4 O2


5.Полюссіз ковалентті байланысы бар қосылысты көрсетіңіз

а) Na2SO4 б) HF с) O2


6.Полюсті ковалентті байланысты қандай элемент атомдары түзеді?

А)электртерістігіайқын айырмашылық бар элемент атомдары

Б)электртерістігі бірдей

С)электртерістігінде айырмашылық аз.


7.Ковалентті полюссіз байланысы барқосылыстар қатарын көрсетіңіз

а)F2 O2 N2 C8 б) N2 Na2S HF С) NaF CaF2 Na2SO4


8)Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс қалай аталады?

А)иондық б)коваленттік с)металдық


9.Оттек молекуласы түзілгенде неше ортақ электрон жұбы түзіледі?

А)1 б)2 с) 3




  1. Иондық байланыс қалай жасалады?

А)атом электронын электртерістілігі жоғары Атомға беруі

Б)ортақ электрон жұбының түзілуі

С)электрондардың жалпылануы
Жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Б

А

С

А

С

С

А

Б

2

А




Жұмыс дәптері

Кремний мен кремний диоксидін салыстырады

«Бағалау»

2 минут

Рефлексия


Рефлексия
Сабақта қандай материал туралы білдіңдер?

Сендерге ең пайдалысы не болды?

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?


Стикерлер



Бүгінгі сабаққа баға беру
Кері байланыс

Сабақтың жабдықтары

Мультимедиа,  интерактивтік тақта, флипчарт, маркер, қарындаш,электронды оқулық,үлестірмелі парақша

Ү аялдама «Үй жағалауы»

Үйге тапсырма







9-10 сабақтарда тест жұмысы мен бақылау жұмысын алуға болады.

11 сабақ






Химия

10 сыныбы



Сабақ тақырыбы:

§3.1.Коваленттік байланыс

§3.2. Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмі



Сілтеме:

10 сынып оқулығы ( жаратылыстану- математикалық бағыт) ,

Жалпы мақсаттар:

  1. Білу, түсіну: Коваленттік байланыс, электрондық бұлттың бүркесуі, тығыз электрондық аймақ, энергия ұтымы ұғымдарын қалыптастырып, құбылыстарды оқып үйренудің негізін қамтамасыз ету.

Қолдану: Коваленттік байланыстың маңызды сипаттамасы байланыс ұзындығы мен байланыс энергиясының мәнін түсіндіру, жаттығулар орындау

Жинақтау: І-ІІІ период элементтерінің атомдарындағы электрондардың орналасуы туралы білімін бекіту. Атом құрылысының белгілі заңдылықтары негізінде химиялық ковалентті байланыстардың түзілу мәнін таныстыру, ковалентті байланысқан жай заттардың электрондық формуласын құру білігін қалыптастыру.



Күтілетін нәтижесі

Донорлы-акцепторлы байланыстың түзілуінің ерекшелігін түсінеді

Түйінді идеялар

Коваленттік байланыс донордың қос электрондық бұлты мен акцептордың бос орбиталі есебінен түзілуі мүмкін, ол кешенді қосылыстарға тән

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі

Сабақтың көрнекілігі

Периодтық кесте, интерактивті тақта, слайдтар, постерлер

Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқушылармен сәлемдесу , түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу тәтті кәмпиттер арқылы

  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады

Өткен тақырыпты қайталау

Сыныптағы бірнеше оқушыға жазбаша сұрақтар беріледі (карточка түрлері).



  1. Электртерістілік дегеніміз не?

  2. Натрий мен фтор атомының құрылыс сызбанұсқасын сызып көрсет. Олардың химиялық автивтілгін қалай түсіндірсең?

  3. Металл, бейметалл, инертті элементар атомдарының құрылыс ерекшелігі неде?

  4. Аяқталған және аяқталмаған электрондық қабат нені білдіреді?

  5. Период және негізгі топша бойынша элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Осы өзгерістердің себебі неде?




Тақырыпты ашу(білу):

Химиялық байланыстар көрсетілген модельдерді оқушылардың алдына көрсету сол арқылы тақырыпты ашу


Жаңа сабақ

Мағынаны тану(түсіну):

Жаңа материалды оқыту. Ковалентті байланыстың екі түрлі үлгісін ұсынамыз



Байланыс түзуші бөлшектер

Әр түрлі химиялық байланыстың түзілуі

Байланыс қалай түзіледі

Химиялық байланыс түрлері

Әр түрлі химиялық байланыстағы заттар

Бейметалл атомда рының бір түрі
Бейметалдардың әр түрлі атомдары
Металдармен бейме- талдар атомда ры

Н·+·Н→Н:Н

:СІ·+·СІ:→:СІ:СІ:


Н·+СІ:→Н:СІ:

Nа·+·СІ:→Nа+(:СІ:)-




Электрондардың жұптасуы арқылы
Электрондардың жұптасуы арқылы
Металл атомдарынан бейметалл атомына электронның ауысуы және түзілген иондары -ның лектростатикалық тартылуы арқылы

Ковалентті полюссіз
Ковалентті полюсті
Ионды

Н2, СІ2, О2, Вr2, F2, N2

НСІ, НВr, НY, Н2S, т.б.

NaCI, NаF, К2S, Li2О, NаВr т.б.



Кестені толтыру барысында оқушы төмендегі жағдайға ерекше көңіл аударуы керек: химиялық әрекеттесу кезінде электрон атомдары дара электрондық жұптасу есебінен электрондық сыртқы қабатын аяқтап, тұрақты электрондық құрылысқа көшеді. Яғни атомдар 8 н/е 2 электроннан тұратын тұрақты конфигурация түзуге тырысады. Жалпы электрон жұптарының саны атомдардың сыртқы энергитекалық деңгейшедегі дара электрон сонымен анықталады. Галогенсутектері (НСІ, НВr) молекуласындағы ковалентті полюсті байланыстың түзілуі электрондық тығыздықтың ығысуымен түсіндіріледі.

Одан әрі электрондық формула құрудың алгоритімімен таныстыру.



  • Сәйкес келетін атомдардың химиялық таңбасын тізіп жазу.

  • Элементтің периодтық жүйедегі орнын (қай топқа) табу.

  • Берілген элементтің орналасқан тобына сәйкес валенттік электрондардың санын белгілеу.

  • Нүктелер арқылы элемент атомдарындағы дара электрондардың жалпы санын белгілеп, электрондық қабатын аяқталуына неше электрон жетпейтінін анықтау.

  • Әр атомның химиялық таңбасының айналасына нүктелеріне қалған электрондарды белгілеу.

Н2, СІ2, О2, N2 элементтерінің электрондық формуласын жазып болған соң, осы формуладағы нүктелермен көрсетілген элетрон жұптарын сызықшамен ауыстырса құрылымдық формула алынатынын түсіндіру. Тақтаға және дәптерге төмендегіше жазылады:

Электрондық формула: Құрылымдық формула:

Н:Н :СІ:СІ: :О:О: :N:N: Н:СІ: Н-Н, СІ-СІ, О=О, N-N, Н-СІ

Ковалентті полюсті байланысты малекуланың құрылымдық формуласында электрон тығыздығының бір атомынан өткінші атомға ығысуын бағдаршамен көрсетеді. Электрон тығыздығын өзіне тартатын электрон элемент атомы ішінара теріс зарядталады. Ал өзінен ығыстыратын элемент атомы ішінара оң зарядталады. Мысалы: Н+→СІ-





Жеке жұмыс

(сабақты бекіту):


Оқушылар білімін тексеру үшін төмендегідей тапсырма беріледі:

1. О2 мен НF молекулаларының электрондық формуласын салыстырыңдар. Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

2. Вr2, Н2S, NН3 малекуласының электрон тығыздығы ығысуы мен ішінара зарядталуын көрсетіп, электрон дық және құрылымдық формуласын жаз.

3. Н2О, СО2, N2, NН3, О2, Н2S, НF, F2, СІ2 заттары берілген. Көрсетілген заттардың қайсысы ковалентті полюсті, қайсысы ковалентті полюссіз байланысқан.





Кейінгі тапсырмалар

Белсенді оқушыларға тағы да жеке тапсырмалар беруге болады

Бағалау

Формативті бағалауды жинап, суммативті бағалау жүргізуге болады

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма

§3.1.10 тапсырма

§3.2.6 тапсырма



12 сабақ






Химия

10 сыныбы



Сабақ тақырыбы:

§3.3. Коваленттік байланыстың қасиеттері. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі және молекулалардың геометриясы

Сілтеме:

10 сынып оқулығы ( жаратылыстану- математикалық бағыт) ,

Жалпы мақсаттар:

Мақсаты: оқушыларға коваленттік байланыстың негізгі қасиеттерін кванттық механика заңдары тұрғысынан түсіндіру

Міндеттері:

Білу, түсіну: ковалентті байланыстың қасиеттері - қанығуы, полюстенуі, бағытталуы сияқты қасиеттерінің молекулаға әсерін түсіндіре білулері керек.

Жинақтау: коваленттік байланыстың кванттық механика тұрғысынан қарастыратын екі теорияны - валенттік байланыс пен молекулалық орбитальдар - түсіндіре білулері қажет.

Тәрбиелік: ғылыми теорияларды химиялық тілде түсіндіре білулеріне көңіл аудару, талдау, қорытынды жасау сияқты білім-білік дағдыларын одан әрі дамыта отырып, білімге деген сүйіспеншілікті арттыру.


Күтілетін нәтижесі

Гибридтену ұғымымен танысады

Түйінді идеялар

Ковалентті байланысқа тән қасиеттер - қанығу, полюстену, бағытталу болып табылады.

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі

Сабақтың көрнекілігі

Периодтық кесте, интерактивті тақта, слайдтар, постерлер

Ұйымдастыру кезеңі


- сабақта қалыпты жұмыс істеуге жағдай жасау;

- оқушыларды психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау;

- сәлемдесу;

- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

- балалардың назарын сабаққа аудару;

- сабақтың мақсатын айқындау;

- сабақты өту жоспарымен таныстыру; (1-2 минут)


Өткен тақырыпты қайталау

1. сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау. Өтілетін сабақтың маңыздылығына тоқталу. Оқушылар алдында оқу проблемасын қою:

- білім алуға бар ынта-ықыласын жұмылдыру;

- оқу материалын түсіне отырып, қорытынды жасай білуі;

- білімді жалпылай, жүйелей білуі;



2. Оқыту проблемалары: коваленттік байланыстың қасиеттері:

- ковалентті байланысты түсіндіретін кванттық механика теориясы(валенттік теория);

Валенттік теория түсіндіретін негізгі мәселелер:

- не себепті атомдар молекула түзеді?Атомдарды байланыстыратын күштердің табиғаты қандай?

- неліктен атомдар белгілі бір қатынас бойынша ғана қосылады? Мысалы, СН4 молекуласы түзіліп, ал СН6 деген түзілмейді?

- молекуланың кеңістіктегі пішіні қандай? Неге СО2 түзу сызықты, ал Н2О бұрышты?






Тақырыпты ашу(білу):

Химиялық байланыстар көрсетілген модельдерді оқушылардың алдына көрсету сол арқылы тақырыпты ашу


Жаңа сабақ

Мағынаны тану(түсіну):

Білімділік міндеттері:

- нақты қорытындылауға, жүйелеуге әкелетін әдіс-тәсілдерді меңгеруге жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалдарды қайталап, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

- түсініктер мен ереже, заңдарды философиялық тұрғыдан түсінуге, талдауға көмек жасау;

- оқушыларды оқу материалдарын өз түсініктерімен қабылдауын қамтамасыз ету;

Мұғалімнің түсіндіруі:

І. Ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіретін валенттік теория:

- спиндерді антипараллель атомдар жақындасқанда ядролар арасындағы кеңістікте электрон бұлтының тығыздығы артады, яғни электрон бұлттары өзара бүркеседі, бүркесу нәтижесінде тығыз электрон аймағы пайда болады, оң зарядты ядролар осы теріс зарядты аймаққа тартылып, тұрақты жүйе - молекула түзіледі, сонымен кванттық механикаға негізделген есептеулердің нәтижесінде коваленттік байланыстың табиғаты түсіндіріледі. Коваленттік байланыс - атомдардың спиндері антипараллель электрон бұлттарының бүркесуі нәтижесінде түзіледі.

Ковалентті байланыстың бағытталуы:

- ковалентті байланыс түзетін электрон бұлттарының белгілі бір бағыты болады, осыны ВБ теориясы қалай түсіндіреді?

- ВБ теориясы химиялық байланыс атомдардың жалқы электронды орбитальдарының(бұлттарының) бүркесуі нәтижесінде түзіледі деп қарастырады. Сондықтан байланыс түзуге жұмсалатын орбиталь пішіні қандай болса, сол пішінге сәйкес бүркеседі.

Н2Э молекулаларындағы валенттік бұрыш пен сутек атомдарындағы артық зарядтардың мәндері:



Молекула

Н2О

Н2S

H2Se

H2Te

Валенттік бұрыш

104,50

920

910

900

Артық заряд шамасы, d

+0,34

+0,13

+0,09

+0,03

Молекула пішіні

бұрышты

бұрышты

бұрышты

бұрышты

- ковалентті байланыстың бағытталуы орталық атомның валенттік орбитальдарының гибридтенуіне және олардың кеңістікте орналасуына тәуелді;

Ковалентті байланыстың полюстігі:

- байланыстырушы электрон бұлтының молекуладағы орналасу ретінің байланысқа әсері:полюсті және полюссіз коваленттік байланыстар;

- полюсті байланыстардың берік болуы;

Ковалентті байланыстың қанығуы:

- химиялық байланыстың ерекшелігі-қанығуы, атом өзінің валентті электрондарын (орбитальдарын) толық пайдалануға тырысуы; осыған сай заттың белгілі құрамының болуы(Н2, Н2О, НСІ, СН4 );

ІІ. Коваленттік байланысты түсіндіретін МО әдісі:

- молекулалардың магниттік қасиеттерін түсіндіреді(диамагнитті, парамагнитті);

- молекула - біртұтас жүйе, ондағы күллі электрондар сол молекулаға ортақ;

- молекуладағы электрон молекула құрамындағы барлық ядролар өрісінде болады;

- молекуладағы әр электронға МО сәйкес келеді;

- МО-ға электрондардың орналасуы орбитальдар энергияларының өсу реті бойынша Паули принципі мен Гунд ережесіне сәйкес өтеді;





Жеке жұмыс

(сабақты бекіту):


- оқылған материалды оқушылар қандай дәрежеде меңгергендіктерін анықтау;

- жіберілген кемшіліктерді анықтау;

- сол кемшіліктерді жоюға бағытталған жұмыстар жүргізу;

Орындалатын тапсырмалар:

- Бірнеше оқушыларға таратпа материалдарын беру;

Сұрақтар қою арқылы алған білімді тиянақтау:

1. Коваленттік байланыстың түзілуін түсіндіретін теориялар;

2. Ковалентті байланыстың қанығуы;

3. Ковалентті байланыстың полюстенуі;

4. Ковалентті байланыстың бағытталуы;




Кейінгі тапсырмалар

Белсенді оқушыларға тағы да жеке тапсырмалар беруге болады

Бағалау

Формативті бағалауды жинап, суммативті бағалау жүргізуге болады

- сабаққа қатысқан оқушылар мен жалпы сыныптың жұмысына баға беру;

- сабақтың жетістігі мен кемшілігін анықтау;

- оқушылар білімін бағалау мен баға қою.




Кері байланыс

- мұғалім мен оқушы арасында түсіністік;

оқушылардың өздерін ұстай білуі мен басқалармен дұрыс қарым-қатынаста болуы;

Сабақ сіздерге қызықты болды ма?Алған білімнің маңыздылығы неде?


Үйге тапсырма

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты, мазмұны мен орындалу жолының түсінікті болуын қамтамасыз ету;

1. Үйге: §3.3, №2-3

2. Күнделікке жазуларын қадағалау




Бекітемін.

Күні. 07.11.16 Сыныбы.10



Сабақ тақырыбы:

Сан есептерін шығару

Сілтеме:

10 сынып оқулығы

Жалпы мақсаттар:

Білу, түсіну: Оқушылардың химиялық байланыс туралы білім алуына жағдай туғызу;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен дүниетанымдарын кеңейту;

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу;

Күтілетін нәтижесі

Тапсырмалар орындай алады



Түйінді идеялар

Қосылыстардың қасиеттері байланыстың типіне ғана емес, олар түзетін кристалдық торға да тәуелді

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі

Периодтық кесте.Плакаттар

Ұйымдастыру кезеңі


  1. Сабаққа психологиялық дайындық

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыпты қайталау


Топшама № 1

А) Ковалентті байланыс дегеніміз не?

Ә) Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар: HF, H2, Br2O7, SiO2, F2, HNO3

Топшама № 2

А) Ковалентті полюссіз байланыс дегеніміз не?

Ә) Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар: H2SO4, O2, CI2O7, SO2, B2O7, CI2


  1. Ой қозғау: «Жедел жауап»

  • Сутегіндегі протон саны

  • Периодтық жүйедегі элементтер саны

  • Периодтық жүйені ұсынған

  • Бейорганикалық қосылыстардың класс саны

  • Электртерістілік деп

  • Оттегіндегі нейтрон саны






Жаңа сабақ

Мағынаны тану(түсіну):

Иондық байланыс деп – иондар арасындағы байланысты айтады. Металл мен бейметалл арасында түзіледі.

Ион – бұл электрон беру немесе алу нәтижесінде түзілетін зарядталған бөлшек.

Мысалы: Ас тұзы NаСІ қарастырайық:



Электрондарын беретін бөлшек оң ионға айналады (катион).

Электрондарын беретін бөлшек теріс ионға (анион) айналады.

1916 жылы неміс ғалымы Коссель ұсынды. Өзінің сыртқы валенттік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар терісзарядты анионындарға айналады.Түзілген иондар біріне-бірі Кулон заңы бойынша тартылысып.иондық байланыс түзіледі

Na0 + F 0 → Na + F-

Na0 + Cl02 → Na+ + Cl -

K 0 + Cl20 → K +Cl-
Сыныппен жұмыс:

№ 1


Химиялық пирамиданың шыңына шығу жолы – қосылыстардағы ионды химиялық байланыс. Осы заттардағы байланыстың түзілу сызбасын сызыңдар.

№ 2


Барлығы ионды байланыспен түзілген заттардан тұратын тік, көлденең немесе қиғаш жолақты табыңдар. Осы заттардағы ионды байланыстың түзілу жолын сызыңдар.




Жеке жұмыс

(сабақты бекіту):


Өздік жұмыс

Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар:

NO, HF,O2, CO2, CI2, FeCI3, NaCI, KBr, CaO, C3N, AlCI3, NH3, CaF3, H2, CH4


  1. Электртерістілік - бұл …….

  2. Ковалентті полюсті байланыс – бұл …..

  3. Ковалентті полюссіз байланыс – бұл …..

  4. Электртерістілігі ең жоғары элемент - …….

  5. Ковалентті байланысы бар заттардың кристалдық торы қандай болады?

  6. Мына заттардан ковалентті полюсті байланысты заттарды теріп жазыңдар:

HCl, O2, H2S, SO2, OF2, Br2, H2, PCl3, CH4



Кейінгі тапсырмалар

Венн диаграммасы: Иондық және ковалентті байланыс

Белсенді оқушыларға тағы да жеке тапсырмалар беруге болады



Бағалау

- сабаққа қатысқан оқушылар мен жалпы сыныптың жұмысына баға беру;

- оқушылар білімін бағалау мен баға қою.


Үйге тапсырма

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты, мазмұны мен орындалу жолының түсінікті болуын қамтамасыз ету;

1. Үйге: §3.4, №7,9

2. Күнделікке жазуларын қадағалау













Каталог: uploads -> doc -> 0345
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0345 -> Қолбашы қоғам қайраткері
0345 -> Сабақ тақырыбы: Іс қағаздар стилі Жалпы мақсат
0345 -> Блум таксономиясын химия пәнінде қолданудың тиімділігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет