Сабақ атауы 1 Д. И. Менделеев жасаған химикалық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы Сілтеме



бет2/4
Дата24.07.2017
өлшемі1,15 Mb.
#21953
түріСабақ
1   2   3   4
§2.3. 5-9 тапсырмалар



Сыныбы:

10

Пәні:

Химия

Тақырып:

§2.4. Энергетикалық деңгейлердің құрылысы

§2.5. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымын негіздеу



Түйінді идеялар:

Электрондық орбитальдардың пішіні әртүрлі, олар кеңістікте түрліше орналасып, энергетикалық деңгейлердің s, p, d, f - деңгейшелерін түзеді.


Мақсаты:

Білу, түсіну: электрондық деңгейдің құрылысымен танысу, паули принципі, квант саны түсініктерімен танысу, әр элементтің электрондық қауыз моделін түсіну

Қолдану: атомдағы электрондық орбитальдардың толтырылуын нақты мысалдармен түсіндіру



Көрнекілік:

Интерактивті тақта, химиялық суреттер, постерлер, периодтық кесте, ноутбук,интернет ресурстары,бейнефильмдер

Әдіс-тәсіл:

Сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, өзара бағалау, талантты, дарынды оқушыларды анықтау

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдап, толықтырып, өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалды қалыптастырады, критерий арқылы бағалай алады, қатемен жұмыс жасайды, ортақ қорытынды шығарады.

Тапсырмалар:

Мұғалім іс-әрекеті:

  1. Ынтымақтастық атмосферасын құру

  2. Топтарға бөлу

  3. Мәтінмен жұмыс: тапсырма үлестіреді, бақылайды, бағыт береді

  4. Бағалау түрін анықтайды

  5. Тапсырма үлестіреді, бағыт береді

  6. Жалпы сабақтың барысын бақылауда ұстайды

Оқушының іс-әрекеті:

  1. Топқа бөлінеді, топ басшысын анықтайды

  2. Мәтінмен жұмыс жасап, постерлерді қорғайды

  3. Жұптық жұмыс, өзара бағалау

  4. Диалог әдісімен өзіндік пікірін білдіреді, бағалайды, оны негіздейді, ұсыныс жасайды

  5. Жеке жұмыс, өз-өзін бағалау

  6. Оқулық, қосымша мәлімет жинау, неге деген ашық сұрақтарға ойланып жауап береді, сурет салады

  7. Қиын тапсырмалар орындайды, жұмыс дәптерін толтырады

  8. Кері байланыс парағын толтырады

Сабақтың барысы:




Ұйымдастыру:

  1. Ынтымақтастық атмосферасын құру

  2. Сабаққа дайындықтарын сұрау

  3. Топқа бөлу: химиялық лабораториялық суреттер арқылы

Тақырыпты ашу(білу):

N L M S P тақтадағы осы әріптер арқылы бұрынғы білімдеріне сүйеніп тақырыпты ашады

Сергіту сәті

сергіту сәтін жүргіземін. Оқушылар с, п, д, ф әріптерінен келетін тілектерді бір-біріне жазады, одан соң мен s, p, d, f формулалары жазылған қағаздарды оқушыларға таратамын, солай оларды 4 топқа бөлемін

Мағынаны тану(түсіну):

Топтық жұмыс, постерлер қорғау,топтарды критерий арқылы бағалау

Топтық жұмыс, постерлер қорғау,топтарды критерий арқылы бағалау. s- ті алғандар s элементтердің толтырылуын, p-ны алғандар p-ның толтырылуын,d-ны алғандар d элементтердің толтырылуын, f-ті алғандар f элементтердің толтырылуын түсіндіреді, топтар мәтіндерін қорғап болған соң, бағалау түрін жүргізеді



Топтық жұмыс(Қолдану):

Әр топ ішінен жұптарға бөлу қажет, оны сіз сабақтың мақсаты мен қандай нәтиже күтесіз, соған орай жасауға болады. Әр түрлі деңгейлі немесе бір деңгейлі оқушыларды жұптастыра аласыз. Оларға тапсырма ретінде 5 элементтің электрондық, графиктік формулаларын жазу тапсырмасы беріледі, жұмыс орындалып болған соң, жұптар жұмыстарын алмастырып, бір-бірлерін тексере алады.

Жұптық жұмыс(талдау):

Периодтық кестемен жұмыс :элементтерді салыстыру, күкірт элементін s, p, d –элементтерінің бір түрлерімен салыстыру арқылы талдау, бұл кезде жұптарда бір-бірін дұрыс, дұрыс емес тәсілімен бағалау жүреді

Жеке жұмыс(жинақтау)

1. Қай элемент атомының: а) 3-деңгейдің р-деңгейшесі толтырылады, ә) бірінші d орбиталь толтырыла бастайды, б) 3-деңгейдің d-орбиталының толтырылуы аяқталады?

2. Егер химиялық элемент: а)екінші периодта; ә) үшінші периодта орналасқан болса, қайсысының атомының сыртқы электрондық деңгейінде 5¯е болады?

3. Mg, Si, P,Ar атомдарының электрондық және графиктік формулаларын жазыңдар.

4. Элементтің электрондық формуласы ...3 s2, 3p4. Бұл қандай элемент екенін анықтап, оған тән қасиеттерді сипаттаңдар.

5. Элементтің сыртқы энергетикалық деңгейінің құрылысы мынадай:

3 s2, 3p1. Бұл қай элемент?

Берілген уақыт біткен соң оқушылар жұмыстарын алмастырып, бір-бірін тақтадағы дұрыс жауаптармен тексереді


Жеке жұмыс(Бағалау)

Үш түрлі тапсырма беру, жұмыс дәптерін беру, оқушыларды жауаптарын екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау

Сабақтың тақырыбы: §2.6. “Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесі. Атом құрылысы”

Сабақтың мақсаты:

  • Білу, түсіну – Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша меңгерген білімдерін, игерген дағдысын, білігін анықтау арқылы білімін жүйелеу, қайталау, тексеру

  • Талдау, жинақтау– Оқушылардың сараптау, талдау, анализдеу, өз ойларын толық айту, ой-өрісін дамыту,өз бетінше жұмыс істей білуге, пәндік, ақпараттық, комуникативтік құзыреттіліктерін дағдыландыру.

Тәрбиелік - Алған білімдерін қолдана білуді үйрету, жауапкершілікке, сыныпты өзіне баулуды, бір-бірінің жауаптарын тыңдауға, зейінді болуға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

  • Сабақтың түрі: Білімді тексеру сабағы

  • Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, Химиялық бәйге”, ”Сиқырлы сандар”, ”Қатені тап”, “Тіл сындырайық”, “Қалауың білсін”, “Химиялық эстафета”, “Төртінші артық” ойындары, шпаргалка.

  • Сабақтың техникалық жабдықталуы: Интерактивтік тақта

  • Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, сызбанұсқалар, периодтық жүйе

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың, оқушылардың дайындығы

  • Білім тексеру кезеңі

Сөзжұмбақ

Химиялық бәйге



Қатені тап

Төртінші артық

Қателеспе

Химиялық эстафета

Тіл сындырайық

Сиқырлы сандар

Қалауың білсін

Қатені тап

Айқыштар мен нөлдер


  • Қорытынды

  • Оқушыларды бағалау

  • Үйге тапсырма

Қайталау

Сыныпты бірнеше топтарға бөліп, тарауды қайталап, пысықтау мақсатында жарыс түрінде де өткізуге болады.





















 

 



















 2

 

 

 

 

 












 

 

 

 



















 4

 

 

 

 






 

 

 

 

 
















  1. Атомдардың бір түрінен тұратын зат

  2. Элементтердің алғашқы жіктелуі: бейметалл мен ...

  3. Элементтердің жазылуы

  4. Суда еритін негіздер

  5. Атом саны

Химиялық бәйге:

  1. Периодтық жүйені ашқан ғалым Бутлеров

  2. Периодтық жүйе элементтердің таңбалары негізінде ашылған

  3. Период саны 8

  4. Кіші периодта 18 элемент орналасқан

  5. 7-период үлкен период

  6. Литий үлкен периодта орналасқан

  7. Қасиеттері ұқсас элементтер біріктірілген сегіз тік бағанан топ деп аталады

  8. Топ 2 топшаға бөлінеді

  9. Элементтің атомдық массасынан протон санын азайтып нейтрон санын анықтауға болады

  10. Электрон саны реттік нөміріне тең

  11. Электрон түрі (пішіні) 4

  12. s-электрон саны 1-3

  13. d-электрондар 3 ұяшықта орналасады

  14. f- электрон түрі (пішіні) шар тәрізді

Қатені тап:

1. Сілтілік металдан басталып, инертті газбен аяқталатын атомдық массаларының кему реті бойынша орналасқан қатарды топ деп атайды.

2. Периодта элементтердің сол жақтан оң жаққа қарай металдық қасиеттері күшейеді, бейметалдық қасиеттері әлсірейді.

Артығын тап:

А) H, He, Ne, Ar

Ә) H, Li, Be, B

Б) Fe, Co, Ni, Ar

В) F, Cl, Mn, Br

Қателеспе:

Көп нүктенің орнын толтыр нейтрон

ядро


................

Атом


қауыз ................
) Элементтің реттік нөмірі =

зарядына сан cан

= =

------------- ------- -------


Химиялық эстафета:

1) Көрсетілген элементтер атомдарының құрамындағы протон, нейтрон, электрон санын анықтаңдар




Элемент атаулары

Протон, р

Нейтрон, n

Электрон, е

Бор

Бром


Калий

Мырыш


Оттек

Фтор


Хлор










2)Мына таңбалармен берілген элемент атомдарының ядро зарядтарын анықтаңдар:



Cu, Ca, O, H,

Si, Pb, Sn.

3) Калий атомының ядросындағы протон саны

А) 21 Ә) 18 Б) 20

В) 39 Г) 19

4) Ядросында 30 протоны бар элемент

А) мыс


Ә) мырыш

Б) магний

В) қалайы

Г) қорғасын


5) Ядросында 11 протоны бар элемент

А) Cu Ә) К

Б) Na В) B

Г) Br


6) Кестені толтыр

Элемент атауы

Жалпы электрон саны

Электрон-дық деңгей саны

Ең соңғы деңгейдегі электрон саны

Көміртек

Азот


Aлюминий

Барий


Франций

Сынап










Тіл сындырайық:

1. Өзім газбын, менімен демаласың,

жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.

2. Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыдан басталады.

3. Машина мен трактордың шикізаты,

Қара металургияның негізгі наны.

4. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады.

5. Тамақтан уланғанда қабылдайтын қара дәрі.

6. Адам бойының өсуіне әсері бар элемент.

7. Жүйкені тыныштандыратын дәрі құрамына кіретін элемент.

8. Өмір мен ойдың элементі.

9. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды?

Сиқырлы сандар:





  • 2е, 8е, 6е

  • 2е, 8е, 15е, 2е

Қалауың білсін






Химия-лық элемент

Таңба-сы

Оқылуы

Ядро заряды немесе электрондық формуласы

Электрондар-дың орналасуы

1




Mg










2










+17




3







станум







4










1s2 2s2 2p6 3s2 3p63d54s1




5

күкірт













6




Ne










7







силициум












Be




N

Si













Al




Na

C













Cl




Mg

Ge

Қорытынды


Периодтық заң мен периодтық жүйенің маңызы

  • ХХ ғасырдағы химия мен физиканың барлық жаңалықтарының ашылуына алғашқы көзі

  • Биохимия, геохимия, ғарыш химиясы, биология, атомдық және ядролық физика, химиялық технологияның, металургияның, медицинаның, т.б. көптеген ғылым саласының дамуына қосқан үлесі бар

  • Элементті танып-білудің кілті

  • Элементтердің атом құрылысын анықтауға жол ашты

  • Белгілі бір қасиеті бар заттарды алуды жүзеге асырды

  • Жаңа элементтерді синтездеуді жүзеге асырды

  • Элементтердің қасиеттерін, оларды практикада қолданылуы дәл болжанған

  • Радиоизотоптар, олардың қолдану салаларын ашты

  • Табиғаттың құпиясын түсінудің кілті болды

Рефлексия

Бағалау


Үйге тапсырма: эссе жазу


6 сабақ






Химия

10 сыныбы



Сабақ тақырыбы:

§2.7.Д.И.Менделеевтің периодтық заңының және химиялық элементтердің периодтық жүйесінің маңызы

§2.8.Элементтердің периодты түрде өзгеретін қасиеттері



Сілтеме:

10 сынып оқулығы ( жаратылыстану- математикалық бағыт) ,

Жалпы мақсаттар:

Білу, түсіну:атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістік ұғымдарымен танысу, түсіну

Қолдану: атом құрылысы тұрғысынан металдық, бейметалдық қасиеттердің болуын түсіндіру

Күтілетін нәтижесі

Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдап, толықтырып, өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалды қалыптастырады, критерий арқылы бағалай алады, қатемен жұмыс жасайды, ортақ қорытынды шығарады.

Түйінді идеялар

Электрондың қауыздың құрылысына байланысты атомдардың барлық қасиеттері периодты өзгереді. Ұқсас элементтердің электрондық деңгейінің саны ядро зарядының өсуіне сай артады, осыған орай қасиеттері жай қайталанбайды, олар периодтық заңдылықпен өзгереді


Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі

Сабақтың көрнекілігі

Периодтық кесте, интерактивті тақта, слайдтар, постерлер

Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқушылармен сәлемдесу , түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу элементер таңбасы арқылы

  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады

Мұғалім іс-әрекеті:


1. ынтымақтастық атмосферасын құру

2. Топтарға бөлу

3. Мәтінмен жұмыс: тапсырма үлестіреді, бақылайды, бағыт береді

4. Бағалау түрін анықтайды

5. Тапсырма үлестіреді, бағыт береді

6.Жалпы сабақтың барысын бақылауда ұстайды

Оқушының іс-әрекеті:

1. Топқа бөлінеді, топ басшысын анықтайды

2. Мәтінмен жұмыс жасап, постерлерді қорғайды

3. Жұптық жұмыс, өзара бағалау

4. Диалог әдісімен өзіндік пікірін білдіреді, бағалайды, оны негіздейді, ұсыныс жасайды

5. Жеке жұмыс, өз-өзін бағалау

6. Оқулық, қосымша мәлімет жинау, неге деген ашық сұрақтарға ойланып жауап береді, сурет салады

7. Қиын тапсырмалар орындайды, жұмыс дәптерін толтырады

8. Кері байланыс парағын толтырады


Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын құру

Сабаққа дайындықтарын сұрау

Топқа бөлу: химиялық лабораториялық суреттер арқылы


Тақырыпты ашу(білу):

Слайдта түрлі элементтердің таңбалары беріледі,ішінде металдар да, бейметалдар да бар.Оның не мақсатпен, неліктен көрсетіп отырғанымды сұрау. Оқушылар жауаптарын береді, мен оларды формативті бағалау үшін жұлдызшалар таратамын.

Содан соң сергіту сәтін жүргіземін. Оқушылар сәл билеп алады, суреттер қиындыларын жинақтау арқылы топтарына жайғасады.




Жаңа сабақ

Мағынаны тану(түсіну):

Топтық жұмыс, постерлер қорғау,топтарды критерий арқылы бағалау. Атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістік сөздері бар қағаздарды таратып беремін, сондағы тақырыпшалар арқылы оқушылар мәтінге дайындалады. Уақыт аяқталған соң мәтінді қорғап, бағалайды. тақырып қиындау болған соң мұғалім міндетті түрде бекітіп, түсініксіз жерлерін ұғындыруы қажет.2-20, 2-21, 2-22 суреттерімен, 2.4-кестемен жұмыс жасалуы керек.






Топтар

периодтар қатарлар

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Ү

ҮІ

ҮІІ

ҮІІІ

1

1

Н-2,1






















2

2

Li - 1,0

Be - 1,5

B - 2,0

C - 2,5

N - 3,0

O - 3,5

F - 4,0




3

3

Na - 0,9

Mg - 1,2

Al - 1,5

Si - 1,8

P - 2,2

S-2,5

Cl-3,0




4

4

K-0,8

Ca-1,0










Cr-1,7

Br-2,8

Fe-1,8




5




Zn-1,6



















5

6

Rb-0,8

Sr-0,9













I-2,5







7

Cs-0,7

Ba-0,8






















Жеке жұмыс

(сабақты бекіту):


Есептер жинағынан жеке оқушыларға тапсырмалар беруге болады

1. Элементтердің қандай қасиеттері периодты өзгереді? ІІ және ІІІ период элементтерін мысалға алып түсіндір

2. Неліктен электртерістік өзгереді?

3. Атом құрылысы тұрғысынан қандай элементте бейметалдық қасиет анық байқалады? а) N және As; ә) C және Si

4. Атом құрылысы тұрғысынан қандай элементте металдық қасиет анық байқалады? а)Са және Zn; ә) Sr және Сd

5. Қасиеттері бойынша күрт ерекшеленетін екі элементті атаңдар: а) бір топта; ә)бір периодта. Оның себебін түсіндіріңдер

Осы тапсырмаларға қосымша деңгейі жоғары оқушыларға ҰБТ-ға дайындық сұрақтарын талдауға беруге болады.


Кейінгі тапсырмалар

1) Н-тен Ne-ға дейінгі элемент атомдары құрылыстарының сапалық өзгеруі мен сандық өзгерістерін салыстыру және сандық өзгерістер (сыртқы электрондық қабаттағы сан) сапалыққа (элементтермен түзілген жәй заттар мен қосылыстардың қасиеттерінің сипаты) көшетіндігі туралы қорытынды жасау;

2) электрон қабаттары тұрғысынан қасиеттер өзгерісінің тез секіруін түсіндіру(галогеннің Ғ инертті газбен Ne ауысуы, инертті элементтің сілтілік металмен Na ауысуы). сандық өзгерістер сапалық өзгеріске сыртқы электрон деңгейі аяқталғанда (Ғ- Ne) және жаңа деңгей пайда болғанда секірмелі түрде ауысады.



Бағалау

Формативті бағалау : екі жұлдыз,бір ұсыныс.

Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына Критерий арқылы бағалайды




Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма

§2.7. 3-6 тапсырмалар

§2.8. 8 тапсырма

Каталог: uploads -> doc -> 0345
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0345 -> Қолбашы қоғам қайраткері
0345 -> Сабақ тақырыбы: Іс қағаздар стилі Жалпы мақсат
0345 -> Блум таксономиясын химия пәнінде қолданудың тиімділігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет