Сабақ атауы 1 Д. И. Менделеев жасаған химикалық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы Сілтеме



бет4/4
Дата24.07.2017
өлшемі1,15 Mb.
#21953
түріСабақ
1   2   3   4



14 сабақ






Химия

10 сыныбы



Сабақ тақырыбы:

§3.5.Металдық байланыс

§3.6.Сутектік байланыс



Сілтеме:

10 сынып оқулығы ( жаратылыстану- математикалық бағыт) ,

Жалпы мақсаттар:

Оқушылардың ковалентті байланыстың түрлері, элемент атомдарының терісэлектрлік түсінігін қолданудағы шеберлігі мен дағдыларын арттыру. Ионды байланыс табиғаты туралы түсінік беру. Ионды қосылыстар түзілуінің сызбанұсқасы мен химиялық реакция теңдеулерін құруға үйрету.

Күтілетін нәтижесі

Сутектік байланыс түзу үшін қандай жағдайлар қажет екенін түсінеді.

Металдық байланыстың пайда болу жағдайын біледі



Түйінді идеялар

Металдық байланыстың көмегімен металдардың қаттылығы, электрөткізгіштігі, жылуөткізгіштігі, созылғыштығы, иілгіштігі түсіндіріледі. Сутектік байланыс арқылы сұйық және қатты сулардың ассоциациясы және молекулалардың реттеле орналасуы түсіндіріледі

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі

Сабақтың көрнекілігі

Периодтық кесте, интерактивті тақта, слайдтар, постерлер

Ұйымдастыру кезеңі


- оқушыларды түгендеу

- құрал-жабдықтрын даярлау

- сергіту сәті(жеміс-жидектер тарату арқылы топтарға бөлу)


Өткен тақырыпты қайталау

Оқушыларға пластилин немесе химия кабинетіндегі шариктерді беру арқылы жалпы байланыстың түрлерін қалай түсінгендіктерін білу





Жаңа сабақ

Мағынаны тану(түсіну):

Сыныпты екі топқа бөлуге болады:сутектік және металдық деп, әр топ мәтінді қорғайды, соңында мұғалім тағы бір пысықтау жұмыстарын жүргізеді



Жеке жұмыс

(сабақты бекіту):





  1. Төменде көрсетілген заттардың ковалентті полюсті, ковалентті полюссіз және ионды байланысты заттардың формулаларын теріп, бөліп жаз: H2, РН3, NaI, ZnF2, Br2, H2S, H2O, CaCl2, HBr, O2, N2, AlCl3.

  2. Натрий хлориді мен хлорсутегі молекулалары мысалында ионды және ковалентті полюсті байланыстар түзілуінің ұқсастығы мен айырмашылығын белгілеңдер.

  3. Галогенсутектері қатарында НҒ, НСl, HBr байланыстың полюстілігі қалай өзгереді? Жауабыңа түсінік бер.

  4. Төмендегі қосылу реакциясы теңдеуін құрастыр және металл атомынан бейметалға қанша электрон өткенін белгіле:

а) Li + O2 → б) Cs + S →

ә) Ca + F2 в) Na + F2



  1. Төмендегі элементтер атомы мен ионның құрылысын салыстыр:

Na+ және Na0 Mg2+ және Mg0 N3- және N0

S2- және S0 S2- және S0




Кейінгі тапсырмалар

Тірі организмдер үшін сутектік байланыстың маңыздылығын баянда

Бағалау

Формативті бағалауды жинап, суммативті бағалау жүргізуге болады

- сабаққа қатысқан оқушылар мен жалпы сыныптың жұмысына баға беру;

- сабақтың жетістігі мен кемшілігін анықтау;

- оқушылар білімін бағалау мен баға қою.




Кері байланыс

- мұғалім мен оқушы арасында түсіністік;

оқушылардың өздерін ұстай білуі мен басқалармен дұрыс қарым-қатынаста болуы;

Сабақ сіздерге қызықты болды ма?Алған білімнің маңыздылығы неде?


Үйге тапсырма

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты, мазмұны мен орындалу жолының түсінікті болуын қамтамасыз ету;

1. Үйге: §3.5-§3.6,реферат қорғау

2. Күнделікке жазуларын қадағалау



15 сабақ - 316 беттегі лабораториялық тәжірибе



Тақырыбы: Әр түрлі кристалдық торы бар заттардың қасиеттері

Мақсаты:

Қолдану: жалпы байланыс түрлері туралы оқушылардың қалай түсінгендіктерін пысықтау

Құрал-жабдықтар: пластилан немесе химиялық құрастырмалы шарлар

Сабақтың түрі: зертханалық

Ұйымдастыру:

- оқушылрды, олардың құралдарын тексеру

- зертханалық дәптерлерін тексеру

Сергіту сәті: би билеу

Зертханалық жұмысқа кірісер алдында интернет желісі арқылы байланыс түрлеріне видео көрсетемін.



Не істеу керек

Не байқадым

Қорытынды

Тапсырма

4 сынауыққа шамамен 0,5г-нан әр заттан:кристалдық ас тұзы, өзен құмы, қант, кристалдық йод саламыз.Қант және йоды бар сынауықтарды мақтамен жабамыз.Сынауықтарды 2-3 минут жанарғы жалынында қыздырамыз.







Иондық, атомдық, молекулалық кристалдық торы бар заттардың қыздыруға қатынасын зерттеңдер

Егер мектептерде қажетті құралдар болмаса виртуалды зертхана арқала да көрсетуге болады. Оқушы жұмысты жұппен орындап, содан соң қорытындысын жеке жазуға болады, сабақ соңында жұмыс жиналып, бағаланадыСабақ соңында оқушылар үлгерсе сабақта тест жұмысын орындауға болад

Бекітемін

Күні.21.11.16

16 сабақ






Химия

10 сыныбы



Сабақ тақырыбы:

Тұздар гидролизі

Сілтеме:

10 сынып оқулығы

Жалпы мақсаттар:

Оқушыларға молекулалық, атомдық және иондык кристалл торлары туралы түсінік беру, заттардың қасиеттері кристалл торлардың түріне байланысты екенін және кристалл торлардың әр түріне химиялық байланыстың қандай түрі сәйкес келетінін түсіндіру.


Күтілетін нәтижесі

Тарауды қорытындылау, білімдерін пысықтау

Түйінді идеялар

Тұздар жайлы мәліметтерді салыстыра отырып қорыту

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі

Сабақтың көрнекілігі

Периодтық кесте.

Ұйымдастыру кезеңі


- сабақта қалыпты жұмыс істеуге жағдай жасау;

- оқушыларды психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау;

- сәлемдесу;

- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

- балалардың назарын сабаққа аудару;

- сабақтың мақсатын айқындау;

- сабақты өту жоспарымен таныстыру; (1-2 минут)


Өткен тақырыпты қайталау

1. Мына косылыстардағы байланыстардың түрін анықта: MgCI2,Br2, HCI, CCI4, NaCI, SO2.



2. Мына қосылыстардың қайсысында иондық байланыс бар: калий хлориді, фосфор (V) оксиді, күкіртсутегі, натрий фториді.



Қ ұ р а л – ж а б д ы қ т а р:

Тұздардың түрлері

Жаңа сабақ

Мағынаны тану(түсіну):

Жаңа сабақты түсіндіру.Гидролизге тұз ерітінділері түседі. Сондықтан тұздардың сулы ерітінділерінде рН мәні әр түрлі болады және әр түрлі орта көрсетеді :

  • Қышқылдық (рН<7).

  • Сілтілік (рН>7).

  • Бейтарап (рН=7).

Кез келген тұзды негіздердің қышқылдармен әрекеттесу өнімі ретінде қарауға болады.

Негіздер мен қышқылдардың күшіне байланысты тұздарды 4 типке бөлуге болады:

1. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілетін тұздар. (КСN, NaCH3COO).

2. Күшті қышқыл мен әлсіз негізден түзілетін тұздар (СuCl2, FeSO4, Mn(NO3)2.)

3. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілетін тұздар

(NH4CN, Cu(CH3COO)2).

4. Күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілетін тұздар

(NaCl, K2SO4, BaI2).
Қатты з NaCN + Н2О ↔ NaOH + HCN

NaCN ↔Na+ + CN

Н2О ↔ OH + H+

Гидролиздің толық иондық теңдеуі:

Na+ + CN¯ + Н2О ↔ Na+ + OH¯ + HCN

Гидролиздің қысқартылған теңдеуі:

CN¯ + Н2О ↔ OH¯ + HCN

рн >7, сілтілік орта, гидролиз анион бойынша.

Гидролиз катион бойынша және анион бойынша.


  1. Химиялық тепе теңдік оңға ығысқан.

  2. Реакция ортасы қышқыл мен негіздің диссоциация константысына байланысты не бейтарап, не әлсіз қышқылдық немесе әлсіз сілтілік болады.

  3. Егер реакция өнімдерінің бірі реакция ортасынан шығатын болса, гидролиз қайтымсыз болуы мүмкін.

КСl + H2O ↔

КСl ↔ К + + Сl¯

Н2О ↔ OH¯ + H +

Барлық иондар ерітіндіде қалады – гидролиз жүрмейді. Орта бейтарап, рН =7, яғни ерітіндіде сутегі катиондары мен гидроксид аниондарының концентрациясы бірдей



3.Молекулалық

F2

CI2

Br2

I2

HF

HCI



HBr

HI

-223

-100


-7,2

113,5
-114,2

-92

-87


-50,8

-187


-34

58,75


184,5
-99,9

-84,9


-66,7

-35,3

1,11

1,56


3,12

4,93
0,98

1,19

2,16


2,8

Газ тәрізді немесе ұшқыш заттар.

( кристалл торларының серіктігі фторға қарай төмендейді)


Молекулалық кристалл торлы заттар қаттылығының төмендігімен, ұшқыштығымен, қайнау ж/е балқу температураларының төмендігімен ерекшеленеді.



Жеке жұмыс

(сабақты бекіту):


1. Иондық молекулалық және атомдық кристал торлардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

2. Тұздардың физикалық қасиеттері қандай?

3. Атомдық,молекулалық заттардың физикалық қасиеттері қандай?

4.Кристалл торларының әр түріне екіден мысал келтір



Кейінгі тапсырмалар

Оқушыларға байланыстың түрлері бойынша бөлініп берілген тапсырмалар бойынша рефераттар қорғау

Бағалау

Формативті бағалауды жинап, суммативті бағалау жүргізуге болады

- сабаққа қатысқан оқушылар мен жалпы сыныптың жұмысына баға беру;

- сабақтың жетістігі мен кемшілігін анықтау;

- оқушылар білімін бағалау мен баға қою.




Кері байланыс

- мұғалім мен оқушы арасында түсіністік;

оқушылардың өздерін ұстай білуі мен басқалармен дұрыс қарым-қатынаста болуы;

Сабақ сіздерге қызықты болды ма?Алған білімнің маңыздылығы неде?


Үйге тапсырма

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты, мазмұны мен орындалу жолының түсінікті болуын қамтамасыз ету;

1. Үйге: §3.3, №2-3

2. Күнделікке жазуларын қадағалау




17 сабақ - есептер шығару

18 сабақ- бақылау жұмысы



Бекітемін:

Күні .30.11.16

19 сабақ






Химия

10 сыныбы



Сабақ тақырыбы:

§4.1.Химиялық реакцияның жылдамдығы


Жалпы мақсаттар:

Білу, түсіну: химиялық реакциялардың жылдамдығы туралы білімді тереңдету және жүйелеу;

Қолдану: химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторларды түсіну; әрекетесуші массалар заңын тұжырымдау.

Күтілетін нәтижесі

Гомогенді, гетерогенді жүйелер туралы түсінеді

Түйінді идеялар

Химиялық реакциялар әр түрлі жылдамдықпен жүреді


Сабақтың әдісі

Топтық, жұптық, жеке, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, виртуалды зертхана, периодтық кесте, интернет желісі

Ұйымдастыру кезеңі


- оқушыларды және олардың құралдарын тексеру

  • - сергіту сәті (2минут): шеңбер түзе отырып, химиялық реакция типтерін қайталау

- топтарға бөлу: тақырыптағы кішкентай мәтіндердің атын жазып, соны таңдау арқылы топтарға бөлу және сол тақырыптармен топта жұмыс жасау

Өткен тақырыпты қайталау

  1. жаңа тарау және жаңа тоқсан болғандықтан бірден жаңа материалды игеруден бастау

Жаңа сабақ

Мағынаны тану(түсіну):

Сыныпты гомогенді және гетерогенді деп екіге бөлуге болады.Олар өз тақырыптарын қорғайды.

Жеке жұмыс

(сабақты бекіту):


Виртуалды зертханамен жұмыс. Әр мектепте сонда тапсырмасы және артынан тест тапсырмалары берілген

Бағалау





Сыныбы:

10

Сабақ реті

20

Пәні:

Химия

Тақырып:

§4.2.Химиялық реакцияның жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсері

§4.3.Химиялық реакцияға өршіткінің әсері



Түйінді идеялар:

Температураның, концентрацияның, әрекеттесуші заттар табиғатының химиялық реакцияның жүруіне әсерін біледі

Мақсаты:

Білу, түсіну: Химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның, температураның, катализатордың әсерін қарастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың негізгісін бөліп алу, қорытындылау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық белсенділіктері мен ой - өрісін дамытып, шығармашы-лыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.



Көрнекілік:

Интерактивті тақта, химиялық суреттер, постерлер, периодтық кесте, ноутбук,интернет ресурстары,бейнефильмдер

Әдіс-тәсіл:

Сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, өзара бағалау, талантты, дарынды оқушыларды анықтау

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдап, толықтырып, өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалды қалыптастырады, критерий арқылы бағалай алады, қатемен жұмыс жасайды, ортақ қорытынды шығарады.

Тапсырмалар:

Мұғалім іс-әрекеті:

  1. Ынтымақтастық атмосферасын құру

  2. Топтарға бөлу

  3. Мәтінмен жұмыс: тапсырма үлестіреді, бақылайды, бағыт береді

  4. Бағалау түрін анықтайды

  5. Тапсырма үлестіреді, бағыт береді

  6. Жалпы сабақтың барысын бақылауда ұстайды

Оқушының іс-әрекеті:

  1. Топқа бөлінеді, топ басшысын анықтайды

  2. Мәтінмен жұмыс жасап, постерлерді қорғайды

  3. Жұптық жұмыс, өзара бағалау

  4. Диалог әдісімен өзіндік пікірін білдіреді, бағалайды, оны негіздейді, ұсыныс жасайды

  5. Жеке жұмыс, өз-өзін бағалау

  6. Оқулық, қосымша мәлімет жинау, неге деген ашық сұрақтарға ойланып жауап береді, сурет салады

  7. Қиын тапсырмалар орындайды, жұмыс дәптерін толтырады

  8. Кері байланыс парағын толтырады

Сабақтың барысы:




Ұйымдастыру:

  1. Ынтымақтастық атмосферасын құру

  2. Сабаққа дайындықтарын сұрау

  3. Топқа бөлу: химиялық лабораториялық суреттер арқылы

Үй тапсырмасын тексеру:

1. Қайтымды, қайтымсыз реакциялар дегеніміз не?

2. Химиялық тепе-теңдік деген не?

3. Тепе-теңдік константасы, оның маңызы

4. Химиялық кинетика нені зерттейді?

5. Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз не?

6. Гомогенді және гетерогенді жүйелер деп қандай жүйелерді айтады?

7 .Гомогенді ортада жүретін реакциялардың жылдамдығын қалай анықтайды?

8. Гетерогенді ортада жүретін реакциялардың жылдамдығын қалай анықтайды?

ІІ. Есептер шығару:

№1. Химиялық реакция А + В = С теңдеуі бойынша жүреді. Тәжірибе нәтижелері мынадай:




зат

Концентрация

бастапқы

30 мин кейін

А

В

С



2,7 моль/л

2,5 моль/л

0


2,5 моль/л

?

?


Мына: а) кестеде сұрақ белгісі қойылған концентрацияларды, б) берілген уақыттағы реакцияның орташа жүру жылдамдығын есептеп табыңдар.

№2. . Әрбір қайтымды реакциялар үшін тепе-теңдік константасының теңдеуін жазыңдар:

а) 2H2(г) + O2(г) ↔ 2H2O(г);

б) 2SO2(г) + O2(г) ↔ 2SO3(г);

в) С(к) + СO2(г) ↔ 2СO(г);

г) CaСO3(к) ↔ CaO(к) + СO2(г)







Мағынаны тану(түсіну):

Жаңа сабақ: ол үшін оқушылар топтарға бөлінеді.

  • 1-топ: әрекеттесуші заттар табиғатының әсері

  • 2-топ: концентрацияның әсері

  • 3-топ: температураның әсері

Осы тақырыптарды оқушыларға таратамыз да, бірдей тақырып жинағандар бір топқа жайғасуларын сұраймыз. егер сіздерде қосымша топтар болса, мына тақырыптарды да беруге болады, ол үшін АКТ түрлерін пайдалансаңыздар болады:

Осыдан соң оқушылар мәтіндерімен жұмыс жасайды. Оларға бағалау түрін бересіз. Дайындыққа берілген уақыт біткен соң оқушылар постерлерін қорғайды, оларды келесі топтар бағалайды



Топтық жұмыс(Қолдану):

Тәжірибе: Мырыш тұйіршігін фосфор қышқылмен әрекеттескенде қандай құбылыс пайда болады? егер температураны артырсақ реакция жылдамдығы қалай өзгереді?




Реакция теңдеуі

Реакция жылдамдығы

Байқалған құбылыс

Қалыпты

температурада












Температураны жоғарлатқанда









Екі сынауық алып, біреуіне магний , екіншісіне темір ұнтақтарының бірдей мөлшерін саламыз. Екеуіне 10мл-ден тұз қышқылын құямыз. Магний құйылған сынауықта реакция шабытты, бірден жүреді. Ал, темір ұнтақтары салынған сынауықта реакция баяу жүреді. Магнийдің химиялық белсенділігі жоғары болғандықтан, реакция тез, әрі шабытты жүреді.

Қорытынды: реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттардың табиғатына тәуелді болады.

тәжірибе Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентра-циясына тәуелділігі.

а) 0,1Н натрий тиосульфаты (Na2S2O3) ерітіндісіне 0,1H H2SO4 ерітіндісін қосыңыздар. Натрий тиосульфатымен күкірт қышқылының әрекеттесуі салдарынан бос күкірттің бөлінуімен ерітінді лайланады:

Na2S2O3 + H2SO4 = Na2SO4 + H2O + S + SO2

Реакцияның басталған кезінен ерітіндінің лайланғанына дейінгі уақыт реакцияның жылдамдығын көрсетеді.

ә) Үш үлкен нөмірленген пробиркаға сұйытылған натрий тиосульфаты (Na2S2O3, 1:200) ері-тіндісін: біріншісіне 5 мл, екіншісіне 10 мл, үшіншісіне 15мл құямыз.. Сосын бірінші сына-уыққа 10 мл су, екіншісіне 5 мл су қосамыз. Натрий тиосульфаты құйылған әрбір сынауыққа араластыра отырып, 5 мл дайындалған H2SO4 қосамыз және қышқыл қосқан кезден ерітін-дінің лайланғанға дейінгі уақытын анықтаймыз.

Тәжірибелердің нәтижелерін келесі кестеге жазамыз:

Сынауық

нөмірі


Na2S2O3 ерітіндісінің көлемі

H2O көлемі

H2SO4 ерітіндісінің көлемі

Ерітінділердің жалпы көлемі

Уақыты

сек


1

5

10

5

20




2

10

5

5

20




3

15

0

5

20



Тәжірибе бойынша алынған нәтижелерді пайдаланып, натрий тиосульфатының шартты концентрациясын абцисса осіне, шартты бірліктегі реакция жылдамдығын ордината осіне түсіріп, график тұрғызамыз.

Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігіне қорытын-ды жасаймыз.

2. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі.

Жасалған тәжірибелер температураны көтергенде көптеген реакциялардың жылдамдығының артатынын көрсетті. Эксперименттік материалдарды қорытып, голландиялық ғалым Вант-Гофф реакция жылдамдығына температураның әсерін жуықтап бағалайтын ереже ұсынды. Вант-Гофф ережесіне сәйкес, гомогенді жүйелерде химиялық реакцияның жылдамдығы, температураны әрбір 10 градусқа көтергенде шамамен 2-4 есе артады. Бұл санды химиялық реакцияның температуралық коэффиценті деп атайды, γ белгісімен белгілейді. Математикалық түрде оны былай жазуға болады:

νТ2

— = Y T2T1 / 10

νТ1


Тәжірибе үшін сұйытылған (Na2S2O3, 1:200) және (H2SO4,1:200) ерітінділерін аламыз. Үш нөмірленген сынауыққа 10 мл-ден Na2S2O3 ерітіндісін, басқа үш пробиркаға 10 мл-ден H2SO4 ерітіндісін құйып, оларды натрий тиосульфаты мен күкірт қышқылы бір- бір сынауықтан бо-латын етіп 3 жұпқа бөлеміз.. Лабораторияның температурасын белгілегеннен кейін бірінші жұптың ерітінділерін қосып, араластыра отырып қышқыл қосылған сәттен ерітіндінің лайлан-ғанына дейінгі уақытты анықтаймыз.Келесі екі сынауықты суы бар стаканға салып, бөлме температурасынан 10 градус-қа жоғары температураға дейін қыздырамыз. Суға батырылған термометрмен температураны бақылаймыз. Сынауықтың ішіндегі ерітінділерді бір–біріне құйып, шайқап ерітіндіні құйған уақыттан лай пайда болғанға дейінгі уақытты белгілейміз. Қалған екі сынауықты суы бар стақанға салып, бөлме температурасынан 20 градусқа жоға-ры температураға дейін қыздырып, тәжірибені қайталаймыз. Нәтижелерді келесі кестеге жазамыз.

Тәжірибе бойынша алынған нәтижелерді пайдаланып, температура мәндерін абцисса осіне, шартты бірліктегі реакция жылдамдығын ордината осіне түсіріп, график тұрғызамыз.

Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігіне қорытынды жасаймыз.



Сынауық

нөмірі


Na2S2O3 ерітіндісінің көлемі

H2SO4 ерітіндісінің көлемі

Ерітінділердің жалпы көлемі

Температура



Уақыты

сек


1/1

10

10

20







2/2

10

10

20

+10




3/3

10

10

20

+20




тәжірибе Гетерогенді процестердегі реакция жылдамдығы.

Салмағы 0,2 гр болатын бор түйіршіктерін кәрлен келіге салып, оны дәл сондай салмақтағы бор ұнтақтарымен теңестіреміз. Екі сынауыққа 1мл-ден тұз қышқылын құйып, алдын- ала өлшеніп алынған борларды бірдей уақытта саламыз. Әрбір жағдайдағы бордың еру уақытын салыстырамыз.

Тапсырма: Реакция теңдеулері мен әрекеттесуші массалар заңының математикалық

өрнектелуін жазыңдар. . Гетерогенді жүйеде жүретін реакция жылдамдығына қатты заттар-дың ұнтақталу дәрежесінің әсері жөнінде қорытынды жасаңдар.



Қазақстандағы катализ мектебінің негізін салушы әйгілі химик, Қазақстан Ғылым академия-сының академигі, Социалистік Еңбек Ері Дмитрий Владимирович Сокольский. Ол катализдік гидрлеу теориясын, өршіткілерді, тотығу процесін зерттеудің электрлік-химиялық әдісін ұсынды: іштен жанатын қозғалтқыштардан шығатын газдардың толық жануына қажетті өршіткілер тапты. Д. В. Сокольскийдің шәкірттері - қазақ қыздары Г. Д. Закүнбаева жәнө 

Ш. Б. Батталовалар да химия ғылымының докторлары, әйгілі химиктер.



Жұптық жұмыс(талдау):

1. Келесі теңдеулер бойынша жүретін реакциялар жылдамдығының өрнектелуін жазыңдар:

а) AlCl3 + 3NaOH = Al(OH)3 + 3NaCl;

б) S(к)+ O2(г) = SO2(г);

в) СO2(г) + С(к) = 2СO(г)

8. Реакцияның температуралық коэффиценті 3-ке тең болған жағдайда, температураны 500С-тан 1000С-қа дейін өсіргенде, химиялық реакцияның жылдамдығы неше есе өседі?


Жеке жұмыс(жинақтау)

1. суретте көрсетілген бірнеше соқтығысу болуы мүмкін, суретте молекуланың соқтығысуын түсіндіріп беріңдер.
НI молекуласының ыдырау реакциясы
2HI = H2 +I2

2. Әрекеттесуші массалар заңы қандай реакциялар үшін орындалады.

3. А + В = С + Б тендеуі бойынша жүретін реакциялар үшін А заттың концентрациясын артырсақ реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

4. SO2 + O2 =SO3 егер SO2 ның концентрациясы 2минутта 6 моль/л ден 2 моль/л ге өзгерген химиялық реакция жылдамдығын анықта?




Бағалау




Рефлексия





Бекітемін:

Күні: 07.12.16

Сыныбы 10
Сабақ реті: 21

Сабақтың тақырыбы: §4.4.Химиялық тепе-теңдік

Мақсаты:

Білу, түсіну: Химиялық тепе-теңдік концентрацияның, температураның, катализатордың әсерін қарастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың негізгісін бөліп алу, қорытындылау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық белсенділіктері мен ой - өрісін дамытып, шығармашы-лыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

І-кезең: Қызығушылықты ояту.

(Тақырыпқа танымдық қызығушылықты, оқушының белсенділігін ояту)

1. Танымдық тапсырмалар:

1. Катализ деген қандай құбылыс?

2. Автокатализ деген не?

3. Гетерогенді катализ теориясы мен практикасына көп еңбек сіңірген қазақстандық ғалымдарды атағы.



2. Семантикалық карта




Концен-трация

Фаза бетінің ауданы

Жылд. констан-тасы

Жүйенің көлемі

Уақыт

Жылдам-дық

Реакцияға қатысушы зат мөлшері

∆n



















+

V










+










∆t













+







Υ
















+




S




+
















K







+













c

+


















3. Тапқыр болсаң тауып көр. (суретжұмбақ)

Li,,,, - ық Tb,,,, -пе ꞊

Жауабы: химиялық тепе-теңдік.



ІІ- кезең: Ой толғаныс (сабақты бекіту және қорытындылау)

Ой шақыру стратегиясы:

1. Қандай реакцияларды қайтымды немесе қайтымсыз деп атайды?

2. неліктен химиялық теп-теңдік динамикалық деп аталады?

3. Химиялық тепе-теңдіктің орнау күйін қандай белгілер бойынша анықталады?

4. Химиялық тепе-теңдік константасы деген не және оның физикалық мағынасы қандай?

5. Химиялық тепе-теңдік күйіне қандай факторлар әсер етеді?

2. Графикалық диктант

Сұрағы

Жауабы

Иә

Жоқ

1. Гомогенді жүйе

2СО+ О2 ꞊ СО2

+




2. Химиялық реакцияның жылдамдығы мына теңдеумен анықталады

υ ꞊ ∆/∆с




+

3. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар:

Әрекеттесетін заттардың концентрациясы

+




4. Өршіткі

Реакция жылдамдығын тездетеді




+

5. Эндометриялық процестерге ... жатады:

Әктің сөнуі

+





3. Тест жұмысы:

1. Әрекеттесетін заттардың беттерін үлкейткенде гетерогенді химиялық реакцияның жылдамдығы

а. Өзгермейді ә. өседі б. сәл ғана өзгереді

2. Өршіткілер мына шамалардың өзгеруіне байланысты химиялық реакцияның жылдамдығын өзгертеді:

а. температураның ә. молекулалар соқтығысу санының

б. басқа себептер

3. Химиялық тепе-теңдік түсінігі мына күйді білдіреді:

а. реакция жүрмейді

ә. жүйеге әсер ететін барлық қарама-қарсы әсерлер теңестірілген

б. ішкі энергия нөлге тең

4. Қарама-қарсы бағытта жүретін химиялық реакциялар қалай аталады?

а. кинетикалық

ә. қайтымды

б. катализдік

5. Егер алмасу реакциясында тұнба түзілсе, онда ол реакция:

а. қайтымсыз ә. қайтымды б. айырылу



4. Деңгейлік тапсырмалар (есептер шығару)

І -деңгей.

1. Қай фактордың (қысым, температура, катализатор) әсері:

СО2(г) + С(қ) СО (г) ∆Н꞊ 159 кДж реакциясында орнаған тепе-теңдікті СО түзілу жағына ығыстырады?

ІІ деңгей

2. Мынадай реауция теңдеуіне тепе-теңдік константасының өрнектерін жазыңдар:

а) 2 SО2 + О2 ꞊ 2 SО2

ә) N2 + 3H2 ꞊ 2NH3

б) Na2CO3 + H2O ꞊ NaHCO3 + NaOH

в) CaCO3 (қ)꞊ СаО(қ) + СО2 (г)

ІІІ деңгей

3. Егер реакция басталғаннан кейін 10 с-тан соң затының концентрациясы 0,025 моль/л, 20 с-тан соң 0,015 моль/л құрайтын болса, А+Б ꞊АБ химиялық реакциясының жылдамдығын есептеңдер.



5. Білімді тиянақтау. Сәйкестендіру тесті.

1. Орташа жылдамдық

2. Гомогенді реакцияның жылдамдығы

3. Гетерогенді реакцияның жылдамдығы

4. С.Аррениус теңдеуі

5. Тура реакцияның жылдамдығы

6. кері реакцияның жылдамдығы

1. υ гом. ꞊ ∆ n/V∆ t

2. υ ꞊ с2-с1/ t1- t2 ꞊ -∆с/∆ t

3. К ꞊ Ае

4. υ гетер. ꞊ ±∆ n/s∆ t

5. υ кері ꞊ К кері [С]*[D]

6. υ тура ꞊ К тура [А]*[В]

6. ББҮ стратегиясы

Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді












Сыныбы:

10

Сабақ реті

22

Пәні:

Химия

Тақырып:

§4.5.Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі

Түйінді идеялар:

Химиялық тепе-теңдіктің ығысуын лабораториялар мен химиялық зауыттарда химиялық реакцияларды жүргізгенде кеңінен қолданады.

Мақсаты:

Білу, түсіну: химиялық тепе-теңдік туралы түсініктерді қалыптастыру, тепе- теңдіктің динамикалық сипатын көрсету және әртүрлі факторлардың (концентрацияның,температураның және қысымның) химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсерін қарастыру,

Дамытушылық: Ле-Шателье принципін тұжырымдау.Есеп шығару дағдысын одан әрі жетілдіру.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.


Көрнекілік:

Интерактивті тақта, химиялық суреттер, постерлер, периодтық кесте, ноутбук,интернет ресурстары,бейнефильмдер

Әдіс-тәсіл:

Сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, өзара бағалау, талантты, дарынды оқушыларды анықтау

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдап, толықтырып, өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалды қалыптастырады, критерий арқылы бағалай алады, қатемен жұмыс жасайды, ортақ қорытынды шығарады.

Тапсырмалар:

Мұғалім іс-әрекеті:

  1. Ынтымақтастық атмосферасын құру

  2. Топтарға бөлу

  3. Мәтінмен жұмыс: тапсырма үлестіреді, бақылайды, бағыт береді

  4. Бағалау түрін анықтайды

  5. Тапсырма үлестіреді, бағыт береді

  6. Жалпы сабақтың барысын бақылауда ұстайды

Оқушының іс-әрекеті:

  1. Топқа бөлінеді, топ басшысын анықтайды

  2. Мәтінмен жұмыс жасап, постерлерді қорғайды

  3. Жұптық жұмыс, өзара бағалау

  4. Диалог әдісімен өзіндік пікірін білдіреді, бағалайды, оны негіздейді, ұсыныс жасайды

  5. Жеке жұмыс, өз-өзін бағалау

  6. Оқулық, қосымша мәлімет жинау, неге деген ашық сұрақтарға ойланып жауап береді, сурет салады

  7. Қиын тапсырмалар орындайды, жұмыс дәптерін толтырады

  8. Кері байланыс парағын толтырады

Сабақтың барысы:




Ұйымдастыру:

  1. Ынтымақтастық атмосферасын құру

  2. Сабаққа дайындықтарын сұрау

  3. Топқа бөлу: химиялық лабораториялық суреттер арқылы

Үй тапсырмасын тексеру:

Катализ(өршіткі), катализдің түрлері

- Тежегіштер дегеніміз не?

-Катализдік реакциялар

-Адсорбция, адсорбат, промоторлар, катализдік улар, ферментерге қысқаша сипаттама беріңіздер.




Мағынаны тану(түсіну):

Жаңа сабақ: ол үшін оқушылар топтарға бөлінеді.

  • 1-топ: қысымның әсері

  • 2-топ: концентрацияның әсері

  • 3-топ: температураның әсері

  • 4-топ: Ле-Шателье принципі

Осы тақырыптарды оқушыларға таратамыз да, бірдей тақырып жинағандар бір топқа жайғасуларын сұраймыз. егер сіздерде қосымша топтар болса, мына тақырыптарды да беруге болады, ол үшін АКТ түрлерін пайдалансаңыздар болады:

Осыдан соң оқушылар мәтіндерімен жұмыс жасайды. Оларға бағалау түрін бересіз. Дайындыққа берілген уақыт біткен соң оқушылар постерлерін қорғайды, оларды келесі топтар бағалайды



Тура және кері реакциялар бірдей жылдамдықпен жүрген жағдайда химиялық тепе-теңдік күйі орнайды.Тек қана бір бағытта жүретін және бастапқы әрекеттесуші соңғы заттарға толық айналуымен аяқталатын реакцияны қайтымсыз реакция деп атайды.Қайтымсыз реакцияға қыздырғанда (бертолле тұзы) калий хлораты мысал бола алады.

2KClO3 MnO2 2 KCI + 3O2
Калий хлораты калий хлориді мен оттегіге толық айналғанда ғана реакция тоқтайды. Қайтымсыз реакциялар онша көп емес.Реакциялардың көбі қайтымды болады.

Қайтымды реакциялар деп өзара қарама-қарсы екі бағытта да жүретін реакцияларды айтады.

Қайтымды реакциялар теңдеулерінің оң және сол жақтарының арасына қарама-қарсы жаққа бағытталған екі стрелка қояды.Қайтымды реакцияға сутегімен азоттан аммиакты синтездеу мысал болады:
N2 + 3 Н2 2 NН3 + Q

Техникада қайтымды реакциялар, әдетте,тиімсіз.Сондықтан оларды әртүрлі әдістермен (қысымды,температураны, және т.б.өзгерте отырып)іс жүзінде қайтымсыз реакцияға айналдырады. Қайтымсыз реакцияларға олар жүрген кезде.

  1. алынған өнімнің біреуі реакция сферасынан бөлініп тұнба түрінде,газ күйінде ұшып кететін, мысалы:

ВаСІ 2 + Н2 SO4 =ВаSO4 ↓ + 2HCl

Na2CO3+ 2HCl = 2NaCI + CO2 + H2O

  1. өте аз диссоцияланатын қоcылыс түзілетін, мысалы су

НСl + NaOH = H2O + NaCl

  1. реакция жүргенде өте көп жылу бөлініп шығатын, мәселен магнийдің жану реакциялары жатады.


2Mg + O2 = 2 Mg O, ∆Н =+602,5 кДж/моль.

Қайтымды реакциялар теңдеуінің оң және сол бөлігінің ортасына тепе-теңдік белгісі немесе стрелка қойылады.

Химиялық тепе-теңдік

Қайтымды реакциялар аяғына дейін жүрмейді, олар химиялық тепе-теңдік туумен аяқталады.Мысалы, аммиакты синтездеу реакциясын қарастырайық:
N2 + 3 Н2 2 NН3 + Q

Әрекеттесуші массалар заңына сәйкес тура (υ1) және кері (υ2)

υ1=k1CN2 * C3H2

υ2= k2*C2NH3
Белгілі уақыт бірлігінде түзілген аммиак молекуласының саны азот пен сутегі молекуласына ыдырайтын санға тең болғанда ғана тепе –теңдік пайда болады.

химиялық тепе –теңдікті тура және кері реакцияның жылдамдығы өзара тең болғандағы әрекеттесуші заттардың күйі деп анықтауға болады.

Тепе –теңдік кезінде тура және кері реакция тоқталмайды.Сондықтан мұндай тепе-теңдікті жылжымалы немесе динамикалық тепе-теңдік деп атайды.Екі реакцияның әсері бірін-бірі жоятындықтан әрекеттесуші қоспадан айтарлықтай өзгеріс болмайды: барлық әрекеттесетін яғни бастапқы және түзілген заттардың концентрациясы - тұрақты еш өзгеріссіз болады. Химиялық тепе-теңдік кезіндегі қалыптасатын әрекеттесуші заттардың концентрациясын тепе – теңдік концентрациясы деп атайды. Тепе-теңдік емес концентрациядан [Н2],[N2], [NH3] , айырмашылығы,оларды әдетте, квадрат жақша ішіне алып әрекеттесетін заттардың формуласы мен көрсету қабылданған. мәселен

C Н2 ,C N2, C HN3.

Химиялық тепе –теңдік күйге әрекеттесетін заттардың концентрациясы температура, ал газ күйіндегі заттарға - қысым әсер етеді.Бұл параметрлердің біреуі өзгерсе тепе-теңдік бұзылып, басқа тепе-теңдік концентрациясына сай жаңа теп-теңдік пайда болғанға дейін әрекеттесуші заттардың концентрациясы өзгеріп отырады.Реакцияласушы системаның бір теп-теңдік күйден басқа тепе-теңдік күйге ауысуын химиялық тепе-теңдіктің ығысуы деп атайды.Егер, жағдай өзгергенде соңғы заттардың концентрациясы артатын болса онда тепе-теңдік реакция өнімдері бағытына қарай ығысады.Ал егер бастапқы заттардың концентрациясы артатын болса, онда тепе-теңдік солардың түзілетін бағытына қарай ығысады.
Ле Шателье принципі

Әрекеттесуші заттардың концентрациясы, температурасы және қысымы (газ күйіндегі рекцияға) өзгергенде химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағыты жылжымалы тепе-теңдік принципі немесе Ле Шателье принципі депе аталатын жалпы ережемен анықталады:

тепе-теңдік күйіндегі системаға сырттан әсер етсе ( концентрация, температура, қысым өзгерсе), онда қарама-қарсы екі реакцияның ішінен сол әсерді азайтатынының жүруіне көмектеседі.

Мұны аммиакты синтездеу реакциясын мысалға ала отырып көрсетейік
N2 + 3 Н2 2 NН3 + Q
Егер сыртқы әсер сутегі немесе азот концентрациясын жоғарылатса, онда ол сол заттардың концентрациясын төмендететін реакцияның жүруіне көмек етеді, демек тепе-теңдік аммиактың түзілу бағытына қарай ығысады. Сол сияқты аммиактың концентрациясы көбейсе, онда тепе-теңдік алғашқы заттардың бағытына қарай ығысады.

Теңдеуден көрініп тұрғандай, тура реакция жүргенде жылу бөлінетіндіктен қоспаның температурасы артқан сайын жылу сіңіре жүретін реакцияға жағдай туады да тепе-теңдік бастапқы заттар бағытына қарай ығысады; температураны төмендетсе тепе-теңдік реакция өнімдері бағытына қарай ығысады.Тепе-теңдікке қысымның әсерін байқау үшін теңдеудің сол және оң жағындағы заттардың молекула санын есептеу керек.Келтірілген мысалда теңдеудің сол жағында 2 молекула, ал оң жағында 1 молекула бар. Қысым артқанда молекулалар санының кемуіне әкелетін процесс жүретіндіктен бұл жағдайда тепе-теңдік реакция өнімінің бағытына қарай ығысады.

Қайтымды рекция теңдеуінің оң және сол жағындағы молекулалар саны тең болса , мысалы

N2 + O2 2 NO


онда қысымның өзгеруі химиялық тепе-теңдіктің ығысуын туғызбайды. Барлық катализаторлар тура және кері реакцияны бірдей шапшаңдатады, сондықтан тепе-теңдіктің ығысуына әсер етпейді, тек қана тепе-теңдікке тез жетуге жағдай туғызады.

Тепе-теңдікті қажет ететін бағытта Ле Шателье принципіне негізделген ығыстыру жолдарының химияда үлкен маңызы бар.Аммиакты синтездеу және басқа да көптеген өндіріс процестері тепе-теңдікті алынатын заттардан мол өнім алуға мүмкіндік беретін бағытта ығыстыру әдістерінің арқасында игерілді. Көптеген процестерде тепе-теңдікті реакция өнімдерінің бағытына қарай ығыстыру реакция сферасынан түзілетін заттарды шығарып алу арқылы іске асады.


Топтық жұмыс(Қолдану):




  1. Қайтымды реакция дегеніміз не?

  2. Қайтымсыз реакция дегеніміз не?

  3. Химиялық тепе-теңдік дегеніміз не?

  4. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер ететін жағдайлар қандай?

Ле Шателье принципі

Жұптық жұмыс(талдау):

1-есеп .Қай фактордың (қысым, температура,катализатор) әсері:

СО2 (г)+С (к) ↔ 2CO (г) ∆Н°=159 кДж

Реакциясында орнаған тепе-теңдікті СО түзілуі жағына ығыстырады.

Шешуі:

Көміртек (ІІ) оксидінің (СО) түзілуі реакциясы эндротермиялық реакция екендігі оның энтальпиясының мәнінен көрініп тұр. Реакция нәтижесінде 1 моль газ тәрізді реагенттен 2 моль газ тәрізді өнім түзіліп тұр. Ле –Шателье-Браун принципі бойынша эндотермиялық реакция кезінде орнаған тепе-теңдік СО түзілуі жағына ығыстыру үшін температураны жоғарлату немесе қысымды төмендету керек.



2-есеп. Келесі реакция теңдеулерінің тепе-теңдік константаларының өрнектерін жазыңдар:

Шешуі:




Реакция теңдеуі

Тепе-теңдік константасы өрнегі

А

2SO2+O2↔2SO3



[SO3

К=


[SO2]2*[O2]



N2 + 3H2↔2NH3



[NH3

К=


[N2] * [H2]3

Б

Na2CO3 +H2O↔NaHCO3 +NaOH



[NaHCO3] *[ NaOH ]

К=


[Na2CO3]* [H2O]


В

CaCO3 (қ)↔ СаO (қ) +СО2 (г)


K= [CO2]




3-есеп. Егер белгілі бір температурада бастапқы алынған 5 моль СО мен 4 моль Сl2 әрекеттесуі нәтижесінде 1,5 моль СОС12 түзілген болса,онда:



СО(г)l2 (г) COCl2

Процесінің тепе-теңдік константасы қандай болғаны?

Шешуі:


Химиялық реакция теңдеуі бойынша пропорциялар құрып, реагенттердің реакцияға түскен және артылып қалған мөлшерлерін, сонымен қатар түзілген өнімнің зат мөлшерін тауып, төменгі кестені толтырамыз:




СО(г)

моль


+

Сl2 (г)

моль




COCl2

моль


Бастапқысы

5

+

4



-

Әрекеттескені

1,5

+

1,5



1,5

Қалғаны

3,5




2,5




1,5

Тепе –теңдік константасы:

kтура [COCl2] 1.5 моль/ л

К= ------------ = --------------- = ---------------------------- = 0.17(моль/ л)-1

Kкері [CO] * [Cl2] 3.5 моль/ л* 2.5 моль/ л
4-есеп.Егер реакцияның температуралық коэффициенті үшке тең болса γ=3, температураны 150°С-дан 200°С-ға көтергенде, реакцияның жылдамдығы қанша есе артады?

Шешуі:


υT2 21) (200-150)

----------= γ -----------------= 3 ----------------=35 =243 есе

υT1 10 10

5-есеп .Егер А затының бастапқы концентрациясы 0,22 моль/л, ал 10 секундтан кейін 0,215 моль/л болса, А+В=2С реакциясының орташа жылдамдығы қандай екенін есептеңіздер. Осы уақытта В затының концентрациясы қалай өзгерді?

(0,22-0,215) 0,005

Шешуі: υ(А) =----------------- =-----------------= 0,0005моль/л*с.

10 10
Реакция теңдеуі бойынша В затының концентрациясының өзгерісі А затының концентрациясының өзгерісіне тең.


Бағалау




Рефлексия




Үйге тапсырма

§ 4.5 оқып білу. 1-4 жаттығуларды орындау

23 сабақ - виртуалды зертханамен жұмыс

24 сабақ - тест жұмысы



25 сабақ - бақылау жұмысы
Каталог: uploads -> doc -> 0345
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0345 -> Қолбашы қоғам қайраткері
0345 -> Сабақ тақырыбы: Іс қағаздар стилі Жалпы мақсат
0345 -> Блум таксономиясын химия пәнінде қолданудың тиімділігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет